Кедейлік пен теңсіздік туралы қазақша реферат

Қазақстанды қосқанда, посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі кезең салдарларының бірі кедейшіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының дәрежесі, төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары теңсіздік, еңбек рыногының жай-күйі, демографиялық және көші-қон үдерістері, әлеуметтік сектордың дағдарысы, сондай-ақ аймақтық, экологиялық және гендерлік факторлар әсерін тигізеді. Осы салалардың әрқайсысындағы проблемаларды қарау осы заманғы жағдайларда республикадағы кедейшілікке кешенді сипаттама беруге мүмкіндік жасайды [27].

Қазақстанда кедейшілік деңгейі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс минимумы – тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстардың (шығыстардың) объективті белгіленген деңгейі. Ең аз тұтыну себетінің құнына азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең аз шығындар кіреді. Азық-түлік себетінің құрамы адам организміне қажет калория санының түсуін қамтамасыз ететін белгіленген тағам мөлшеріне сүйене отырып, анықталады. Қазіргі кезде азық-түлік себеті күніне 2172 ккал деңгейіндегі калорияны жан басылық тұтынуды қамтамасыз ететін тағамдардың атауын қамтиды, ол ДДҰ талаптарына сәйкес келеді және ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумының) құнының 70% құрайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулердің үлесі ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумы) құнының 30% мөлшерінде белгіленген.

Табыстар бойынша Қазақстандағы кедейшіліктің ең жоғары деңгейі, республикадағы бүкіл халықтың 39%  күнкөріс минимумынан төмен табыстар еншілеген 1998 жылы тіркелді (ресми айырбас бағамы бойынша 42,6 АҚШ доллары немесе 3336 теңге). 1998 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңдегі уақыт аралығында кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді. Күнкөріс минимунынан төмен табыстағы халықтың үлесі 2002 жылға қарай 1,6 есе қысқарды және ол 24%-ды немесе 3,6 млн.адамды құрайды. 2002 жылы күнкөріс минимумы 4761 теңге немесе ресми айырбас бағамы бойынша 31,1 АҚШ доллары болды. Кедейшіліктің сондай-ақ тереңдік және өткірлік көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі де байқалды, олар кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен солардың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 1998-2002 жылдар аралығында кедейшілік тереңдігі 1,6 есеге, ал кедейшілік өткірлігі 1,7 есеге кеміп, 2002 жылы сәйкестігіне қарай 6,1 және 2,2%-ды құрайды. Бұл кедей тұрмысты халық табыстары/тұтынуларының тапшылығы 2002 жылы күнкөріс минимумының шамамен 25% құрағанын білдіреді. Орын алған үрдістерді ескере отырып, «Мыңжылдық табалдырығында БҰҰ Қазақстандағы даму Мақсаттары» есебі бойынша,

Жоғарыда көрсетілгендей, тұтыну себеті азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетулерден тұрады, әрі соңғыларының үлесі себеттің жалпы құнының 30% мөлшерінде белгіленген. Сонымен, қазіргі кезде негізінен азық-түлік тауарларынан құрастырылған тұтыну себеті, үй шаруашылықтарының азық-түлік және азық-түлік емес шығыстарындағы бюджеттердің ара салмағын есептемейді. Алайда, халықтың тұрмыс деңгейінің өсу шамасына қарай үй шаруашылықтарының тұтынуына жұмсалатын жалпы шығыстардағы азық-түлік шығыстары азаяды, өйткені адам организмі тағамның шектеулі мөлшерін тұтынса, ал азық-түлік емес шығыстардың үлесі ұлғая түседі.

2002 жылы Қазақстанда, ресторандарда тамақтануды, ішімдік-сусындар мен темекіні қосқанда, үй шаруашылықтардың тамаққа жұмсайтын шығыстарының үлесі 52,3%-ды, ал азық-түліктен бөтен тауарлардың үлесі соған сәйкес 47,7%-ды құрайды. Халықтың 2002 жылғы квантилі бойынша үй шаруашылықтарының шығыстарын бөлу мына жәйтті көрсетті, 20% ең тұрмысты адамдардың жұмсаған шығыстарының жартысынан көбі де сондай-ақ азық-түліктен бөтен тауарларға пайдаланылған. 20% тұрмыстары жүдеу халықта – керісінше, бірақ халықтың тіпті осы тобындағы азық-түліктен бөтен тауарларға жұмсалған жиынтық шығыстарының үлесі шамамен 40% –ды құрады.  Басқаша айтқанда, қазіргі уақытта ең аз тұтыну себетіндегі азық-түліктен бөтен тауарлардың үлесі біршама кемітілген, сондықтан күнкөріс минимумы, әсіресе халықтың кедей тұрмысты жіктерінің шығыстарын, үй шаруашылықтары шығыстарын есепке алу арқылы нақтылауды талап етеді. Одан әрі, үй шаруашылықтары шығыстарының дәстүрлі танылған үш тобы: тамаққа, киімге және тұрғын үйге жұмсайтын шығыстары болып табылады. Қазақстандағы халықтың кедей тұрмысты жіктерінің тұрғын үйге жұмсаған шығыстарының жоғары үлесі 2002 жылы тіркелді. Мәселен, тұрмыстары жұпыны 20%  қала халқы өздерінің жиынтық шығыстарының 13,7%  тұрғын үйге жұмсаса, ал 20%  дәулетті халық жұмсаған осындай шығыстар 10%-ға жетпеген. Осыған байланысты ең төменгі тұтыну себетіне кіретін азық-түліктен бөтен өзге шығыстардың құрамынан тұрғын үйге жұмсалатын шығыстарды бөлу туралы мәселе туындайды, яғни ең аз тұтыну себеті үш компоненттен тұруы мүмкін: азық-түлік себеті, азық-түліктен бөтен тауарлар мен қызмет көрсетулер және тұрғын үйге жұмсалатын шығыстар, олардың арақатынасы 60:40 [29].

Кедей тұрмысты халықтың тамақ өнімдерін тұтыну талдауы, 2002 жылғы деректер бойынша, барша халықпен салыстырғанда кедей тұрмысты адамдар көбіне «тамақтанудың көмірсулы үлгісін» пайдаланатындарын көрсетті.

Табыстары күнкөріс минимумының мөлшеріне жетпейтін кедей тұрмысты адам көбіне нан тағамдары мен жарма тамақтарын тұтынады, ал ет, сүт, жұмыртқа, жеміс, көкөніс сияқты жоғары сапалы азық-түліктерді сирек пайдаланады. Мәселен, ет және ет өнімдерін 2002 жылы кедей тұрмысты халық республикадағы орташа тұтыну деңгейінен 2 есе кем тұтынды – сәйкестігіне қарай 1,7 кг және 3,7 кг. Кедей тұрмысты адамдар сондай-ақ сүт, жұмыртқа, жеміс, көкөністерді де екі есеге жуық аз тұтынды.

Халықтың табыстары адам тұрмысының деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Қазақстандық экономиканың жандану шамасына қарай, халықтың табыстары екі есеге жуық ұлғайды: 1998-2002 жылдар аралығында қазақстандықтардың тұтынуға жұмсайтын шығыстары 2992 теңгеден 5671 теңгеге дейін өсті. Одан әрі, 2001 және 2002 жылдары халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының сатып алу қабілетінің тұрақты өсуі байқалды (2.1.4. кесте). Оның белгілері  сәйкестігіне қарай күнкөріс минимумының 1,24 және 1,36 жиынтығын құрады. Басқаша айтқанда, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының өсу қарқындары 2002 жылы күнкөріс минимумына кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер құнының өсу қарқындарынан едәуір алда болды.

Қазақстандықтар табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, елдегі барша халқты тұрмыс деңгейі бойынша бірнеше әлеуметтік топқа бөлуге болады (2.1.5. кесте). Кестеде көрсетілгендей, 2002 жылы 71%-дан астам қазақстандықтар материалдық әл-ауқат деңгейі бойынша не кедей тұрмысты (24,2%), немесе төмен табысты (47,3%) болған. Халықтың осы жігінің ақшалай табыстары тұтынудың тіпті қалпына келтіруші деңгейін қамтамасыз ете алмаған, сондықтан экономикалық пайымдар тұрғысынан оларды қосымша қосалқы шаруашылық жүргізуге және үй еңбегін кең ауқымдарда пайдалануға мәжбүр еткен. Тұтынудың қалпына келтіруші деңгейіне елдегі халықтың төрттен бір бөлігінен азының ғана (23,8%) шамалары келген, және небәрі 4,7% қазақстандықтар тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз ететін табыстарды меншіктеген. Басқаша айтқанда, 2002 жылы Қазақстандағы тек 28,5% халықтың ғана сапалы білім алуға, денсаулықтарын сақтауға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және бос уақыт пен демалысын ұйымдастыруға, кең ауқымдағы ақылы қызмет көрсетулерге сұраныс жасауға мүмкіндіктері болған.

Экономикалық теңсіздік көрсеткіштері бойынша Қазақстан ТМД аралық жағдайға ие. Қазақстандағы қорлар коэффициенті 11-12 есеге тең, ал Джини индексінің мәні 0,34-ке жуық шаманы құрайды 2002 жылы осы коэффициенттердің кейбір төмендеулері байқалды: қорлар коэффициенті – 9,8 есеге және Джини коэффициенті 0,31-ге дейін [32].

Үй шаруашылықтарының субъективті бығысына сүйенгенде, Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептері төлемнің баламасыз деңгейі мен жұмыссыздық болып табылды. Осы себептерді 2001 және 2002 жылдары 80%-дан астам үй шаруашылықтары атады. 2001 жылы, адамдардың пікірлері бойынша, тұрмыстың төмен деңгейінің басты себебі түрлі салдарлар бойынша жұмыспен қамтылмау болса, ал 2002 жылы еңбектің аз төлемі басты себепке айналды.

Үй шаруашылықтарының пікірлері бойынша олардың материалдық жағдайларын жақсартуға септігін тигізуі мүмкін өзекті факторлар жалақыны көтеру мен жұмыспен қамту болып табылады. Бұл орайда жұмыспен қамту проблемасы қаламен салыстырғанда ауылда анағұрлым зәру проблема болды: 29,3%-ға қарама-қарсы 40,4%.

Егде жастағы кедейлік. Егде жастағы адамдар тобына экономиканың әр түрлі салаларында жұмыс істейтін, және соған сәйкес қосымша табыс табатын зейнеткерлер категориясы жатады. Сөйтіп, осы категорияның анағұрлым қолайлы бейінді еншілейтінін күтуге болар еді. Бірақ олар төтенше кедейлік қаупіне азырақ дәрежеде ұшырайтындарына қарамастан (кедей тұрмысты халықтың 20%), олар халықтың басқа категорияларымен салыстырғанда екінші 20%-дық топтан жиірек көрінеді, және күнкөріс минимумы деңгейінде тіршілік етуге душар болады. Жұмыспен қамтылу зейнеткерлер үшін кедейліктің қаупін айтарлықтай азайтады. Зейнетақылар түрінде ақшалай төлемдердің нақты төмендеуі тұрмыс деңгейі мен кедейліктің тереңдеуіне келеңсіз ықпалын тигізді. Ең бірінші кезекте бұл өздерінің денсаулықтарына байланысты өз еңбектері мен меншігіндегі жылжымайтын мүлікті пайдалана алмаған өте егде жалғыз басты адамдарды қозғады. Олар дербес күтімге мұқтаж еді, мемлекет орын алған жағдайларға қарай ондай көмекті толық шамада көрсете алмады. Осындай зейнеткерлердің үлесі олардың жалпы санынан 5-7%-бен өлшенеді.

Тұрақсыз материалдық жағдай, жұмыссыздық пен мәжбүрлі көші-қон көптеген отбасыларды балаларды оқытудан қаражат үнемдеуге душар етті. 2002 жылы жүргізілген кедей тұрмысты үй шаруашылықтарын зерттеп тексерудің нәтижелері жеткіліксіз білім деңгейінің кедейшіліктің негізгі себептерінің білі болып табылатының айғақтайды, он кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының  1,5% атап көрсетті

Экономикалық ресурстарды үйлесімсіз бөлу және оларға қол жеткізудегі еркектер мен әйелдердің әркелкі, бірдей емес мүмкіндігі республика үшін әлі де өзекті проблема күйінде қалып отыр. Қоғамдық өндіріс саласындағы жұмыспен қамту проблемасы, әйелдер үшін баламалы еңбекақы төлеу, еркектер мен әйелдердің зейнетақылық қор жинауына қатысты гендерлік айырмашылықтарды азайту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ жалпы егде жастағы адамдарға экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету – елдің экономикалық және әлеуметтік даму саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде шешімін табуы қажет міндеттер.

Республикадағы гендерлік тең құқықтылыққа қол жеткізу саласындағы мемлекет қызметі гендерлік саясаттың негізгі төрт басымдығын іске асыруға бағытталған:

  • әйелдердің саяси үдерістерге тең қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • әйелдерді экономикалық тұрғыда ілгерілету;
  • әйедердің және олардың отбасыларының денсаулықтарын жақсарту;
  • әйелдерге қатысты зорлық көрсетуді түбірімен жою.

Елімізде Қазақстан Президентінің жанынан отбасы мен әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды және ол содан бері жұмыс істеп келді, осы комиссия әйелдердің жағдайларын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспарды орындауға қатысты жұмыстарды үйлестіреді. Осы құжатқа сәйкес әйелдердің елдегі қоғамдық-саяси өмірге қатысуын жандандыру, сондай-ақ отбасылардың, әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін әйелдердің қоғамдық бірлестіктерін көбірек тарту, әйел кәсіпкерлігіне қолдау көрсету жоспарланды
Тағы рефераттар