Мазмұны

Кіріспе…..3

I бөлім. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы…….4
1.2Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын сипаттау…..5

II бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларын талдау
2.1.Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың жүргізілу операцияларын бағалау……11
2.2.Коммерциялық банктердің нарық экономикасындағы ерекшеліктері………..20

III бөлім ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары…….23

Қорытынды………25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі….27

Кіріспе

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру,депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Коммерциялық банктер-нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекмесі (Мысалы, Жапония банктері).

Курстық жұмыстың тақырыбы — «Коммерциялық банктер-нарықтық экономиканың дербес кәсіпорыны ретінде».

Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің функционалдық құрылымы, екінші бөлімде коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары,үшінші бөлімде коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық қызметінің дамуын,жетілдіру жолдары қаралды.

Коммерциялық банктердің  қызметінің дамуы үшін банктің ұйымдастырушылық –құрылымдық қызметі маңызды болып табылады.

Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымдық қызметіне банк төрағысы, акционерлер, басшылар, бөлім қызметкерлері, қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік- шаруашылық бөлімі және тағы сол сияқтылар кіреді.

Ал, банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымдық қызметін және оның даму ерекшеліктерін талдап зерттеу.

Курстық жұмыстың әдістемелік базасы: арнайы әдебиеттер, нормативті-құқықтық заңдар, актілер, ережелер тағы басқалар, сонымен қоса отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері тұрғысынан қаралды.

 Курстық жұмыс / 28 бет
Тағы рефераттар