Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқару органдары туралы қазақша реферат

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

1). Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;

2)  Мемлекеттік атқару органдары; үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастыгын адам және азамат құқыктары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Атқару билік өкметінің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі — атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан — Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1- тармағы бойынша парламенттің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен Өкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Рес-публика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.

Атқару органдарының қатарына мемлекеттік саясатты іс жүзінде дайындап, іске асыру, конституция мен заңдар талабын іс жүзіне асыру міндеті жүктелген органдар жатады.

Үкімет және салалық орталық, сондай-ақ, маңызды жергілікті атқарушы органдар мемлекет басшысына тікелей есеп береді және бакылауында болады, кейде оларды мемлекет басшысы тағайындайды және қызметінен босатады, толығымен дерлік соған бағынады. Сондықтан саяси-заң ғылымында мемлекет басшысы дәстүрлі түрде атқарушы органдар қатарына жатады, елдегі атқарушы «вертикальдың» шыны болып есептеледі. Алайда соңғы кездері Қазақстанда жәнеТМД-ның бірқатар елдерінде президент билік бірлігін бейнелейді, билік тармағының үстінен қарайды, олардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді деген идея тарауда. Осы көзқарастардың алғашқысы («дәстүрлісі»), президент атқарушы билікті басқарып қана қоймайтындығын, сондай-ақ мемлекет басшысы ретінде атқарушы биліктің шегінен шығатын бірқатар функцияларды (ол елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады, Қазақстанның басқа елдердегі және халықаралық ұйымдардағы елшілері мен дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады, кешірім жасау құқығы бар және т.б.) жүзеге асырады. Екінші көзқарас президентті билікті бөлу шегінен шығарып жібереді. Бұл мәселе қосымша зерделеп, талдау жасауды қажет ететін сияқты [8, 58б].

Заң шығарушы биліктің органдары.

Заң шығарушы органдар мемлекеттік аппарат құрылымында орталық орынды алады. Бүл органдардың негізгі мақсаты заңдық қызмет болып табылады. Қоғам мен мемлекеттің саяси өмірінде заң билігі органдарының ерекше рөлін көрсету үшін, жеке елдердің конституциялары «парламент мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылатынына» ғана сілтемей, сонымен қатар «мемлекеттің жалғыз заңдық органы» ретінде қарастырылуын бекіткен (Жапонияның 1947 жылғы Конституциясының 41 бабы). Осы мақсатта басқа мемлекеттер парламентпен қабылданатын заңдарда қандай сипатты ережелердің болуын көрсетеді.

Д. Локк «заң билігі қажетілік бойынша жоғарғы болуы және қалған биліктер белгілі бір дәрежеде оның қол астында және оған тәуелді болуы керек». Себебі заң шығарушы билік мемлекеттік пен қоғамдық өмірдің құқтық қайнар көздерін бекітеді және елдің сыртқы мен ішкі саясатының негізгі бағыттарын анықтайды,  демек атқарушы мен сот биліктері қызметінің нысандарын мен құқықтық ұйымдастырылуын анықтайды.

Мемлекет механизмінде заң шығарушы органдардың басты жағдайына ие болуы салдарынан, онымен қабылданатын Заңдардың жоғарғы құқықтық күшіне иеленеді және құқық нормаларына жалпыға міндетті сипатта болады. Дегенмен, заң шығарушы органдардың жоғарғы орган ретінде қарастырылуы абсолютті сипатта емес. Оның қызметінің шектері құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, бостандық пен әділеттік идеяларымен шектелген. Оны қызмет ететін конституциялық заңдардың сәйкес болуын қамтамасыз ететін арнайы конституциялық органдар мен халық бақылайды.

Сонымен   қатар   заң   шығару   функцияларын   шоғырландыра   отырып,

парламент бірқатар жағдайларда өзінің функцияларының біршамасын өзінің қол астындағы (өзі бақылайтын) органдарға тапсырады. Сөйтіп, АҚШ Конгрессі, РФ Федералдық жиналысы, ҚР Парламенті, Англия Парламенті, Францияның  Ұлттық жиналысы мен Сенаты жоғарғы заң шығарушы органдар ретінде түрлі себептерге байланысты белгілі бір актілерді дайындап, қабылдауды өкіметке, жеке министрліктерге мен ведомстволарға тапсырады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы 2529 Конституциялық Заңына сәйкес Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, Республикалық маңызы бар қаладан және Республиканың астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың жеті депутаттың Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды әрі олар әр үш жыл сайын қайтадан сайлануға тиіс емес. Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдердің негізінде сайланады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат пен Мәжіліс депутаттарын сайлау тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

Парламенттің үйлестіруші органдары Палаталар төрағаларының жанынан құрылатын  Сенаттың  Бюросы  және Мәжілістің  Бюросы  болып  табылады.

Бюролардың құрамында Палаталар төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерінің төрағалары кіреді. Палаталардың Бюролары: Палаталардың комитеттері мен комиссияларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады; Палаталар үшін заңдардың жобаларын және Парламент пен оның Палаталарының өзге де шешімдерін қараудың кезектілігі жөнінде Ұсыныстар дайындайды; бірнеше комитеттердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша комитеттердің бірлескен жұмысын  ұйымдастыруға көмек көрсетеді және т.б.

Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, соның ішінде конституциялық заңдар, Парламенттің жеке қаулылары түріндегі заң актілерін қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс өз құзыретіндегі мәселелер бойынша дара сипатты қаулыларды қабылдайды. Парламент пен оның Палаталары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы. Оларды қабылдау Парламент пен оның Палаталарының регламенттері белгілеген шарттар мен талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға:

  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтық субъектілігіне, азаматтық
    құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне;
  • меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
  • мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
    ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
  • салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
  • республикалық бюджетке;
  • сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелерінде;
  • білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
  • кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
  • айналадағы ортаны қорғауға;
  • республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
  • мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты
    негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.

Мемлекеттің басқару нысанына қарай атқарушы билік басшысы монарх, президент немесе үкімет басшысы — премьер-министр бола алады. Үкіметтік билік бір адамның шексіз билігін (президенттік республикаларда) немесе коллегиялық орган билігін құрауы мүмкін. Біріншіден, үкімет мемлекет басшасы — президенттің жақын кеңесшілер тобы ретінде қарастырылады, екіншіден, үкімет парламенттің қатысуымен арнайы үрдіс негізінде қалыптасады. Жалпы ереже бойынша ол парламент көпшілігінің қолдауын пайдаланып, өз уәкілдіктеріне ие болуы керек. Заңдық салдарды және олардың атқарылуы үшін жауапкершілікті туғызатын елеулі шешімдерді үкімет регламенттік актілер нысанында шығарылады.

Швеция Конституциясының 8 бабына сәйкес үкімет өзінің қалыпты уәкілдіктерінен басқа өмірді мен азаматтардың жеке қауіпсіздігін қорғау, тауарларды, валютаны шеттен әкелу мен шығару, табиғатты қорғау және т.б. мәселелеріне қатысты «тапсырмалық қаулыларды» қабылдауға хақылы.

Уәкілдіктердің сипатына, көлеміне мен мазмұнына қарай мемлекеттік басқару органдары жалпы, салалық пен арнайы (функционалдық) компетенция органдарына бөлінеді. Жалпы компетенция органдары (мысалы, министрелер кеңесі) мемлекеттік басқару салаларының көпшілігін, не барлығын басқару бойынша қызметті бағыттап, біріктіреді. Салалық пен арнайы компетенция органдары (министрліктер, түрлі мемлекеттік комитеттер, арнайы ведомстволар) мемлекеттік басқарудың тек жеке салаларын басқару қызметтерін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында атқарушы билік органдары (мемлекеттік басқару органдары) — бұл қоғамдық үрдістерді қоғам мүддесінде мемлекеттік басқару бойынша күнделікті оперативті жұмысты жүргізетін атқарушы-басқарушы органдар.

Атқарушы органдар заң шығарушы билік органдарымен шығарылатын заңдарды орындауға арналған. Сонымен қатар, атқарушы билік заңға қосымша нормативтік актілерді шығаруға хақылы. Өзінің уәкілдігінің шегінде атқарушы билік органдары қалыпты қызмет атқару мақсатында оперативті дербестігі бар. Оларға қоғам мен мемлекет түрлі аяларындағы қызметінің барлық құқықтық реттеу жөніндегі міндеттері жүктелінген.

Қазақстан Республикасының атқарушы билігін Үкімет жүзеге асырады және атқарушы органдардың жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжілісінде жүзеге асырылады. Заң актісінің жобасын енгізу туралы шешім Үкіметтің тиісті қаулысын шығару жолымен қабылданады.

Республика Үкіметі:

—       Республика заңдарының  орындалуын  қамтамасыз  етеді,  оларды
министрліктердің, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың орындауын бақылайды;

—       Парламентке   республикалық   бюджетті   және   оның   атқарылуы туралы есепті табыс етеді;

—       мемлекеттік   кірісті   қысқартуды   немесе   мемлекеттік   шығысты ұлғайтуды көздейтін Республика заңдарының жобалары жөнінде қорытындылар береді;

Парламент депутаттарының сұрауларына жауап береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі:

—       мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;

—       мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді;

—       әлеуметтік-экономикалық        және        ғылыми-техникалық        дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, жүзеге асырады;

—       Республика Президенті белгілейтін тәртіппен республикалық бюджетті әзірлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджетті  және   оның   атқарылуы   туралы   есепті   ұсынады,   бюджеттің   атқарылуын қамтамасыз етеді;

—       Республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

—       мемлекеттік валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;

—       құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

—       мемлекеттік баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады;

—       мемлекет   реттейтін   бағалар   қолданылатын   өнімдер,   тауарлар   мен қызметтердің номенклатурасын белгілейді;

—       мемлекеттік    меншікті    басқаруды    ұйымдастырады,    оны    пайдалану жөніндегі   шараларды  талдап  жасайды  және  жүзеге   асырады,  мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;

—       еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін және шарттарын белгілейді және т.б [11, 112б].

Сот билігінің органдары.

Мемлекеттік аппарат құрылысында маңызды орынды сот органдарының жүйесі алады. Олардың негізгі әлеуметтік функциясы әділ сотты жүзеге асырады, қоғамда пайда болатын дауларды шешу мен құқыққа қайшы әрекеттер жасаған тұлғаларды жазалау болып табылады.

Заң шығарушы мен атқарушы билікті жүзеге асыратын өкілеттік органдар мен басқару органдары сияқты, сот органдарының жүйесі сот билігін жүзге асырады. Бұл жағдай бірқатар елдердің конституцияларында және заңдарында ресми түрде бекітілген. Сөйтіп, Испания Конституциясының 117 бабында (1978 жылы) «сот билігінің қайнар көзі сот болып табылады және ол король атынан тәуелсіз, жауапкершілікті тек заңға бағынатын магистраттармен жүзеге асырылады». ФРГ (1949 жылы) Конституциясының 92 бабына сай «сот билігі судьяларға берілген; ол Федералды Конституциялық сотпен, Осы заңда аталған Федералды сотпен және жер соттарымен жүзеге асырылады.»

Әділ сотты жүзеге асыратын органдар — мемлекеттік билік механизмінде және тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі ерекше роль атқаратын мемлекеттік биліктің үшінші тармағы болып табылады. Сот билігі органдарының ерекше рөлі құқық туралы дауларда арбитр болып табылуымен анықталады.

Сот органдарының құрылысы түрлі елдерде бірдей емес. Олардың атаулары да әр түрлі. Мысалы, ҚХР-де (КНР) бұл Жоғарғы халықтық сот, жергілікті халықтық сот, әскери сот пен т.б. арнайы халықтық соттар.

АҚШ-та ұлттық сот жүйесін АҚШ Жоғарғы соты, штаттардың Жоғарғы соттары, жергілікті соттар, аппеляциялық соттар, әскери трибуналдар мен т.б. соттар құрайды. Осыған орай АҚШ Конституциясы АКДІ сот билігі Жоғарғы сотпен және Конгресспен бағзы уақытта бекітілген төменгі соттармен жүзеге асырылады деп бекітеді (3 бап 1 бөлім).

Бірақ, сот органдарының құрылымының түрлі елдерде түрлі болуына қарамастан, олардың алдында қойылатын мақсаттар мен міндеттер бір.

Сөйтіп, қазіргі мемлекеттердің көпшілігінің конституциялық актілерінде судьялардың тәуелсіздік принципі мен юрисдикция шегінде кез-келген сұрақтарды шешкенде соттардың дербестігін жариялайды. Мысалы, ҚХР Конституциясының 126 бабында «Заңмен бекітілген шектерде Халықтық соттар әділ сотты экімшілік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және жеке тұлғалардың араласуынсыз дербес жүргізеді».

Сонымен қатар, қазіргі мемлекеттердің конституцияларының көпшілігінде сот өндірісінің жариялылық пен сот қарауларының ашықтық принципі бекітіледі [12, 410б].

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға мыналар жатады:

1)    облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының
қалалық  соты,   республикалық  маңызы  бар   қалалардың  қалалық  соттары, мамандандырылған сот — Қазақстан Республикасы әскерлерінің әскери соты және басқалар);

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық,
мамандандырылған сот — гарнизонның әскери соты және басқалар).

3)        Қазақстан       Республикасында       мамандандырылған       (әскери, экономикалық,  әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін [17, 121б].

Аудандық және оларға теңестірілген соттарды уәкілетті органның Жоғарғы    Сот    Төрағасымен    келісілген    ұсынысы    бойынша    Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.

Облыстық және оларға теңестірілген соттарды уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

1) өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;

2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары
бойынша   Республика   соттарының   сот   төрелігін   іске   асыруы   кезіндегі
заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

3)        сот    практикасында    заңдарды    қолдану    мәселелері    бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

4)      заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тағы рефераттар