Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесін қалыптастырудағы құқықтық ерекшеліктер туралы қазақша реферат

Президент Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халққа арнаған Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылған. Сол маңызды мәселелердің бірі білім беру саласы болып отыр. Қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын:

«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.

Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.

Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педогогтык білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншіден, біліктіліуті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.

Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев [1, 1].

Білім беру үдерісіне оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы ең басты міндеттердің бірі ретінде алға тартты. Сонымен қатар, педогогикалық құрамның сапа-деңгейін арттыру мәселесі де маңызды шаралар қатарынан орын алды. Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары мен біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту бойынша көптеген ұйымдастыру шаралары қолға алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын тәуелсіз мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз. Қысқаша айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған ЖОО-дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс деп ойлаймын.

Елбасы Жолдауында студенттердің тоқырап қалмай, көп тілді білуін, шетелде білім алып, білімін одан әрі көтеруге, мәдениетін арттыруға, алған білімімен елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік жасап отыр. Бұл жерде әрбір педагогтың, әрбір ғалымның, әр­бір жетекшінің, министрліктер мен мекемелердің ауқымды жұ­мыс атқаруына үлкен мүм­кін­дік­тер бар. Елбасымызды толған­дыр­ған өзекті мәселелердің бірі елімізді инновациялық тұрғыда дамыту жолына түсіру. Инновациядегеніміз, жаңалық жарату, жаңаны енгізу, үздіксіз жаңғырту, жаңаша бастамалар жасау деген сөз. Адамзат қоғамы ғылымның жетістіктері мен озықтехнология­лар, ұйымдастыру мен басқару әдістері, өнімді жаңартатын жа­ңа­­лықтарды өмір мен өндіріске батыл енгізу арқылы дамып, же­тіліп отырғаны белгілі.Бұл бізге тиісті үлкен мәселе. Ал енді ин­новациялық даму деген тек қана жаңа технология мен техниканы сырттан сатып алу емес, сол техника мен өндірістіңөнім­ді­лігін көтеретін, соны білетін жоғары сапалы, жоғары білікті мамандарды қажетінше дайындау. Әрине, экономика өз-өзінен дамымайды, оны дамытатынадам капиталы­ның сапасы мен саны, әлеуеті мен белсенділігі. Ендеше, адам капиталына мән беру бүкіл ин­новациялық дамуға талпынған мемлекеттік құрылыстыңөзекті тақырыбы болуы тиіс. АҚШ, Жапония, Германия, Корея секілді елдердің даму құпиясы осы адам капиталына айрықша мән беріп, жасампаздық пеншығар­ма­шы­лықты әлеуметтік кедергілерден арылтуға қатысты. Адам капиталы оқыту-тәрбиелеу жүйесінің басты мақсаты. Техниканы, тех­но­логияның бәрін,әрине, шетелден әкелуге болады. Бірақ ертең олардың бәрі дұрыс жұмыс істе­мей, өндірістік тиімділігі төмен болса, мамандар соған сәйкес келмесе, онда біздіңалдымызға қойған мақсаттарға жету қиын. Осы орайда біз жоғары сапалы, білімді мамандардың аз екенін мойындап, сапалы, сауатты оқы­ту жүйесін қалыптастыруүшін қабі­летті мамандар, еңбекқор, ізден­гіш оқытушылар қосыны, заман сұранысына жауап беретін жаңа технологиялық жабдықтар кеше­нін жасауымыз керек.Бұл ең үл­кен бағыт, зор міндет. Сол се­беп­ті бұл Жолдауда жүктелген кадр мәселесіне шын мәнінде ерек­ше көңіл бөліп, сер­піліс жасауымыз керек [2, 1].

1999 жылы 19 маусымда жоғары білімнің бірыңғай құрылымын енгізу үшін Болон декларациясы қабылданған болатын. Оған 29 ел қол қойды. Барлық ұлттық жүйелерде, жоғары білім жүйесінің сынақтық бірлігін енгізу үшін European Credit Transfer Sustem (ESTS) немесе басқа, ESTS жүйесімен бірігіп, қайта сынақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ жинақтаушы қызметін, және де академиялық оқу кепілдігін шет елде тану туралы шешім қабылдану (1999 ж. ESTS 1062 европалық жоғары оқу орындарына енгізілді) [3, 8-9].

Осы заманғы болып жатқан интеграциалық құбылыстар қоғам тіршілігінің барлық жағына өз әсерін тигізді. Халықаралық процестермен қатар жүруге ниеттелген мемлекет казіргі кезде қалыптасқан барлық ғылымдандырудың көріністеріне тікелей назар аударды деуге болады. Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары деңгейдегі қарыштық даму жағдайы жүзеге асып жатқаны бәрімізге белгілі. Әрбір мемлекеттің қоғам өмірінде ғылыми, мәдени, экономикалық, саяси  жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар түбегейлі өзгеріске ұшырады [4, 11-12 б.];

Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Жаңа заман жаңа көз­қа­рас тудырып, іргелі жаңғырту­лар жасау мен білімді дамы­ту­дың жаңа сапалық деңгейін қажет етіп отырған кезеңде Қазақ­стан Республикасының Прези­ден­ті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап отыруының орны ерекше. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                 Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ -ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. e.gov.kz/wps/portal/Content?…/3…/president/..

2.                 «Нақты бағыттар мен шешімдер бастауы». www.egemen.kz/?p=327214

3.                 Е.У. Медеуов Кредиттік оқыту жүйесі: өту өту қиыншылықтары И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті. 2006 ж.

4.                 С.М. Өмірбаев Білім. Алматы. — 2006 ж. №  (29) Ғылыми-педагогикалық журнал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 27.07.2007 ж.

Оқытушы Сайдахмет Э

Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет. Қазақстан
Тағы рефераттар