Қазақстан Республикасының Конституциясымен жер қойнауы тек мемлекеттің меншігінде болатыны белгіленген. Конституцияның осы нормасын ескеріп және Қазақстан Республикасы Президентінің  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 26 қаңтардағы №2828 Жарлығының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша және төлемді жер қойнауын пайдалану көзделген.

Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:

  1. жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
  2. барлау;
  3. өндіру;
  4. барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылыстары және пайдалану.

Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, шеттетілетін не шеттетілмейтін, өтемді немесе өтеусіз болуы мүмкін.

Тұрақты және өтемсіз жер қойнауын пайдалану құқығында жеке меншік немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер қойнауын пайдаланушыға тиісті жер учаскелерінде өз мұқтаждары үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері қазақстандық және шетелдік жеке және де заңды тұлғалар болуы мүмкін.

Тұрақты жер қойнауын пайдаланушылар- жер қойнауын пайдалану құқығы мерзімсіз сипаттағы тұлғалар.

Уақытша жер қойнауын пайдаланушылар- жер қойнауын пайдалану құқығы белгілі мерзіммен шектелген тұлғалар.

Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай жолмен туындайды:

  1. жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну;
  2. жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
  3. әмбебап құқық иелігі тәртібіндегі жер құқығын пайдалану құқығына көшу.

Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну мемлекеттің тікелей жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға ұсынуын білдіреді.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқа жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға беруін білдіреді.

Әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібіндегі жер қойнауын пайдалануқұқығына көшу заңды тұлғаны қайта құру кезіңде құқық мирасқорлығында жер қойнауы құқығының туындауын білдіреді.

Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, сондай-ақ барлау мен (немесе) өндірумен байлданысты жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну келісім-шартты жасау жолымен жүргізіледі.

Коммерциялық мақсаттағы жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну облыстық атқарушы органмен келісім-шарт жасау негізінде жүргізіледі.

Пайдалы қазбалардың аздағвн қорлары мен кен орнына жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану мен қорғау бойвнша мемлекеттік органның әкімшілік актісі негізінде жүргізіледі.

Өз мұқтаждары үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру мен жер асты суларына жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары орналасқан жер учаскелерін бір уақытта жеке меншікке немесе келісім-шарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша бірлескен ынтымақтастықта болады. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізу үшін пайдалануға беру жүргізіледі. Уақытша жер пайдалануға жер учаскесін ұсыну кезінде өз мұқтаждары үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын пайдаланудың шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартпен келісілуі тиіс.

Жер пайдалану құқығы бірнеше жер қойнауын пайдаланушыға ұсынылуы мүмкін. Осындай ұсынылу жағдайында осы жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иегерлері болып табылады. Осындай жер қойнауын пайдаланушылардың өзара құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құзіретті органға қатысты құқықтары мен міндеттері келісім-шартта айқындалады. Жер пайдалану құқығының бірлескен иегерлері келісім-шарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша бірлескен жауапкершілікте болады.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауы келісім-шарттың мынадай түрлері:

  • барлау бойынша жұмыстарды өткізуге;
  • бірлескен барлау мен өндірі бойынша жұмыстарды өткізуге;
  • өндіру бойынша жұмыстарды өткізуге;
  • барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен (не) пайдалануға қолданылады.

Жер қойнауын пайдалану мен басқа да жағдайлар бойынша нақты операциялардың қағидаларына қарамастан келісім- шарттардың құрамдастырылған және өзге де түрлеріне жол беріледі.

Кілісім-шарт жағдайы үлгілік келісім-шарттың ережелерін ескеріп тараптардың өзара келісімі бойынша айқындалады.

Келісім-шарт жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі керек. Келісім-шарт жасау сәтіне қолданылатын заңнамаға қайшы келетін келісім-шартт жағдайы оны жасау сәтінен бастап жарамсыө деп саналады.

Жұмыс бағдарламасын қоса бірлескен барлау мен өндіруге келісім-шарт бойынша өндіруді өткізуге жағдай мен тәртібі келісім-шартта айқындалатын тәртіпте жасалған келісім-шартқа қосымша ретінде қосымша рәсімдеуге жатады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға және арнайы төлемдерге салық төлеушілері техногендік миниралдық құрылымдардан пайдалы қазбаларды алуды қоса Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

Жер пайдалануға келісім-шарт  екі тараптын коммерциялық шарты болып табылады, яғни Құзіретті орган тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және жер қойнауын пайдаланушы, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы және халықаралық шарт болып табылмайды.

Яғни, жер қойнауын пайдалану үшін белгіленетін салық режимі келісім-шартты жасау күніне қолданылатын заңды және жеке тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді реттейтін салық заңнамасының ережелеріне сәйкес келуі керек. Осындай жолмен, келісім-шарттың салық режиміне оған қол қою күніне қолданылатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін ережелер енгізіледі.

Келісім-шартқа қол қою күніне дейін салық сараптамасын өткізу күнінен бастап салық заңнамасының өзгеруі жағдайында салық режимі қайтадан салық сараптамасын өткізумен осы өзгерістерге сәйкес келтірілуі керек.

Егер бір келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану келісім-шартта белгіленген салық режимі бірнеше салық төлеушілер жүзеге асырса олар үшін бірыңғай болып табылады. Бұл ретте :

  1. салық салу мақсатында салық төлеушінің осы келісім-шарт шегінде жүзеге асырылатын қызметі бойынша бірыңғай тұтастандырылған есеп және келісім-шартта белгіленген барлық салықтар мен төлемдерді төлеуге міндетті;
  2. келісім-шартпен белгіленген салықтарға қосымша бір келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент емес жер қойнауын пайдаланушылар Кодекстің «Халықаралық салық салуы» бөліміне сәйкес салық салуға  жатады.

Келісім-шартпен көзделген салық режиміне сәйкес салықтарды төлеу осы келісім-шарттың шегінен шықпайтын қызмет бойынша салық міндеттемелерін төлеуден жер қойнауын төлеушілерді босатпайды.

Осы ереже жалпы таралған пайдалы қазбалар мен (немесе) жер асты суларын өндіру бойынша келісім-шарттарға таралмайды.

Келісім-шартта көрсетілмеген қосымша пайдалы қазбалардың коммерциялық мақсатта әзірлеу жағдайында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген кесімді ставкалар бойынша олармен төлемдер жүргізеді.

Келісім-шарттың негізгі түрлерін ескеріп жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу екі үлгіге бөлінеді.

Салық режимінің бірінші үлгісі Кодекспен белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін жер қойнауын пайдаланушылар төлеуді көздейді және олар үшін салық режимінің екінші үлгісі белгіленетін өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда (келісімдерден) басқа барлық келісім-шарттарда белгіленеді.

Міндетті салық сараптамасынан өткен жер қойнауын пайдалануға келісім-шартпен белгіленген салық режимі келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының және Қазақстан Республикасының алғашқы экономикалық мүдделерінің қатынасы ретінде өзгерістерге алып келмейтін және келісім-шарт тараптарының келісімі бойынша салық режиміне өзгерістер енгізілген жағдайлардан басқа осы келісім-шарттың мерзімі аяқталғанға дейін өзгеріссіз қызмет етеді.

Келісім-шартпен көзделген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін жою жағдайында жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіпте келісім-шартқа тиісті өзгерістерді енгізуге дейін келісім-шартпен белгіленген тәртіпте және мөлшерде оларды бюджетке төлеуді жалғастырады.

Оларға қол қоюға дейін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттррдың барлығы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте және мерзімде міндетті салық сараптамасынан өтуі тиіс.

Салық сараптамасы- салық режимін айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтарын белгілеу мақсатында өткізілетін оған толықтырулар мен өзгерістер, келісім-шарт жобасын талдау мен бағалауды енгізетін міндетті сараптама.

Келісім-шарттардың салық сараптамасының мынадай уәкілетті органдар:

  1. жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларынан басқа пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша келісім-шарттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық саясат пен болжамдар департаменті;
  2. жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша келісім-шарттарды- кен орнының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің облыста, Астана мен Алматы қалалары бойынша салық қызметі органдары өткізеді.

Салық сараптамасын сәйкес келтіру мақсатында уәкілетті органдардың өкілдері олармен келісім-шарт жасау үшін жер қойнауын пайдаланушыларды айқындау кезінде тендерлік комиссияның жұмысына да, келісім-шарттарды дайындау кезінде де қатысады.

Осы ереже бұрын жасалған келісім-шартарға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға таралады.

Салық сараптамасының барысында уәкілетті органдар мынадай мәселелерді қарайды:

  1. жер қойнауын пайдалануғакелісім-шарттарда салықтар және бюджетке төленетіе басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді белгілеу, оның ішінде:

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді келісім-шартта көрсетудің толықтығы, оларды есептеу мен төлеудің тәртібі, оның ішінде «Өнімді бөлу туралы» келісім-шарт түрлерәнің салық режимі мен жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдер мен салықтарды есептеу мен төлеу тәртібін белгілеу;

заттай нысанда жер қойнауын пайдаланушы төлеуге жататын роялти сомасын бюджетке төлеу мен аударудың тәртібін Қазақстан Республикасының Уәкілетті органдарымен бірге белгілеу;

кен орнын барлаудың салдарын жою қорын қалыптастыру мөлшері мен тәртібінде Қазақстан Республикасының Табиғат ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірге уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен айқындайға қатысуы;

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің тікелей және жанамалай қатысты келісім-шарт жобаларының ережелеріне сәйкестігі.

Жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген салық сараптамасының нәтижелері салық сараптамасынан өту туралы уәкілетті органдардың қорытындысына енгізіледі және келісім-шарттардың түпкілікті мәтіндеріне міндетті түрде енуге жатады.

Пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тиісті келісім-шарттар жасағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде роялти түрінде республикалық бюджет кірісіне жер қойнауын пайдаланғаны үшін аударымдарды жүргізеді.

Бұл ретте осы аударымдарды төлеу мерзщімі мен салық салу объектілерін айқындау роялтиді төлеу үшін белгіленген тіртіпте жүргізіледі.

Келісім-шарттарда келісілген жағдайлардан басқа қызметті жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушылар Салық кодексімен белгіленген салықтар мен бюджетке төлемдердің барлық түрлерін төлейді. Бұл ретте, салықтар мен төлемднрді есептеу мен төлеу тәртібі Салық кодексінің тиісті бөлімімен айқындалған. Жер қойнауын  пайдаланушыларға оның ішінді Салық кодексімен белгіленген әкімшілік ережелерінің барлығы қолданылады. Салық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл санкциялары тиісті бұзушылықтарды белгілеу сәтіне қолданылады.
Тағы рефераттар