ХХ ғасырдың басындағы күрделi тарихы оқиғаларға белсендi түрде тiкелей араласып, терең iз қалдырған әлихан Бөкейханов сияқты iрi қайраткерлердің қызметi мен қоғамдық-саяси көзқарасын жан-жақты талдау арғылы, бiз Отандық тарихымызды одан әрi терең түсiнуге жол ашпақпыз. Мүның өзi бiз зерттеп отырған тағырыптың өзектiлiгi көрсетедi. Жалпы, отарлық бұғау құрсауында болған елдердің тарихында ерекше жазылуға тиiс кезең — азаттық қозғалыс тарихы болатындығы түсiнiктi болды.Кеңестiк тарихнамада ұлттық қозғалыстар, саяси партиялар тарихы тым бiржақты, қатаң таптық көзқарас түрғысынан зерттелгендiгi белгiлi. Онда негiзiнен, марксистiк доктрина қағидаларының дұрыстығы, большевиктердің стратегиясы мен тактикасының толықтай салтанат құратындығы айтылатын. Ал басқа (буржуазиялық), «ұсақ буржуазиялық», «контрреволюциялық», «ұлттық» жалпы айтқанда, пролетар емес, және т.б. партиялар мен қозғалыстардың  негiзгi жоқтығы, халықтан алшақтығы, сондықтан да олардың болашақта болмай қоймайтын жеңiлiсi дәлелденiп отыратын. Ресей империясында пролетариат диктатурасының және бiр партиялық жүйенің орнауы заңдылық болып табылатыны, оның обьективтi тарихи процесс екендiгi, ал басқа балама жолдың тек тұйыққа әкелiп тiрейтiндiгi санаға терең енгiзiле түсiндiрiлетiн. ұлт-азаттық қозғалыстарының жекелеген қайраткерлерiнің ролiн көрсету, Коммунистiк партияның коллективтiк мүддесiне жат, беделiне нұсқан болып саналғандықтан, бодан ұлттардан шыққан тарихи тұлғаларды, соның iшiнде саяси ұлттық тәуелсiздiк үшiн күрескен, қайраткерлердi арнайы зерттеуге тыйым салынды. Коммунист «тапшыл» тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметiн жазуға ғана рұқсат етiлiп отырады. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 25 наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясының елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Қоғамдық — саяси әрекеттері

Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.1905 ж. бастап Ресей конституциялық демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша

өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
Тағы рефераттар