1988 жылдың күзінде «Казахстанская правда» газетіне осындай тақырыппен көпшілікке арналған «О чем не ведали обществоведы» деген ғылыми мақала әзірленді. Ондағы мақсат ұлттық республиканың шыққан этнодемографиялық тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді. Бірақ оның орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырыппен партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың саны әдейі екі еседей азайтылып көрсетілді. Былайша айтқанда орталық партократия өкілінің қазақ халқының алдындағы ауыр кешірілмес күнәсін екі еседен артық «жеңілдетті» деген сөз.

Мұндай үлкен «ғылыми оғаштықты» СОКП тарихшылары демографиялық зерттеу әдісін білмегендіктен ғана жіберген деу шындыққа жанаспайды. Себебі, олар бұдан да, қазіргі кезеңнің өзінде де Қазақстандағы ашаршылық жылдарында 2,5 миллион адамның (оның 2,3 миллионы тек қазақтар) жазықсыздан қырылуына себепкер болған сол кездегі ВКП (б)-ның өлкелік партия ұйымы мен Орталық комитеттің кінәсін енді жасыра алмаса да, қалайда «жеңілдетуге» тырысып келген болатын. Тіпті, партия тарихшылары ғылыми-санақ (статистика) есебін айлакерлікпен әдейі бұрмалап, әміршілдікпен асығыс жүргізілген саяси-әлеуметтік науқан кезіндегі адам шығынын екі есе төмендетіп көрсетуге тырысты. Олар жариялылыққа дейін де осындай партия жолын дәріптеуге әбден машықтанған қолжаулық ғалымдар тобын құрады.

Кейінгі кезде ізденімпаз жас зерттеушілеріміздің (Ә.Ғалиев, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев т.б. арқасында көптеген архив деректері табылды. Ол деректер бойынша біздің бұрынғы ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1924 жылғы болжам бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл-село халқының саны 4,2 миллион адам болуға тиіс еді. Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми сынаққа республика басшылары қанша қосып жазуға тырысып, өлген адамдардың санын азайтқысы келгенімен, ауылдық жерде тірі қалғаң адамдардың санын 1,5 миллионнан асыра алмады. Қазақстанда ашаршылықтан 2,54 миллион адам өлді деген дерек шындыққа өте жақындайды. 1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдардың санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай деректер келтіруге болады. 1926-1937 ж.ж. қазақтар — 3,627,6 мыңнан 2,181,5 мыңға дейін, украиндар-860,2 мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар-63,4 мыңнан 33,4 мыңға дейін өзбектер 129,4 мыңнан 110,0 мыңға дейін кеміп кетті.

Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, белорусь), олар ашашылықтан кейін қаңырап бос қалған қазақстан жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, бұрынғы олқылықтарының         орнын толтырып қана  қоймай, келімсектердің саны онан сайын қаулап өсе түсті. Алайда, біздің қоғамтанушы ғалымдарымыз күні бүгінге дейін орталықтың «ерікті  коллективтендіру», «жедел индустрияландыру» саясатының кесірінен Қазақстанның байырғы халқының мүлдем азшылыққа айналғандығын түсінгілері келмеді.

Сталин мен Голощекин бір халықты қырып-жойып құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан-ашық жол ашты. Соның бір мысалы, қазақтың малын конфискелеп, бүкіл орта Азияны отырықшы тұрақты егіс алқабына айналдыру болып табылады.

Қорыта айтқанда бірқатар қоғамтанушы ғалымдарымыз Голощекиндік геноцид-әміршіл зұлматтың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерменизм, яғни санға тәуелділік жағдайында қалып қойғанын өз мақалаларында дұрыс ұғына алмаған. Сол демографиялық кәріптікті жеңіп, дертті жазбайынша қазақты ұшпаққа шығара алмаймыз. Қазақстан республикасының жан-жақты дамуы демографиялық детерменизм жағдайында тұр.

Қазақстандағы ерлер мен әйелдер саны салыстырмалы түрде тең дәрежеде. Ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен, әйелдер саны 30-34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді, 60-69 жаста бір жарым есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алмағанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырымдық құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0 %, ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9 %; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі-6,1%. Орташа арифметикалық жас небәрі 25 жас. Басқаша айтқанда, қазақ халқының басым бөлігі-балалар мен жастар.

Қазақстан тұрғындарының бейімділік индексі және сауаттылық көрсеткіші өте биік деңгейде. Мысалы, 1990/1991 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мың адамға жетті.

Соңғы онжылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың басынан басталды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ  студенттер  саны тұрақтанып келеді. Бұл күнде олардың жоғары оқу орындарындағы үлесі 67 %, бұдан жоғары өсуі онша көп емес.

Қазақстан тұрғындары білімінің жоғары деңгейі, бір жағынан, еңбекке орналастырудың шектеулі мүмкіндігін, екінші жағынан, бәсекелестікті         тудырып, халық шаруашылығында жұмыс істейтін мамандардың кәсіптік деңгейінің көтерілуіне ықпал етті. Экономика саласында еңбек ететіндер арасындағы жоғары және орта арнаулы білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болған болса, 1999 ж. — 212; орта арнаулы білімділер тиісінше 234 және 296 болды. Тек орта немесе толық емес орта біліммен еңбек ететіндер саны бір жарым есе азайды.

Қазіргі кезде мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде білім алуда.

1997 ж. республикадағы жалпы білім беретін жеке меншік (мемлекеттік емес) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқиды.

Қазіргі кезде Қазақстанда 3455 мектеп мемлекеттік тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге 2522 сабақ орыс тілінде жүргізілетін мектеп (1461,4 мың оқушы); 78 өзбек (77,2 мың оқушы); 14 ұйғыр (22,3 мың оқушы); 3 тәжік (2,5 мың оқушы); 1 украин (0,1 мың оқушы) тілдерінде сабақ жүргізілетін мектептер және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар.

Қазақстан үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің негізгі көзі болып табылады.

Табиғи өсім қазақ халқы өсімінің басты факторы болып қала береді. Мысалы, қазақтардың табиғи оң өсімі 1989 ж. Қазақстан тұрғындарынан бүкіл табиғи өсімінің 63,5% -ін құраған болса, 1991ж.-72,4%, 1993ж.-88,2%, 1995 ж. -88,0 % болды.

Отбасы құрамына жасалған талдау көрсеткеніндей жұбайлардың, әсіресе жастардың әлеуметтік-білім деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым аз балалы болуға деген ұмтылыс айқын байқалады. Әдетте орта арнаулы немесе жоғары білімі бар әйелдер тек отбасылық міндеттермен шектеліп қалмай, өздерінің жұбайларымен тең құқылы болуға ырысады, соған орай өндіріс саласына көп уақытын жібереді. Олар бос уақыттарында өздерінің жұбайлары сияқты және шамаларына қарай білім алуға және баларларының дұрыс дамып жетілуі үшін олардың тәрбиесіне көңіл бөлуге барынша тырысады.

Қазақстан экономикасындағы өзгерістер еңбек рыногының қалыптасуына айрықша ықпал етті. Экономикалық реформа жылдары    республикада    жұмыс    күшін    пайдаланудың    жаңа шартары анықталды. Қазіргі кезде экономика саласында еңбек етушілерге акционерлік  қоғамдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда), меншік түріне қарамастан шағын және біріккен ұйымдарда, шаруа қожалығында жұмыс істейтіндер, сондай-ақ, жеке еңбек қызметімен, жеке қосалқы шаруашылықтарда және жеке адамдарға қызмет ететін адамдар жатады.

Нарықтық экономика барысында қосымша жұмыс істеу үрдісі кең тарала бастады. Қоғамда бірнеше жұмысты ұштастыра шектеусіз атқару, жұмыстарды үйде орындау, қосымша табыс көздерін табу мен іздестіру мүмкіндіктері пайда болды.

Қосымша жұмыс бастылық, әсіресе, шағын кәсіпорындарда кең таралған. Мәселен, 1997 ж. мұнда 26,5 мың адам немесе барлық жұмыс істеушілердің 12%-і, есепті жылдың қаңтар-маусым айларында 23 мыңнан астам адам немесе 11%-і шарт бойынша және қосарлы жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта қоғамда ең алдымен меншік нысанының өзгеруі мен еңбек ұжымдары мүшелерінің меншік қатынастарына қатысуына байланысты жаңа еңбек қатынастары қалыптасып дамып келеді.

Республикада жұмысшы күшін қайта бөлу үрдісі жүруде, яғни, «жалдамалы жұмысшылардың» саны азайып, өзінің жеке ісінде (жалданбай жұмыс істейтін) қызмет атқаратын немесе дербес жұмыс істейтін адамдар саны артуда. Мәселен, 1995-1999 ж.ж. аралығында бұл категорияның саны 2,5 есе өскен, егер 1995 ж. олар еңбек қорларының 11,7% -ін құраса, 1999 ж. 3 1,9 %-ке жеткен.

Ұлттық байлық дегенiмiз адам капиталы, табиғи капитал және қаржы капиталы деп аталатын үш құрамдас дүниеден тұратыны  жалпы жұртқа белгiлi. Кеңестiк кезеңде еңбек ресустарын ұдайы дамытуға назар аударылып, ақшаны аяған жоқ. Кез келген мемлекеттiң тұрақты дамуы  экономиканың дамуы мен адам адам дамуының арасындағы  теңестiрiлуi ақылға қонымдылығы мен айқындалады.

Бiздiң елiмiзде адам әулетiнiң дамуының индексi бойынша  дүние жүзiнде 76 орында болды, ал 2005 жылғы индексi бойынша  бiз 61 орынға тұрақтадық. Президентiмiздiң  биылғы жылғы жолдауы бойынша  елiмiз дамығын 50 мемлекеттiң қатарына  қосылуы тиiстi. Бұл жетiстiкке жету мына үш компоненттентке байланысты: бiрiншiден өмiрiнiң орташа ұзақтығының көрсеткiшiнен; екiншiден бiлiмдiлiктің деңгейiнiң көрсеткiшiнен; үшiншiден халықтың жан басына шаққандағы ЖlӨ көрсеткiшiне байланысты. Егер өмiрдiң ұзақтығы  деңгейiнiң көрсеткiшi және халықтың жан басына шаққандағы ЖlӨ көрсеткiшiн алатын болсақ онда бiзде iргерiлеушiлiк бар, ал өмiрдiң алдыңғы орташа ұзақтығы көрсеткiшi бойынша кейбiр дамушы елдердiң өзiнен де қалып келемiз. Осы проблеманы жалпы әлемдiк үрдiс призмасы арқылы талдау жасау жаңа мың жылдықтың басында әрбiр елдiң демографиялық проблемасы негiзiнде дербес, олардың өзiндiк даму ерекшелiктерiне сай жүргiзiлуде.

Дүние жүзiлiк банктың болжамы бойынша  әлем халқының саны 2030 жылға қарай 8,5 миллиард адамға өседi. Шет елдердiң ғалымдары атап көрсеткендей  Дүние жүзiлiк банктың бұл болжамындағы қорқытатын мәселе- әлем халықтарының санының айтарлықтай өсуi емес,  жоғарыда айтылған 8,5 миллиард адамның 2 миллиарды күндiк табысы 2 доллардан аспайтын  елде туылуы едi. Бұл арзан жұмыс күшiнiң дамыған елдерге ағылуына әкелiп соқтырады. Бұл әлемде демографиялық, экологиялық, жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне әкелiп соқтырады

Қазақстан аумағы жөнiнен дүние жүзiндегi  аса iрi елдердiң ондығына кiредi, ал халқының саны жөнiнен шағын елдердiң санатына жатады. 2003 жылғы бiрiншi қаңтардағы жағдай бойынша халықтың саны—15000000 адамға жеттi, ал халықтың тығыздығы бiр шаршы шақырымға небары 5,4 адамнан ғана келедi.

Айтарлықтай ұзақ кезең iшiнде ,1960 жылдардан бастап, Қазақстанның демографиялық даму тұрақтылығымен, халық санының  жоғары өсуiмен сипатталды. 1992 жылы республикадағы халықтың саны ең жоғарғы деңгейге жетiп 16 миллион 452 мың адамға жеттi. Алайда соңғы жылдарда мемлекетiмiздiң демографиялық дамуында келеңсiз үрдiс байқалуда.

Тек соңғы санақ кезеңi аралығында (1989-1999жж) Қазақстан халқының саны 1 миллион 246 мың адамға азайды. Қазақстан Республикасының статистика агенгттiгiнiң деректерi бойынша  1991 жылмен салыстырғанда 2002 жылы халық санының айырмашылығы 1 миллион 495,7 мың адам болды.

Егемендiкке қол жеткiзу  қоғамды демократияландыру  және елiмiздiң өмiрiнiң әр түрлi саларында  реформалардың басталуы демограиялық ақуалдың саяси фактор ықпалында болуына  себепшi болды.  Оның демографиялық ақуалға ықпалы, атап айқанда, еркiн кiрiп-шығу, әртүрлi үкiмет аралық келiсiмдер Қазақстаннан немiстердiң  және басқа ұлттардың  өкiлдерiнiң айтарлықтай көп кетiп қалуына ықпал жасады.

Елiмiздiң демографиялық ақуалына әлеуметтiк-экономикалық факторлар тобыда айтарлықтай ыєпал еттi. Бұған, бiрiншi кезекте, материалдық  әл-ауқат, денсаулық сақтау және бiлiм беру деңгейiн жатқызған жөн. жұмыссыздық салдарынан  тұрмыс деңгейiнiң төмендеуi, тiршiлiк етуге қажеттi материалдық қаражаттың азаюы, елдегi демографиялық ахуалға айтарлықтай әсер еттi, соңғы жылдар iшiнде бала туудың азаюы,  өлiмнiң көбеюi және халықтың   көшi–қон жағдайымен кетiп қалу қолайсыз деп бағаланып отыр.

Бала туу көрсеткiшiне неке отбасы қатынасы күштi әсер етедi. Статистика деректерi некенге тұру азайып бара жатқанын көрсетедi. Мысалы 1990 жылы неке қию саны 164 мың болған болса, ал 2002 жылы 99 мың болып едауiр азайды.

Ажырасу саны да көп болып отыр, 2002 жылы оның саны 31200 болды. Ең көп ажырасу қалаларда тiркелген, бұл орайда  ерлi-зайыптылардың екеуiде өсiп-өнетiн жастағылар, мұның өзi бала туудың өсуiне терiс әсерiн тигiзуде.

Бала туудың шырєау шыңы 1987 жылға тура келедi, ол жылы 417000 сәби дүниеге келдi немесе 1000 адамға 25,7 –ден келедi. 1999 жылы ХХ ғасырдың соңғы 10 жылында бала туудың  ең төменгi деңгейi байқалды., Бала туу коэфицентi 1000 адамға 8,2 дан 10,1-ге өстi.(2002 жылы-10,2)

Қазақстанда табиғи өсiм қарқынды төмендеуi байқалады. Соңғы жылдарда некеге тұру жасы едәуiр ұлғайды. Осы жаңдайлардың барлығы табиғи өсiмдi тежейдi.

Бала туудың азаюы және өлiмнiң көбеюiнiң салдарынан соңғы 12 жылда (1990-2002ж.ж.) халықтың табиғи өсiмi 3 есе азайып кеттi.

Халықтың жынысы бойынша құрылымы негiзiнен демографиялық немесе әлеуметтiк-экономикалық факторлардың   әсерi мен қалыптасады. Қазақстанда жыныстық арақатынас әйелдер үлесiнiң аздаған басымдылығы мен қалыптасып отыр.

Қазақстан Республикасының бiрiнші ұµлттыє санағының қортындысы республикада бұрынғыша әйелдер  санының  еркектер санынан  басымдығы және 77751343 әйел бар немесе  олар халықтың  51,8  пайызы екендiгiн көрсетедi. 2002 жылы республикада өмiрдiң орташа ұзақтығы 65,5 жас болды. Бұл көрсеткiш еркектер ұшiн-59,5жас, әйелдер үшiн 71,3 жас, яғни еркектер  әйелдерге қарағанда  онбiр жарым жас кем жасайды. Бұл өлiм деңгейiнiң жоғарылығын көрсетедi. Ал Қазақстан Республикасында өлiмнiң көптiгiне еркектер өлiмiнiң көрсеткiшiнiң жоғарылығы себепшi болып отыр, әйелдердiң өлiмiне  қарағанда еркектер өлiмi  жарақаттану, улану,  жазатайым жағдай салдарынан 4,9 есе, тыныс органдары ауруларынан 3,9 есе,  қан айналысы жүйесi ауруларынан 1,4 есе көп, Еңбекке қабiлеттi жаста  қайтыс болған еркектер өлімi себебiнiң  80 пайызы  осы көрсеткiштерiнiң үлесiне тиедi, Кiсi қолынан өлу себептерi жөнiнен Қазақстан Еуропада, Орталық Азия аймағында (Ресейден кейiн) 2-орында , сыртқы жағдайлармен уланудан 3-орында. өзiн-өзi өлтiру себептерi бойынша  өлiм көрсеткiшi  жоғары. Сондықтан бiздiң халықтың тектiк қорын сақтау, оның iшiнде еркектердiң  денсаулығына ерекше назар аудару мемлекетiмiздiң  бiрiншi дәрежелi мiндетi болмақ. Оның үстiне бiздiң еркектер  дамушы елдердегi еркектерге қарағанда 3 жас, дамыған елдерге қарағанда 11 жас кем өмiр сүредi.

Ана өлiмi де алаңдаушылық туғызады. Дүние жүзiнiң денсаулық сақтау ұйымының анықтауы  бойынша  ана өлiмi дегенiмiз—әйелдердiң жүктiлiк кезеңiндегi немесе қандайда бiр себеппен  жүктiлiктен кейiнгi  42 күннен соң қайтыс болуы. Ана өлiмiнiң деңгейi Қазақстанда  1999 жылы 10000  тiрi туғанның 105-i өлі болды. Бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда бiршама  азайғанымен әлiде жоғары қалпында қалып отыр. Жүктiлiк пен бала туу ауруының асқынуы ана өлiмiнiң  негiзгi себебiне  айналды, ол барлық өлiмнiң 29 пайызы. Қазақстанда аборт жасату саны Еуро Одақ елдерiнендегiден  орташа алғанда  үш есе көп.

Сәбилер өлiмiнiң коэфициентi 1996 жылғы 25,4 тен-2002 жылғы 17-ге едёуiр азайды. Сонымен қатар  бiрқатар облыстарда  сәбилер өлiмi  орташа республиалық  деңгейден асып кететiн  деңгейде болып отыр.  Неғұрлым алаңдататын жағдай  Қызылорда (24,1), Павлодарда (21,5), Маңғыстауда (21,0) облыстарында қалыптасуында  бұл медициналық және  әлеуметтiк  қамтамассыз етудiң, әсiресе ауылдық жерлерде жеткiлiксiз деңгейi жағдайында бала туудың көптiгiмен байланыста.  Салыстырмалы түрде  сәбилер өлiмiнiң аздығы байқалып отырған  Алматы облысында, дүниеге келген әрбiр мың сәбидiң  бiр жас кезiнде 11,3-i, Ақмола облысында-12,9-ы шетiнеген. Сәбилер өлiмiнiң себептерiнiң iшiнде  бала туатын кезеңде туындаған жағдай 1-орында, тыныс органдары аурулары 2-орында, туа бiткен   аномалия-3-орында.

Елде қалыптасқан демографиялық ақуалға  бала туу, өлiм, табиғт өсiм, неке және ажырасу сияқты демографялық  факторлар ғана емес, КСРО тарағаннан кейiн жандана түскен  көшi-қон процесi елеулi  әсер етедi.

Көшi-қон    қозғалысының шырқау шыңы –республикада 480,8 мың адам көшiп кетiп небары 70,4 мың  адам көшiп келген бұл 1994 жылғы санақ бойынша. 1995 жылдан бастап көшi-қон белсеңдiгi бәсеңдей бастады, 1997 жылдың  өзiнде көшi-қон сольдосы-261,4 мың адам болса, ал 2000 жыы бұл көрсеткiш—123,2 мың адамға тең болды, 2001 жыл iшiнде көшi-қон сальдосы-94,249 мың адам болды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда  28591 мың адамға аз.  Эмигранттар құрамында  ТМД шегiнен тыс жерлерге  кетушiлер едәуiр азайды. Көшiп келуде байырғы емес ұлтар  өкiлдерi санының көбеюi байқалды. Халықтың эмиграциясы, бiрiншiден халықтың жалпы санын азайтады, екiншiден еңбек және генеративтiк әлеуеттi төмендетедi.Өйткенi эмиграцияға кетушiлердiң үштен – екiсi жас және еңбек жасындағы қабiлеттi адамдар. Сондықтан демографиялық процесттердi дамытуда сыртқы және iшкi көшi-қон шешушi роль атқарады.

Эмингрантар саны азайып  келе жатыр,  Қазақстаннан  көшiп кетушiлер саны 1994 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 360,7 мыңға азайып, ол 120,1 мың адам болды. Сырқы көшi-қонның  маңызды бөлiгiн  Қазақстанның  геосаяси және экономикалық  жағдайынан туындаған  көшiп келу құрайды.

Егер өткен жылдарда көшiп-келушiлердiң негiзгi легi оралмандар болса, ендi қайтып көшiп келушiлер (реэмигранттар)  көбейiп келедi. 2002 жылы көшiп келушiлер 57965 адам болса , бұл көрсеткiш 2001 жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп.

Елiмiзге оралмандардың келуiн реттеу және оларды одан әрi жайластыру мақсатында жыл сайын  көшiп келу  квотасы бекiтiледi.  Президентiмiздiң жарлығы мен 2003 жылғы 5 мың отбасыға квотва бөлiнсе , 2004 жылға арналған квота 10000 отбасыға, 2005 жылы квота 15 000 отбасыға бөлiндi. Көшi-қон саясатының маңызды аспектiсi  барған сайын жанданып, iшкi  көшi-қонды реттеуге болады. Адамдар ауылдық  жерлерден қалаға көшуде, экологиялық қолайсыз жерлерден қолайлы аймақтарға көшуi  артуда.

Көшу әркiмнiң өз күшiмен мемлекеттiң қолдауынсыз жүрiп жатыр.

Халықтың әсiресе жастардың қалаларға қоныс аударуы олардың өсiп-өну жағдайының келеңсiз өзгерiстерге ұшырауына алып келедi.

Демографиялық дамуда қазiргi үрдiс сақталған жағдайда елдiң қорғаныс  қабiлетiн және мемлекеттiк қауiпсiздiгiн  қатамассыз етуге қатер төнедi.

Демографиялық саясаттың көкей кестiлiгi-ең алдымен, оның елдiң экономикасы  мен әлеуметтiк саяси  қауiпсiздiгiне әсер ететiн аса маңызды факторлардың бiрi екендiгiнде  онда мемлекетiң қоғамның және адамның өмiрлiк маңызды мүделерi тығыз астасқан. “Қазақстан 2030” стратегиясында күштi демографиялық саясат елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiнiң басым дәрежесi деңгейiнде көтерiлдi.

Елiмiздiң президентi Нұрсұлтан Назарбаевтiң 2003 жылғы жолдауында 2015 жылға қарай Қазақстанның халқының  санын 20 миллионға жеткiзу мiндетiн қойды.

Жоғарыда баяндалғанды негiзге ала отырып Қазақстанның демографиялық саясатының  преспиктивасын қалай жасау керек?  Демография саласында, оның стратегиялық  мақсаттарын негiзге ала отырып, қандай көзқарасты таңдауымыз керек?

Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi  агенттiгi өзiнiң құзыретiндегi және мүмкiндiгi шегiндегi демографиялық және  көшi-қон саясатының күрделi проблемасын шешу жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуе.

Елiмiзде қалыптасқан демографиялық  ақуал, демографиялық даму заңды тұрғыдан  қамтамассыз етудi талап етедi.  Осыған байланысты “Қазақстан Республикасының демографиялық  қауiпсiздiгi туралы”   Заң қабылдаған дұрыс болар едi. Ол елiмiздiң демографиялық қауiпсiздiгiн қамтамассыз етудiң құқтық және ұйымдық негiзiн қалыптастыратын едi.

“Демографиялық қауiпсiздiк” деген ұғымдағы мемлекет пен қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының демографиялық қатерден қорғалуының жай күйi деп түсiнген  жөн, бұл орайда елдiң дамуы  оның демографиялық мүддесiне сәйкес қамтамассыз етiледi.

Депопуляция  халықтың қартаюы, реттелмеген көшi-қон процестерi, отбасы институтының азып тозуы сияқты ықтимал демографиялық қауiпсiздiгiне әсер етуi және тұрақты дамуына терiс  ықпал ету мұмкiн екендiгiн атап көрсеткен жөн.

Елдегi өте қолайсыз  демографиялық ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және Демография жөнiнде агенттiгi Қазақстан  Республикасының Мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасын  әзiрледi, Оны Қазақстан Республикасының  демографиялық ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының  Көшi-қон және демографиялық агенттiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк демграфиялық  саясатының тұжырымдамасын әзiрледi. Оны Қазақстан Республикасыныңүкiметi 2000 жылғы  17 тамыздағы  N1272 қаулысымен мақұлдады.

Бұрын демограияны дамыту жөніндегі тұжырымдаманы  да, бағдарламаны да іс-қимыл жоспарыда болмаған.  Тұжырымдама дегеніміз- демографиялық дамудың  ғылыми негізделген идеологиясы, онда демографиялық процестердің  мәні мен маңызы , ұғымы және біріңғай мемлекеттік демографиялық саясатты қалыптастыру ашып көрсетілген .

Демографиялық саясат тұжырымдамасы елдегі ахуалға байланысты қамтиды және демографиялық саясатты іске асырудың өзара байланысқан принциптерінің байланысқан басымдықтары негізгі бағыт болып табылады. Бұнда еліміздің қазіргі заманғы  геосаяси ақиқаты ескеріле отырып , демографиялық  процестерді реттеудің мақсаттары мен міндеттеріне  негіздеме беріледі.

Тұжырымдама негізінде Агенттік Қазақстан Республикасы Демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы жүргізілді. Ол Қазақстан Республикасы үкіметінің  2001 жылғы 20 қазандағы N1380 қаулысымен бекітілді.

Агенттік Қазақстан Республикасының Демографиялық және көші-қон дамуының 2004-2010 жылдарға арналған  бағдарлама жасады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты-еліміздегі  демографиялық  ақуалды тұрақтандыру мен жақсарту, елдің мемлекеттік  қауіпсіздігін нығайту,  мемлеттің бұдан әрі  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  адам әулетімен қамтамассыз ету.

Бағдарламаның міндеті –демографиялық процестердегі  келеңсіз үрдістерді еңсеру үшін кешенді шешімдерді  әзірлеумен іске асыру және осының негізінде барлық демографиялық көрсеткіштердің  оңды өзгерістеріне қол жеткізу. Бұлар:

—Ана мен баланы қорғау, бала туу мен оның өсуін тұрақтандыру;

—өлімді азайту, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;

—отбасы институтын нығайту;

—бұрынғы отандастарымыздың   елге оралыуына және олардың бейімделуіне жәрдемдесу. Қазастанның қазіргі заманғы демографиялық саясаттың мақсаттарының ішінде халық өлімінің деңгейін төмендету, оның  денсаулығын жақсарту, балалардың және ересектердің  өмір сүру қабілетін қолдау , өмірдің ұзақтығын арттыру басым мақсаттар деп есептелуге тиіс.

Демографиялық ақуалды жақсартуда  бала тууды ынталандырудыњ едәуір маңызы зор. Осы мақсатта  Қазақстан Республикасының  Демографиялық және көші-қон саясатының бағдарламасында мынадай  шаралар көзделген:

Кезең-кезеңі мен  экономикалық ынталандыруды қолдану арқылы бала тууды өсіру:

—Бала туылған кезде 15 еселенген  АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төлеу;

—Екінші бала туылған кезде-25 АЕК;

—үшінші және  одан кейінгі балалар туылғанда-35 АЕК;

—баланы күтіп бағуға  бір жарым жылға дейінгі  жәрдемақы-айына үш АЕК мөлшерінде:

—жүкті әйелдерге негізгі тағам өнімдерін сатып алу үшін тоқсан сайынғы жәрдем ақы-екі ең төменгі жалақы мөлшерінде;

—Ерте жүктілік мерзімінде есепке тұрғандарға бір жолғы жәрдемақы-ең төменгі жалақы мөлшерінде;

—үш жєне одан көп баласы бар  әйелдерге баласы 12 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы—бір ең төменгі жалақы мөлшерінде төлеу;

—жас отбасыларға әрбір бала туылғаннан кейін бір бөлігін есептеп шығарып  отыру тәртібімен  тұрғын үй кредитін беру-әрбір бала туғаннан кейін кредиттің алғашқы сумасының 20 пайызы мөлшерінде алып тастау;

—бес және одан көп баласы барларды табыс салығынан босату;

—баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған адамды табыс салығынан босату;

—үш және оданда көп балалы отбасыларды көп балалы отбасы деп есептеу;

—жүктілігіне, тууына  және баланы күтіп бағуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін (20АЕК дейін) және демалыс мерзімін ұлғайту;

—бала ауырып қалған жағдайда  ауырғандығы туралы параққа төлемақы беру.

Бағәарламаны іске асыру әлеуметтік-демографиялық саясат мәселелерді жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді көздейді. Елімздің демографиялық жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған  заң актілері қабыданған болатын. “Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігі туралы” Қазақстан Республикасы заңының жобасы әзірлеу жосапарланып отыр,

“Халықтың көші-қоны” туралы Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізілді.

Бағдарламаның іске асырылап жатқан әлеуметтік салалары, үкімет қаулысының қабылдануына мүмкіндік туғызды.

Бағдарламаның іске асыру процесін оралымды басқаруды Қазақстан Республикасы Көші-қон демография жөніндегі агенттігі қамтамассыз етеді.

Бағдарламаны толық іске асыру және онда көзделген барлық шараларды қолдану нәтижесінде барлық демографиялық  көрсеткіштерді тұрақтандыруға қол жететін болады. Халықтың саны жағынан да сапасы жағынан да  одан әрі өсуі жүзеге асатын болды және сол арқылы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамассыз етіледі.  Бағдарламаның іске асырылуы  2015 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетуіне негіз қалайды.
Тағы рефераттар