Қонақ үйді сапалы басқаруда жетілдіру жолдары туралы қазақша реферат

Қонақ үй үшін ең негізгі мақсат мейлінше жоғары пайда алу,  шығындардың орынын тиімді толтыру болып табылады. Осы мақсатта қонақ үйлер тиімділік таныттыру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданылды. Осы шаруалардың неғұрлым пайдалырағы қонақ үй бизнесін компьютеризациялау  болып  табылады. Қонақ үйді  компьютеризациялау:

—         басқару жүйесінің  тиімділігін арттыруға;

—         қонақтардың ,  олардың мүлкінің  және қонақ үй мүлкінің  қауіпсіздігін арттыруға;

—         отельдің  клиент  базасын  кеңейтуге  және  маркетингтік міндеттердің бірқатарын  шешуге;

—         қонақ үйдің қосымша қызметтерді ұсынуын  кеңейтумен  байланысты  кірістерді  ұлғайтуға  мүмкіндік  береді.

Осы аталған міндеттердің барлығы қазіргі уақытта,   кез келген қонақ үй үшін,  оның орналасуына,  категориясына нөмірлер санына тәуелсіз,  өте маңызды екені түсінікті.

Егер нөмірлер және қызмет кеңселері электронды құлыптармен жабдықталған болса,  онда компьютердің көмегімен оларды бір жүйеге біріктіруге болады,  бұл қосымша функцияларды атқарады:

—         орталық пульт арқылы немесе бірнеше нөмірлерді ашу,  блокадалау;

—          нөмірге рұқсатсыз кіру кезінде дабыл қағу белгісін алу;

—         есіктің ашық немесе жабықтығы,  қандай кілтпен жабықталғаны жайлы ақпарат алу;

—         нөмірде қонақтау бар,  жоғы жайында мәлімет алу. Бірақ қызметке тыйым салынады,  қонақтық жеке өміріне бас сұғу деп саналады.

Қонақ үй кешенінің орталықтанған басқаруының компьютерлік жүйелері қонақ үйдің жұмысын уақыттың және күштің шығынсыз реттеуге көмектеседі. Жүйе келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

—         бизнес процестерді жандандыру,  қағаз құажттар айналысын төмендету;

—         қызмет көрсету бөлімдері және персоналдьдың жұмысын бақылаудың жоғарылуаы;

—         қонақтарға көрсетілген қызмет сапасының артуы;

—         операциялық шығындарды оптимизациялау;

—         статистикалық және аналитикалық қызметтер

— қонақ үй шаруашылығықтарының автоматтандырылған кешендік жүйелерінің көптігіне қарамастан,  бұл жүйелердің құрылының негізгі принциптері ұқсас.

Барлық жүйелер қонақ үйдің негізгі қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын,  нөмірлік қорды басқару,  әкімшілік,  коммерциялық,  инженерлік,   тамақтандыру бөлімі; автоматтандыратын бағдарламалардың интеграцияланған пакеттері болып табылады. Бағдарламалар функционалды принцип бойынша құрылған.

Нөмірлік қорды басқарудың автоматтандырылған бағдарламасы нөмірлік қорды басқарудың резервтеуді; брондауды және орналастыруды,  қонақтарды тіркеуді,  қонақтың есеп шоттарын құру мен көрсетілген қызмет бағасын есепке алу арқылы жүргізуді қамтамасыз етуге көмектеседі.

Мейрамханалар,  барлар,  және басқа да қоғамдық тамақтандыру бөлімдерідегі қызмет көрсетуді және клиенттермен есеп айырысуды автоматтандыруға арналған бағдарлама келесі мәселелерді шешеді: қонақтардың тамақтану және залдардың кісі келу тығыздығын басқару бағдарламасын енгізу,  қоймаларда және өндірісте азық-түліктің болуын қадағалау,  азық-түлік қоймасына қойлатын талаптарды хаттау,  азық-түліктің өндірістікегі қозғалысын есептеу және бақылау,  ас мәзірі және тағамдар консультациясы.

Жүйелердің сервистік  модульдері құжаттарды дайындауға және басып шығаруға,  операциялық,  қаржылық және статистикалық есептерді құруға арналған. Кішігірім қонақ үйлерде Front office автоматтандыруға арналған қарапайым  жүйелер қолданылады. Кейбір жүйелерге мысал келтірсек,  кеңінен таралған универсалды жүйе әлемдегі ең ірі корпорация: Microz-Ficlelio- ның жүйесі Ficlelio жүйесі болып табылады. Бұл корпорация 20 жылдай уақыт бойы қонақ үйлер мен мейрамханаларды басқару жүйесін құруға маманданған. Қонақжайлылық индустриясында программалар құру ісі жөнінен көшбасшы болып табылатын MAI Hospitality  американ компаниясы құрған  Lodginq  Touch  жүйесінің 4500 – ден аса клиенттері бар шағын және кішігірім отельдерге арналған соңғы уақытта шыққан жаңа жүйе Nimeta  жүйесі,  қонақ үйді Интернет-технологиялар арқылы басқаруға көмектеседі
Тағы рефераттар