МАЗМҰНЫ
1 ПӘНДІК ОБЛЫСТЫ ТАЛДАУ 7
1.1 ПӘНДІК ОБЛЫСТЫҢ ER ДИАГРАММАСЫ 7
2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТ 10
2.1 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА 10
2.1.1 Функционалдық тағайындауы 10
2.1.2 Пайдалану тағайындауы 10
2.1.3 Орындалатын функциялардың құрамына талаптар 10
2.1.4 Кіріс және шығыс деректерді ұйымдастыру 10
2.1.5 Уақыт сипаттамалары және орын алатын жадының көлемі 11
2.1.6 Техникалық құралдардың құрамы мен параметрлеріне талаптар 11
2.2 ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 11
2.2.1 Тағайындалуы және қолдану облысы 11
2.2.2 Деректер қорының логикалық және физикалық модельдерін құру 11
2.2.3 Логикалық жобалау кезеңі 13
2.2.4 Физикалық жобалау кезеңі 13
2.3 БАҒДАРЛАМАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 15
2.3.1 Жалпы мәліметтер 15
2.3.2 Функционалдық тағайындау 17
2.3.3 Логикалық құрылымының сипаттамасы 18
2.3.4 Қолданылған әдістер 18
2.3.5 Шақыру және жүктеу 19
2.3.6 Кіріс деректер 19
2.3.7 Шығыс деректер 19
3 ПАЙДАЛАНУ ҚҰЖАТЫ 20
3.1 КІРІСТЕРДІ ЕНГІЗУ 20
3.2 ШЫҒЫСТАРДЫ ЕНГІЗУ 22
3.3 ҚОЙМАДАҒЫ ТАУАРЛАРДЫ ҚАРАУ 25
3.4 АНЫҚТАМАЛАР 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33
А ҚОСЫМША 34
Б ҚОСЫМША 38

Кіріспе

Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі сферасы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдендіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді. Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандырылған жұмыс орны деп мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылатын профессиональды-бағытталған кішігірім есептеу жүйесін айтуға болады. Жұмыс орнын автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар. Ал қоймада жұмыс істейтін жұмысшылар тауарлар туралы мәліметтерді, яғни тауарлардың кірісі мен шығысы, қалдығы және пайда және т.с.с білу үшін осы бағдарламаны қолданса, керек мәліметтер алдында дайын тұрады. Осыған байланысты қойма қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету мақсатымен «Қоймалық есеп» бағдарламасы құрылды.

Бағдарламалық өнімді жасаудың мақсаты қоймалық есепті жүргізу бойынша жұмыстың тиімділігін жоғарылату және жөнелтпе құжаттардың шығыстарын төмендету болып келеді. Бұл бағдарлама қоймадағы тауарларды есепке алуды автоматтандыру және жүйелендіру үшін арналған. Бұл ақпараттық жүйе қоймалардағы, дүкендердегі тауарларды есепке алу бойынша бухгалтерлік операцияларға қатысты корпоративтік ақпараттарға жетімді болу үшін бітістіруші ретінде қолданылатын болады. Жұмыстың нәтижесі болып келесі артықшылықтарына ие өнім болады:

1)     Есепке алуды қолмен жүргізумен салыстыру бойынша үстемдер:

—         тауарларды қабылдау және өткізу рәсімдерінің жылдамдығының артуы;

—         сұраныстарды өңдеу жылдамдығының артуы;

—         құжаттарды толтыру кезінде қателердің азаюы.

2)     Сапасы бойынша:

—         Арнайы дайындықты қажет етпейтін түсінікті, ыңғайлы графикалық пайдаланушы интерфейсі;

Тауарларды есептеудің негізгі міндеттері:

—         Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған тауарларды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.

—         Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.

—         Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.

—         Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

—         Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.

—         Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:

—         тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;

—         материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.

Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:

—         материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;

—         құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;

—         біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

—         Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

Бұрынғы кездерден бастап сауда-саттық барлық адамдардың ажыратылмаған бөлігі болған. Ал кейбір адамдарға ол барлық өмір мәні болған. Қазіргі уақытта бұл өмірде саудасыз өмір сүру мүмкін емес. Жылдар, ғасырлар бойы бұл экономикалық үрдіс дамып жатыр. Сауда әсіресе экономикалық даму саласында өсіп жатыр. Бұл өсу көбінесе өзара арасында бәсекес ұйымдастырылған супер және гипермаркет желілерінің көтерме саудасында және майда сауда мекемелердің ретсіз шиеленіскен жағдайлардың ауысуы кезінде көрсетіледі. Қатаң бәсекес жағдайларында ұтымды болу үшін әрбір супермаркеттердің ұқсас желісі жеке супермаркеттер түйінінің кіші деңгейлі ішкі жүйеден тұратын нақты жүйе болуы керек. Мұндай ұйымдардың сәтті қызмет ету белгілерінің бірі бизнес процестерді автоматтандыру болып келеді. Оның бірі қоймалық есеп.

Сауда қызметімен айналысатын фирма үшін ең қиын тапсырмалардың бірі тауарларды нақты және ретпен есепке алу болып келеді. Өте үлкен біріншілік құжаттардың айналымы кезінде оларды реттеу өте қиын болады. Қазіргі саудадағы талаптар – бұл сұранысты болжау мүмкіндігін басқару, әкелінетін тапсырыстарды басқару және қоймалық қорларды тиімді ету жүйесі. Бұл маңызды тапсырмаларды шешуге қоймалық есеп процесстерін автоматтандыру көмектеседі. Кәсіпорын, сауда мекемесінде, т.б. бір ақпараттық орта құрылады және де тауарларға жасалған әрекеттер туралы барлық ақпараттар бір деректер қорына түседі. Нәтижесінде менеджерлер сатылған тауарлардың санын, сұраныстарды, жетпейтін тауарларға тапсырыс жасауды тез және оңай жасай алады.

Мұндай бағдарлама не үшін қажет? Кәсіпорын енді құрылған кезінде айналымдар да онша үлкен емес, сондықтан жай жазба кітапша мен санағышты қолданса болады. Бірақ кәсіпорын дамыған сайын бұл құралдарды қолдану тиімді болмайды. Қанша тауар түсті?, қанша өткізілді? немесе қаншасы жатып қалды?, мүмкін бір нәрсені арамза жұмысшылар ұрлады ма? деген сұрақтар туу мүмкін. Осы кезде қоймалық есепті компьютерде жүргізу қажеттілігі туындайды.

 Курстық жұмыс / 44 бет
Тағы рефераттар