Сабақтың максаты: Елестету мен еске түсіру арқылы киіз үйдің суретін салу. Балаларды халық шеберлері жасаған киіз үйдің құрылымымен (кереге, уық, шаңырақ, ши, түндік, бау басқұр) таныстыру. Киіз үйге байланысты атаулардың мазмұнына сипаттама беру.

Сабақтың көрнектілігі; Киіз үй бейнеленген таблица, халық шеберлерінің жұмыстарының репродукциялары, киіз үйдің фотографиялары. Кітаптар: Ә.Мәрғұлан Қазақтың сәндік қолданбалы өнері, І988 ж; М.Мұханов «Қазақтың үй өнеркәсібі» 1978 ж;Ә.Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1979 ж.

Сабақтың жоспары:

1. Қазақ халқының ертедегі кәсібі мен тұрмысы туралы түсініктер беру.

2. Киізүйдің құрылысы меноның бөлшектеріне сипаттама.

3. Киіз үйдің сыртқы ішкі көріністерін кітаптармен фотографиялардан көрсету.

4. Киізүйдің түрлері туралы әңгіме.

5. Киіз үйдің пропорциялық өлшемдер қатынасы туралы түсінік.

6. Киіз үйді салу жолдарын тақтаға бейнелеу.

7. Кеңістіктегі бір-бірінен алыс не жақын орналаскан бірнеше киіз үйлерді бейнелеу жолдарын көрсету.

8.  Үйлерді бейнелеу.

Бұл сабақ жоспарда көрсетілгендей, алдын-ала дайындықты қажет етеді. Сабақта оқушыларға қазақ халқы ертеде көбіне мал шаруашылығымен айналысқандығын, соған байланысты көшіп қонуға лайықты тұрмыстағы пайдаланатын заттарының, үйінің формасы ерекше болғандығы айтылады. Сонымен қатар кереге, есік, уық, шаңырақ бақан-ағаштан жасалып, туырлықтар мен түндік бау мен басқұр жүннен жасалынғандығы туралы мәліметтер беріледі. Бұларды бояуға табиғи заттарды пайдаланғандығы туралы айтылады. Мұнан соң көрнекі құралдардың көмегімен киіз үй бейнеленген суреттер репродукциялары көрсетіледі. Киіз үйдің суретін салып көрсетіп, онан соң бірнеше үйлерді кеңістікте бейнелеу әдістеріне көңіл бөлінеді.

Оқушылар бейнелеу жұмысына кіріспес бұрын: алыстағы заттарды  шартты түрде кіші етіп, қағаздың жоғарғы жағына, жақындағылары үлкен өлшеммен форматтық төменгі бөлігіне бейнелеу қажет екендігі көрсетіледі.

Үйлерді қағаз бетке орналастырып болған соң мүмкіндігінше арба, жайыльш жүрген мал, т.б. көріністерді қосуға болады. Үй көріністері каламмен салынып болған соң, оны акварель гуашь бояуымен боялады.

Егер бұл сабақ қала мектебінде өтілетін болса, балаларды алдын ала өлке  тану музейіне апарып, киіз үйдің құрылысымен таныстырған орыңды.
Тағы рефераттар