Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену қажеттілігі отандық кәсіпорын өнімінің бәсекелес ұстанымын арттыру міндетін қойып отыр. Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтың экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі. Бұл тарапта, басты назар нарық тұтынушыларының талғамдарын қанағаттандырытын, өзгермелі сұраныс пен ақыл-ой жетістіктерінің нәтижелерін ескере отырып, өндірушінің мүмкіндіктеріне сай тұтынушылық сипаты жоғары өнім өндіруге жұмылдырылуы керек.

Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытындылар мен ұмыныстарды жасауға болады.

  1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  –  сапа, баға, әрлендіру, сатудан кейінгі мүмкін көрсетілетін қызметтердің қолайлы үйлесімділігі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауардың нарық жағдайларына, тұтынушы талаптарына тек сапалық, экономикалық, техникалық, эстетикалық, эргономикалықсипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен қатар, коммерциялық және оны өткізудің (жеткізу уақыты, баға, өткізу каналдары, сервис, жарнама) шарттары бойынша да сай келуін білдіретін көп аспектілі түсінік.
  2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

—  Өнім және қызмет сапасы;

—  Өнім және қызмет бағасы;

—  Персоналдың квалификациялық деңгейі;

—  Өндірістің технологиялық деңгейі;

—  Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;

—  Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.

  1. Қазіргі таңда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Олардың бәрін бәсеке қабілеттілігін бағалаудың екі базалық топқа біріктіруге болды:
  • Дифференциалды бағалау нәтижесінде базалық техниканың параметрлер деңгейі жеткілікті ме, қандай параметрлер бойынша ол қанағаттандырады, қай параметрлер базалық параметрлерден қатты ерекшеленеді деген мәселелер шешіледі;
  • Комплексті кәсіпорын өнімінің аналог-бәсекелес өнімдерімен топтық, интегралды, аралас көрсеткіштер  бойынша  салыстыруға  негізделеді.
  1. Әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ­стан шеткері қалмау керек. Дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны­мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Курстық жұмысымның зерттеу объектісі ─ «ФудМастер» ЖШС Қазақстанның осы мақсатына үлес қосушы болып табылады. Оның алдында өндірісті жақсарту және тұтынушыларға аса пайдалы, сенімге тұрарлық сапалы өнім сату міндеттері тұр.
  2. Кәсіпорынның 2010, 2011 жылдардағы мәліметтері бойынша дамуын  зерттедім. Талдаудан жалпы кәсіпорынның жағдайын жақсару үстінде деп айтуға болады. Оған дәләл ретінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, қаржы тұрақтылығын, табыстылығын және қызмет белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер бола алады. Бұл көрсеткіштер 2011 жылы 2010 жылға қарағанда айтарлықтай жоғарылаған. Және алдағы жылдары өте жақсы нәтижелерге жетіп,  дамитынына  көзіміз  жетіп  отыр.
  3. Сүт өнімдері нарығындағы қызмет ететін «ФудМастер» ЖШС өнімін бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін комплексті әдісті пайдаландым. Бәсекелестері негізінде Агропродукт, Веселый молочник, Кайсар, Адал, Домик в деревне, Мое, Айналайын, Белое және Мумуня өнімдері алынды. Бағалау сүт, кефир, сүзбе, қаймақ және балмұздақ өнімдері бойынша жүргізілді. «ФудМастер»  ЖШС-нің өнімдерін талдап,  мынандай  қорытындыға келеміз:  «ФудМастер»  ЖШС-нің  өнімдері ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болып  келеді. Әсіресе бұл кефир, қаймақ және балмұздақ өнімдерінен көрінеді, олар бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға  ие болған. Ал сүт пен сүзбе өнімдері екінші орынға ие болғандықтан, талдаудан біз  өнімдердің  тартымдылық деңгейін өсіру керек; барлық өнімнің сапасы  қанағаттандырады,  жоғары  деген шешімге  келдік.

8. «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:

  • Дамыған  елдер,  сонымен   қатар  Ресейдің тәжірибесіне сүйеніп «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация  жағдайында  сүт  малшаруашылығының  интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның  генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу,  азық  өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет.
    • «ФудМастер» ЖШС-де инновациялық қызметті дамыту өте маңызды болып келеді, ол үшін келесі негізгі мәселелердің шешімін табу керек: ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, т.б.
    • Сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;
    • Сүт  фермаларының ветеринарлы-санитарлық  жағдай әрдайым тексеріп отыру;
    • Өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;
    • Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және  олардың бәсекеге  қабілеттілігін  қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің  осы  салаға  қатысты  тәжірибелерін  негізге   алу;
    • Өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;
    • Тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне  сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;
    • Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту; т.б.

Тағы рефераттар