Мазмұны

Кіріспе

1 – бөлім. Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихы және экономикалық алғышарттары
1.1 Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихи
1.2 Қазақстан Республикасында кеден саясаты қалыптасуының экономикалық және заңдық негіздері

Загрузка...

2 — бөлім. Сыртқы экономикалық іс-әрекетте кедендік қызметті ұйымдастырудың қажеттілігі және ерекшеліктері
2.1 Казақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және оның құралдары, аспектілері
2.2 Сыртқы эконмикалық іс-әрекетте кедендік органдардың ролі және маңызы

3 – бөлім. Қазақстан Республикасында кеден ісінің дамуы және кеден ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастық
3.1 Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын іске асыру және кеден саласының мүмкіндіктері мен болашағы
3.2 Қазақстан Республикасының кеден саласындағы халықаралық ынтымақтастығы және ұлттық рынокты қорғаудағы рөлі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда нарықтық экономикаға көшкен елге айналды. Бұл мәртебе әлемдік деңгейде танылып отыр. Қазақстан Республикасының шет елдермен қарым-қатынасы күрт кеңейіп, нығайып келеді.

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында тауарлар мен қызметтердің сыртқы саудасы өте маңызды орын иеленеді. Әлемдік саяси және экономикалық процестердің жаһандану үрдістерінде әлем елдерінің бір-біріне тәуелділігі арта түсуде, халықаралық еңбек бөлінісі үрдістері тереңдеп, тауарларды қайта өңдеудің жолдары күрделілене түсуде. Осындай ғаламдық экономика жағдайында мемлекеттердің жасап қалуы негізгі екі факторларға байланысты:
1)     бәсекеге төтеп бере алатын тауарлар мен қызметтер өндіру;
2)     мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын тиімді пайдалану.

Тек қана ұлттық мүддені қорғауға бағытталған сыртқы экономикалық байланыстар ғана ұлттық экономиканың, ғылыми-техникалық прогрестің, тауарлар мен қызметтердің сапалы және бәсекеге төтеп бере алатын өндірісіне жағдай жасай алады.

Елдің сыртқы экономикалық байланыстары ұлттық экономиканың құрылымының өзгеруіне маңызды фактор болып, олар Қазақстанның әлемдік нарыққа экономикалық қауіпсіздігі қорғалған жағдайда еніуне жағдай жасауы қажет.
Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастар жүйесінде кеден ісі ең бір маңызды саланың бірі болып табылады.

Кеден органдары Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда ұйымына кірер қарсаңында елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, отандық өндірістің дамуына үлесін қосуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың мақсаты сырттқы экономикалық әрекетте кедендік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың экономикалық негіздерін толығырақ ашып көрсету. Бұл диплом жұмысын жазу барысында мен келесідей міндеттерді атқардым:
1)    Сырьқы экономикалық іс-әрекетте кедендік қызметті ұйымдастырудың қажеттілігі мен ерекшеліктері жайлы баяндап кеттім.
2)    Қазақстан Республикасында кедендік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың қазіргі жағдайы жайлы айтып кеттім.
3)    Қазақстан Республикасында кедендік қызмет көрсетуді жетілдіру жолдары жайлы ұсыныстар жасадым.

Бұл диплом жұмысын жазу барысында кеден саласындағы іс-әрекеттерді реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінен, нормативті-құқықтық  актілерден, Қазақстан және Ресей авторларының кеден ісі және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы еңбектерінен, мерзімді баспасөзде жарияланатын Қазақстан Республикасының Кеден ісі жөніндеге уәкілетті мемлекеттік органының нұсқаулары мен бұйрықтарынан пайдаландым.

Жұмыстың зеттеу объектісі мен пәні. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық іс-әрекетінде кеден ісін ұйымдастыру жұмыстың объектісі болып табылады. Ал зерттеу сыртқы жұмысының пәні сыртқы экономикалық іс-әрекетте кеден саясатын тиімді қолданып жетілдіру болып табылады.

Құрылымы бойынша диплом жұмысы 3 тараудан тұрады.

Бірінші тарауда —  Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуының тарихы және экономикалық және заңдық алғышарттары, негіздері қарастырылған.

Екінші тарауда — Казақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және оның құралдары, аспектілері, сыртқы эконмикалық іс-әрекетте кедендік органдардың ролі және маңызы, Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын іске асыру және ұлттық рынокты қорғаудағы рөлі қатысты сұрақтар қарастырылған.

Үшінші тарауда — Қазақстан Республикасындағы кеден саласының мүмкіндіктері мен болашағы, кеден саласындағы халықаралық ынтымақтастық сұрақтары қарастырылған.

 Диплом жұмысы / 53 бет

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар