Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы туралы қазақша реферат

Халық пен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерін дәрілік препараттармен және арнаулы медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік мәні бар проблемалардың қатарына жатады. Халықтың ауру – сырқауының жалпы жоғары деңгейі салдарынан медикаменттерді тұтынудың ұлғаюы сипат алады. Осыған байланысты дәрілік препараттарға сұраныс анықталады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 6,5 мың фармацевтикалық қызметтің объектілері әрекет етеді. Олардың ішінде 2% өнеркәсіптік өндірістер, 8% дәріханалық қоймалар, 90% дәріханалық ұйымдардың тармақталған желісі. ҚР дәріханалық ұйымдардың 98% жеке меншікте, 3% мемлекеттік меншікте болып отыр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы денсаулық саласын реформалау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға жаңаша серпін берді, бұл біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың маңызды бағыттарының бірі ретіндегі денсаулық сақтау саласының жоғары технологиялық жүйесін дамыту мен медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруды айқындап берді. Саланың нақты міндеттері мына төмендегілерді қамтиды: әлеуметтік маңызы бар проблемалар саласында шаралар қабылдау; медициналық қызмет көрсетулердің бәсекелік нарығын дамыту бойынша ынталандыру тетіктерін құру; білім беруге халықаралық стандарттарды енгізу және медициналық кадрларды сертификаттау және емдеу-диагностикалық технологияларды жетілдіру.

ҚР фармацевтикалық өнеркәсібінің тұрақты даму тенденциясы бар. Егер 1997 жылы соммасы 9 миллион АҚШ долларын құрайтын дәрілік препараттар шығарылса, 1998 жылы – 10 миллион АҚШ доллар, ал 1999 жылы – 11,5 миллион АҚШ доллары. 1997 жылы дәрілік препараттардың 132 түрі өндірілді, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 30 — 40% өсіп, 700 түрді құрады.

Отандық өндіріс галендік препараттарды, дәрілік өсімдік шикізатты, антибиотиктерді, вакциналарды, сарысуларды, рентген құрал – жабдықтарын, таңу материалдарын өндіретін 90 кәсіпорындармен көрсетілген. Олардың ішінен 51 кәсіпорын Алматы қаласында қызмет етеді. Осы кәсіпорындардың тек алтауында ғана өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың 64 түрі шығарылады.

ҚР фармацевтикалық қызметтер нарығының даму үрдісін шартты түрде келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1992 — 1994 жылдар — өтпелі кезең мен бағалардың либерализациясы жағдайында фармацевтикалық қызметтер нарығының қалыптасуы;

1995 – 1999 жылдар – фармацевтикалық қызметтер сферасындағы нарықтық қатынастардың эволюциялық дамуы жеке меншіктегі фармацевтикалық бизнестің заңды түрде тіркелуімен сипатталады;

2000 – 2002 жылдар – фармацевтикалық қызметтер нарығын мемлекеттік реттеудің белсенділігі;

2002 жыл – қазіргі уақытқа дейін – фармацевтикалық қызметтер нарығының тұрақтылығы.

Қазіргі танда Қазақстан Республикада фармцевтикалық қызметтің объектілерінің әрекет ету көрсеткештері келесідей

ҚР фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары мыналар болып табылады:

1.«Химфарм» АҚ (Шымкент қаласы) дәрілік препараттарды жасау мен ендіруге, ампулдық, дәрілік түрлерді, антибиотиктерді өндіруге маманданған. Бұл республикада наркотиктік препараттар (прамедал, морфин, эфедрин) мен этил спиртінің үлкен көлемдерін өндіретін жалғыз өндіруші.

2.«Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ (Алматы қаласы) тұнбалардың, эликсирлердің, тамшылардың, экстрактардың, майлардың, линименттердің ірі өндірушісі.

3.«Береке» АҚ (Орал қаласы) флакондардағы залалсыздандырылған ерітінділердің өндірушісі.

Дәрілік препараттарды өндіретін шетел үлесі бар кәсіпорындар:

1. «Қазақ Аджанта фарма ЛТД» ЖШС БК (қазақстан – үнді кәсіпорны).

2. «Ақсу – Дзен» ЖШС БК (қазақстан – корей кәсіпорны).

3. «Глобал фарм» ЖШС БК (қазақстан — корей кәсіпорны).

4. «Экофарм» ЖШС БК (қазақстан – бельгиялық кәсіпорны).

2002 жылдан бастап республикада «Дәрілік препараттардың мемлекеттік реестры» деген электронды анықтамалық шығып жатыр. Көп жылдар бойы осында өмірлік маңызы бар дәрілік препараттар жетіспей жүр.

Қазақстанның фармацевтикалық нарығының сиымдылығы әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша 150 – 300 миллион АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі күні Қазақстанда 6000 астам дәрілік препараттар тіркелген.

Дәрілік тәуелсіздік мәселесінің тиісті шешімі – мемлекеттік дәрілік саясаттың басымдылығы – отандық зерттемелерді мемлекеттік қолдау кезінде және сапалы бәсекеге қабілетті дәрілік препараттарды өндіргенде ғана мүмкін болады.
Тағы рефераттар