Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау туралы қазақша реферат

Қазақстанда дәрілік препараттарды өндірумен айналысатын 100-ге тарта кәсіпорын тіркелді.   2005 жылы жалпы соммасы 3,16 миллион теңгені құрайтын медициналық препараттар өндірілді, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 110 %-ке жоғары. Айта кететін жайт, 2005 жылы медициналық препараттардың экспорты 305,8 миллион теңгені құрады.

Қазақстан Республикасын медициналық препараттармен негізгі жабдықтаушылар препараттарды әкелу көлемінің қысқару ретімен келесі кестеде көрсетілген:

1-кесте –  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ҚР медициналық препараттармен негізгі жабдықтаушылар.

Бағасына байланысты

Санына байланысты

1. Ресей 1. Ресей
2. Германия 2. Үндістан
3. Үндістан 3. Беларусь
4. Венгрия 4. Литва
5. Словения 5. Германия
6. Франция 6. Польша
7. Польша 7. Франция
8. Литва 8. Венгрия
9. Болгария 9. Швейцария

2005 жылы импорт көлемі 26 миллиард теңгені (186,6 миллион АҚШ долларын) құрады, 2004 жылмен салыстырғанда 26 % өскенін білдіреді.

Берілген мәлімметтер бойынша ішкі күштер нарық қажеттіліктерінің 11% қанағаттандырады (2-сурет ).

Бірақ орташа қазақстандық тұтынушының дәрілік препараттарды сатып алудың нақты көлемдері дамыған елдердегі (АҚШ, Батыс Еуропа) медициналық препараттарды тұтынумен салыстырғанда бірнеше рет (шамамен 10 рет) төмен.

 

 

2-сурет – Дәрілік препараттарда ішкі қажеттіліктердің қанағаттану құрылымы

 

Қазақстандағы нарықтық қарым – қатынастардың дамуымен байланысты тауарлардың әртүрлілігінің өсуі тек қана азық – түлік тағамдарының нарығына ғана емес, сондай-ақ дәрілік препараттар нарығына да үлкен әсерін тигізді. Қазіргі уақытта дәрілік препараттар нарығында әлемдік фармацевтикалық нарықтың барлық танымал өндірушілері ұсынылған. Бұл жағдай тұтынушыға өзіне неғұрлым ыңғайлы және тиімді дәріні таңдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның фармацевтикалық нарығы қарқынды даму үстінде және жақын болашақта украиналық нарықты басып озуы мүмкін. Бірақ бұл тек мына жағдайда болуы мүмкін: егер Ресейдің табысты мысалына жүгініп, Қазақстанның билік күштері отандық фармацевтерге қажетті қолдау көрсеткенде.

Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда ресейлік фармацевтикалық нарық ТМД елдерінің арасында дамыған болып есептеледі, ал медициналық препараттардың украиналық нарығы дамуы жағынан 2 жылға артта қалып қойды, ал қазақстандық нарық 4 жылға артта қалды. Ресейдегі фармацевтикалық саланың дамуында маңызды рөлді қосымша дәрілік қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы атқарады. Бұл бағдарлама мемлекет бюджетінен қаржы құралдарын бөлу есебінен нарық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туғызды. Осы бағдарлама есебінен 2005 жылы ресейлік нарық 25 – 28 % — ға өсті.

Қазақстанның дамуы дәрілік препараттар нарығына шетелдік өндірушілер де қызығушылық білдіреді. Сарапшылардың айтуынша, бірнеше шетелдік фармацевтикалық компаниялар Қазақстандағы өздерінің фирмалары мен өкілдіктерінің инфрақұрылымына күрделі инвестициялар салуды жоспарлап отыр. Бұл нарықта отандық фармацевтердің позициялары едәуір көзге түседі. Ірі украиналық компаниялар, атап айтқанда, «Дарница», «Фармак» және «Борщаговский ХФЗ» компаниялары нарықтың 57 % алып жатыр. Бірақ күшейіп жатқан бәсекелестікті және Қазақстан нарығының даму

қарқынын есепке алғанда, нарық үлестерінің бөлінуі жақын уақыт аралығында өзгеруі мүмкін.

Егер қазақстандық фармацевтика нарығын жалпы қарастырсақ, қазіргі

кезде 6000 препараттар бар, олардың 600 дәрілері Қазақстанда өндіріледі. Дәрілік заттардың нарық көлемі жалына 400 миллион АҚШ долларына бағаланады. Шетелдік фармацевтикалық компаниялардың 100 өкілдіктері қазақстандық нарықта әрекет етеді. Қазақстандағы дәрілік препараттардың ең ірі жабдықтаушылары болып Ресей, Германия, Франция және АҚШ саналады. 2006 жылдың бірінші кварталы бойынша отандық өндірушілер сату көлемнің екі реттік өсімін көрсетті.

Сәйкесінше, республикада дәріханалық сату нарығының көлемі ұлғайды. Сонымен қатар көп жағдайда халық науқастанған кезде бірінші кезекте дәріханаға барады, ал дәрігерге соңғы сәтте барады.

Медициналық жүйеге деген азаматтардың қарым-қатынасы қандай? Қазақстанда респонденттердің 52% емдеу мекемелерінің қызметі жайлы өткір сын айтқан жоқ. Басқа 40 % қанағаттанбаған және 8% мүлдем наразы.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат қызметінің мәліметтері бойынша республикалық бюджетте 2006 жылы денсаулық сақтау шығындарына 80 миллиардтан астам теңге бөлінген. Негізгі акцент емханалардың материалдық – техникалық базасын жақсартуға, халықты профилактикалық медициналық тексеруге, азаматтарды дәрілермен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау объектілерін салу мен жаңғыртуға қойылған.

Бұрын көптеген дәрілер дефицит болып, оларды сатып алу қиынға түсетін. Бірақ қазір нарықтық экономика жағдайында бұл мәселе шешілді (2-кесте). Респонденттердің 17% көзқарасы бойынша барлық маңызды препараттарды Қазақстанда сатып алуға мүмкіндік бар, басқа 45% маңызды дәрілердің басым көпшілігі бар дейді, және 38% маңызды препараттардың тек кейбіреулерін ғана қазақстандық халық сатып алуы мүмкін деп айтады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда отандық фармацевтикалық өндірушілердің арасында «Химфарм» компаниясы көшбасшы болып табылады.

1882 жылы Шымкент химия – фармацевтикалық зауыттың негізі қаланды. Әлемнің барлық елдерінде сапасы жағынан жақсы танылған сантонин дәрісін шығаруды бастағаннан кейін өндіріс тез дамып, шығарылған өнім ассортименті ұлғайды.

Ұзақ уақыт бойы зауыт тек фармацевтикалық субстанцияларды шығаруға маманданған болатын. Бірақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елде өзіндік фармацевтикалық индустрияны дамыту қажеттілігі туындады. Әсіресе бұл дайын дәрілік препараттарды өндіруге қатысты болды. Осының салдарынан «Химфарм» АҚ (осылай 1993 жылы зауыттың аты өзгертілді) негізінде дайын дәрілік препараттарды шығару бойынша қазіргі заманғы ірі өндірісті құру бағдарламасы жасалып, сенімді түрде іске асырылды.

2-кесте –  Дәрілерді сатып алу мүмкіндігінің деңгейі.

Мемлекттер барлық  маңызды дәрілер маңызды дәрілердің басым көпшілігі тек кейбір маңызды дәрілер ғана бәрібір
1 Австрия

45

46

4

5

2 Босния-Герцоговина

32

42

25

1

3 Хорватия

21

52

26

1

4 Чехия

25

47

15

13

5 Венгрия

36

56

7

1

6 Қазақстан

17

45

38

7 Польша

32

48

15

5

8 Румыния

15

45

38

2

9 Ресей

18

39

24

19

10 Словакия

18

57

23

2

11 Словения

21

54

8

17

12 Украина

21

37

16

26

Қазіргі кезде зауыт SANTO сауда белгісімен аталатын дайын дәрілік препараттарды шығару үрдісін дамытуда және қазіргі заманғы  құрал – жабдықтармен өндірілетін дәрілердің тізімін кеңейтуде.

Зауытта белгілі дәрілік формаларды шығаруға маманданған 5 негізгі цехтар бар. Олар мыналарды өндіреді:

— Ампулалардағы инъекциялық ерітінділер;

-Инъекциялар үшін флакондардағы антибиотиктердің залалсыздандырылған ұнтағы;

— Дәрілер, капсулалар;

— Бальзамдар, тұнбалар, сироптар, сулы, майлы және спирттік ерітінділер;

— өсімдік шикізатынан және химиялық синтездің негізінде жасалған фармацевтикалық субстанциялар.

Зауытта майлар, линименттер, суппозиториялар түрінде жұмсақ дәрілік формалардың өндірісі бойынша жаңа бағыттар жүргізіліп жатыр.

Зерттеу лабораториясы барлық технологиялық құралдармен жабдықталған. Кәсіпорын өзінің өнімдерін тек ішкі нарық үшін өндіріп қана қоймайды, сонымен бірге оларды алыс және жақын шетелдерге экспорттайды. Қазақстанда өндірілетін фармацевтикалық өнімдердің жалпы көлемінде кәсіпорын үлесі  55 % — ды құрайды.

Қазіргі кезде зауыт капсулалар, дәрілер, ампулалардағы инъекциялық ерітінділер, сироптар, тұнбалар, майлар, сулы және спирттік ерітінділер формасында дженериктік және таза (оригиналды) дәрілік препараттардың 200 – ден астам түрлерін өндіреді.

Өндірістік үрдістің барлық кезеңдері автоматты тестілеуді өтеді және микробиологиялық тазалыққа сертификацияланады. Соңғы өнімнің сапасы компанияның қазіргі заманғы аналитикалық құрал – жабдықтармен жабдықталған лабораториясында бақыланады.

Зауыт өнімінің жоғары сапасы мыналарға байланысты қамтамасыз етіледі:

— IMA фирмасы (Италия) өндірген қазіргі заманғы жоғары технологиялық құрал —  жабдықтар;

— Дәрілік препараттар өндірісінің барлық кезеңдерінде халыққаралық стандарттармен сәйкес жүргізілетін бақылаудың қатал жүйесі;

— Европалық жабдықтаушылардың дәрілік субтанцияларын пайдалану.

Компанияның дженериктік препараттары өздерінің құрамы мен әсер етуі жағынан таза (оригиналды) дәрілік формаларға толық сәйкес келеді. Тестілеу әдістерін жетілдіру дәрілік препараттардың оригиналды препараттардан құрамы мен терапевтік қасиеттерінің ауытқуларын жоюға мүмкіндік береді.

Дайын дәрілік формаларды шығарудың көлемі қарқынды өсіп жатыр. Осының барлығы оларға өмір сүру деңгейін жақсарту үшін қауіпсіз, тиімді, жоғары сапалы және бағасы қолайлы дәрілерді зерттеуге, жасауға және өндіруге мүмкіндік береді.

SANTO компаниясы кардиология, гастроэнтерология, психиатрия мен неврология, гинекология, андрология, урология мен иммунология үшін дәрілік препараттарды жасау мен өндіруде танымал көшбасшы болып табылады.

Клиниктік – фармакологиялық классификациясы:

— аминогликозидтер тобының антибиотиктері

— пенициллин тобының антибиотиктері

— антисептиктер

— жөтелге қарсы дәрілік заттар

— метаболиялық үрдістерді реттейтін дәрілік препараттар

— жүрек – қан тамырлар жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар

— сульфаниламидті препараттар

— тұмауды емдеуге арналған препараттар

— орталық нерв жүйесі

— иммуналогия мен аллергология

Орталық Азиядағы дәрілік препараттардың жетекші өндірушісі «Химфарм» компаниясы Қазақстанның, ТМД елдері мен алыс шетелдердің нарықтарында табысты жұмыс істеп жатыр. «Химфарм» компаниясы дәріханалық сатулардың көлемі бойынша жетекші өндірушілер рейтингінде 20 – шы орынды алып отыр, оның үлесі дәріханалық сатулардың жалпы көлемінде 1 % құрады.

«Медфарм Қазақстан» фармацевтикалық және медициналық өнімдердің тауар өндірушілерінің ассоциациясының классификациясы бойынша республикада өндірістің көлемі бойынша фармацевтикалық өнімдер өндірушілерінің 3 тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топқа «Химфарм» компаниясы кіреді, оның көлемі 2006 жылы 16 млн. АҚШ долларын құрады, бұл отандық фармацевтикалық кәсіпорындармен өндірілген өнімдердің жалпы көлемінің 60%-на  сәйкес келеді. Екінші топқа өндіріс көлемі жылына 1 млн. АҚШ долларына аспайтын кәсіпорындар кіреді. Бұл «Леовит» ЖШС, Алматы фармацевтикалық фабрикасы, қан құюдың Республикалық орталығы және «Ромат» ЖШС. Үшінші топқа өндіріс көлемі 300-400 мың АҚШ доллары және одан төмен болатын барлық қалған кәсіпорындар кіреді. Жалпы Қазақстанда дәрілік препараттарды шығаратын 40 кәсіпорын қызмет ететіндігін есепке алғанда, үшінші топқа 35 кәсіпорын жатқызылады (3-кесте).

3-кесте – Өндірістің жылдық көлеміне байланысты Қазақстанның фармацевтикалық өндірушілерінің үш тобы

Фармацевтикалық өндірушілер

Өндірістің жылдық көлемі, млн.

АҚШ доллары

1 «Химфарм» АҚ

16

2 «Леовит» ЖШС, Алматы фармацевтикалық фабрикасы, қан құюдың Республикалық орталығы, «Ромат» ЖШС

1

3 Қалған 35 компаниялар

0,3

 

 

 

 

Қазіргі уақытта «Химфарм» акционерлік қоғамы – бұл Қазақстан нарығында дайын дәрілік препараттарды өндіретін барлық отандық және шетелдік компаниялар арасында сату көлемі бойынша көшбасшылардың үштігіне кіретін компания. Кәсіпорын Орталық Азиядағы ең ірі фармацевтикалық кәсіпорын болып табылады. Зауыттың өнімдері Өзбекістанда, Қырғызстанда, Прибалтикада, Грузияда және Украинада сатылады. Өндірістің жалпы көлемінде экспорт үлесі өсіп жатыр 2008 жылға қарай 20%-ды құрайды.

«Химфарм» компаниясы Қазақстанның медициналық тәжірибесінде неғұрлым танымал және кең түрде пайдаланылатын дәрілік препараттардың тізімінен 70% — дан астам түрлерін өндіреді. Қазіргі кезде кәсіпорынның номенклатурасында препараттардың 200 – ден астам түрі бар. Жыл сайын жасау сатысында 35 – 40 препарат болады. «Химфарм» компаниясы – жаңа препараттарды, технологиялар мен талдау әдістерін ендіру мен қолдану бойынша орталығы бар Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Кәсіпорын ғылыми – зерттеу лабораториясымен, техникалық сапа бөлімімен, орталық – зауыттық лабораториямен жабдықталған. Бұл компанияға өнімнің жаңа түрлерін шығарудың дербес зерттемесін жүргізуге, жобалауға және игеруге мүмкіндік береді.
Тағы рефераттар