Жоспар

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
II.1.Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
II.2.Музыка өнері
II.2.1.Музыка өнеріне мол үлес қосқан ұлы тұлғалар
II.3Театр өнері
II.4Қазақ бейнелеу өнері мен қолөнер шеберлері

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазақстанның көркем мәдениеті Кеңес өкіметі жылдарында әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан өткізді.Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халықының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса,бейнелеу,театр және кино өнері жаңа пайда болу шағында немесе мүлде жоқ еді.Көркем интеллегенцияның шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және идеялық-саяси жіктелуін айқын бейнелейді,таптық принциптерді жалпы адамзаттық қазыналардан бағалы санады.Қазақстанның Орталық Азия аймағы елдерімен,Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды.
20ж екінші жартысында профиссионалды театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды.Әнші Ә.Қашаубаев Парижбен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шығарды.Ұлы Отан соғысынң қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемелекеттік акдемиялық драма театры,Республикалық орыс драма театры,Қазақтың мемлеткеттік опера және балет театры,ұлт аспаптар оркестрі,симфониялық оркестр,Республикалық қуыршақ театры,Қазақстан суретшілері және жазушылар одағы жұмыс істеді.Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.

Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққа өріс ашты.Орынборда,Алматыда,Ақмолада,Семейде,Петропавлда,Оралда,Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар,халық үйлері пайда болды.Қазақ және орыс тілдерінде хор,драма,әдебиет үйірмелері,халық театрлары ұйымдастырылды.Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды.Халықтық музыка зерттеле бастады.Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында — Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды.Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков,Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев,И.Байзақов т.б тұрды.Театрды дарынды драмашы,режиссер Жұмат Шанин басқарды.Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын.Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”,М.Әуезов пен Л.Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға болды.Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің “Үйлену” мен “Ревизорын”,В.Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды.Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді.1930 жылдары Семейде,Ақтөбеде,Шымкенте,Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды.1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры,1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.
Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды. “Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды.Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді.1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды.1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі — “Амангелді” картинасын жасап шығарды.1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды.1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды.1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды.Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп,толысқанын көрсетті.Онкүндікте “ Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді.Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді.Жергілікті ұста,шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы,Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды.
Ауыл зергерлерінің сақина,сырға,алқа,белдік,білезік,жүзік сияқты заттарды әсемдеп жасауы да кең таралды.Қазақ ауылында зергерлік әсем бұйымдар жасайтын шеберлер құрметке бөленетін.Көздің жауын алатын мұндай тамаша бұйымдарды кедейлердің сатып алуға халі келмейтін.Халық шеберлері жасаған тамаша бұйымдардың игілігн көретін феодалдық ауқатты топтар. Қазақтың қолөнерлік,зергерлік өнер туындылары-көрнекті бұйымдар тек Қазақстанда ғана емес,Ресейде де белгілі болды.Тіпті шетелдерге де әйгілі болды.1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған бұйымдар ішінде қазақ зергерлік өнерінің заттары,ұлтық киімдер болған.Қазақ музыка аспаптары Мәскеуде 1872 жылы өткізілген көрмеде жұртшылыққа таныстырылды.
Қазақ музыка өнері.
Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ.Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз.
Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері классикалық , халықтың мәдени мұралардың барлығын игере, халық шығармашылығының сарқылмас қазынасын түгел пайдалана отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.
Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.

Қазақ музыка өнеріне мол үлес қосқан ұлы тұлғалар.

Қашаубаев Әміре (1886-1934)

Әміре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі. Туған жері – Шығыс Қазақстан
облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Кедей шаруа жанұясында туып өскен.
Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі.
1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қали Байжановпен бірге бас жүлдеге ие болады. Мұнан кейін әншілік даңқы алысқа жайылып, 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс жүлдені иемденеді. Кейіннен Москвада, Германия қалаларында қойылған концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаевтың әндері дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс т.б. тарапынан жоғары баға алған. А.В.Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер» тағы да басқа әндерін жазып алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын терең түсінетін мамандар А.В.Луначарский, Г.Любимовтер және қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері М.Әуезов, С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер жоғары бағалаған.
Әміре орындаған қазақтың классикалық әндері ол айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарында жалғасын тапты.
Әміре Қашаубаев 1926 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданды. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш қойылған кезде Жапал ролін ойнады. Кейін М.Әуезовтің «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», «Айман-Шолпан» спектакльдерінде Қоскелді, Қойшы, Жарас, Ақын образдарын сомдаған. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-әртісі болған. 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театрына ауысты.
Ауыр сырқатқа ұшыраған әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады. Әміре Қашаубаев жөнінде жазылған бірнеше зерттеулер, көркем шығармалар жарыққа шықты.
Әміре Қашаубаев атындағы республикалық жас әншілер байқауы өтіп тұрады. Семей қаласындағы облыстық филармония Ә.Қашаубаев атымен аталады.

Күләш Байсейітова

Күләш Байсейітова 1912 – жылы Верный қаласында ( қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 – жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол уақытта театрда өтетін кештердің бірінші бөлімі шағын пьесалардан құралатын, екінші бөлімінде театр артистерінің қатысуымен әнші, биші, домбырашылардың концерті қойылатын. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды. Д.Дианти, З. Писаренко сынды кәсіби вокалистер Күләштің даусын қоюмен жұмыс жасады. Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.
1933-жылы Мемлекеттік музыкалық студия қойған “Айман-Шолпан ” комедиясынан (Күләш басты рольде ойнаған) әншінің үлкен жетістіктері басталады. Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, халық “қазақтың бұлбұлы” деп өз атағын берді. Ал, 1934-жылы ресми түрде Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген әртіс деген бірінші құрметті атағын алды.
Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы “Қыз Жібектің “ қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. Ол уақытта бағдарламаға бұл халық әуені Е.Г. Брусиловскийдің өңдеуінде деп көрсетілетін. Бірінші қазақ операсының әуенін ( оған 50-ден аса халық әндері мен күйлері кірді) бірінші орындаушылар өздері таңдап, іріктеді. Әрине, олардың арасында Күләш та бар. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндері (1936-ж.) Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды. “ Мен, ерекше асқақ, әрі жеңіл де күміс сыңғырлы , құстың сайрағанын елестететін дауысы бар әншіні атай алмас едім, ал, Күләш Бәйсейітова болса өз деңгейінде асыра мақтауды қажет етпейтін “қазақтың бұлбұлы” атағын иеленді( В.Барсова- белгілі орыс әншісі, СССР халық әртісі, Москвадағы Үлкен театрдың солисі). Өнер шыңында таң қаларлықтай жетістіктерге жеткен, бұлбұл даусын жас шағында-ақ мойындап( 24 жасында), Күләшқа Совет Одағында алғашқылардың қатарында СССР халық әртісі атағы тағайындалды.
Күләш Бәйсейітованың дарыны көп қырлы. Ол драмалы спектакльдерді айрықша орындаушы республикамыздың тұңғыш кәсіби деңгейдегі концерттік және опералық қазақ әншісі . Қазақ халқы Күләш арқылы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Замандастары дүниежүзілік мәдениетті тануда Күләш атымен байланыстырады. Оның дауысы – қазақ даласындай кең де биік, ұлттық нақышы айрықша болғандықтан, орындаған әндері қазақ халқына жақын әрі түсінікті еді.
Күләштің өнер саласындағы негізгі шығармашылығы – операға байланысты. Өнер бастауында танымал орындаушылар – Құрманбек Жандарбеков, Қаныбек Байсейітов, Ғарифолла Құрманғалиев, Манарбек Ержанов… Солардың ішінде Күләштың орны ерекше еді. Ол тек драмаларда басты партия орындаушы ғана емес, әсіресе, ұлттық спектакльдерді жандандырып, жасаушысы болды. Қазірге дейін халық жадында Күләш сомдаған Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Ажар, Сара бейнелері қалды.
Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін танып, сүйіспеншілікпен қабылдады. “Өр көкірек Қыз Жібек пен зұлым, азғырушы Ақжүністің рөлін жасауда,- дейді әнші,- мейірімді Хадиша мен “Даиси” деп аталатын грузин операсындағы Маро немесе “Чио-Чио-сандағы” аянышты Баттерфляй, болмаса өр мінезді Татьянаның (Евгений Онегин) бейнесін сомдағанда мен адамзат жайында ән саламын”.
Әнші гастрольдерге жиі шығып, көптеген мемлекеттерде шырқатып ән салды. Концерттік репертуарында қазақтың халық әндері мен дүниежүзі халықтарының әндері негізгі орын алды. Күләштің осындай сапарлары арқасында дүние жүзі Қазақстанның бай мұрасымен танысып, еліміздің мәртебесі асқақтай түсті. Оның бүкіл әлемге танымал ардақты есімі ұлтымыздың ұлылығымен мәңгілігінің символындай қастерлі.
Күләш Байсейітованың еңбегін өкімет жоғары бағалады. СССР халық әртісі (1936), СССР Мемелекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (1948, 1949). К. Бәйсейітова бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланды, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.
Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есіне мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады. Жыл сайын Қазақстанда К. Бәйсейітова атындағы вокалистердің байқауы өткізіліп тұрады. “Қазақ бұлбұлы” атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына да берілген.

ХІХ-шы ғасырдың соңы мен ХХ-шы ғасырдың басында халықтың әнші композиторларының туындылары пайда бола бастады. Ондағы негізгі тақырып үстем таптың зорлық-зомбылығы, теңдік іздеген шаруалардың арман тілегі өзек болды. Қазан төңкерісінен кейін ұлттық музыка мәдениеті қайта туып өркендеді. Ол даму жолында халықтың бай ұлттық музыка шығармаларымен қатар, орыс және шетел классиктері дәстүрін кеңінен пайдаланды. Қазақстанда музыкалық қоғам өмірі жанданып, музыка көркемөнерпаздар үйірмелері мен хор ұжымдары ашылды. Музыка фольклорын жазып алу және оны зерттеу жұмыстары жүргізілді. Затаевич халық ән-күйлерінң жинағын құрастырып шығарды. Әншілердің, ақындардың, музыканттардың өнер сайысы алғаш рет 1919 жылы Верныйда қолдауын тапты. Халық музыкалық шығармашылығының жаңа жанрлары, музыкалық аспаптары сүйемелімен хор орындау қалыптасты. Орындаушылық өнердің түрі көбейді. 1934 жылы Алматы қаласында Бүкіл Қазақстандық халық өнерпаздарының бірінші слеті өтіп, оның артынша ҚазЦИК атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі (1944 жылдан Құрманғазы атындағы) ұйымдастырылды. 1935 жылы құрамында хор ұжымы ұлт аспаптар оркестрі би ансамблімен әншілер тобы бар Қазақ филармониясы ашылды. 1933 жылы Алматыда музыкалық студия ашылып, 1934 жылы Қазақтың музыкалық театры болып қайта құрылды. Музыкалық спектакльдерге әншілер: К.Байсейітова, Ж.Жандарбекова, Қ.Байсейтов, М.Ержанов, т.б. қатысты. 1934 жылы қазақ халық эпосы негізінде жазылған қазақтың тұңғыш операсы Брусиловскийдің «Қыз Жібек», одан кейін «Жалбыр» (1935ж.) мен «Ер Тарғын» (1937ж.) қойылды. 30-40 жж. Қазақтың көпшілік әндері, романстары, хор музыкасы қалыптасты. 1939 жылы Қазақтан композиторлар одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1942 жылы Брусиловскийдің Кеңес жау-фашист басқыншыларына қарсы «Гвардия алға» операсының қойылуы музыка өміріндегі елеулі табыстардың бірі болып табылды. 1944 жылы Алматыда қазақ консерваториясы ашылды. Соғыстан кейін қаһармандық-ерлік тақырыбына арналған жаңа опералар туды. Брусиловский мен Төлебаевтың «Аманкелді» операсы, халық композиторы Біржан Қожағұл жайындағы Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы елеулі оқиға болды. XX ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің А. Жұбанов қомақты үлес қоспаған, өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырмаған саласы кемде–кем. Ахмет Қуанұлының бүкіл саналы ғұмыры өз елінің музыка мәдениетін қалыптастыру және оны көркейту жолындағы белсенді қызмет үстінде өтті. Ол көптеген келелі істің басында болды, атап айтқанда: музыкалық фольклористика, қазақ музыкатану ілімі, Қазақстан Композиторлар одағы, кәсіптік музыкалық білім беру саласы. А. Жұбанов қазақ мәдениетіне музыкаландырудың тың формасын таныстырды. Ол – қазақ халық аспаптар оркестрі. Қазір жұртшылық бұл ұжымжы атақты Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі деп біледі. Ахмет Қуанұлы тамаша музыкалық туындылардың авторы, өңдеушісі және дирижері ғана емес, сонымен қоса оларды үйретуші, таратушы, насихаттаушы педогог–лектор болды, халық шығармашылығынан мыңнан астам ән мен күй жазып алып нотаға түсірді. Халық композиторлары туралы ел аузынан жинаған мәліметтер бірқатар ғылыми мақалалар мен шығармаларға арқау болды. А. Жұбановтың қазақ мәдениетіне қосқан теңдесі жоқ үлесі адам қабілетінің қандай құдіретті болатындығының шынайы көрінісі. . Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылдың 29 сәуірінде Ақтөбе облысында туды. Он үш жасында әкесінен айырылған Ахметтің саналы тәрбие, сапалы білім алуына ағасы Құдайберген Жұбанов өте үлкен ықпал етеді. Құдайберген Жұбановтың өзі де кейін ғылымның асқар биігіне шығып, қазақтың тұңғыш лингвист профессоры ретінде танылады. 1929 жылы оқуға жіберілген Құдайберген, Ленинградқа інісі Ахмет Жұбановпен бірге аттанады. Әлемдік білім мен ғылымның орталығы болған бұл қалада Ахмет танымал музыкатанушылардың, филологтардың, этнографтардың дәрістерін тыңдайды, Ленинград консерваториясының студенті атанады, кейіннен Өнер академиясының аспирантурасына түседі. Алматыда музыкалық драма техникумының ашылуына байланысты Ахмет Қуанұлы оқу бөлімінің бастығы қызметіне шақырылады. Бұл кезде Ахмет Жұбанов тек қазақ музыкалық фольклорын ғана емес, өзінің ең бірінші музыкалық–теориялық еңбегі «Музыка әліппесін» жаза бастаған еді. Техникумда А. Жұбанов қазақ музыкасы тарихындағы бірінші ғылыми шаңырақ – халық музыкасын үйрету кабинетін, халық аспаптарын жетілдіруші музыкалық шеберханасын ашады, музыкалық–драмалық театрдың 11 домбрашы–студентінен құралған ансамбльді ұйымдастырады. Осы ансамбльдің Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік халық аспаптар оркестрін құруда негізгі творчестволық ұйтқы болғаны бәрімізге аян. Дәстүрлі қазақ музыкасының Европаның, орыстың музыка мәдениетімен жақындасуының өзара ықпалдасуының басы осылай басталған еді. Соның нәтижесі – Қазақстанның қазіргі музыка өнері. А. Жұбанов өзінің шығармашылық дарындылығы, кемел білімі, ғажайып ұйымдастырушылық қабілеті арқылы қазақ музыка мәдениетіне өшпес із қалдырған дарын иесі. .Қазақ халық аспаптары оркестрі – А. Жұбановтың шығармашылық қызметінің аса елеулі, қайталанбас тұстарының бірі. Оның көп дауысты ұлттық оркестр құруы – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениеті деген ұғымды нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдырды. Ахмет Қуанұлы оркестр репертуарын қалыптастыру, музыканттардың кәсіби деңгейін жетілдіру бағытында да аянбай еңбек етті. . А. Жұбанов композитор ретінде түрлі жанрда қайталанбас құнды туындыларды: аспаптық, вокалдық шығармаларды, хорлар мен музыкалық-драмалық шығармаларды (опера, драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге жазылған музыкаларды) дүниеге әкелді. А. Жұбановтың «Ария», «Романс», «Көктем» сияқты аспаптық шығармалары скрипкада, қобызда, виолончел және басқа да аспаптарда орындалады. Көптеген музыканттардың, әсіресе, жас пианистердің репертуарында міндетті түрде “Тәжік биі”, “Қазақ биі” шығармалары болады. А. Жұбановтың көпшілік сүйіп тыңдайтын «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Ұмытпа», «Ақ Шолпан» сияқты вокалды туындылары өзінің ерекше ұлттық нақышымен, шынайылығымен, тазалығымен баурап алады. Оркестрге арналған шығармаларының ішіндегі қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап жазған «Абай» сиютасы өз алдына бір төбе. . А. Жұбановтың композитор ретінде бағындырған биіктерінің бірі – опера жанры. Л. Хамидимен бірігіп жазған «Абай» операсы – қазақ жазба әдебиетінің кемеңгері Абайдың тереңдігімен, асқақтығымен ұштасып жатқан туынды. Абайдың туған халқына деген сүйіспеншілігі опера музыкасында терең, табиғи үндестік тапқан. .
Театр өнері
ХХ ғасырдың 1 жартысында Қазақстан мүсін, графика, театр, кино, музыка және т.б. өнердің жетекші салалары дамыды. Өнердің дамуына халық бұқарасы да зор үлес қосып отырды. 20-30 жылдары Қазақстанда төл кәсіби өнерпаздар өсіп жетілді. Өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекеттерінің өзіне тән ерекшеліктері мен дараланатын формалар ежелден қалыптасқан. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді: мүсін, көркем әдебиет, театр, кино өнері өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері оларды суретшілердің ішкі идеялық-сезімдік толғаныстар арқылы береді.ХХ-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары Орт. Киностудиялардан Қазақстан өміріне аталған көркем фильмдер шықты. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясында жасалған «Амангелді» фильмінде қазақ елінде Кеңес үкіметін орнату жолындағы еңбекшілердің ерлікке толы күресі бейнеленеді. 1942 ж. «Мосфильм» және «Ленфильм» қосылып, Орталық біріккен киностудия (ОБКС-ЦОКС) деген атпен жұмыс істейді. Ұлттық кино өнері шеберлерінің Эйзенштейн, Пудовкин, Райзман, Бошаль, Вертов сынды орыс кино қайраткерлерімен шығармашылық бірлікте болуы қазақ киносының жаңа белеске көтерілуіне үлкен жәрдем тигізді. Қазақ халқының өмірін бейнелейтін фильмдер туды. Яғни, «Ақ гүл», «Алып туралы аңыз», «Домбыра сайрайды», «Абай әні», т.б. туды. 1944 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы бірікті. Ол 1960 жылдан «Қазақфильм» киностудиясы атанды. «Қазақфильм» тақырып пен жанр жағынан әр алуан 100-ге жуық көркем фильмдер және 300-дей деректі фильмдер шығарды. Қазақ кино өнерін дамытуда актер әрі режиссер Ш. Айманов зор еңбек сіңірді. Режиссерлер Әбішев, Бегалин, Қожықов, Қарсақбаев, Қайдаров, Бейсембаев, Қ.Ә.Әбусейітов, Емельянов, О.У.Зекки, И.Н.Верещагин; операторлар М.Ф.Аранышев, А.Т.Ашрапов, А.А.Колесников, М.Сағымбаев т.б. жемісті қызмет етті. Мультипликациялық фильмдер шығару қазақ кино өнерінің маңызды бір саласына айналды. 1968-1970 ж. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Айналу», «Ақсақ құлан», «Қазына» т.б. фильмдер жарық көрді. 1926 жылы 13 қаңтарда –Қызылордада тұңғыш қазақ тетры ашылды. Қазақ театр өнерінің алғашқы режиссері Ж.Шанин қазақ театрының құрылуы мен өркен жаю кезеңдерін ойластыра келе, сахнадағы натурализм мен реализм, конструктивизм жайында мынадай тұжырымға келеді: «Өмір шындығын табу сахнада екі түрлі: біріншісі алғыр сезімі, екіншісі білім-ой сезімі. Бірінші алғыр сезімі екіншісімен шарықтайтын білім-ой сезімі қанша жақсы, алғыр болса да ғылымға, білімге сүйенеді. Екеуі бірігіп табысқанда ішіндегі дәнінің қандай болуын табады. Табылған дәнді сахнада бірнеше түрмен көрсетуге болады. Бірінші – ешнәрсе қоспай өз қалпында көрсету (натурализм). Екінші – дәнді өзгертпей өз қалпында үлкейте көрсету (реализм). Үшінші – мөлшерден асыра басқа пішін, басқа түр беру (конструктивизм), тағы бұлардан басқа толып жатқан сахнаның түрлі жолдары бар. Осы жолдардың қайсысын алсақ та, ішінен салт-сананың түрлі бояуларын, кестелерін айқын етіп көрсетуге болады.» Театр өнеріндегі конструктивизм көбіне декорациямен, жарық-бояу, киім-кешекпен байланысты болғанда, натурализм мен реализм театрда төтелей шешендік өнерге, бейнелі сөзге қарыздар. Бұл қағиданың тағы бір талассыздығы — адам баласының сөйлеу әрекеті, оның ішінде шешендік өнері — қазақы әлеуметтік ортаға нақты әсерін тигізетін маңызды факторлардың бірі, әрі бірегейі екендігі. Би-шешендер өздерінің көшелі, көсем сөздерімен ел тағдырын шешетінін жақсы білген және оның жауапкершілігін де мойнына артқан. Шынына келсек, қайсыбір шешен-билердің ел мен елдің, ру мен ру арасындағы айтыс-тартыстарды, тіпті соғыс өртін тудыруға, не өшіруге сеп болғандарын тарихтан білеміз. Халықтық ортада сұлу сөздің ерек оқиға ретіндегі орнын Ресей Ғылым Академиясының негізін қалаушы М.Ломоносов өзінің шешендік өнер турасындағы еңбегінде, халық өз ана тілінің әсемдігін біліп қана қоймай, оның сұлу тіркестерін қалт жібермей қадағалап та отырады деп жазған екен. Бұл орайда, шешендік өнердің театрдың тініне дендеп енуі, әсіресе, қазақ театры үшін бұл құбылыс табиғи түрдегі жымдасу болғаны айдан анық. Алайда «ешнәрсе қоспай өз қалпында көрсететін» (Ж.Шанинше – натурализм түсіндірмесі) драманы, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы драматургияның ерекше бағыты, немесе ой-пайымды жеткізу әдістерінің өзіндік ішкі заңдылықтарымен қаланған қандай да бір жүйе деп қарап, толыққанды идеялық, эстетикалық құбылыс ретінде қабылдау да мүмкін емес нәрсе. Себебі, қарапайым һәм үстірттеу, көбіне біржақты болып келетін өмірдегі фактілерді абайсыз, салғырт, механикалық түрде көрермен алдына жайып салу, «ешнәрсе қоспай, өз қалпында көрсету» тенденциялары көбіне, бір ғана кейіпкердің монологы басым берілетін пьесаларда байқалады. Яғни, біз сөз етіп отырған шешендер, аузы дуалы сөзуарлар мен би-сұлтандар қатысатын сахналарда көрініс тапқан. Ұлттық сахналық өнеріміздің қабырғасын көтеріп, тууы мен дамуына ерекше ықпал еткен талантты топтың қашанда орны бір бөлек. Халық өнерінің қайнар көзінен бастау алған сол дара тұлғалардың бірі –Серәлі Қожамқұлов. Өзінің ұзақ жылғы сахналас дос-әріптестері – Қалыбек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков секілді мұның да өнерпаздық жолы қазақ ауылындағы ойын-сауықтан басталып, әрі қарай оның сиқырлы құпияларын тану кезеңдерімен ұласады. Арқа еліндегі жылдың он екі айында үзіл¬мейтін той-думандарда төкпе ақындар мен жы¬рау¬лардың, әнші-күйшілердің өнерін тамашалау жас Серкеге өзінше бір мектеп болғаны анық. Жастайынан өнерге құштар ол Айкүн әжесінің ақ батасымен Тройцкідегі орыс-татар мектебіне түспекші болғанымен, жасы асып кеткен Серкені жездесі ағартушылық бағыттағы мұсылман мектеп-медресеге береді. Сабақтың татар тілінде жүруі 17 жастағы Серкеге көп жеңілдік берген. Мұның үш класын бітірген ол 1915 жылы жездесімен бірге Торғайға келіп, оқуын әрі қарай жалғастырады. Осы кезде өз ауылында “Оңғар” атты мектептің ашылу құрметіне Серкенің “Қазақ” газетінде жарияланған Бейімбет Май¬линнің “Мұсылмандықтың белгісі” деген сықақ өлеңін оқуы – оның ауылдастарының алдында сахнаға тұңғыш шығуы еді. Тройцкідегі медреседе оқып жүрген кезінде-ақ Серкені жездесі Жүсіп Темірбеков өнерге баулиды. Осы тұсты қарт актер: “Шағын спек¬такль¬дерге қатысып жүрген жездем үйге келгенде маған рөлін ұстатып қойып, өзі ойнайтын, дайындалатын. Сахна жайлы алғашқы түсінікті осында алдым, Жүсіпке суфлерлік қызмет атқардым”, — деп еске алады. Сол көрген-білгенін С.Қожамқұлов өзі араласқан ортада дамыта түседі. Репертуарындағы Б.Майлиннің шығармаларына Абай өлеңдерін қосып, Крылов, Алтынсарин туындыларынан шағын спектакль¬дер ұйымдастырады. Кезінде әлеуметтік-мәдени орта болған Қостанайда қазақ-татар жастары ұйымдастырған сауық кештеріне С.Қожамқұлов пен Е.Өмірзақов белсене араласады. Ол Б.Май¬линнің “Қаламқас”, “Бетім-ау, құдағи ғой”, “Неке қияр” сияқты шыған пьесаларында ойнай¬ды. Сондай-ақ Әліби Жангелдин отрядының жауынгері болып жүріп, талантты жастарды өнерге баулыған осындағы “Қызыл керуен” труппасының жұмысына қатысып, сахналық өнерге етене араласып кетеді. Мұнда кәдімгідей сахналық тәжірибеден өтеді. 1920 жылы Орынбордағы кіші командирлер курсын бітірген С.Қожамқұлов еліне қайтпай, осындағы татардың педагогикалық институтына түседі. Және қаладағы студент жастардың сауық кештеріне, қойылымдарға қатысады. Осында қойылған М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Бәй¬біше – тоқал”, И.Меңдіхановтың “Малдыбай” пьесаларында жазушы Сәбит Мұқанов Көбей рөлін ойнаған екен. Сонымен, Орынборда бірер жыл білім алған С.Қожамқұлов сахнаға бейімделіп, актерлік өнер¬ге әжептәуір ысылады. Ол мәдени һәм рухани жағынан есейіп, жазушы-драматургтермен таны¬сып, лебізін тыңдайды. Қазақ театрының бола¬шақ актерлерімен жүздесіп, солармен бірге сах¬нада өнер көрсетеді. Осы бір ұтымды жағдай¬лардың барлығы С.Қожамқұловқа өзіндік мектеп болғанын кезінде актердің аузынан қағазға түсіріп алғанымыз бар еді. Мемлекеттік театр ұйымдастырылғанда актердің режиссерлік мін¬дет¬ті қоса атқаруына осы түбегейлі дайындықтың ықпалы болғаны ақиқат. 1926-1932 жылдардың аралығында С.Қожам¬құлов театрда бас режиссерлік, ал Қ.Жандарбеков қатардағы режиссерлік қызметті қоса атқарып келген. Ескі қазақ ауылының әлеуметтік тірлік-тынысын бейнелейтін шағын пьесаларды сахнаға қою С.Қожамқұловқа ешқандай қиындық тудырмаған. С.Қожамқұлов қойған Б.Майлиннің “Шан¬шар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “Көзіл¬дірік”, “Қалпе”, “Талтаңбайдың тәртібі” сияқты сахналық туындылар – қазақ театрының алғаш¬қы кезеңдегі табыстары десек, М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Бәйбіше – тоқал”, Ө.Оспановтың “Зарлық”, “Сеңсең бөрік”, т.б. пьесалар Серағаңның байлам-шешімдерімен сахнаға шықты. Барлық қойылымдарда режиссура өнерінің алғашқы ізденістеріне тән натуралистік-этнографиялық шешім өмірдегідей иланымды болуы қарастырылған. Ол бас режиссер ретінде театрдың ішкі тәрті-біне, актерлердің өз жұмыстарына жауапкер¬шілікпен қарауына жете мән берген. Әсіресе репетиция үстіндегі дайындыққа, рөлді меңгеру үрдісіне, концерттік бағдарламаның көркемдік мазмұнына шашау түсіруге жол бермеген. Иә, режиссурада жүйелі сахналық ой-тұжырымға бара алмағанымен, репертуар түзіп, дарынды жандар¬дың театрға келуіне жол ашып, труппа құрамын жасақтауда мол еңбек сіңірді. Әрине, С.Қожам¬құлов қолға алған істің сәтті шығуына өзінің сахналас, замандас достары Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков, Ж.Шанин, А.Аб¬дуллиндердің тамаша табиғи шеберлігі, шығар-машылық ынтымақтастығы мол септігін тигізді.Серке Қожамқұловтың шығармашылық жетістігі мен актерлік өнері бүгінгі ұрпаққа өзінің қайта¬ланбас көркемдік ерекшеліктерімен, классикалық үлгіге айналған болмыс-бітімімен қымбат. Ол сахнада сонау алғашқы кездері көрсеткен өнерімен жұрт ықыласын өзіне еріксіз аударды. Жаңа ұйымдасқан театр актерлерінің шеберлік деңгейін айқындап, даралықтарын саралаған халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасовтың: “Серке де шын артист. Серкенің Мырқымбайды ойнағаны Еуропаның қай артисінен де кем емес”, — деуі сахналық өнердің табиғатын танудан туған. Қазақ сахнасына тұңғыш қойылған аударма пьеса Гогольдің “Үйленуін” театрдың меңгере ал¬мағанын, өзі ойнаған Яичница рөлінің шықпа¬ғанын еске алады актер. Ал тәжірибелі кәсіби режиссер 1936 жылы қойған “Ревизордың” аса табысты болып, театр тарихынан көрнекті орын алған спектакльдегі Зем¬ляника рөлінде С.Қожам¬құлов үлкен мектептен өт-кендей болған. Аударма репертуарлардағы актер¬дің ізденістері бұлармен шек-телмейді.Кезінде сахнамызға қой¬ыл¬ған батыс және орыс классик¬терінен, басқа халықтардың таңдаулы шығармаларынан актер жасаған сахналық бейне¬лер өз алдына бір төбе. Бұлар¬дың ішінде К.Тре¬невтің “Лю¬бовь Яроваясы” мен М.Три-гердің “Сүңгуір қайығындағы” комиссар Кошкин, қарт ұста, төң¬ке¬ріс үшін қолына қару алып, қызыл матрос бол¬ған Обухов, В.Киршонның “Асты¬ғындағы” кулак Ко¬ти¬хин, Н.По¬годиннің “Ме¬нің досы¬мын¬дағы” партком секретары, т.б. әр қилы рөлдер актердің басқа ұлт характерлерін меңге¬рудегі сәтті қадам¬дары десек, В.Шекспирдің “Асауға тұсау” коме¬дия¬сында С.Қожамқұлов екі шағын рөлді қатар ойнап, екеуін де сахналық жи¬нақ¬ты¬лыққа, шынайы көркем¬дік дә¬режеге жеткізген. Ұлы актердің репертуары қай жағынан алып қарасақ та аса бай. Жарты ғасырдан аса кәсіби сахнада С.Қожамқұлов жасаған сом тұлғалар – ұлттық актерлік өнер тарихының биік белестері. Сол асылдың бірі актермен бірге жасасып келе жатқан “Еңлік – Кебектегі” – Еспембет. Ұлт театрының тарихында талай Еспембеттер болды. Қазірде де бар, келешекте де бола болмақ. Әйтсе де, Серағаң кескіндеген Еспембет табиғаты бөлек жасалған көркем дүние. Ол өзінің бұл сүйікті рөлімен сонау Орынбордағы әуесқой сахнада танысқан-ды. Сонан бері қарай С.Қо¬жамқұловтың реалистік өнерінің құдіретімен бұл рөл құлпырып, сахналық бейнелеудің көркем үлгісіне айналды. Ғабит Мүсірепов көптеген театр сахнала¬рынан талай Еспембеттерді көргенін әңгімелей келіп, “Екінің бірі” деген сөзді Серкеден басқа ешкімнің нақышына келтіріп айта алмайтынын ескерткен еді. Еспембет – “Екінің бірі” дегенде созылған қолдың саусақтары бүркіттің тырнағындай бүгіліп, қазақтың сағым ойнаған кең даласы тарылып, ауаны қан иісі жуып кеткендей денеңді түршіктіріп жібереді. Осы сөз С.Қожамқұловтың айтуында ерекше астар тауып, түпкі ойы мен кесімін жүзеге асырмай тын¬байтын безбүйрек бидің бейнесі келісті көркемдік бояумен терең сомдалған. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде актер бұл рөлді әйгілі Кіші театрдың сахнасында ойнап, көрермендер мен мамандардың үлкен ілтипатына бөленген-ді. Актердің тамаша ойыны көне заманның қыңыр билерінің сахналық бейнесін жасаумен шектелмейді. Ол өзінің орындаушылық өнерімен өткен дәуірдің әділетсіз билік жүргізу жүйесін әшкерелейді. Сонымен бірге, С.Қожамқұлов жасаған тамаша сахналық бейне театр тарихына алтын әріппен жазылумен қатар, көптеген актерлерге, әсіресе жастарға қайталанбас тәжірибе мектебі болып қалды. Қазақ театрының сахнасына Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиясы 1940 жылы қойылды. Сонан бері қарай пьеса төрт-бес мәрте қайта қойылып, талай режиссерлердің қолынан өтті. Солардың барлығының да Қарабай рөлін Қожамқұловқа жүктеуінің өзі ол жасаған сахналық бейненің көркемдік мазмұнына байланысты болса керек. Қазақ театрының шығармашылық ізденісте¬рінде тарихи-фольклорлық шығармалардың орны ерекше. Театрдың көптеген ірі көркемдік жетістіктері осылардың негізінде қойылған спектакльдерге тікелей байланысты. Олардың қатарында жоғарыда сөз болғандардан басқа М.Әуезовтің “Айман – Шолпан”, “Абай”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, Ш.Құсайыновтың “Алдар көсе”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Ә.Тәжібаевтың “Майра” пьесалары қосылады. Тарихи-фольклорлық шығармалар бойынша қойылған спектакльдер театр репертуарынан берік орын алып, көбісі сахнадан түспей келе жатыр. Бұлардың барлығы да актерлік шеберлік пен режиссерлік өнерге үлкен сын болатын спектакльдер. Бұлардағы байлық күшіне сыйынған Маман (“Айман – Шолпан”), кері кеткен заманның бұғауында жүріп Сырым сынды ұлдың озық ойы мен өнерін ұқпаған Жабай (“Қарагөз”), ақылға кенде болса да, хандық тағын ұмытпайтын Шығайхан (“Алдар Көсе”), өз құлқынының құлы, заңды белінен басып жүре беретін жемқор Шардақбай сот (“Шаншарлар”), дүниеге қоса адамды да сатып алып үйреніп қалған саудагер Малтабар (“Шоқан Уәлиханов”) т.б. Қожамқұлов өнерінен туған тамаша сахналық портреттер. Серәлі Қожамқұлов туралы көптеген қызық жайларды айтуға болады. Өзім жазған еңбектерде бір кездері қазақ сахнасының мақтанышы болған Әбіқай Абдуллин, Қазкен Бейісов, Жағда Өгізбаев, Әбікен Хасенов, Рахметолла Сәлменов, Рахия Қойшыбаева, Сейфолла Телғараев, т.б. актерлер өнерін толығырақ сөз етуге осы кісінің жадында ұмытылмай сақталып қалған қызық деректер мен жеке рөлдері туралы пікірлері негіз болды. Кейде бір нәрсеге сенімі жетпей, екі ойлы болса: “Осыны Қапаннан (Бадыров) сұрашы, ол маған қарағанда мұндайға ұқыпты, үнемі қағазға түртіп қоятыны бар”, — дейтін. Мұндай кездесу¬лерде біз Серағаңнан көбінесе театрдың алғашқы кезеңін, оның тұңғыш қойылымдарын молырақ әңгімелеуін қалайтын едік. Соның бәрін рет-ретімен ерінбей, жалықпай тәптіштеп айтып беретін. Театрдың тарихына қатысты деректерді қағазға түсіріп алу үшін өмірінің соңғы кезінде Серағаңмен жиі кездесіп, пікірлесіп жүруші едім. Басында оны-мұны ежіктеп сұрай бергенімді жақтырмады ма, әлде, өтіп кеткен жайларды қазбалай бергісі келмеді ме, әйтеуір менің мазалауымды ұнатпай: “Өзің өнер зерттеушісің, мені әурелемей-ақ, ана архивтер мен газет-журналдарды ақтарып, сонан тауып алмайсың ба, керегіңді. Осы менен сұрап отырған нәрселердің біразы жайында жазылған сияқты. Қайсыбірі менің басымда тұр дейсің!”, – деп селсоқтық танытқаны әлі есімде. Актердің бірдеңеге іштей ренжіп отырғанын сездім де, үйлеспей отырған әңгіменің етек-жеңін жинақтап, тайып тұрдым. Арада біраз күн өткеннен кейін сылдырлаған телефон тұтқасын құлағыма тоссам, ешбір жанға ұқсамайтын Серағаңның дауысы. “Өткен жолы сен маған ренжіп кеттің ғой, шамасы. Соның өтеуін өтейін деп әдейі телефон шалып тұрмын. Әнегүні жараспаған әңгімемізді жалғастырайық, үйге кел, бүгін боспын”, – деді ол. Актердің көңіл-күйі бұл жолы тіпті басқаша. Есіктің ілгегін өзі ашып, жайраң қағып жүр. Бөлменің ортасындағы дөңгелек үстелге сарғай¬ған түрлі газет қиындыларын жайып салған, енді бірінде араб әрпімен жазылған түрлі куәлік-құжаттар мен сарғыш тартқан қағаздар, фотолар. Аман-саулықтан кейін Серағаң бірден өткен жолғы көңілсіздік тудырған жайды айтты. Бақсақ, жаңа спектакль қоюға шақырылған режиссер актерлермен шығармашылық ортақ тіл таба алмай, керісіп қала берсе керек. Тілі удай әлгі режиссер Серағаңмен де сөзге келіп қалыпты. Ертеңінде: “Бір сахнаның шешімін келтіре алмағанымызға соншама қызыл кеңірдек болып жатқанымыз жастардың алдында ұят болады, бірімізге-біріміз ашуланбай, мінемей жұмыс істейік”, — деген қарт шебердің пікір-кеңесін режиссер басқаша қабылдап, бұлқан-талқан болыпты. Мен Серағаңның осындай қиналып отырған сәтіне тап келіппін. Табиғатынан аңқылдаған ашық мінезді кісі бұл жолы ерінбестен ұзақ сөйледі, кәдімгі лекция оқуға дайындалған адамдай сілтеп берді. Кере¬гімді жазып, әзер үлгеріп отырғанымды сезген ол кейде маңызды деген деректерді қай¬талап отырды. Бір-екі жылдан кейін редколле¬гияның мүшесі ретінде театр тарихының бірінші томы¬мен танысып шыққан Серағаң: “бәрі дұрыс жазылыпты. Өмірден өтіп кеткен дарынды актер¬лердің рөлдерін қамтығаның әділдік болған”, — деп ризашылығын білдірген болатын.

Қазақ бейнелеу өнері мен қолөнерінің шеберлері
ҚАСТЕЕВ Әбілхан (1904—1973) — қазақ кескіндемешісі және акварельшісі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі. Жаркент (қазіргі Алматы облысы) қаласының жанындағы Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 жылдан 1931 жылдары Қастеев Н. Хлудовтың көркем студиясында оқыды. (Н. Хлудовтың Қазақстанда тұрған кезінде). Содан кейін 1934 — 1937 жылдары Мәскеу қаласында Н. Крупская атындағы көркем студияны жалғастырды. Танымал туындылары: «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері Ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов»портреті. Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан көруімізге болады. Қастеев есімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайына және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген. Ғалымбаева Айша Ғарифқызы. 1917/1918 жылдары туылған, қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі (1967). Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші. Оның еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесі талантты және нәзік бейнеленген. Алматы көркемсурет училищесін, одан кейін Мәскеу жалпыодақтық кинематографистер институтының, мода өнері факультетін бітірген. Суретшінің кез-келген туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты көруге болады. Негізгі еңбектері: «Батыр Ана», «Сәукеле», «Көктем және күз» және т.б. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет Белгісі» және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің кавалері . СИДОРКИН Евгений Матвеевич – 1930 жылы Киров облысы Лебюжье аулында туылған.1957 жылы Ленинградтағы Репин атындағы архитектура, мүсін және кескіндеме институтын аяқтағаннанкейін Е.М.Сидоркин Қазақстанға келеді. Негізгі еңбектері: «Ақсақал» (1959) линогравюрасы, қазақ халық ертегілері тақырыбында автолитография сериялары «Көңілді алдағыштар» (1959), М. Әуезовтің «Абай жолы» (1960) романына иллюстрациялы сериялар, «Қазақ эпосы» (1962), «Қазақтың ұлттық ойындары» (1964) , «Сәкен Сейфуллинді оқи отырып» (1965) әдебиетіне сериялар және т.б. Сидоркин Е.М. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақстандық гарфика өнері жоғары наградаларға ие болған (олардың ішінде Лейпциг және Краковтағы алтын медальдар), беделді көрмелерге қатысуы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін таныту факторы ғана емес, Қазақстанды әлемге танытуға бірден бір септігін тигізді. Республикалық “Өнер” баспасынан көзі тірі кезінде шыққан «Менің Қазақстаным» атты альбомы сурет шеберінің соңғы альбомы болып табылады. ИСМАИЛОВА Гульфайрус Мансұрқызы . 1944 жылы (кезінде Врубелмен оқыған) жастарды көркемсуреттің қыр-сырына ғана емес, форма мен түсті шығармашылық және сезімдік тұрғыдан қабылдай білуге үйреткен көркемсурет профессоры А. М. Черкасск көркемсурет училищесінің А класына оқуға түседі. Ол өзінің қалауы бойынша ұстазының көзінің дәлдігін, түс құбылыстарының нәзік құбылуы, адам денесінің әдемілігін түсіну, қоршаған ортаның формасы мен бояуларын қабылдауды үйренуге талпынған. Оның көп шығармаларына тән нәрсе — әшекейлеу. Ұлттық костюмдер, сәндік бас киімдер, сәндік бұйымдар, маталардың жеңілдігі, олардың оюлары, заттардың әртүрлі формалары – Исмаилованың тақырыптық әлемі.. Оның еңбегі V Бүкілодақтық кинофестивальда «Захар Беркут» ( А. П. Довженко атындағы студия), «Рустам и Сухраб» («Тәжікфильм») эпикалық фильмдерінің қатысуына қарамастан ең үздік еңбек болып табылған. Қазақ киносының тарихында алғаш рет қазақ халқының ұлттық киімдері, тұрмысқа қажетті заттары және жауынгерлік жарақтары бейнеленген осы фильмге арнап 1500-ден астам эскиздер жасады. Одан кейін суретші әр түрлі қалаларда жұмыс істеді. 1971 жылы Г. Исмаилова Абай атындағы Мемлекеттік акдемиялық опера және балет театрының бас суретшісі болып орналасты. Ленинградта Сурет Акакдемиясында өзінің жары С. Сидоркинді кездестірді. Ол Исмаиловаға деген махаббатының арқасында қазақ мәдениетін және Қазақстанды жақсы көрді. Олар жасаған графикалық жұмыстар Абай жолы романына жасаған иллюстрациялар мен графикалық жұмыстар қазақ халқының ділін, дүниетанымын ашып көсете білді. Оған қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін Қаз ССР-нің Мемлекеттік премиясы берілген болатын. Бақытты және үйлесімді өмірдің жемісі ретінде дүниеге келген ұлы – Вади екі суретшінің де қабілетін бойына сіңірген ол да суретші. Ол алған білімі бойынша кескіндемеші, ал өмірде еткен еңбектері жөнінен алғанда суреттемеші. Сондай-ақ портреттер салуды жақсы көреді, өзін қызық әрі талантты суретші ретінде көрсетті. 1956-57 жылдары Г. Исмаилова көркемсурет училищесінде сабақ береді.Алайда тағы да кинематографиямен айналысуна тура келеді – бұл жолы Е.Аронның «Ботагоз» картинасындағы басты ролді сомдау тиеді. СЫДЫХАНОВ Әбдірашид Аронұлы – 1937 ж. Гурьев облысы Кулагин ауылында дүниеге келген. 1965 ж. Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірді.( Алматы қ). 1965 ж бастап көрмелерге қатысушы.1967 ж ССРО СО мүшесі. 1965 ж. бастап Алмтыда жұмыс істейді. 1980 жылдары суретші өзінің суреттеме тілінің стилін өзгертіп, көрермендер мен сыншылардың жоғары бағасын алған: «Тон киген қыз» (1981, ГТГ, Москва), «Бозторғай әні» (1982), «Ақ бұлақ» (1986), «Әдемі інгенді сауу» (1987,. Қастеев атындағы ГМИ, Алматы), сондай- ақ «Өз күшіктерін жеген ит» (1988,. Қастеев атындағы ГМИ ), шығармалары жарық көріп, Каспий жағалауындағы республикалардың Бакуде өткен на Биеннале көрмесінде алтын медальмен марапатталды. 1986 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Мемелкеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1990 жылы, Қазақстан Республикасының өнерге еңбек сіңірген атағы берілді. Құрмет орденінің құрметті иегері, “Тарлан” сыйлығының лауреаты болды. Оның еңбектері Қастеев атындағы Мемлекетік өнер мұражайында, Мәскеудегі Мемлекеттік Треьяков галереясында, Польшадағы Хута Катовица мұражайында, АҚШ-тағы Зиммерли мұражайында, Франция, Швейцария, Англия, Жапония, АҚШ, Израил, Лихтенштейн жеке коллекцияларында орналасқан.
ШАЯХМЕТОВ Кәмил Махмұдұлы – Қазақ ССР өнерінің еңбек сіңірген қайраткері Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Ленинградтағы Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын аяқтаған. Ю. Непринцевтен тәлім алған, 1956 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс істеген. 1957 жылдан бастап, көрмелерге қатысқан, осы жылдан бастап ССРО СО мүшесі. 1995 жылы Алматы қаласында дүние салды. 1970 жылдары Кеңес өнерінде суретшілердің өмірдің мықты және терең көріністерін бейнелеу, ірі жоспарлы шешімдерге талпыну үрдісі едәуір артты. 70-жылдардағы шығармалары — «Астық орушылар», «Көктемгі еңбек», «Қойшылардың өмірінен», «Даладағы ақ қала», «Қойшы Рахымжановтың портреті», «Кәмшат Дөненбаева», «Қойшы Әлібек», «Комбайншылардың түскі асы» – Шаяхметов таңдаған тақырыбы Қазақстанның еңбекші халқын және табиғатын жырлау тақырыбына арналды. Суретші шығармалары халықпен және ұлттық дәстүрмен байланысты сезіну қажеттілігінен туындаған. КЕНБАЕВ Молдахмет Сыздықұлы – Қазақстан халық суретшісі, В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады, В. И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік көркемсурет институтын аяқтаған. Ф. Решетниковтен тәлім алған. 1956 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс істеді. 1965-1980 жылдары – В. И. Ленин атындағы Қазақ Мемлекеттік политехникалық институтының сәулет-құрылыс факультетінің сурет және кескіндеме профессоры, 1980 жылдан бастап Алматы сәулет құрылыс институтының профессоры. 1949 жылдан бастап көрмеге қатыушы, 1955 жылдан бастап ССРО СО мүшесі , 1993 жылы Алматы қаласында дүние салды. Молдахмет Кенбаев 1950 жылдардағы суретшілер легіне жатады. Ол өнерге бірден кірді. М. Кенбаев картиналары халықтық сипатты кеңінен бейнелейді, қазақ халқының салт-дәстүрін жырлайды. М. Кенбаев суреттерінің көркемдік құнды екендігін Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясы қоры және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында сақталғаны дәлелдейді. М. Кенбаевтың үздік шығармалары- «Асауды ұстау» (1961), «Әңгіме» (1957), «Қойшының әні» (1956) – даланы өмірдің, әдеміліктің, поэзияның бастауы ретінде жырлайды. Онда адам мен табиғаттың үйлесімді бірігу сезімінен туған қуаныш бейнеленген. М. Кенбаевтың сіңірген еңбегі күнделікті дәстүрлі әдемілікті көріп жырлай білгендігінде. Оның суреттерінде қарапайым ғана көріністер жер қожайынының және табиғаттың үйлесімді әніне айналады. НАУРЫЗБАЕВ Хакімжан Исмаханұлы – Қазақстанның алғашқы ұлттық кәсіби мүсіншісі. 1925 жылы 25 тамызда Қостанай облысында туды.1939 жылдан бастап, 1941 жылға дейін Мәскеу көркемсурет мектебінде сырттай білім алды. 1943 жылдан 1945 жылға дейін Қаз ССР Кеңстік халық комитетінің шақыруы бойынша Алматы көркемсурет училищесінде оқып жүріп, мүсінші О. Кудрявцева және С. Бесединаның шеберханасында жұмыс істеді. Сол кісінің кеңесімен Мәскеу сәулет институында оқып, бір жылдан кейін О. Кудрявцева және С. Беседина шеберханасына Харків мемлекеттік көркемсурет институтының мүсіндеме бөліміне ауысады. 1951 жылы ол ХМСИ –ды үздік бітіріп, «Атқа мінген Жамбыл» тамаша дипломдық жұмыс жасайды. Сол жылы Наурызбаев Алматы театр көркемсурет училищесінде мұғалім болып қызмет атқарады. 1952 жылы ССРО СО мүшесі болып, мүсіндеме бөлімін ашады және 1964 жылға дейін шығармашылық шеберхананы басқарады. Қазақ ССР халық суретшісі. Алматы қаласындағы Абай Құнанбаев және Ш. Уәлихановқа қойылған ескеркіштері үшін Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығына ие болды. Наурызбаев- қазақстан халық суретшісі, профессор, Мемлекеттік сыйлық лауреаты. ТЕЛЖАНОВ Қанафия Темір-Болатұлы — Отандық мәдениеттің көрнекіт қайраткері, Қазақстаннның бейнелеу өнерінің қалыптасуына үлкен үлес қосушы. Телжанов 1927 жылы 1 мамырда Омбы қаласында туылды, 1932 жылдан бастап, Ленинградта тұрды. Суретшілік қызметін Е. Репин атындағы суреттеме, мүсін және сәулет институтының қабырғасында жүргенде-ақ бастады. 1953 жылы институтты аяқтап, осы жылы ССРО СО мүшелігіне кіреді. 1949 жылдан бастап К. Телжанов барлық халықаралық ,бүкілодақтық, республикалық көрмелерде — Венгрия, Чехословакия, Польша, Румыния, Югославия, Финляндия, Бельгия, Болгария, Индия, Цейлон, Ауғанстан, Бирма, Монғолия, Канада, Швеция, Дания, Мексика және т.б. елдердегі көрмелерге қатысқан. «Бабалар жерінде», «Көкпар», «Домбыра үні, «Жамал», «Карлығаш», «Тыныштық», «Қазақстан 1918 жылы», «Алғашқы», «Күн сәулелі өлкеде», «ҮЙДЕ», «Жалын», «Әнші», «Ағым», «Шындық», «Бостандық», «Үміт», «Бақыттылар», «Абылай», «Бостандық үшін» және көптеген шығармалар халыққа кеңінен танылған шығармалар болды. Суретші шығармалары классикаға айналған көп қырлы Қазақстанның өткені мен қазіргісін терең философиялық түрде бейнелейді.– Қазақстан Халық суретшісі У. Таңсықбаев: » Телжанов картиналары туған өлке қазақстан туралы әдемі әндер, оның халқының жарқын болашағы үшін күресі туралы «-деп бағалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының академигі, Қазақстан халық суретшісі, ССРО халық суретшісі (1978). Тарихи және қазіргі заманғы тақырыптарға арналған монуметтік шығармалары бар. («Әнші», 1967). Халықаралық Ғылым Академиясының академигі, профессор. ДОСМАҒАМБЕТОВ Төлеген (1940–2001). Қазақстан мәдениетінің біртұтас кезеңі ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаушы Т.Досмағамбетовтің есімімен байланысты. Қазақ халқының батырлық тарихын бейнеленген оның жұмыстары республиканың әрбір қаласында орналасқан. Олар Ақан-Сері, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Ғани Мұратбаев, Қаныш Сәтпаев , Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіштер және кеуде мүсіні . Оның қаламынан Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Әнуар Әлімжанов, Тоқтар Әубәкіровжәне олардың ұлы замандастарының портреттері туындаған Т.Досмағамбетовтің соңғы көптеген жұмыстары Қазақстанның жаңа астанасы – Астананың келбетін суреттеді. Ол Есіл өзені арқылы өтетін көпірге орнатылған – барыс мүсіні, Тағы бір мүсінді баланың өмірін құтқарған қасқыр туралы аңызға арнаған Ол мүсін Астана қаласының орталығында тұр. Алматы көркемсурет училищесін және Ленинград көркемсурет академиясын тәмамдаған. Оқуын бітірген соң ССРО СО мүшесі болды, ал 35 жасында респуликаның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстан өнерінің еңбек сіңірген қайраткері болды. Т. Досмағамбетовтің өзі былай дейді: “Мүсін дегніміз – мыңдаған жылдардың ескерткіші және әрбір суретші өзіндік жаңалық қосуы керек”.

Қорытынды

Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды.Кеңес билік құрған алғашқы онжылдықтарда КСРО-дағы сияқты Қазақстанда да бұқараның мәдени деңгейін арттыру саласында да қомақты жетістіктерге қол жеткізді.
ХХ ғасырдың басында қазақ өнерінің қалыптасуы қазақ тарихында елеулі орын алды.Қазақтың музыка,театр,би өнерлері жан-жақты дамыды. Мәдени-ағарту мекемелері мен бұқаралық кітапханалар,клуб мекемелері желісі кеңейе түсті.Қазақ халқы өзінің өнерін бүкіл әлемге паш етті.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан тарихы очерктер А.1994 ж

2.Қазақстан тарихы 3 том А.2001

3.Қазақстан тарихы Қ.Аманжолов 2 кітап А.2004

4.Қазақстан тарихы Ч.Мусин А.2000

5.Ұмытылмас есімдер Б.Ысқақов А.1994

6.Ғабитов Т.Ж., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.. Мәдениеттану.-Алматы,2004

7.Құлсариева А..Мәдениеттану сөздігі .-Алматы, 2001.

8.ҚР мәдени және тарихи ескерткіштер жиынтығы.-Алматы 2002.

9.Қазақ мәдениеті, «Аруана» -Алматы 2005.
Тағы рефераттар