Қазақстандағы әлеуметтік қатырастарға талдау жасағанда жекелеген феодалдық институтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығын және біз назар аударып отырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өмірінде сол өзгерістердің қандай орын алғандығын арықтаудың маңызы өте зор. Мәселені бұлай қарастырмайынша жекелеген феодалдық институттардың  таптық және әлеуметтік мәнін ашу мүмкін емес.» Қоғамдық ғылым мәселедегі ең сенімді нәрсе,-дейді Ленин,-негізгі тарихи байланысты ұмытпау, әрбір мәселеге тарихтағы белгілі құбылыс пайда болды, бұл құбылыс қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген көзқарас тұрғысыан қарау және осы даму көзқарасы тұргысынан сол заттың қазір не болып отырғанына қарау» 

Ревалюцияға дейінгі буржуазиялық тарихшылар Қазақстандағы «ақсүйек» пен «қарасүйек» деген екі әлеуметтік топты ғана білді. Олар ақсүйекке барлық Шыңғыс хан тұқымдары, ал қарасүйекке бүкіл қалған халықты жатқызды.Бұл екі топ барлық зерттеулерде әден қалыптасқан    әлеуметтік категориялар болып тұрғыланды. Сондықтан бұл авторлардың еңбектерінен ХV ғасырда да, ХVII-ХIХ ғасырларда да «ақсүйек» пен «қарасүйекті» кездестіруге болады. Алайда бұл әлеуметтік топтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығы,қарастырып отырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өміріне олардың қандай орын алатындығы анықталмай қалды.Жүртқа мәлім ХV ғасырдағы ақсүйек ХIХ ғасырдағы ақсүйекпен көп жағдайда өзгеше  болды, деп осыны «қарасүйек» жөнінде айтуға болады.Патриар-рулық қатынастардың ыдырауы жәнә топтардың саралануы процесінде «қарасүйектің» арасынан өздерінің жағдайы жағынан чингизидерге дес бермейтін текті шонжар және тәуелді қоғамдық топтар –егіншілер,жатақтар,байғұстар бөлініп шықты.

«Ақсүйек терминінің шығуы қазақ халкы тарихының бастапқы кезеңдерге жатады. «Ақсүйек» шонжарлардың пайда болуы татар-манғол басқыншылары үстемдік жүргізген кезеңмен және Қазақстанда феодалдық қатынастардың қалыптасуымне байланысты еді. «Ақсүйек» өкілдері   өздерін Шыңгыс ханның ұрпақтарымыз деп атады. Қазақтардың этногенезін зертеумен арнайы шұгылданған сұлтан Мендәлі Пірәлиев  былай деп жазды. «Ақсүйектің қарасүйекке үстемдік етуі жөнінде табиғи құқықтар деген ұғым бұл қазақтарға (қазақтар мен өзбектерге( монголдардан көшті дей аламыз.Қожайындар жерде жаралған жандар болмауы мүмкін дейтін қияли түсініктер олардықарапайым халықтан өзгеше тайпа деп есептелді.

Академик В.В. Родловтың атап көрсеткеніндей «тора» деген ежелгі түркі термині «ханзада» деген мағынада қолданылды.Г.Шленгелдің арнайы жазылған еңбегі  ежелгі түркі халықтарындағы және монғолдардағы осы терминнің тегі мне мағынасы арналған.

Орта Азия тарихын зертеуші Кары- Құрбан-әлі-Қажы-Халид-Бек-Оғлы «төре» терминің шығуы да Шынғыс хан заманына жатқызды. Ол былай деп жазды «Қазақ хандарынәдетте төре деп атаған «Төре» деген сөз кезінде Шыңғыс ханың заңдары мне заңдар жинағының атауы болған, кейін оның ұрпақтары қастерлеп атауына атаған»

Автор «төре» сөзін бағыныштыларды қамшымен жазалау деген мағынаны білдіретін парсының «дрэ» деген сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Бүдан әрі автор қазақ хандары Шыңғыс хан   заманынан бері   «төре» сөзін өздерінің ұлдары мен туыстарыжөнінде қолдануы деген түсінік    береді.   Ханың    бұйрығы   сөзсіз     орындалатын,    хан      өзінің

бағыныштыларын өлім жазасына кесе алатын болган,бірақ оның ұлдары мне туыстары мұндай құқық болмады-олар өз бағыныштыларын тек қана жазалай алды.

Төре дегеніміз ханның туыстары,олар өздерінің алатын орны жағынан хандардан төмен тұрды. Автор былай деп жазды, «төре» сөзі атақ деген мағынаны білдіреді.Шыңгыс ханың заманында мұндай атақ қолында толық билігі жоқ дегенді білдірген,Тибиян Нафидің тілдеррінде   жарық көрген кітабында «төре»   сөз  қолында     толық   билігі ,үлкен беделі жоқ адам екен мағынада қолданылған.Біздің заманымызда төре деп ханан төменірек түратындарды айтқан.

Мұның бәрі Мендәлі Пірәлиевтің   «төре» деген терминің шығуы жөніндегі     пікір    қуаттай   түседі. «Ақсүйек» өкілдері-төрелер   бөлек феодалдық кастаны құрып,қазақтың рулық қауымына   кірді. ХVII  ғасырларға дейінгі «ақсүйек»өкілдері-  хандармен сұлтандар –қазақтардың қоғамдық-саяси өміріне үстем болды. Қазақстандағы патриахалдық-феодалдық  қатынастарға және осы негізде қалыптасқан дәстүрге байланысты тек «ақсүйек» өкілі ғана хан болып сайланатын.Сұлтан деген     атақты тек чингизидтер ғана   алатын. ХVII ғасырларға дейінгі бұл атақ қазақтардың қогамдық-саяси өміріне Шыңғыс хан  үстем жағдайы арқылы орнықты. Бірақ ХIХ гасырдың бірінші  жартысында «ақсүйектің» бұрынғы бірлестігі енді байқалмайтын болды. Олардың сословиеліке біртектілігіне патша үкіметің саясаты елеулі соққы берді. Патшаға қызмет  етуге көшкен және үкіметтен ата тегінен бері  дворян деген   атақ   алған билеуші   сұлтандар мне аға сұлтандарды есепке алмағанда,1822 жылы жарғының негізінде және Кіші жүздің саяси жағынан        өзгеріске  ұшырауы  нәтижесінде   чингизидтердің қалған бөлігі өздерінің артықша жағдайларынан айырылып қалды. «Ақсүйектің» ұрпақтары қалған   бұқарамен араласып кетті.

ХIХ ғасырдың 40-жылдарында Орынбор Шекара Комиссиясының тапсырмасы бойынша қазақтардың жекелеген әлеуметтік топтардың –сұлтандардың,билердін және   тархандардыңы зерттелді. Зертеушілердің    бірі,ерекше тапсырмаларды орындаушы чиновник Андре қазақтардың арасындағы Шыңғыс хан тұқымдары жағдайына мынандай анықтама берді, «Орта Орданың батыс бөлігіндегі барлық сұлтандар өздерін Шыңғыс ханан тарағанбыз деп есептейді, ал бұлардын көбі ата тегін білмейді де . Өздерінің ақсүйектен тарағанын дәлелдеу олар үшін олар 3 ұрпақтан 6 ұрпаққа дейінгі тектерін білуге тырысады.Ордада Шыңғыс ханның  мұндай ұрпақтарының пайдаланатын артықшылықтары аз.

Бұдан әрі Андре «ақсүйектің» бұрынғы артықшылықтарынан чингизидтерге үйлену жөніндегі әдеп ғұрып қана сақталғандығын атап көрсетеді. Өздерінің тегін мақтан тұтқан «төрелер» өз қыздарын «ақсүектен» шыққан қазаққа ғана күйеуге беру дәстүрін жалғастыра берді.Бірақ бүл дәстүр де барлық жерде бірдей сақталмады.ХIХ ғасырдың бірінші жартысында төрелер «қарасүйекпен» некелесе бастады.Мұндай төрелерді «қараман» деп атады. Мәселен,»қарасүйектен» құдандалы болғаны үшін төре Барақтын руы солай аталған болатын.

Сонымен ХIХ «төре» сословиесі енді біртекті болудан қалды .Бай төрелермен қатар кедей, күйзеліске ұшыраған , касталық оқшауларынан айырылған төрелер де болды. Солардың көбі «қарасүйектің»өкілдерімен қыз алысып , қыз берісіп кетті.

Сонымен ХIХ ғасырдың бірінші жартысында «ақсүйек» атағының  сословиелік маңызынан гөрі тарихи маңызы көбірек болды. Тек патша әкімшілігі жөнінде белгілі бір қызметке ие болған сұлтандар ғана мұндайға ұшыраған жоқ. Сұлтанның шаруашылығы қауыммен тығыз байланыста болды, өйткені оған қауым мүшелері  қызмет етті .Ақырында, төрелердің өз арасында көшпелі қауымдай патриахалдық -рулық қатынастар орын алды.

Қарастырылып отырған кезеңдерде сұлтандар мен ру шонжарларын қарама-қарсы қоюға болмайды. Сұлтандар мен ру шонжарларының  жерді пайдалануға қатысты , сондай-ақ көшпелі қауымды қанау формалары өзгерген жагдайларға сәйкес бірдей болды.

Көшпелі қауымның қанауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары –билер еді. Сөз болып отырған кезеңдерде билерде қазақтардың арасында үстем жағдайда ие болды Олар ерекшк құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуелі бастан-ақ қауымдық қатынастардың едәуір бөлігінде иелік еткен, бірақ ХIХ ғасырдың бірінші жартысында мал өсірудің дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап,таңдаулы кыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады.Байыған ру старшындарының , яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды.

Сонымен ру билері хандар мен сұлтандар мен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті білугеқатысты.

Тек «қарасүйектің» өкілдері би бола алатын ,чингизидтер би болып сайлана алмайтын,бірақ сот істерін талқылауға бұлар қатысатын.

«Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезеңге дейін әлі анықталған жок. Құрбанғали Халид Оглы «би» деген сөз «бек» немесе «билік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болды. Ол былай деп жазды—— «Би» деген атақ, әрине, «бек» деген сөзден шыққан. «Би» және «бек» сөздері кабир газим деген араб сөздің мағынасы. Мұның аудармасы «бір рудың басты немесе ру старшыны немесе қала бегі» «Түрік Лу ати   деп аталатын түрік сөзінде «бек» сөзінің мағынасы анықталады. «Бек кейбір чиновниктер мен лауазымды адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет ететін адамдарға атттақ кейбір   шетттелдік өкілдерге   берілетін атақ.

Сұлтандар   мен ру   шонжарлардың көшпелі кауымды қанау формалары сәйкес болғандықтан,оларды жеке –жеке суреттеп жатудың қажеті жоқ.Сұлтандар сияқты ру шонжарлары билер, батырлар, да қазақ қауымына өздерінің үстемдік  жүргізуін қамтамасыз ететін патрехалды –рулық қатынастардың сақталуына мүдделі болды

Қазақтардың қоғамдық – саяси өмірінде көрнекті рөл атқарған келесі әлеуметтік категория- батырлар. Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-феодал шонжарлардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал «батыр» терминінің өзі қазақтарға өте ерте заманда пайда болды.

«Батыр» деген сөз «багадур» және «бакхатур» деген түркі сөздерінен шыққан. Қазақ тарихының сонау алғашқы дәуірінде-ақ қазақ даласы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, щларға қарсы   күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады . Осы жасақтарды шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «каһарман», «ер», «ержүрек»,»жауынгер» деген мағыналарды білбірді.

Кейінгі кезде руаралық күресте, барымтада, тағысынтағыларда көзге түскен кез келген адам батыр деп аталатын болды.Мысалы, С.Трубин қазақтар өздерінің барымтадағы батырлығымне «батыр» днген құрметті аттаққа ие болатындығын жатқызды.

Қазақ бай феодалдары  да руаралық қақтығыстарға , жұдырықтасып төбелесуде көзге түскен өз адамдарына батыр атағын беріп отырды. Батыр деген құрметті атақты жарлы жақыбайдың шыққан кедей адамдар да иеленді.

Алайда осының бәрі батырлардың белгілі әлеуметтік топқа қатыстығын ашып көрсетпейді және олардың таптығыр анықтайды. Егер біз батыр терминінің дәстүрлі түсінігін негіз етіп алып, батырларды таптан жоғары түрғыдан әлеуметтік категория деп сипаттасақ, кателескен болар едік.

Енді әуелі мынаны есте ұстауымыз керек .Феодалдық қоғамда   әлеуметтік қатынастар патриархалды  -рулық сарқыншақтармен қалай  бүрмеленсе де бірде-бір әлеуметтік категория таптық ортадан тыс өмір сүре алмайды. Батырлар жөнінде осыны айтуға тура келеді.Әрине батырлар институтты өзінің дамуында белгілі өзгерістерғе ұшырады. ХI- ХII ғасырларда аңызға айналған батырлармен ХVIII-ХIХ ғасырлардың батырлардың арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Батырлар   о бастан  тайпалардың, рулардың әскери қолбасшылары болған    деп   есептеу    керек. Феодалдық қатынастардың пайда болуына байланысты  қолбасшылардың әскери қызметі өзгере бастады.

Өздерінің тегі  қандай  болса да, жарлы-жақыбайдан шыққандарына қарамастан батырлар бірте бірте  ру шонжарлардың   құқықтарын иемдене бастады да, қоғамдық өмірде олармммен   бірдей   рөл атқарды. Батырлардың қоғамдық жағдайына бірте-бірте   болған мұндай өсуді тарихи   мысалдардан   көруге    болады.

Сонымен   қатар қазақтардың   жонғар, ал кейін   Орта Азия басқыншыларым болған   соғыстар да батырлардың әлеуметтік рөлінің өсіуіне елеулі ықпал жасады. Осы соғстардың   барысында батырлар  ру шонжарлардың құқықтарын иеленіп, өмірде жетекші тұлғаларға айналды.Бұл туралы қазақ ағартушысы Шоқан Уалиханов былай деп жазған болатын, «Батыр- қырғыздарда ру басты сұлтаннан кейінгі маңызды ,әрі көрікті тұлға. Ол- ең басты беделді адам, оның ақыл-кеңесімен халық әр кашан есептесіп отырады.

Батырлардың таптық табиғатын Шоқан Уалиханов  туып айтқан осы бағадан олардың феодалдық сатыда екінші орын алатындығын көруге болады.

Осыған орай мынаны атап өткен жөн…… қазақ байлары мен  сұлтандарының  бір мезгілде батыр атағын иеленуі  ХIХ  ғасырдың орта тұсында  өте –мөте жәйт болды. Мысалы, Тезек сұлтан ,  ол- сонымен бірге Тезек батыр болған . Бұл жәйт  қазақ қоғамдық феодал  басшы топ арасында батырлардың әлеуметтік жағдайының күшейе түскендігі байқалады.

ХIХ асырдың орта тұсына қарай қазақтардың экономикалық өміріне жана әлеуметтік топ – байлар  көрнекті рөл атқара бастады. Бұл орайда «бай» деген термин арқылы қазақтар  бұрын қандай да болсын бай феодалды атағанын есте ұстау керек. Қарастырып отырған кезеңде « бай» деген сөз басқа бір әлеуметтік мән-мағына берген . Байлар сауда мен өсімқорлық ақшаға қатысты істердің дамуына байланысты ерекше қоғамдық топ болып қалыптасты. Қазақтар арасында ірі саудалық өсімқорлық істермен айланысқан  бірсыпыра бай феодалдар пайда болды.

Сұлтандар арасынан да, ру шонжарлар ортасынан да, сондай –ақ  «қарасүйек» шонжарлар арасынан да бай феодалдар шықты. Сол заманнан бері сақталып келе жатқан «Батыр болып ,бай болса , патшадан несі кем ?  деген сияқты  халық осы  мақал-мәтелді аңғарса керек .Бай -феодал өз шаруашылығы үшін қызметшілер жалдауды әдетке айналдыра бастады Егер ру шонжарларында «туысқандық көмек» көрсету деген желеумен  қоңсылары мен руластары бақташы болып жұмыс істесе , ал бай қызметшіні шарттық сөз жүзіндегі негізде белгілі бір ақы беріп жалдады.

Сонымне ,феодалдық құрлыстың қанауында  пайда болған әлеуметтік топ – байлар-қазақтардың экономикалық өмірінде жаңа құбылыс еді. Жоғарыда айтып өткеніміздей ,бай-феодалдар     тауар-ақша  істерімеи бірінші кезекте өсімқорлық ісімен тығыз байланыста болды. Алайда осыған қарамастан байлар айланысқан істің дамуы Қазақстанда тауар өндірістің пайда болуын көрсетті.
Тағы рефераттар