Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi туралы қазақша реферат

Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық жəне практикалық мiндеттердiң сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекеттi оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келдi. Психология ғылымының түсiнктер қоры өзгердi, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздксiз өрiстеуде, психология бұрын кезкпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов «Психологияның методологиялық жəне теориялық проблемалары» атты еңбег iнде қазipгi заман ғылы-мының жағдайын сипаттай келе, «бүгiнгi күнде психологияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетiп зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады», — деп жазады. Психологияның зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр. Оның iшiнекүрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерi не əсер етушi объектiнiң қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi.

Жантану  ғылымы үшiн ең  маңызды мəселелердiң бiрi — зерттелушi құбылыстардың  мəн-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты  əдi снамалық мəселелер туындайды.

Психикалық құбылыстардың мəн iн тануда Б. Ф. Ломов өзiнiң еңбегiнде психология ғылымының тeк категорияларын, олардың жүйелi өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бiр бұл категориялардың өзiндк дербесткте екенiн айқындап берген. Ғалым психологияның келесi тiрек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, iс-əрекет категориясы, жеке адам категориясы, тiл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсiнiктер — «əлеуметтiк» жəне «биологиялық». Адамның əлеуметтiк  жəне табиғат қасиеттерiнiң объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық жəне əлеуметтiк себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым мiндеттерiнiң ең бip қиыны.

Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазiрri кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiтeгi, мемлекеттiк басқару, медицина, спорт жəне т.б. кəсiбi практикалық  қызметтiң  ерекше саласына айналып барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да бiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық бi лiкт i лiктi қажет еткен мi ндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмiрiн барша тарапында əр қилы формада пайда болуда. «Адамдық фактор» дегенiмiз  әр азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iс-əрекетiнде көрiнiс беретiн əлеуметтiк психологиялық, психологиялық жəне психо-физиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.

Бiз бұл жерде осы күнгi қоғамдық тəжiрибенiң психология алдына қойған талаптарының бəрiн талдау мiндетi н алмай (өйткен i, адам араласқан жердiң бəрiнде мың сан мiндет), бала психикасының дамуына байланысты психологияның маңызын қысқа атап өтпекп iз. Халықты бiлiмдендiру жүйесiнiң барша бөлктерiнде (мектепке дейiнгi, орта, жалпы бiлiм берушi, орта арнаулы, жоғары мектеп) психологиямен сабақтас проблемалар шексiз. Психикалық құбылыстардың жүйесiн түгелiмен қарапайым түйсктен бастап, жеке адам психикалық қасиеттерiне дейiн — оларды басқарушы объектив заңдылықтарды ашу үшiн зерттеу, оқу мен тəрбиенiң теориялық негiзiн, қоғамдық мiндеттерiн, ұйымдастыру формаларын анықтап белгiлеуде орасан маңызға ие.

Психология ғылымының қолданбалық мəнiн қоғам түсiнiп, қабылдауынан халыққа бiлiм беру мекемелерiнде психологиялық қызмет тармақтарын iске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазiргi күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нəтижелерiн практикаға ендiруде дəнекер жүйе болуы кəмiл
Тағы рефераттар