Қазақстанның жазық территорияларының көлденең зоналық топырақтары. Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жазық территорияларының көлденең топырақ зоналары түрлерімен және онда қалыптасқан экологиялық жағдаймен танысып, талқылау.

Семинар сұрақтары:

Загрузка...

1. Қазақстанның   табиғат зоналары.

2. Жазық территориялардың топырақтары.

3. Жазық территориялардағы топырақ экологиясы.

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақстан — жер көлемі жағынан ірі ел . Сондықтан да алғашқы сұраққа әзірлікті  терістіктен оңтүстікке 1600 км, шығыстан батысына қарай 3000 км жерге созылған Қазақстанның ұлан байтақ территориясының табиғат зоналарынан бастаған жөн. Себебі Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлде- денең зоналық заңына бағынады. Ұсынылған әдебиеттердегі материалдарды пайдалана отырып, еліміздің  төрт табиғи аймағымен (орманды-далалық, дала-лық,  шөлейт және шөл) танысып, олардың орналасу ерекшеліктері мен заңдылықтарына сипаттама беріңіздер.

Екінші сұрақта баса назар аударатын мәселе — Қазақстанның жазықтарындағы үш топырақ аймағы (қара топырақты аймақ, қарақоңыр топырақты аймақ және қоңыр, сұрқоңыр топырақты аймақ ). Студенттер осы қара топырақты аймақтың үш аймақшасының, қарақоңыр топырақты аймақтың үш аймақшасының және шөл аймағының  екі аймақшасының топырақ қабаттары мен  құрылымындағы өзгешеліктерді және топырақ түрлерін ажырата білуі керек.

Қазақстанның барлық жерінің 235 млн. га жері — жазық жерлер. Осы құнарлы саналатын жердің 180 млн. га жарамсыз жерге айналып, оның 30млн. га топырақ эрозиясына ұшыраған, 6 млн. га тұзданса, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. 2,5 млн. га жер техногендік бүлінуге ұшыраса, 3млн. га жайылым тозған.

Мұның өзі студенттерден республикамыздың кандай аймақтарының  топырақтары  қандай деңгейде экологиялық зардап шегіп отырғанын анық білуді талап етеді. Сол үшін  ҚР-дағы жазық жерлер топырағының экологиялық жағдайына мұқият  тоқталып өту керек.

Әдебиеттер:

1. Жамалбеков Е .Ү., Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. -Алматы, 2000. ҚҰУ.

2. Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. -Алматы: Рауан, 1993. -448 бет.

3. Докучаев В.В. К учению о зонах природы. Соч.Том -1, М-Л,: АН СССР , 1951

4.  Тазабеков Т.Т.,  т.б. Жалпы топырақтану. -Агроуниверситет, 1998. -136бет

5.Добровольский В.В. География почв с основными почвоведения. –4-е изд.- М.: Владос, 1999.

6.  Банников А. Г., Рустамов А. К. Охрана природы. -М.: Колос, 1977.

Рефераттар тақырыптары:

1. Жер ресурстары — қоғамның негізгі байлығы.

2. Каспий теңізі аймағының экологиялық жағдайы.

3. Топырақтың радиоактивті заттармен ластануы.

.
Загрузка...

Нравится


Проблемы со скачиванием? (нажмите на ссылку)

Тағы рефераттар