Қазіргі су объектілерінің  Еуразия құрылығында таралуы туралы қазақша реферат

Материктердің беткі және жерасты сулардың таралуы,   рельеф  құрылысы мен  климаттың  контрастілер  едәуір  айырмашылықтарымен байланысты.

Еуразияның  беткі сулары Атлант, Солтүстік Мұзды, Тыңық, Үнді мұхиттар бассейініне жатады.  Материктің перефериялық  бөліктері, әсіресе батыс, шығыс, оңтүстік – шығыс  үлкен су торабын құрайды және оған  ірі өзен жүйелері кіреді.

Ішкі және оңтүстік – батыс аудандарда  беткі  сулары жоқ және мұхитқа шығатын жол жоқ. Ішкі  ағындар территориларына (Каспий теңізінің бассейінін қоса) 30 %- і Еуразияның жалпы көлеміне тиеді.

Альпі – Гималай таулы қабатты  жоталар белдеуінің қалыптасуына дейін, Еуразияның орталық бөлігі климаттық жағдайлары құрғақшылықпен сипатталған. Оған байланысты кайнозойда материктің орталық бөлігінде солтүстікке, шығысқа және оңтүстіке шығатын өзендер және көлдер торабы дамыды.

Климаттың құрғатылуы беткі сулардың азаюына,  Еуразияға тән ( Иран тау қыраты,Тибет, Қытай үстірті) ағынсыз өзендердің қалыптасуына   әкелді.

Солтүстік  аудандарда, әсіресе материктің солтүстік – батысына су торабының қалыптасуына төрттік  мұздану әсер етті.

Еуразияның солтүстігінде өзендер және көлдердің  қалыптасуына тектоникалық үрдістер және төрттік  мұз басуы әсер етті. Еуразияның өзен арналары және қазаншұңқырлары Еруопада,  тектоникалық  жыраларды көрсетеді. Өзен және көлдер өте көп. Олардың көлемдері әртүрлі, пішіндері ғажап, өзендердің көбі солтүстік – батыстан оңтүстік – шығысқа қарай созылады. Өзендер қысқа, көбінесе көлдер арасындағы сағаларды құрайды. Өзендердің  көп бөлігі жыл  бойы суға мол,  бірақ  жауын – шашын мөлшері аз түседі. Бұны былай түсіндіруге болады, суық климат жағдайында  әлсіз буланумен  және өзендер қосымша қоректі көлдерден, батпақтардан және грунт сулардан алады.

Еуропаның батыс рельефінде жоталы жазықтар, үстірттер  және биік емес  тау массивтері алып жатыр. Өзендер кең арналарда ағады және көпсалалы болып келеді.

Батыста климаттық ерекшелігі өзен режимінде    байқалады. Тұрақты және мол жауын – шашынның түсуі, аязды кезеңнің болмауы жыл  бойы ағынның бірқалыпты ағуына жағдай жасайды. Өзендерде қысқы жаңбырларды жаууына байланысты  судың деңгейі қыста  көтеріледі.

Орталық Еуропада рельеф өте бөлінген. Барлық өзендер биік емес  тауларда басталып жазықтар бойынша ағып, Еуразияның орталық бөлігін теңіз бассейндермен қосады.

Климаттың батыстан шығысқа қарай континенттігі өзендер режимінде сипатталады. Барлық өзендер  қыста 2 – 3 аптадан 3 айға дейін қатады. Жаздың аяғында қатты булануға байланысты өзендерде су деңгейі түседі.

Еуропаның оңтүстік бөлігінде және Азияның батысында тау рельефі және субтропикалық климат өзен торабының қалыптасуына жағдай жасайды.

Шетел Азияның солтүстік – шығысында муссондық климат қоңыржай еңдіктерде суық және ұзақ қыс мезгілінде өзендер ұзақ уақытқа қатады. Жазда  басты су тасу болады.  Мұндай тип Амур және оның сағасы үшін тән.

Оңтүстік – Шығыс Азия өзендері үшін күзгі су тасуы болады, ол тайфундар өтуімен байланысты.  Үндістан және Үндіқытай түбектеріндегі өзендер ылғалды және құрғақ жыл мезгілдерде қатты булануына байланысты өзендер экваторлық муссон әрекетінен суға толады және таязданады, кейде құрғақшылық кезде кеуіп кетеді. Муссондық режим Үндістан өзендеріне (Годовари өзені) тән. Үндіқытай  өзендері – Салауин, Ираведи және т.б. – биік тауларда басталып және жазғы максимум басым болсада біркелкі режимі болады.

Еуразия  тауларында  қар шекарасының солтүстіктен  оңтүстіке қарай жоғарылайды.Сондықтан қазіргі  мұз басу орталығы биік таулар  жүйесінде ғана емес, соңымен қатар  өте ылғалды антлатика  маңы аудандарда, аласа тауларда таралған. Скандинавия тауларында қар шекарасы 700 – 1900  м аралығында тербелейді және  мұнда су торабын  қоретендіретін мұздану таралған.

Альпіде қар шекарасы 2500 – 3200 м – ге дейін көтеріледі, бұл Еуропадағы ірі мұзды таулы орталығы, мұнда Еуропаның барлық ірі өзендері бастау алады (Рейн, Рона, По, Дунай салалары).

Ең биік тауларда мұз шекарасы ішкі материк Азия аудандарда көтеріледі. Каракоруммен Кунь – Луньнің қар шекарасы  5000 – 5500 м, Гималай – 4500 – 5000  м. Мұздықтар 4000 м – ден төмен түспейді.

Дунай – Еуропадағы ең ірі өзендердің бірі. Оның  ұзындығы – 2850 км, бассейн көлемі – 817 мың. км2.

Дунай  Шварцвальд массивінде екі бұлақтардан, 1000 м биіктікте  басталады. Бавар тау қыраты арқылы ағып, Чехия мен Шығыс Альпінің солтүстік байрайынның арасымен өтеді. Осылай Дунай өзені Венаға дейін 200 м биіктікте  жоталар мен үстірттермен  ағады. Венаға дейін ағатын учаскіні Дунайдың жоғары ағысы болып саналады. Мұнда Дунайға көп  салалар   қосылады, оның бастылары  (Иллер, Лех, Изар, Инн)  Альпіден ағып  және оларды мұздықтар қоректендіреді.

Батыс Азияның  ірі өзендерінің бірі – Тигр (оның ұзындығы – 1950 км) және  Ефрат (оның ұзындығы —  2700 км) – ортақ сағасына  Персия шығанағына құяды. Бұл өзендер Армян таулы өлкесінде басталып және Месопатамия жазығына  шығып, көп салаларға бөлінеді. Шамамен сағасынан 190 км – де олар Шатт –эль – Араб  деп аталатын өзенге құяды.Барлық өзендер көктемде  еріген  қармен, жаңбырмен қоректенеді.

Янцзы – Дүниежүзіндегі аса ірі өзендердің бірі.  Оның ұзындығы 5530 км, бассейн көлемі  -1726 мың км2. Янцзы  Тибет  таулы қыратының орталық бөлігінен алады.  Жоғары ағысында  өзен Цзиньшаньцзян деп аталады.  Таудан шығып Қызыл Бассейн деп аталатын  үлкен тектоникалық қазаншұңқырға құяды,  содан Оңтүстік –Шығыс Қытайдың  аласа болып келетін  таулардан ағады.

Еуразияның көлдері шығу тегі, көлемі, су режимі бойынша әртүрлі. Біртипті, геологиялық құрылысы, рельефі, климаты көлдер облыстарына топталады.

Мұздық тектоникалық көлдер  Еуропаның солтүстік аудандарына тән. Олардың  қазаншұңқырлары неоген және антропоген   кезінде,  тиктоникалық  жыралардан  қалыптасқан. Мұндай  қазаншұңқырлар өте терең  емес болады. Бұл типке  Шетел  Еуропаның ірі көлдері жатады. Шетел  Еуропада – Венерн, Веттерн, Меларен, Сайма, Инарн.

Еуразияның  тау жүйелеріне мұздық – тектоникалық және  көптеген мұздық көлдер  тән, әсіресе  Альпілер ерекше көзге түседі. Альпілік көлдердің  қазаншұңқырлары  неогеннің аяғында тектоникалық  шұңқырларда қалыптасты. Әйгілі  альпілік  көлдер – Женева, Боден, Цюрих, Маджоре, Кано, Гарда. Еуропаның жоғары  бөліктерінде мұздану болған барлық тауларда үлкен емес карлық көлдер бар.

Материктің барлық аудандарында неоген – антропоген кезенінің тектоникалық үрдістермен байланысты көлдер таралған. Қазіргі  жағдайларға байланысты Еуропаның тектоникалық көлдері ағынды, ағынсыз тұзды көлдерге жатады.

Рифтік зонада уникалды  көлмен байланысты – Өлі теңіз, Аравия платформасының сынығында орналасқан, Аравия платформасында мұхит  деңгейінен 400  м терең жатыр, орташа  тұздылығы 260 ‰.
Тағы рефераттар