Көп құрамды құрмаластар туралы қазақша реферат

Көп құрамды құрмаластардың құрамында, аты айтып тұрғандай, кемінде үш жай сөйлем болады.

         Көп бағыныңқылы сабақтас. Құрамында екi не одан да көп бағыныңқысы, бiр басыңқысы бар  сабақтастың түрi көп бағыныңқылы сабақтас деймiз.

Көп бағыныңқылы сабақтастың мағынасы дара бағыныңқылы сабақтастың мағанасынан күрделi болады. Көп бағыныңқылы сабақтас бiр басыңқы, кемiнде екi я онан да көп бағыныңқы компоненттерден жасалады.

Бағыныңқылардың басыңқымен байланысына қарап, көп бағыныңқылы сабақтастар жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас, сатылы көп бағыныңқылы сабақтас болып екiге бөлiнедi.

Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастардың құрамындағы әр бағыныңқы сөйлем басыңқымен тікелей байланысады. Бағыныңқыларының мағыналарына қарай, бiрыңғай жарыспалы бағыныңқы, әр алуан жарыспалы бағыныңқы болып өз ара екiге бөлiнедi. Бiрыңғай жарыспалы сабақтасқа мысал: Ертеңiне тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бiр күн басталыпты (С.М.). Әр алуан жарыспалы бағыныңқыға мысал: Жиын есiне түскенде, бетiнен оты шықса да, мұғалiмнiң сөзiне көнбесiне Бектайдың шарасы болмады (М.И).

Сатылы көп бағыныңқылы сабақтастардың құрамындағы әр бағыныңқы сөйлем басыңқымен тікелей байланыса алмайды, бірінші бағыныңқы екіншімен, екінші үшіншімен т.т байланысып барып, басыңқы сыңармен байланысады.
Тағы рефераттар