Қазақстанның Ресей Федерациясымен ынтымақтастығы туралы қазақша реферат

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.

1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік егемендігін таныды.

1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.

1992 жылы – Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдығы және Астрахань мен Омбы қалаларында Консулдықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды. 2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков. 2006 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Михаил Николаевич Бочарников. Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар болып табылады. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда айналымының үлесі Қазақстан Республикасының бүкіл сыртқы сауда көлемінің 10 пайыздан астамын құрайды. 2010 жылы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы ҰҚШҰ және ТМД саммиті барысында екі елдің мемлекет басшыларымен қол қойылған Қазақстан Республикасы Президенті және Ресей Федерациясы Президенті Бірлескен мәлімдемесімен 2011-2012 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

Қазақстан мен Ресей Ресейдің магистральді құбыр желісін пайдалану арқылы қазақстандық көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелерінде өзара ықпалдасуда, мұнай-газ өндіруші өндірісті бірлесіп жаңартуда.

Қазіргі таңда, қазақстандық мұнайды экспорттаудың негізгі іске қосылған маршруттарының бірі болып Атырау – Самара, Каспий Құбыр желісі Консорциумы (КТК), Атасу – Алашанькоу мұнай құбырлары және Ақтау порты есептеледі.

«Атырау – Самара» мұнай құбыры қазақстандық мұнайдың Трансмұнай құбыр желісі жүйесі бойынша Одесса, Приморск, Новороссийск порттарына және Дружба құбыр желісі жүйесімен Солтүстік-Батыс, Орталық және Шығыс Еуропа нарықтарына тасымалданатын ірі экспорттық бағыттардың бірі болып табылады.

2009 жылы «Атырау – Самара» құбыр желісі жүйесімен мұнай тасымалының  көлемі  17,5 млн. тонна мұнайды құрады. Бұл көрсеткіш

2008 жылы тасымалданған мұнаймен салыстырғанда  4% артық.

«Атырау – Самара» учаскесі бойынша «Өзен – Атырау – Самара»  магистралды мұнай құбырынан 2010 жылы  11 ай көлемінде 14 млн. 021 мың тонна мұнай өндірілді.

Қазақстан Республикасы аймағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен ресей мұнайының тасымалы 2010 жылдың қорытындысы бойынша 5 млн. 625 мың тоннаны құрап, 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 267 мың. тоннаны немесе 5 % құрады (іс жүзінде 2009 жылдың 12 айында 5 млн. 358 мың тонна мұнай). Қазақстан мұнайын экспорттауда басым бағыттардың бірі –  2001 жылы іске қосылған Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры. Мұнай құбыры іске қосылғаннан бастап (2001 ж.), 239 млн. тонна тасымалданды, оның ішінде қазақстандық мұнай 201 млн. тоннаны құрады. 2009 жылы экспортқа  35 млн. тонна мұнай артылып, 2008 жылмен салыстырғанда 9,9% өсім көрсетті. Оның ішінде қазақстандық мұнай  28 млн. тоннаны құрап,  2008 жылдың сол кезеңімен теңестіргенде 6% көп болды.  2010 жылдың 9 айы бойынша Каспий құбыр желісі Консорциумы (КТК) жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 27 млн. тонна болып, оның ішінде қазақстандық мұнай 22 млн. тоннаны құрады.

Қазақстан-Ресей жылу энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты одан  әрі тереңдетудің  маңызды элементі Каспий құбыр желісі консорциумын 2015 жылға дейін жылына 33-тен 67 млн. тоннаға дейін ұлғайтудың  принциптері  туралы Меморандумға  қол  қою  болды. Оның ішінде, қазақстандық мұнайды жылына – 52,5 млн. тоннаға арттыру.

Каспий құбыр желісі консорциумының құбыр желісі жүйесінің механикалық күшін екі еседен аса кеңейту бойынша жобаны инвестициялау жөніндегі толық шешімге 2010 жылы 15 желтоқсанда қол қойылды. Құрылыс жұмыстары 2011 жылы көктемде  басталады. Қазақстан мен Ресей екі жақты ауқымда Каспий теңізінің қайраңын бөлу туралы мәселені шешті. Жер қойнауын қолдану мақсатында Каспий теңізінің түбінде біздің елдерді бөліп тұратын түрлендірілген орта сызық жүргізілгендігі, сонымен қатар «Құрманғазы», «Центральная» және «Хвалынское» кен орындарының құрылымдарын жасау бойынша бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру белгіленді. 2010 жылы 7 қыркүйекте Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында «Имашевское» трансшекаралық газконденсат кен орнын геологиялық зерттеу және барлауды бірлесе жүргізу жөнінде келісімге қол қойылды. Каспий теңізінің ресейлік секторында орналасқан Хвалынское және Центральная кен орындарының өнімін бөлу бойынша келісімге қол қоюды ұйымдастыру бағытындағы қызметтер жалғасуда. Бұл жобалардың жүзеге асуы тараптардың ЖЭК саласындағы өзара іс-әрекеттерін нығайтуға, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, сонымен қатар, шетел нарықтарына көмірсутек экспорты көлемін арттыруға жағдай жасайды.

Қазақстан газын өндірудің және оны іске асырудың артуына байланысты, газды Ресейде өңдеу бойынша өзара іс-қимыл және оны экспортқа шығару үшін ресей көлік инфрақұрылымын пайдалану белсенділігі арттырылды. Одан басқа, екі жақты қатынастардың маңызды құрамдарының бірі өзбек және түрікмен табиғи газын Ресейге, одан әрі Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады.

2007 жылы желтоқсанда Қазақстан, Ресей және Түрікменстан Үкіметтері арасында Каспий маңы газ желісі құрылысындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол бойынша Тараптар түрікмен және қазақстан табиғи газын Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан аумақтары арқылы тасымалдау үшін қолданыстағы «Окарем – Бейнеу» және «Орталық Азия – Орталық»  газ желісін қайта құруды есепке ала отырып, «Белек» (Түрікменстан) компрессорлық бекетінен бастап «Александров Гай» (Ресей) газ өлшейтін бекетіне дейін  Каспий маңы газ желісі құрылысын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Электр энергиясының ортақ нарығын құру жөнінде Қазақстан мен Ресейдің Бірлескен іс-қимыл жоспары негізінде әрекет ететін элекетроэнергетика саласында екі жақты ынтымақтастықты дамыту маңызды орынға ие.

Ортақ энергетикалық жүйе жұмысын, құрылыс және Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының қызметке қосылуын, екі мемлекеттің электр жүйелерімен электр энергиясын тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді қатар қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық келісімдер ойдағыдай жүзеге асуда. Қазақстан және Ресей энергожүйелерінің қатарлас қызметін әрі қарай жетілдіру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату мәмілесі жөнінде оператор қызметін атқаратын Бірлескен кәсіпорын құру мәселесі талқылануда.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласы бойынша ынтымақтастық белсенді дамуда. Оның ішінде, бірлескен қазақстан-ресейлік үш кәсіпорынмен уран өндірісін арттыру мәселесі, азаматтық ядролық энергетика саласында бірлескен компания құру, Қазақстанда ВБЭР-300 реакторы бар АЭС құрылысы жөніндегі Келісім жобасын жасау бар. Осы бағыттағы қызметті жеделдету мақсатында 2010 жылдың ортасында Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылды, сонымен қатар, осы салада екі жақты ынтымақтастықтың Кешенді бағдарламасын өзекті ету жөнінде шешім қабылданды.

МАГАТЭ-ның бақылауымен Ресей аумағында басқа елдердің қатысуы үшін уран байытуды қоса алғанда, ядролық отын циклі қызметін көрсету жөніндегі Халықаралық орталық құрылып, ашылды. 2010 жылы 5 шілдеде “Росатом” атом энергиясы жөніндегі Мемлекеттік корпорация және АҚ “ҰАК “Қазатомпром” арасында Бірлескен мәлімдемеге және Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласында ынтымақтастық және интеграция жөнінде меморандумға қол қойылды.Ғарыш саласындағы ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда. «Байқоңыр» кешенін бірігіп пайдалану саласында Қазақстан мен Ресей маңызды жұмыстар атқарды.

Қазіргі заманға лайық «Бәйтерек»  зымыран-ғарыштық кешенін жасауда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылғы мамыр айында Спутниктік навигацияның ғаламдық жүйесінің (ГЛОНАСС) жобасы бойынша  өзара бірлескен жұмыс туралы және де ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта зерттеу саласында үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Күткендегідей, бұл Қазақстанның жаңа ғылымды көп қажетсінетін өндірістің дамуында қуатты түрткі болатындығына және екі елге өздерінің ғылыми-техникалық және интеллектуалдық күш-қуатын толық іске асыруға мүмкіндік береді.

“Байқоңыр” кешенін бірлесе пайдаланудың нормативті-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. 2009 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында “Байқоңыр” кешеніне келіп-кету және “Байқоңыр” ғарыш айлағы қызметкерлеріне, Байқоңыр қаласының, Төретам, Ақай ауылды мекендері тұрғындарына медициналық қызмет көрсету жөніндегі келісімдерге, сонымен қатар Байқоңыр қаласының мәртебесі жөніндегі Келісімге өзгерістер енгізу бойынша хаттамаға қол қойылды (банк жүйесіне байланысты). Қазіргі таңда ғарыш саласында өзара әрекеттесу жөнінде екі жақты құжаттардың 14 жобасы келісілу кезеңінде.

Автожол және коммуникация жолдары құрылысы саласында Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастық дамуда.

Қазақстан және Ресей аумағы арқылы Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғайтын жоба бойынша сарапшылар жұмыс жүргізуде. «Санкт-Петербург – Мәскеу – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Хоргос – Ляньюньгань кемежайы» жол жүру бағыты салынуының маңыздылығы біздің елдерді әлемдік жүк тасымалдау жүйесіне біріктіруге және транзиттік операциялардан түсетін табысты өсіруге мүмкіндік береді. Трансазиаттық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі өзегі болып табылатын Еуроазиаялық транзиттік дәлізді дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Екі мемлекет аумағымен жүк тасымалына қолайлы тарифтік жағдай жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. 2010 жылы 7 қыркүйекте Кедендік одақтың транзиттік әлеуетін тиімді іске асыру саласында Қазақстан және Ресей темір жолдарының өзара ынтымақтастығы меморандумына қол қойылды.

Су көлігі саласы бойынша ынтымақтастықтың үлкен болашағы бар. Оның ішінде, Қазақстанның Каспий және Азов-Қара теңіз бассейндерін жалғайтын су көлігі  құрылысына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда.

2011 жылдың бірінші тоқсанында Каспий теңізі мен Азов-Қара теңіз бассейндері су-көліктік байланысы құрылысының нұсқаларының салыстырмалы бағасын жасауды аяқтап, тараптар Үкіметтеріне шешім қабылдау үшін ақпарат жіберу жоспарлануда. Қазақстанның  Атырау  және  Маңғыстау  облыстарының тұтынушыларына Астрахан-Маңғышылақ су  құбыры арқылы Еділ өзенінің суын  беру  жүзеге  асуда. 2010  жылдың  қорытындысы  бойынша су  беру  көлемі 21 млн.361 мың текше  метр болды және 2009 жылғы осы   кезеңмен  салыстырғанда  2 млн. 435 мың текше  метрге немесе 13% ұлғайды.

Ақтау – Астрахань, Ақтау – Махачкала паромды желісі ашылды.

Әскери және әскери-техникалық сала бойынша ынтымақтастықтың негізі 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім және

1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады. 2009 жылы 11  қыркүйекте  Орынбор қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қарулы күштері мүддесіне сай әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықта біріккен жұмыстар бағдарламасын іске асыру туралы үкіметаралық келісімге  қол қойылды, сонымен қатар 2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қарулы күштері мүддесіне сай әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізіп  тұруда Үкіметаралық Бағдарламаны дайындау бойынша жұмыстар  жүргізілуде. 2010  жылы 8 желтоқсанда Мәскеу қаласында Қорғаныс мекемелерінің басшылары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрліктерінің 2011 жылға арналған ынтымақтастық Жоспарына қол қойды. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың түрлі аспектісі бойынша 60 аса құжатқа қол қойылған. Құрылған нормативті-құқықтық база жедел әскери дайындықтың бірлескен іс-шараларын ғана өткізіп қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әскери қызметкерлерін Ресей әскери-оқу орындарында оқыту және қару, қарулы техникаларды алу, жөндеу, жаңартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Аталған салада Ресей Федерациясымен әскери ынтымақтастықтың сараптамасы 1996 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Ресей Федерациясының әскери академияларында, университеттерінде, әскери училищелері мен институттарында, академиялық және офицерлік курстарда, офицерлік адъюнктарда (докторантураларда), Бауман атындағы ММТУ-де Қазақстан Республикасының 3600 әскери қызметкері оқуларын бітіргендігін көрсетеді.

Қазіргі таңда, Ресей Федерациясының 42 әскери оқу орнында және оқу орталықтарында 1000 қазақстандық әскери қызметкер толық оқу бағдарламасы мен қысқа мерзімді курстарда дайындық өтуде. Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдік жағдайларында оқиды. Қазақстан тарапы өзіне тыңдаушылар мен курсанттарды қамтамасыздандыруды алады, ал Ресей тарапы олардың оқуын өз қаражаттары есебінен төлейді. Қазақстан-Ресей қатынастарында шекара маңы ынтымақтастығы маңызды орын алады. Әр жыл сайын ҚР және РФ Мемлекеттер басшылары қатысуымен Шекара маңы өңірлері жетекшілерінің форумы өткізіледі. Онда екі жақты ынтымақтастықтың  неғұрлым өзекті мәселелері, сондай-ақ табиғатты пайдалануда бірыңғай стандарттарды қолдану, өзендерді, су қоймаларын және басқа да табиғат ресурстарын бірлесе пайдалану туралы талқыланады.

2008 жылы 22 қыркүйекте өткен шекара маңы өңірлері жетекшілерінің бесінші Форумы ерекше орын алады. Белгілі болғандай, оны мемлекет басшылары Өңіраралық ынтымақтастық форумы етіп кейпін өзгерту туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшылары қатысуымен болатын Қазақстан мен Ресейдің кезекті VII Өңіраралық ынтымақтастық форумы  2010 жылы

6-7 қыркүйекте Өскемен қаласында өтті. Форумның негізгі тақырыбы «Тұрақты даму және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық” ретінде анықталды. Форум шеңберінде 3 үкіметаралық келісімдерге қол қойылды: өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы; “Имашевское” трансшекаралық газ конденсат кен орнын геологиялық зерттеу және барлауды бірлесе жүргізу; трансшекаралық су нысандарын бірлесе пайдалану және қорғау жөнінде. Форумның өткізілуі Қазақстан және Ресей кәсіпорындары арасында тығыз іскерлік байланысты дамытуға, әлемдік қорларды сақтайтын және табиғатты қорғайтын технологияларды  қолдануды ескере отырып, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта экологиялық саясатты құруға, экономикалық  өсуді қамтамасыз етуге, экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігіне, халықтың әлеуметтік  әл-ауқатының артуына мүмкіндік жасады. Кезекті VIII Форум Астрахан  қаласында 2011 жылдың күзінде өтеді.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Ресей арасында 1999 жылдан бастап Үкіметаралық комиссия жұмыс жасайды, оның шеңберінде екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері шешіледі. ҮАК кезекті 14-отырысы 2010 жылы 25-26 қарашада Мәскеу қаласында өтті. Қорларды тиімді пайдалану және екі мемлекеттің трансшекаралық су нысандарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекеттерді нығайту бағытында шаралар атқарылуда. Орал өзенінің экожүйесін  сақтау, Ресей Федерациясы аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына су ресурстарын жеткізу мәселесі, сонымен қатар Ертіс өзенін тиімді бірлесе пайдалану және қорғау бойынша Үкіметаралық комиссия және Мемлекетаралық қор құру бағытында жұмыс атқарылуда. Осы бағыттағы қызметті жетілдіру мақсатында 2010 жылы қыркүйекте Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су нысандарын қорғау және бірлесе пайдалану жөнінде келісімге қол қойылды.
Тағы рефераттар