Қоғам ұғымы туралы қазақша реферат

Қоғамның қалай,қандай жағдайларда пайда болуы туралы бұрынғы және қазіргі ғылыми болжамдарда бір ойды түйіндейтін шешімдер жоқ.Дегенмен де, барлық оқымыстылар,әдеттегідей,қоғамның қажетті белгісін – саналы  және ерікті адамдардың жиынтығы ретінде бөліп көрсетеді. Тарихи және әлеуметтік ғылымдардың тұжырымдарына қарағанда, жеке тұлғалардың адамзат қоғамына бірігуін , олардың ортақ мақсаттарының негізінде болатындығы анықталады.Жалпы алғанда , мақсатсыз қоғам болмайды.осындай тұжырымдарға мүлдем қарсы келмейтін жағдайлар, бір қоғамда бірнеше мақсаттар, біріне-бірі ұқсас не қарама-қайшы болулары мүмкін. Әр адамның алдына қойған жеке мүддесі болады. Ол қоғамдық ортаға қанша бейімделгенімен, оның жеке мүддесі сақталады. Сондықтан, жалпы мүдде жеке адамның мүдделеріне әділетті түрде қайшы келуі мүмкін. Ең маңыздысы, сол мүдделердің қайсысының басымдылығында. Қоғамның ұйымшылдығы, мүшелерінің жалпы және жеке мүдделерінің үйлесуіне байланысты.Олардың мүдделерінің сәйкес келмеуі қоғам өмірін тұрақтандырмайды.

Қоғам – мүдделердің өзара сәйкестігі негізінде құрылады, ал олардың орындалуы, жеке адамдардың өзара қарым-қатыныстарына байланысты болады. Яғни, бірігіп жұмсаған күштің нәтижесінде, жеке адамның жете алмайтын мақсаттарына жетуге болады. Мысалы, К.Маркс қоғамды «адамдардың қарым-қаттынасының жемісі» — деп қысқа анықтаған.

Загрузка...

Бірақ,ондай мүдделері бір-біріне сай адамдардың жиынтығы, бірігіп қоғам болмайды. Дегенмен,бәрі бірдей бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы, жалпы мүдделердің негізінде қоғам құрмайды. Қоғам – деп айтуға тек, адамдардың, бір-бірімен қарым-қатынасы ғана емес, олардың мүдделеріне сай, тұрақты және объективтік сипаттағы адамдар жиынтығы болуы қажет. Мұндай қоғамдық қатынастар, қоғамдас адамдардың өз мәніндегі жұмыстарын қамтамасыз етеді, оның ұдайы өндірісімен өзін-өзі дамытады.

Қоғам, қалай болса солай, не болмаса, күштеумен біріккен адамдардың жиынтығы емес. Адам қоғамсыз,әлеуметтік қатынастарсыз уақыт өткен сайын еркімен маңызды бағалылығынан айырылады. Бұл жөнінде К.Маркстің, адамның мәні, оның қоғамдық қатынастарының жиынтығында деген ойына ешбір талас жоқ.

Адам – қоғамның ағашқы клеткасы. Бірақ, қоғам жеке адамдардың механикалық конгломераты емес. Бұл өте қиын, көп түрлі байланыстағы, қатынастағы әлеуметтік құрылым, яғни қоғам мүшелерінің және олардың әр түрлі қосылымдарының арасындағы қалыптасқан көп түрлі байланыстар және қатынастар.

Қоғам, өзара қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы ретінде, ұйымдастырушылық факторға ие, себебі ол адамдық тәртіптің шекарасын барлық қоғамның мүддесі үшін белгілейді. Бұл қызмет, қоғам белгілеген жалпыға бірдей міндет, жөнге сай арнаулы өкімет органдары арқылы орындалады.

Сонымен, қоғам түсінігіне мынадай негізгібөліктер, белгілер кіреді:

— саналы және ерікті адамдардың жиынтығы.

— тұрақты және объективті сипаттағы жалпылама мүдделердің болуы.

— жалпы мүдделердің негізінде әрекеттік және ынтымақтастық.

— қоғамның ішкі тәртібін және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілеті бар, ұйымдасқан күштің құрылуы

.
Загрузка...

Тағы рефераттар