ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ  

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі  жеделдетілген  шараларды іске асыру күн өткен сайын өзінің өзектілігін сақтап отыр. Өйткені, шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  барынша  кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған инстуционалдық  жағдайларды  жетілдіру еліміздің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға айрықша үлес қосады. Шағын  кәсіпорындардың  дамуы  нарықты  тауарлармен  және  қызметтермен толықтырады, экспорттың әлеуетін арттырады және  жергілікті  шикізат  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  жасайды.   Мақалада ҚР шағын бизнесті басқаруды қаржылай қолдауды жетілдірудің экономикалық тетіктерін іздестірудің кейбір жолдары, оның шетелдік тәжіриберелі туралы мәселелер қарастырылған.

Кілт  сөздер:  шағын  бизнес,  кәсіпкерлік,  шағын  кәсіпорындар,  мемлекеттік  қолдау.

Шағын  бизнес кәсіпорынының  дамуы Қазақстан экономикасындағы  жүзеге асырылған реформаларының бірі болып табылады. Үлкен  мөлшерлемедегі инвестицияны қажет етпейтін осы  кәсіпорындар ғана  әлеуметтік  тұрақтылық  кепілі,  нарықтық  кеңейту  шаралары  және  елдегі  бәсекеге  қабілеттілікті  жоғарылату  қайнар  көзі  болып  саналады.

Қазіргі кезде бұл кәсіпорындарды дамыту, алдымен қаржылық  қамтамасыз  ету  және қаржылық-несиелік  талдауды  іздеу мәселелерімен  байланыстырылады. Жаңашыл шарттарға сәйкес шағын кәсіпорын  капиталының негізгі қайнар  көзі  болып  бұрынғысынша  жеткіліксіз  меншік  ресурстары  қалады.  Бұл  шағын  бизнес  кәсіпорнының  несие  нарығына  және  жоғарғы  пайыз  мөлшерлемесі  жағынан  бағалы  қағаздар  нарығына  қатысуындағы,  әртүрлі  мемлекеттік  емес  бағдарламалардың,  қорлардың  және  үкіметтік  ұйымдардың  қаржылық  ресурстарға  шектеулер  қоюының  нәтижесі  болып  табылады.

Нарықтық  қатынастар  көптеген  адамдардың  «өз  ісіне»  деген  табиғи  ұмтылуды  тудырып,  өздерінің  меншіктерін арттыра  түседі. Ең соңында  бұл  қызметтің  ерекше  түрі –  кәсіпкерлік қайраткерлікке әкеп соғады.  Оның  көмегімен  адамдар  тәуекелге  бел  буып,  мүліктік  жауапкершілікті  сақтай  отырып,  пайда  табу жолын көздейді.  Кәсіпкерлікті  шығармашылық  күш-жігерді  жүзеге  асыруға,  экономикалық  және  ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа,  жаңашылдыққа  байланысты.   Кәсіпкерлікті   жаңа   тұрғыдан  түсіндіргенде  мынадай  екі  жағдайға:  біріншіден,  коммерциялық  бағыт-  бағдарға,  тәуекелдік  бел буушылық  пен  дербестікке,  бастаған  ісін  аяғына  дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден  экономикада,  ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-  техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.  Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады.  Олар: шаруашылық-өндірістік,  көтерме  саудада сату, жаңашыл, көрсетілетін  кеңес  беру  қызметтері  және  басқа да коммерциялық, делдалдық,  сол  сияқты  құнды  қағаздар  операциялары.

Қазақстан  Республикасында  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі  жеделдетілген  шаралардың  2005-2007  жылдарға  арналған  бағдарламасы  әзірленді. Бағдарламаның мақсаты  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  барынша  кеңейтуге  және  олардың  қызметін  жандандыруға  бағытталған  инстуционалдық  жағдайларды  жетілдіру  есебінен  Қазақстанның  бәсекеге  қабілетін  арттыру  болып  табылады.

Бағдарлама  шеңберінде  жүргізілетін  жұмыстардың  негізгі  бағыттары:

— шағын  бизнес  мәселелері  бойынша  заң  шығарудың  жаңа  регламентін  қабылдау  жолымен  заңнаманы  жетілдіру;

— шағын  бизнес  мәселелері  жөніндегі  нормативтік-құқықтық  келісімдердің  нәтижелілігін  қадағалау  институтын  енгізу;

—  әрбір  мемлекеттік  органда  «құқықтық  ақпарат  кабинетін»  енгізу;

—  әкімшілік  кедергілерді  азайту  және  бюрократиясыздандыру;

—  кәсіпкерлікті  қолдау  инфрақұрылымын  дамыту  болып  табылады.

Бағдарламаның  міндеттері:

— мемлекеттің  жеке  сектормен  өзара  іс-қимылының  жаңа  идеологиясын  құру;

— кластерлік-желілік  ұстаным  негізінде  өмір  сүруге  қабілетті  инфрақұрылымдық  жүйені  құру  және  қамтамасыз  ету;

— шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  барынша  ашық  заңнамалық  негіз  құру;

— шағын  кәсіпкерліктегі  көлеңкелі  айналымдағы  қысқарту  [1].

Қазіргі  жағдайда  капитализмге  ауысу  жолында  қоғамдық  меншікті  жекешелендіру  арқылы  ірі  кәсіпорындарды  таратып,  ұсақ,  шағын  және  орта мөлшердегі  кәсіпорындар  құрылып  жатыр.  Ол  дұрыс  деп  айту  қиын.  Дегенмен,  осы  бағытта  ірі  кәсіпорындар  жойылды.  Ендігі  мәселе  осы  шағын  кәсіпорындардың  кәсіпкерлік  ісі  туралы  болып  отыр.  Халық  шаруашылығы барлық салаларында шағын  кәсіпорындардың болуы  дүниежүзілік  тәжірибеде  экономикада  тиімді  іс  болып  табылады.  Қазіргі  замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа  тығыз  байланысты орта және  шағын  деңгейдегі  кәсіпорындар ара  салмақтарының  өзара  байланысты  көптеген  факторлармен  байланысы. Шынында  да  ірі  фирмаларда  зор  материалдық, қаржылық,  еңбек  ресурстары    және    маманданған   кадрлар    бар.    Олар   жоғары  дәрежеде  ғылыми- техникалық шешімдер  қабылдап,  өндірістің  технологиялық  жаңа  әдістерін  қолдана  алады.  Ал,  екінші  жағынан,  соңғы  уақытта  шағын  дәрежелі  кәсіпкерлік  істер  орын  алуда.  Ол  әсіресе  күрделі  қаражатты  және  қызметкерлер  кооперациясын  көп  талап  етпейтін  салаларда  және  тұтыну  тауарларын  шығару  салаларында  болады  [2].

Шағын  кәсіпорындардың  дамуы  нарықты  тауарлармен  және  қызметтермен  толықтырады,  экспорттың  әлеуетін  арттырады  және  жергілікті  шикізат  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  жасайды.  Шағын  кәсіпорын  дүниежүзінде  маңызды  орын  алады.  Ол  тек  қана  тұтыну  сферасында  емес,  сол  сияқты  кейбір  бөлек  тораптар  мен  механизмдерді  шығару  жағдайында  немесе  жартылай  фабрикаттар  өндіріп,  негізгі  басты  өндірісті  қамтамасыз  етуде  маңызды  орын  алады.  Шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  сондай-ақ,  жеке  адамдар  да  болуы  мүмкін.

Шағын бизнестің  басты мәселесі – ол несие  беру  саясаты.  Несие  тек  қана кепілдеме  ретінде  мүлікке  беріледі.  Ал  кепілдікке  жарайтын  мүлік  кәсіпорында  жоқтың  қасы,  сондықтан  шағын  кәсіпорындардың   керекті  несиесіне  кепілдік  бере  алмайды.  Сондықтан,  шағын  бизнесті  қолдайтын арнайы банк,  несие банктің бір  бөлімі  болуы  керек  [3].

Шағын  кәсіпорындар кадрларды даярлау,  банктік  несие алу  және  ақпараттық  қызметтерге  мұқтаж.  Шағын  кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез  айналатын сала  сауда- саттық,  қоғамдық  тамақтану,  азаматтық  құрылыс,  техника  және машиналарды жөндеу, т.б. салаларда орын  алып  отыр. Жоғарыда  келтірілген  осы  жағдайлардың  барлығы  кәсіпорындағы  басқару  шараларына  келіп  сүйенеді.  Қазіргі  таңда  қызметтерді  басқару  саласы  экономиканың  көптеген  жақтарына  маңызды  әсерін  тигізетін  бірден  бір  факторлардың  бірі  болып  табылады.

Қазақстанда  шағын  бизнесті  мемлекеттік  қолдау  барысында  салықтық  преференциялар  ұсыну,  мемлекеттік  қаржыландыру  есебінен  жеңілдетілген  қаржы  бөлу  шаралары  жасалды  және  бұл  шара  өз  нәтижесін  де  белгілі  бір  деңгейде  беріп  келді.  Дегенмен  де,  еліміздің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  тұрғысында,  бұл  салаға  арналған  мемлекеттік  саясат  жаңаша  өрбуі  қажет.  Әсіресе,  2015  жылға  дейінгі  индустриялық-инновациялық  даму стратегиясын  жүзеге  асыруда  мемлекет  пен кәсіпкердің өзара қарым-қатынасы бойынша идеологиялар  көрініс  тапса  игі.

Қазіргі  күрделі  жағдайда  аймақтарда  әртүрлі  ұйымдық-құқықтық пошымдағы  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  бірінші  кезектегі  іс.  Айта  кетелік,  шағын  кәсіпкерлікке  заңды  тұлға  құрмай-ақ  кәсіпкерлікпен  айналысатын  барлық  субъектілер  және  қызметтерінің  жылдық  орташа  саны  50  адамнан  аспайтын  жыл  ішіндегі  активтерінің  жалпы  құны  орта  есеппен  алғанда  есептік  көрсеткіштен  алпыс  мың  еседен  аспайтын  заңды  тұлғалар  жатады.  Қазақстан  Республикасында  қолданылып  жүрген  заңдар  бойынша  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  мемлекет  нақты  қолдау  көрсетеді.

Айта  кетейік,  қызметкерлерінің  жылдық  орташа  саны  50  адамнан  аспайтын,   жыл   ішіндегі    активтерінің   жалпы   құны   орта   есеппен   алғанда  есептік  көрсеткіштен алпыс мың  еседен  аспайтын  шаруа  қожалықтарының  да шағын  кәсіпкерлік  субъектісі  ретінде  мемлекеттік  қолдауға  құқығы  бар.

Аймақтарды  дамытуға  қаражат  жұмсайтын  инвесторлар  үшін  тікелей  қаражат  жұмсауды  мемлекеттік  қолдау  туралы  заңдарда  көзделген  тәртіппен  және  шарттармен  бірқатар  жеңілдіктер  мен  преференциялар  қолданыла  алады.  Атап  айтқанда,  біріншіден,  бұл  мемлекеттік  заттай  гранттар;  екіншіден,  келісімшарт  жасалған  сәттен  бастап  табыс  салығының,  жер  салығының  және  мүлікке  салынатын  салықтың  мөлшерлемесін  5  жылға  дейінгі  мерзімге,  негізгі  мөлшерлеменің  100  пайызына  дейін  кеміту,  сондай-ақ  одан  кейінгі  5  жылға  дейінгі  кезеңге  табыс  салығын,  жер  салығының  және  мүлікке  салынатын  салықтың  мөлшерлемесін  негізгі  мөлшерлеменің  50  пайызынан  аспайтын  шекте  кеміту,  үшіншіден,  инвестициялық  жобаны  іске  асыру  үшін  қажетті  жабдықтар,  шикізатпен  материалдар  импортына  кеден  бажын  салудың  толық  немесе  ішінара  босату.

Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшерлемесі  тікелей  инвестиция  көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі  міндеттемелеріне, оның өзін-өзі өтеуіне, экономика секторының  басымдылығына  және  басқа  жағдайларға  байланысты  айқындалады.  Атап  айтқанда,  Қазақстан  Республикасында  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  мен  қолдаудың  2001-2002  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  бойынша  мемлекеттік  бюджеттен  жыл  сайын  50  миллион  теңге  бөлу  жоспарланып  отыр.

Кәсіпкерлік  қызмет  субъектілері  заңды  тұлға  құрмай  тұрып,  азаматтық-құқықтық  қатынастардың,  әсіресе  шетелдік  заңды  тұлғалармен  қатынаста  белсенді  қатысушысы  болуы  белгілі  дәрежеде  қиын  екендігін  мойындау қажет. Сондықтан да соңғы жылдары еліміздің кейбір  аймақтарында,  әсіресе  солтүстікте,  шаруа  қожалықтарының  заңдық  тұлға  құра отырып, шаруашылық жүргізудің  ірірек  ұйымдық-құқықтық  түрлеріне  бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ  емес.  Мұндай  шешім  кәсіпкерліктің  осынау  жаңа  субъектілерінің  еңбек,  материал  және  басқа  ресурстарын  біріктіруге,  сондай-ақ  оңтайлырақ  еңбек  бөлінісін  және  өндірістің  мамандандырылуын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.

Бүгінде аймақтарда кәсіпкерліктің  бәрінен  көп  кездесетін  субъектілері  әзірге  азаматтардың  заңдық  тұлға  құрмай-ақ,  дербес  яғни  біріккен кәсіпкерлік  болып  отырғаны  белгілі.  Жоғарыда  айтқанымыздай  мұндай  азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге,  сондай-ақ,  тұрғылықты  жеріндегі  аумақтық  салық  органында  жеке  кәсіпкер  ретінде  есепке  тұруға  тиіс.

Шағын кәсіпкерлікті  республикалық  деңгейдегі  қолдау  құрылымдары  құқықтық-нормативтік  және  әдістемелік  көмек  көрсетіп  қана  қоймай,  аймақтық  және  жергілікті  деңгейдегі  қолдау  құрылымдарына  тікелей  қаржылар  аудару  арқылы  да  жәрдемдесуге  тиіс.  Республикамызда  шағын кәсіпкерлік пен кәсіпорындарды дамыту үшін  мынадай  шараларды  жүргізу  керек:

— салық салу базасын жетілдіру;

— салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістер енгізу;

— қаржы  операцияларын  жүргізуге  мұрындық  болатын  салық  мөлшерлемелеріназайту  және  соған  сәйкес  тиісті  салықты  төлеуді  жетілдіру;

— несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын  өндірістік  кәсіпорындар  үшін  пайыздық  мөлшерлемелерді  төмендету арқылы  отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге  тосқауыл  қою;

—  шағын кәсіпорындарды несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін  лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен  бірге,  кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді.

Жасыратыны жоқ, шағын фирмалардың денінің қаржылық нашарлауына  халықтың басым көпшілігінің кедейшілік халге жетіп, төлем қабілетінің  құлдырауы тікелей әсер етуде.

Шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  негізгі  мақсаты – олардың  әлеуметтік-экономикалық  қызметін  тиімді  атқаруына  мүмкіндіктер  жасап,  өмір  сүру  мерзімінің  неғұрлым  ұзаруына  ықпал  ету.  Біздің  пікірімізше,  мемлекеттік  қолдаудың  бағыттары  бойынша  бірнеше  нақты  шараларды  іске  асыру қажет.

Бірінші шара – шағын  кәсіпкерлік  пен  кәсіпорындардың  мүдделерін  қорғайтын  салық  реформасын  жасау  керек,  атап  айтқанда,  біріншіден  экономиканың  бұл  секторына  мемлекет  тарапынан  таза  фискальдық  көзқарасты  өзгерту;  екіншіден,  тиімді  инвестициялар  тарту  үшін  салық  жеңілдіктерін енгізу.

Мемлекет  кәсіпкерлерді қылмыстық  құрылымдардан  қорғауы  тиіс.  Сонымен  қатар,  кәсіпкерлер  өздерінің  қоғамдық  ұйымдарын  мемлекеттік,  аймақтық,  жергілікті  деңгейлерде  құрып,  өз-өздерін  кәсіби  жүйе  арқылы  қорғай  алса  құба-құп.  Құқық  қорғау  органдары  мен  кәсіпкерлердің  қоғамдық  бірлестіктерінің  арасындағы  тығыз  қарым-қатынасты  жан-жақты қолдап-қорғаған  жөн. Шағын  кәсіпкерлік  пен  кәсіпорындарды  құқықтық  қолдауда қолданыстағы  заң  құжаттары  талаптарының  сөзсіз  орындалуын және олардың мазмұнының ведомстволық ережелермен бұрмаланбауын  қамтамасыз  ету  қажет.

Кәсіпкерлердің  тауар  өткізу  нарығын  кеңейту  үшін  мемлекет  мұқтаж  өнімдерді  шығаруға  оларды  тікелей  қатыстыру  керек.  Мемлекет  мұқтаж  өнімдерді  шығаруға  шағын  бизнес  нысандары  үшін  міндетті  түрдегі  кіші  квота енгізу – тауар өткізу нарығындағы шағын кәсіпорындардың  тұрақтылығын  нығайта  түседі.

Екінші  шара – шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем  беретін  арнайы  қаржылық қорларды құру,  қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.  Мемлекеттік қолдаудың бүгінгі күнге дейінгі жүйесіз іс-әрекеті шағын бизнес  нысандарының жабылуын   жылдамдатты.

Үшінші  шара  – монополияға  қарсы  күрес, әділетті бәсекелестік орнату,  тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін  республика  бойынша  шағын  кәсіпкерлік  пен  бизнесті  қолдаудың  жүйесін жасау.

Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытудың  қажетті  инфрақұрылымдарын  құру-мағынасы  терең  мәселе.  Айталық,  шағын  кәсіпкерлікті дамыту қорының тікелей міндеттерінің бірі – осындай құрылымдар  қалыптастыру  болатын.

Өкінішке  орай,  бұл  дамыту  қоры  халықаралық  ұйымдардың қаржыларын тартумен ғана айналысуда. Ол ол ма, бұл дамыту қоры  кәсіпкерлердің қолы жетпейтін құрылымға айналды. Аймақтық және  жергілікті кәсіпкерлерді былай қойғанда, ірі қалалардағы шағын кәсіпкерлік  пен кәсіпорындардың нысандары дамыту қорынан консалтингтік көмек  те ала алмауда. Біздің ойымызша, дамыту қоры өзінің тікелей міндеттерінен  алшақтамай, мынадай мәселелерді толық шешуі  керек:

— жергілікті билік органдарымен қарым-қатынас орнату арқылы  жылжымайтын  мүліктер мен ғимараттар алу. Сол  аймақтардан бизнес  орталықтарын ашып, кәсіпкерлерге нақты ақылы кеңестер  көрсету, бизнес-жоспарлар әзірлеуге жәрдемдесу және несиелер бөлу;

-шағын кәсіпорындар басқа қаржы институттарынан несиелер алғанда,  оларға  кепілдік  беруді  тәжірибеге  енгізу;

— дамыту қорынан несие алуға қажетті құжаттардың тізімін барынша  ықшамдау.

Сонымен шетелдік нарық экономикасының тәжірибелері шағын  кәсіпкерлік пен кәсіпорындарды дамытуды қолдауда лизингтік және  франчейзингтік қарым-қатынастардың қолайлылығын да дәлелдеді.  Біздіңше, шағын кәсіпорынның ірі орталық  және  шетелдік  компаниялардың құрал-жабдықтарын, қаржы-қаражаттарын, технологияларын пайдалану  арқылы дамуы да тығырықтан шығудың бір жолы іспетті.

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  – қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы //Егемен Қазақстан. – Астана, 2012.
  2. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.  – Алматы-Ақтөбе, 2002.
  3. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов  Қ.Ә. Кәсіпорын  экономикасы.  –Алматы: Экономика, 2003. –250 бет.

Тағы рефераттар