ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТІН  ТАЛДАУ туралы қазақша реферат

Сақтандыру нарығының дамуына экономиканың барлық салалары және онда болып жатқан процестер елеулі түрде әсер етеді. Қазіргі кезеңде сарапшылар Қазақстандық сақтандыру нарығын ТМД елдері бойынша қарқынды дамып келе жатқандардың бірі ретінде бағалайды. Елімізде өткен жылдың соңғы айларына дейінгі мәлімет бойынша 35 компания іс жүйелепті. Осы сала нарығындағы қатынасышылар саны тұтас алғанда тұрақтандырылды деп ой тиюге болады.

Қазақстан Республикасының қайта сақтандыру нарығының қазіргі кездегі дамуын оның жағдайын сипаттайтын белігіл бір көрсеткіштер көмегімен анықтауға болады.

2011 жылы меншікті капиталдың жиынтық мөлшері 2009 жылмен салыстырғанда 17800,0 млн. теңгеге, ал 2010 жылмен салыстырғанда 14869,0 млн. теңгеге немесе 165 %-ға көбейген.

Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтерінің көбеюі 2011 жылы Қазақстанның сақтандыру нарығында жаңа  компаниялардың пайда болуымен байланысты.

Сақтандыру резервтері — сақтандыру шарты бойынша сақтандырушының өз міндеттемелерін орындалуын қамтасыз етуге ғана арналады. Сақтандырушы өзінің қабылдаған сақтандыру міндеттемелерін өтеу үшін сақтанушылардың төлеген сақтандыру жарнасынан сақтандыру салалары бойынша сақтандыру резервтерін құрайды. Сақтандыру резервтері сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттары бойынша актуарий есептеулері негізінде бағалатаны міндеттемелері 2011 жылы сақтандыру ұйымдарының резервтері 2009 жылмен салыстырғанда 12000,0 млн. теңгеге, ал 2010 жылмен салыстырғанда 10200,0 млн. тңгеге немесе 226% — ға көбейген.

Жалпы бұл жағдайға елдің экономикасының құрылымдағы сақтандыру резервтерінің үлесі үлкен болмақ. Жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатысты сақтандыру резервтерінің тенденцияларын келесі 5 суреттен көруге болады.

2010 жылдан бастап жалпы ішкі өнімдегі сақтау резервтерінің үлесі бірте – бірте көбейіп, 2011 жылы 0,3% құрап отыр.

Сақтандыру компанияларының қызметін бағалаудағы маңызды көрсеткіш сақтандыру резервтерінің сомасы. 2011 жылы сақтандыру резервтерінің 76,4% он сақтандыру компанияларының үлесіне тиесілі.

2011 жылғы сақтандыру резервтері сомасының едәуір бөлігі, яғни  18,4% — ы, «СК Евразия» АҚ үлесінде, одан кейінгі орында, «Қаз-Коммерц-Полис СК» АҚ – 15,6%, «Қазақшетсақтандыру» АҚ үлесі 10,2%

2011 жылы жиынтық активтер сомасының көбеюі есебінен активтер құрылымында біршама өзгерістер болды. Активтер құрылымында жедел салымдар үлесі 15,7%-дан 10%-ға төменделген. Ал бағалы қағаздарда инвестицияланған активтер сомасы 44,6% -дан 57,5%-ға көтерілген. Бұл көрсеткіштің өсуі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденционалды нормативтерді орындауларымен байланысты. Басқа да заңды тұлғалардың капиталдарына 2%-ды, ақшалай қаражаттар 6%-ды, сақтанушылар мен делдардардан алынатын сыйақы сомалары — 13%-ды, басқа да активтер  — 12% құрап отыр.[19]

Сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемі 2011 жылы 40,0 млрд. теңгені құрады, бұл өткен 2003 жылмен салыстырғанда 11,1 млрд. теңгеге (38,4%) артық.

Дамыған мемлекеттермен салыстыратын болсақ, Жапонияда — 72%, АҚШ — 48%, Германияда — 40%. Бұл жағдай Қазақстанның көпшілік тұрғындарының бүгінде сақтандырудың маңыздылығын жете түсіне алмауы, сақтандыруды өз өмірінің қажетті элементтеріне баламауы және де көпшілік тұрғындарының табыстарының төмендігімен байланысты. Сонымен қатар адамдардың санасында мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алу, сақтандыруға деген қызығушылық танытпау осы саланың дамуын тежеп отыр. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысы 31,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,7 млрд. теңгеге (33,0%) көбейген. Қазақстандық компаниялар ұсынатын сақтандыру қызметінің түрлері 40-тан аспайды, ал оның анағұрлым үлкен үлесі ерікті мүліктік сақтандыруға тиесілі. /9/

Ерікті мүліктік сақтандырудың сақтандыру нарығындағы ұстанымы сақтандырудың міндетті және жеке түрлеріне қарағанда ерекшеленеді. Бұл түсімнің ақшалай бейнеленуіндегі жағдай. Ерікті мүліктік сақтандырудың сақтандыру нарығының жалпы көлемдегі үлесі 78% -ды құрайды.

Осы ретте мына бір жайтты атап айтқан жөн. Аталмыш көрсеткішке қол жеткізу негізінде мұндай газ және құрылыс бейнесіндегі ірі жобалара есебінен болуда. Дегенмен, мына жағдайда да назардан тыс қалмайды. Ерікті мүліктік сақтандырудың сақтандыру нарығындағы анағұрлым ірі сектор екендігіне қарамастан бұл бағыттағы нарықтық өсімінң баяу екендігі байқалады. Барлық дамыған елдердегі мүліктік сақтандыру үлесі бүкіл сақтандыру нарығының 50 пайызын құрайды екен, ал қалған 50 пайызы өмірді сақтандыру ісі басым үлеске иелік ететін жеке сақтандырудың еншісінде. Осы арада, біз пайымдар бір мәселе бар. Қазақстанның көптеген әлеуметтік – демографиялық және экономикалық өлшем сипаты Жапония, АҚШ, Германия, Англия және т.б. дамыған елдерден ерекшеленетін болғандықтан (табысы, халқының саны, т.с.с.) біраз кезеңге дейін біздегі мүліктік сақтандыру нарықтың 50 пайызынан гөрі анағұрлым үлкенірек үлесте болады. Оның үстіне біздегі сақтандыру нарығы бөлектеу. Бізде сақтандыру нарығы үш құрамды бөлікке (жеке, мүліктік және міндетті) бөлінеді, ал әлемдік тәжірибеде басқаша. Онда жеке сақтандыруға жатпайтын бағыт мүліктік болып саналады. Сонымен мүліктік сақтандыру ісі нақты басымдылыққа ие. Ал оның әрбір бағытының даму болашағын экономикамыздың белгілі бір салаларының өсуімен байланыстырса болады.[1]

Сақтандыру салалары бойынша жиналған сақтандыру сыйақыларынң көлемін келесі 4 кестеден көруге болады.

 

Кесте 4 — Сақтандыру салалары бойынша жиналған сақтандыру сыйақыларының көлемі

                                                                                                         млн. тг.

Көрсеткіштер

2011 ж     

1 қаңтарына

2012 ж     

1 қаңтарына

Үлес сомасы, %

2011/2010 ж қатысты % өзгерісі

1

2

3

4

5

Сақтандыру салалары

бойынша барлығы,

соның ішінде:

28870,2

39970,2

100

38,4

Өмірді сақтандыру

430,2

1830,2

4,6

325

Жалпы сақтандыру

28440,0

38140,0

95,4

34,1

Ескерту —  ҚР  Ұлтттық банктің статистикалық бюллетені мәліметінен алынған

 

2012 жылдың 1-ші қаңтарында өмірді сақтандыру саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйақыларының сомасы өткен жылмен салыстырғанда 1,4 млрд. теңгеге немесе 325%-ке көбейген. Ал үлес салмағы небәрі 4,6 пайызды құрап отыр. Жалпы сақтандыру саласы бойынша 2011 жылы бойынша сақтандыру сыйақылары 9,7 млрд. теңге немесе 34,1 % көбейгенін көріп отырмыз.

Жалпы бәсекелестіктің негізгі көрсеткіштің бірі болып табылатын жиналған сақтандыру сыйақыларының өсуі қуанарлық жағдай. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы әрбір сақтандыру ұйымның табысы оның кәсіптік шеберлігіне, табандылығына, қызметкерлердің іскерлік қабілеті мен жинақылығына және адамдығына байланысты екендігін атап өткен жөн.

2012 жылдың 1 қаңтарына міндетті сақтандыруда автокөлік иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері – 99%-ды, ерікті жеке сақтандыруда медициналық сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі -90%, халатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі – 10%, ерікті мүліктік сақтандыруда автокөлік құралдарын сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі – 30%, мүлікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі – 25%, зиян келтіргені үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі – 20 %-ды құрап отыр.

Нарықтық экономикасы ілгері дамыған елдерде әрқилы субъектілер арасындағы қаржылық қарым – қатынастарды реттеуде сақтандыру компаниялары маңызды роль атқарады. Олар мемлекеттің экономикалық саясатына елеулі ықпалын тигізеді.

Соңғы жылдары байқалып отырған ел экономикасындағы ілгерілеушілік пен өсім барысы сақтандыру нарығының дами, жетіле түсуіне ықпал етпек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Актiлер жинағы. 1998-2011жж., 44

2.     Журавлев Ю.М. Страхование во внешнеэкономических связях. М.: „Анкил”, 1993 г. – 73с.

3.     Абенова Ж. «Под соусом Чили: Пенсионные фонды идут по южно американскому пути» // Известия, №29, 27.2011г.

4.     Жуйриков К., Назарчук И., Жуйриков Р., Страхование: теория, практика, зарубежный опты: Учебник для студентов вузов и колледжей / Под редакцией К.К. Жуйрикова. – Алматы: ОФ „БИС” -2000-384

Балабекова Д.Б., Назарова Айман Айтубаровна

ХГТУ университеті, Шымкент, Қазақстан
Тағы рефераттар