Негізігі ұғымдар: экономика тарихының деректемесі, экономика тарихының тарихнамасы

1)Қазақстанның экономика тарихының деректемесі.

2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасы. 

Мақсаты: Қазақстанның экономика тарихының деректемелерімен оның пәнге байланысты деректік маңызын көрсету.Қазақстанның экономика тарихының тарихнамалық негіздеріне мінездеме беру.

Лекция.

ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. XV ғасырдың екінші жартысы — XVI ғасырға Моғол жэне Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады.

Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректемелер жатады.Низам ад — дин Шальидің Шараф ад — дин Әли Иаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар — бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай — ақ әмір Темір бағындырған елдердің өз еңбектерінде оның басқыншылық саясатын бейнелеген авторлар жазған.

1423 жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырмасы бойынша Хафиз — Абру 4-томдық «Маджма*ат таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады. Темір ұрпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғасырдың екінші жартысындағы щығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар — Раззақ Самарқандидің «Матла*ас-са дайн ва маджма*әл-бахрайны» бар. Он да Иран мен Орта Азиянын Хулагу жэне Темір ұрпақтарының 1304 жылдан 1471 жылға дейінгі тарихы баяндалған. XIV-XV ғасырлар шебіндегі Ак Орданың құлдырауы кезіндегі Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар туралы, Барақ ханның мемлекеттің ыдырауына қарсы әрекеті, Ұлықбектің заманындағы Моғолстан мен Мауараннахрдың өзара қатынастары туралы мәліметтер мен басқа да деректемелердің ынта — ықылас туғызатыны күмәнсіз.

XVI ғасырлардағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Та*рих — и Рашиди» деген шығармасы ХIV-ХIІ ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек — Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме.

Қазақ және өзбек билеушілерінің XVII ғасырлардағы Онтүстік Қазақстан йен Ташкенттің маңызды сауда экономикалық орталықтары жөніндегі тайталастары туралы, Мүхаммед Юсуф Муншидің «Тарих-и Муким-хани» деген шығармасында айтылатын Имамкули ханның Ташкенттегі көтерілісті аяусыз басып — жаныштауы туралы мағлұматтарды атап өткен жөн.

Түркі тілді деректемелер. Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақтан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқы кұрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуы және дамуымен, сондай —   ак  ХУ-ХУШ   ғасырдың   басындағы   қазақ   қоғамы   өмірінің   көрінісі жаңғыртып    көрсетумен   байланысты кезеңнің   ерекше    маңыздылығының баяндайтын едәуір мәліметтер бар. Тарихшы, ақын, билеуші — Үндістанда Ұлы   Моғолдар   империясының   негізін   салушы   Бабырдың   (1483-1530) тарихнамада «Бабыр — наме» (Бабыр жазбалары)    деген атпен белгі болған еңбегі орта ғасырдың тамаша тарихи — әдеби ескерткіштерінің бірі болып табылады. Жас кезіңде Бабыр Ферғананың мұрагер билеушісі болған

Сол дәуірде жалпы түрік ортасында болған шаруашылық, әлеуметтік этникалық   және   мәдени-тұрмыстық   шыңдықтарды   көрсететін   көптеген қыпшақ  терминдері  мен  лексикалық  айналымдар   арабша  түсіндіріле немесе тура аударылып келтірілетін лингвистикалық еңбектер басқа түпнұсқа деректемелер болып табылады. Адам мекендейтін бүкіл дерлік мұсылман дүниесін шарлап шыққан атақты саяхатшы Ибн Баттутаның (1304-1377) жол

жазбалары — Дешті   Қыпшақ   тарихы   жөніндегі маңызды деректемелердің

бірі. Ибн Баттутаның саяхаты суреттелген «Тухфат нуззар   фи   ғараиб   әл   амсар   ва   аджаиб   әл-афсар»   («Қалалар ғажайыптары мен саяхат кереметтерін аңғартатындарға сыйлық: жүзінде оның шығармасы емес, қайта оның әңгімелеріне 1356 жылы әл-Қалби жасаған әдеби өңдеу болып табылады.

Қытай деректемелері. Қытайда жергілікті емес әулет  бес жүз жылға жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнығып (1368-1644), ол да тақты «жатжерліктерге» бұл жолы маньчжурларға босатып берді.

Негізгі деректемелер мыналар: «Мин әулетінің тарихы» («Мин ши»), «Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу»), және «Мин империясына жалпы шабуыл» («Мин хой яо>>). Қалған деректемелер: Монғолия,Моғолстан, Темір мемлекетіне және Орталық Азияның басқа да елдеріне қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолшыларының, көпестерінің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман  көпестерінен алынған мәліметтер қосымша  материалдар болып табылады. Сонымен бірге олар өңделген түрінде қытайдын ең басты ресми еңбектерінің бәрі  кірген, олардың ерекшеліктері — Мин империясы күйрегеннен кейін жазылған.

«Мин ши» Қытайдың 25 әулеттік тарихының дүниежүзілік мәдениеттің бірегей ескерткіштерінің бірі болып табылады. Оны авторлар ұжымы  жазған және 1645-1735 жылдарды қамтиды.

«Мин шилу» — көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олардың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар.

«Мин хой яо» — тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи құрама

еңбектің үлгісі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметтер бар.

Қытай деректемелері белгілі мұсылман деректемелерін өзінің жүйелігімен, уақыты жағынан ұзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі.

Орыс деректемелері. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде ХІУ-ХУП ғасырлардағы орыс құжаттары мен мұрағат материалдарының зор маңызы бар. Орыс жерлері Алтын Ордаға бағынған кезең жылнамаларында орыс князьдарының Орданың билік орындарымен қарым-қатынастарының көптеген жақтары көрсетілген. Оларда Орданың ішкі, қоғамдық саяси жағдайы туралы, атап айтқанда, XIV ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орда шонжарларының түркі топтарының өзара қырқысқан күресі туралы айтылады.

Қазақстан және Орталық Азияның шектес аумақтары халқының тарихын зерттеудегі орыстың деректі материалының маңызы XVII ғасырда барған сайын арта түсті. Сол ғасырдың аяғына қарай бұл халықтардың өздері де орыстарға бұрынғысынан гөрі неғұрлым белгілі бола түсті.
Тағы рефераттар