«Кәсіпкер» ұғымына анықтама беруден әңгімені бастаудың  мәні бар. Ұлыбритания заңнамасы бойынша «өз еңбегінің мазмұны мен тәртібін дербес анықтайтын адам» кәсіпкер деп есептеледі.

Белгілі бір себептерден бүгінгі таңда кейбіреулер кәсіпкерлер болады, басқалары  оларға жұмысқа жеке еңбек шартын жасасу кезінде дербес саудаласып, оның талаптарын егжей-тегжейлі талдай отырып жалданады. Бірақ олардың бәріне өз қызметінде басшылыққа ала алатындай білім керек. Алайда кеңестерге өтпес бұрын, Қазақстанда кәсіпкерліктің  қалай дамығаны туралы  қысқаша сөз етейік.

Соңғы жиырма жыл бойы республиканың әлеуметтік – экономикалық саясатының маңызды басымдылықтарының бірі шағын кәсіпкерлікті  қолдау мен дамыту болып табылатынын атап кету керек.

Загрузка...

Неге? Жай жауап беруге болады: нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы жүйесі ірі, орта және шағын кәсіпкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап етеді. Бұл  — ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі — шағын кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми — техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды қолданумен, ақша қаражатының аз жұмсалуымен және т. б. байланысты. АҚШ-та, мысалы, тіркелген 18,1 млн фирманың 97%-ы қызметкерлерінің саны кемінде 500 адам шағын кәсіпкерлік санатына жатады, фирмалардың  90% -да 15-тен аз адам еңбек етеді. Шағын кәсіпкерліктің үлесіне ЖІӨ 38%-ы және жұмыс күшінің 47%-ы келеді. АҚШ шағын кәсіпкерлікті қолдапудың мемлекеттік құрылымдары кадрларды дайындау, маркетинг, сыртқы рыноктарға шығу және т.б. бағдарламалардың бір қатарын іске асырды. Жетпіс мыңға жуық   шағын кәсіпорындарға мемлекеттік бюджет есебінен 2 млрд. доллардан аса  инвестиция жаңа және жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру мен дамытуға бөлінген. Тек соңғы он жылдықта ғана шағын кәсіпорындарға (ШК) 31 млрд. доллар несиеге 180 мың мемлекеттік кепілдіктер берілген. Мұнда «Шағын бизнес туралы» заң тағы 1953 жылы қабылданған болатын. Демек, АҚШ-та: «Шағын бизнес –  күллі экономиканың жотасы» деп тегін айтылмайды.

Қазіргі заманғы экономикаға ШК кемінде екі үлкен тобының бар болуы маңызды екенін атап кету керек. Олардың бірі өнеркәсіп алыптарының қосымша жеткізушілерінің рөлі ретінде, ал екіншісі  — дербес жұмыс жасауды артық көреді. Бұл топтардың арақатынасы АҚШ-та -50:50, Ұлыбританияда -20:80, Жапонияда -70:30, Францияда — 40:60.

Бұдан басқа, әр түрлі мемлекеттердің ғалымдары мен сарапшылары шағын  және орта кәсіпкерліктің  жұмыссыздықпен күрестегі мағынасы өте зор деген қорытындыға келді. Ол дамыған елдерде  азаматтардың 70-80%-на жұмыс және мемлекеттік бюджетке түсімдердің басым үлесін береді. Бүгінгі күні әлемнің жетекші державаларында осы экономиканың осы әр 10 секторының 9-ы, ал Жапонияда, Германияда – барлық кәсіпорындардың жартысы жатады, оларда халықтың еңбекке қабілетті 2/3-тей бөлігі жұмыс істейді. Үлгі ретінде Голландияны келтіруге болады. Халқының саны 16 млн.  адам бұл елде (Қазақстанда 15,0 млн.) 4 млн.-ға тарта шаруашылық  жүргізетін субъектілер бар.

ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша елімізде 2005 жылдың 1-қазанына  тіркелген шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің саны (бұдан әрі – ШКС) 626187, жұмыс істеп тұрғандарының саны  – 481623 немесе жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалпы санының 90,1%, олардың ішінде шағын бизнес кәсіпорындарының саны 103291 (19,33%) жеке кәсіпкерлер – 231440 (43,3%) болған.

ШКС-де істейтіндердің саны – 1343,3 мың адам немесе жұмыс істейтіндердің жалпы санының  18,88% -ы болған.

Сондықтан  экономиканың одан арғы даму кезеңді шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға  қажетті байланысты  (құқықтық, салықтық) талаптардың жасалуымен.

Мәлімет үшін. 1987 жылдың 1-мамырында  Қазақстанда 1986 жылдың 19-қарашасында  «Жеке еңбек қызметі туралы» КСРО заңы күшіне енгізілгенде  жеке кәсіпкерлікке іс жүзінде рұқсат етілді. 1990 жылдың  11-желтоқсанында  «Қазақ КСР-дағы шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» заң қабылданды, бұл шын мәнінде  кәсіпкерліктің дамуының негізіне айналды, ал 1992 жылдың 4-шілдесінде  Қазақстан Республикасының «Жекеше  кәсіпкерлікті қорғау туралы» өте маңызды заңы қабылданды. 1992-1994  жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі бірінші екі мемлекеттік бағдарламаның Қазақстан экономикасы үшін күрделі кезеңде іске асырылғанын, соған қарамастан республикада жеке кәсіпкерліктің құрылу мен қалыптасу негізінің қалануына мүмкіндік берді. Олардың нәтижелері бойынша мемлекеттік мүлікті мерзімінен ұзарта сату, жеке және заңды тұлғаларға несиелік көмек көрсету, мемлекеттік меншіктің еңбек ұжымдары мүшелерінің меншігіне акциялар түрінде өтуі үшін, соның ішінде жеңілдік бағалармен сату жолымен жеңілдік талаптарын жасау енгізілді.  Сол кезеңде  тауарлық  биржалар,  бағалы  қағаздардың   биржалары,

валюталық биржалар коммерциялық банктер, тұтас-делдалдық кәсіпорындар, маклерлік институттар, коммерциялық ақпараттық орталықтар, жарнамалық агенттіктер және басқалары құрыла бастады.

Өткен он жылдықта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бес мемлекеттік бағдарламасы орындалған болатын.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған  кезекті бағдарламасының тиімді түрде  іске асырылып жатқанын атап  кету керек.

Оның негізгі міндеті —  жоғары технологиялық өндірістерді құруға бағдар алған шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен орта тапты қалыптастыруға бағытталған институттық жағдайларды жетілдіру.

Ұлттық мүддеге орай ескеру және дүниежүзілік жалпыға бірдей әлемдік үрдіс жағдайында кәсіпкерлік қызметті мәдениетті түрде жүргізуді ғаламдандыруға жаңа талаптарды ескеру керек.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қарқынын арттыру үшін 1997 жылдың  маусымында-ақ: «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңдар қабылданды; қолданыстағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің, оларды жабудың, лицензиялау мен патенттеудің тәртібі  оңайлатылды; оңайлатылған есептілік құрылымы жасалды, оның өсуін көтермелеу мақсатында  қолданылмайтын мемлекеттік мүліктің бөлігі шағын кәсіпкерлікке берілді, мемлекеттік қолдау, соның ішінде қаражаттық қолдау жүйесі ұйымдастырылды. 1997 жылдың 19-маусымындағы «Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттің қолдауы туралы»  заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлер, өндірістік кооперативтер, шаруашылық серiктестiктері (акционерлік қоғамдардан басқалары) — қызметкерлерінің жылдық орташа саны  50 адамнан аспайтын және активтерінің орташа жылдық жалпы құны алпыс мың есептік көрсеткіштерден аспайтын кәсіпорындар жатады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік алаңдарды, офистік жайларды мерзімін  ұзартуа сату көзделді;, орнында болғанмен елдің  алыс аудандарында жатқан кәсіпорындарға жеңілдіктер айқындалды  және т. б. Бұжан басқа мәселенің өзектілігіне орай орай 1999 жылдың қазанынан бастап барлық бақылайтын органдардың тексерулері ҚР Үкіметінің қаулысына және ҚР Бас прокурорының 1999 жылдың 29-қазанындағы  бұйрығына сәйкес прокуратура органдарында  заңдылық пен  олардың негізділігіне қатысты тіркеуден және тексеруден өткізіледі.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін ҚР мемлекеттік кіріс министрлігі патент бойынша жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерліктің  қызмет түрлерінің тізімін  1999 жылы 56 –дан  2000 жылы 131-ге дейін көбейтті. Бірақ атап өту керек 2001 жылы Салық кодексінде бұл тізімнің күші жойылды: тізім кәсіпорындағы қызметкерлердің табыс мөлшері мен саны бойынша шектеулермен ауыстырылды. 2000 жылдың 11-сәуірінен  31- желтоқсанына дейін және 2003 жылдың  1-қаңтарынан  1-қазанына дейін  министрлік шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатқан болатын. 1999 жылдың қазанынан бастап шаруа (фермер) қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы енгізілді. Бір жолғы талондар енгізілді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша 50-дей  инфражүйе объектісі, соның ішінде : АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құрылды, кәсіпкерлікті қолдауы үшін оған 10 млрд.-тан аса  теңге. 20 кәсіпкерлік — инкубатор және 3 техникалық бақ бөлінді. Бұл тәуір нәтижелер берді.

Н. Ә. Назарбаев өзінің сөйлеген бір сөзінде атап кеткеніндей: «Адамдар рынокты қабылдап  және түсініп, одан өз қуысын тауып, оның артықшылықтарын іске асырып және — аса маңыздысы сол —  жетістіктерге жете бастады».

Бірақ, жоғарыда айтылғанның бәріне қарамастан, шағын кәсіпкерлікті  одан ары айтарлықтай дамыту талап етіледі. Ең алдымен салалық құрылымдарды жетілдіру керек. Статистикалық деректер бойынша бұрынғыша, шағын кәсіпорындардың шамамен 50%-ы саудада, 20%-ы қызмет көрсету саласында, ал өнеркәсіпте — тек қана 13%-ы, ауыл шаруашылығында — 8%-ы, құрылыста -9%-ы істейді. Республика аумағында ШК әркелкі орналасқанын атап кету керек. Мәселен, Қазақстанның оңтүстік — шығысы мен оңтүстігінде ШК жалпы санының  40%, ал батыста — тек қана 10,5%-ы жұмыс жасайды. Еңбек нарығындағы  жағдай да күрделі болып қалуда.

Кәсіпкерлікті  дамытуды  белсенді түрде қолдайтын және республика үшін  оның мағынасын өзгелерден  жақсы түсінетін мемлекет Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: шағын  кәсіпкерлікте еңбекке жарамды халықтың ең аз дегенде 50%-ы жұмыс істеуіне қол жеткізу керек деген мақсатты алға кездейсоқ  қойған жоқ.

Ол, 2003 жылдың қазанында өткен Қазақстан Кәсіпкерлерінің ХІ форумында-ақ кәсіпкерлікті дамытудың негізгі 11 бағытын, сонымен қатар оны қолдау шараларын да айқындады. Оларды еске түсірейік:

1.  «Мемлекеттік аппараттың жеке меншікке қатынасы өзгертілсін, яғни оған «сауылатын» сиыр емес, «қасиетті» сиырдай қарауы керек…».

2. Барлық заңдар, қаулылар және барлық нормативтік актілер «тазартылсын» және кәсіпкерліктен оларға тән емес шығындар алынып тасталсын…».

3. «Мемлекеттік аппараттың саны қысқартылсын… Үкіметке «тексерушілердің» және бақылаушылардың қорқытып алуы мен былықпен шұғылдандануға мүмкіншіліктерінің де, уақыттарының болмауы үшін бақылайтын органдардың саны бойынша үш ай мерзімінде нақтылы ұсыныстар енгізілсін».

4. «Лицензиялық-тіркеу процедураларының саны  барлық аясынан асып кетті, РМК көрсететін қызметтеріне бағалар бақылаусыз белгіленуде. Есептердің алуан түрлерінің саны қарлы кесектей  ұлғаюда. Үкіметке қандай да болмасын лицензиялардың,  рұқсаттардың санын  жарты жылда  5-10 есе қысқартуға, ал Президент Әкімшілігіне оның барысын бақылауға
тапсырма берілді».

5.«Алты пайызға инфляция кезінде несиелер неге 20 — 22 пайызға
беріледі? Кәсіпкерлер несиелерді оларды жыл сайын қайта ресімдеулуге мәмжбүр етеді деп шағымданады. Үкіметке және Ұлттық банкке бір айлық мерзімде осы  мәселелер бойынша ұсыныстар жасауға  тапсырма берілді».

6. «Шетелдік тауарларға қарсы қорғау шаралары неге осы уақытқа дейін бізге қарсы әрекет етеді? Импорт бойынша ҚҚС тәртібі қашан жасалды? Шет елде біздің кәсіпкерлігімізді  қорғау керек…».

7. «Қазақстан ДСҰ-на кіру қарсаңында. Жұмыс істейтін өндірістерді қайта қаруландырған немесе жаңа технологияларды жабдықтаған… күллі кеден, қаражат, лизинг, бәсеңдету  саясатын жаңа техникамен және технологиямен қамтамасыз еткен жөн».

8. «Жалпы жазалайтын сипаттағы Әкімшілік кодексіне шағымдар-дың түсіп жатқаны бірінші жыл емес… Табыс салығын алайық. Пайымдап көрсек, күтілгеннен гөрі көбірек табыс тапса оны жинау процедурасы салық төлеуші біле тұра ұтылады…».

9. Әлеуметтік саладағы заңнаманы, еңбек қатынастарының жүйесін және кадрларды даярлауды қайта қараған жөн, Еңбек туралы заңда жұмыс берушінің есебінен оқытумен байланысты арнайы бөлімді қайта қарастырған жөн…».

10. «Салалық, аймақтық және макроэкономикалық деңгейде еңбек теңдігін реттеп, кәсіпкерлік инкубаторлардың және кәсіпкерлерді даярлау орталықтарының кеңейтілген тармағын салып, тұрғындарға шағын несие беру жүйесін  жасау керек…».

11. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету жүйесін, шағын және орта кәсіпкерліктің  ұйымдық инфражүйесін құру туралы сөз болып отыр. Шешім қабылдау кезінде  жүйе аймақ, ведомство немесе үкімет басшысы осы мәселе бойынша кәсіпкерлердің ұстанымын міндетті түрде білетіндей етіліп жасалсын. Үкімет пен кәсіпкерлік арасында дәнекерлік буынына айналатын  қалыпты сауда — өнеркәсіп палатасын құру қажет…».

28–қазанда Астанада Қазақстан Кәсіпкерлерінің конгресінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мүлде жаңа  идеологиясының нобайын анықтады. Сонымен, оның үш құрамдас бөлігі – экономикалық әріптестік, әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстаным.

Бүгінгі таңда, Президенттің пікірінше, негізгі мақсат – әлеуметтік жағына бағдарланған бизнестің қалыптасуы. Кесіпкерлікті дамытуды әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдағы өзгерістер арқылы қарастыру қажет.

Мемлекет басшысы сондай-ақ бизнес пен билікті бірлескен күш-жігер арқылы шешетін 5 өзекті міндет қойды. Олардың арасында мынадай сәттерді атап кету керек:

— Бизнесті жүргізуге анағұрлым тиімді жағдайлар жасау кезіндегі елдер мен аймақтардың бәсекелесуі. Қазіргі нақты ахуалда өзара ықпалдасу өрнегі былай – «Мемлекет кесіпкерлік пен халық үшін» болуы тиіс.

— Әкімшілік реформасы. Мемлекеттік органдардың көрсететін ведом-стволық қызметтерінен түбегейлі түрде алшақтап, кесіпкерлер мен тұрғындардың нақты мұқтаждықтарына ауысу керек. Барлық деңгейдегі мемлекет басқару ресімдерін жетілдіру керек.

Үкіметке мемлекеттік органдардың жұмысын рейтингілік бағалау жүйесін жасау тапсырылды. Бұл ретте басымдылықтардың бірі – кесіпкерлікті дамыту дәрежесі.

Бизнес пен мемлекет арасындағы барлық деңгейлердегі тілдесу тетіктерін жетілдіру керек. Шағын бизнес проблемаларымен ғана айналысатын салалық қауымдастықтарды құру керек. Осылайша кесіпкерлікті мемлекеттің қолдауының: «оқыту – консалтинг – құқықтық қолдау – мониторинг» сұлбасы бойынша  оралымы аяқталады. Жеке меншікті қорғау жұмысын жалғастыру керек. Мұнда соттарға ерекше рөл беріледі.

Қазіргі таңда тәуір нәтижелерге қол жеткізілгеніне күмән жоқ. Мысалы, 2004 жылдың 20-қыркүйегінен бастап  кәсіпкерлік субъектілерді – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу куәлікті және филиалдар мен өкілділіктерді есепке алып тіркеу, статистикалық карточка және салық төлеушінің куәлігі, яғни «бір терезе» қағидаты бойынша бір уақытта яғни жүзеге асырылады. 2005 жылдың қаңтарынан құрылыс, туристік қызметті лицензиялау, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру уәкілетті органдарға берілді. Әкімияттарда, минисірліктерде және ведомстволарда Сарапшылар кеңестері қалыптастырылуда; Кәсіпкерлердің форумы жанында мемлекеттік органдардың бақылау — қадағалау функцияларын қысқарту және жүйеге келтіру және олардың санын азайту мәселесі бойынша тұрақты жұмыс тобы істейді; 2005 жылдың наурызында «Атамекен» Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағы құрылды, «Жекеше кәсіпкерлік туралы» жаңа заң жасалуда.

Саны 10 адамға дейінгі шағын  кәсіпкерлік субъектілерін енді салық органдарынан басқа бақылаушы органдардың үш жылда бір рет қана тексере алатынын ерекше атап кету керек. Ал ШКС қаржы-шаруашылық қызметін  уәкілетті мемлекеттік органдар  жылына бір рет қана тексере алады.

Мұның бәрі жақсы әсер тудырады және жақсы нәтижелер әкелуі тиіс. Бірақ алға басу керек.

Зерттеулер көрсеткеніндей, дәп біліксіздігі, тәжірибесінің теңгерілме-гендігі  көптеген кәсіпкерлерді дербес, шығармашылықпен жұмыс істей білуге әкелді.

Өйткені бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында  шағын  кәсіпкерліктің құқықтық негізін 20-дан аса заң, президент жарлықтары, үкіметтің, министрліктердің және ведомстволардың ондаған актілері құрайды. Және оларды өз жұмысымызда ептілікпен  басшылыққа алуымыз керек.

Бірақ, бұл негізгісі емес. Көптеген ұлы кәсіпкерлердің табысының  негізінде өзінің кәсіпкерлік — ойын керекті уақытта үшін керекті жерінде дұрыс анықтау жатыр. Олар басқалардан гөрі, адамдарға қазір керектіні не оларға жақын арадағы келешекте керек болатын нәрсені жылдамырақ көре алды.

Міне сондықтан халықтың тұтыну мұқтаждықтарын анықтаудың кәсіпкерліктің табысына әсер ететін негізгі факторы болып табылады. Өйткені кәсіпкерлік ақшаны тек тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырғанда ғана әкеле алады; дәп осы тұрғыда рынок және оның механизмдері барлық кәсіпкерлік шешімдерді тексереді. Және Қазақстанда бұл бағытта атқарылар жұмыс толып жатыр …

Бұдан басқа, рынок жүйесі аяғынан тік тұрған елдерде осы ортада табысқа жету үшін адамдар тапқырлықты өмір бойы ерте жасынан үйренеді. Рынок  экономикасының ережесі  — күнделікті өмір нормасы.

Ұсынылып отырылған оқыту-әдістемелік құралы жоғарыда айтылғанды ескеріп,  бастаушы кәсіпкерге жұмыста қателерден құтылуына көмектесуі тиіс.

Осы кепілдемелер кәсіпкерлік туралы  қазіргі заманғы әдебиеттерді  зерттеудің, практикалық тәжірибенің негізінде жасалған. Бұл кепілдемелер Қазақстан Республикасының азаматтарына өз кезегінде өз тілектері мен мүмкіншіліктерін адал және объективті түрде бағалаған жағдайда  өз кәсіпкерлігін дұрыс бастауына  сөзсіз көмектеседі.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар