ЖОСПАР

КІРІСПЕ …… 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ …. 6
1.1 ҚР-ғы жер қойнауының жалпы сипаттамасы, түсінігі, құрамы, жер қойнауын пайдалану құқығы және оны шектеу….. 6
1.2 Жер қойнауына мемлекеттік меншік және де оны қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті ….. 13
1.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері …. 18

2 ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖЕРЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ …… 25
2.1 Жер қойнауы зандары, және де жерге мемлекеттік меншік пен жерге меншік құқығы…. 25
2.2 Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау…. 29
2.3 ҚР — ғы жер қоры, оның құқыктық жағдайы және де жерге жеке меншік кұқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау, заңдылықта көзделген зиянды өтеу және де жауаптылықтар… 38

3 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАР ……. 46
3.1 Жер қойнауын пайдалану саласындағы келісім шарттарды реттеудің пайда болуы және дамуының тарихы ….. 46
3.2 Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салықтар мен арнайы төлемдер: бонус, роялти, қосылған құн салығы …… 55

ҚОРЫТЫНДЫ …..59

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …… 61

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз алғаннан бері еліміз  мемлекет  дербестігін  нығайту мен азаматтарының  өміріне тірек  болатындай  құқытық негіздерді  қайта құруда біршама жетістіктерге қол жеткізді деп айта аламыз. Осыған байланысты  елімізде жүргізіліп отырған құқықтық реформаның  басты мақсаты құқықтық, зайырлы демократиялық  қоғам қалыптастырып, мемлекетімізді өркениетті  елдер  шоғырына  іліктірумен қатар мемлекеттік меншік пен жеке  меншік секторын да қатар дамыта отырып дүние жүзінде қалыптасқан  еркін әрі  мықты бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға өту және де ойып тұрып орын алу.

Сөзіміз нақтырақ  болуы үшін  ата  заңымыз  Конституцияда «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен  жануарлар дүниесі басқа да   табиғи  ресурстар мемлекет меншігінде  болады. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.» делінген  6- бабының  3- тармағын мысалға келтіре  кетейік.  Бұдан ұғатынымыз  бізде  екі меншік  танылады. Ал, ел экономикасын  орнықтырып  халықтың әл-ауқатын  жақсартуда, тәуелсіз еліміздің  жарқын  болашағына  үлкен үміт, сенім мен қарауымызға, жер және  оның  қойнауынан берер пайданы да тигізер әсеріде шексіз  екені  баршамызға  аян.

Елімізде жүргізілген  реформалардың  нәтижесінде  кең  байтақ жеріміздің  біршама  тіптен басым  көпшілігіне (мұнай-газ, тау-кен  т.б.) пайдалы  қазбаларға  шетел инвестициялары  тартылғаны  белгілі. Яғни олар  ҚР аумағындағы заңдылықтарға  сәйкес  қызмет  етуде. Инвесторлар  (пайда  табушы ) — өз  көздегенімен  мақсатын жүзеге  асыру  үшін  келеді.

Республикамыздағы  маңдай алды  кен орындары мен  мұнай-газ  саласындағы  пайдалы қазбалар кешенін  игеріп  жатырғанда солар. Менделеев — кестесіндегі  химиялық  элементтердін барлығы дерлік   табылатын  жер қойнауын иеленген  қазақ елі, Алла бұйыртқан бақтың рахатын  толық сезіне алып  отырма? Мінебіздің дипломдық жұмысымыздың  негізгі  өзектілігі   де  осында.

«ҚР-ғы жер қойнауын падалану құқығы: теория және практика мәселелері»  тақырыбындағы  дипломдық  жұмысымды  жаза отырып  мен негізгі  мынадай ұсыныстар  айткым келеді.

1) Жер қойнауының  құқықтық ережелерін, қазіргі  таңдағы  қабылданған  заңды   актілердің  орындалуын  қатаң  бақылауға  алу.

2) Жер  қойнауын  қорғауды  бұзғаны үшін  жауаптылықтың  мөлшерін  арттыру.

3) Әр  құқықтық  норма да шашыраңқы  күй кешіп  жүрген жер қойнауына  қатысты  экологиялық  заңдылықтарды жүйелеп  бір арнаға  жолға салу.

Қазіргі таңда  жер қойнауын  құқықтық  қорғау  ережелер ойдағыдай  сақталып  отыр  деп  айту қиын. Тау- кен өнеркәсібі саласындағы  компаниялардың  қазба байлықты  расуа  етіп  игеруі, мұндай- газ компанияларының  қалдықтарды  өзен — суға құйып, теңіз  қайрауын ластап  жатқанынан  әр бір  2-ші Қазақстандық  хабардар. Осы  орайлас тақырыптарды  дипломдық  жұмысымның  негізгі  өзектілекттері  етіп  алдым. Бұл бір  дипломдық жұмыс аясында  ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамдағы күн тәртібінен  түспей  тұрған  өзекті  де  көкейкесті  проблемаларға  айналғаны біраз  уақыт болды. Әрине ауызды қу шөппен  сүртуге болмас, үкімет  тарапынан  біраз қолға алынып жатқан жақсы бастамалар бәрібір екеуіне тоқталсақ  қоршаған ортаны қорғау  министрлігінің  құзыреттілігінің   кеңейтілуі және  бірқатар өкілеттіктердің  берілуі. Мысалы: Ауаға, суға, топыраққа зиянды лас қалдықтардың  тасталғаны үшін  жауаптылықтың сол аталмыш кәсіпорынның тоқтатылуына  дейін    жалғасын табуы жақсы  жалғасын тапса дейміз.

Дипломдық жұмысымыздың негізгі   міндеттеріне  тоқтала  кетсеколартөмендегідей:

1) Жер қойнауын ұтымды кешенді,  қауіпсіз пайдалануды  қамтамасыз ету.

2) Жер қойнауы және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етудің  бастамаларына жол  ашу.

3) Республикалық  және аймақтық  мүдделердің  үйлесуін  ұйымдастыру.

4) Жер қойнауын пайдалану жөніндегі  операцияларды  жариялы түрде  жүргізу.

5) Қазақстан Республикасының  жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау.

6) Шаруашылық  нысандарының  бірдей  дамуына жағдай  жасау.

Жоғарыда көрсетілген  міндеттерінен  өзектіліктердің орындалуын  қамтамасыз  ету  дипломдық   жұмысымыздың  басты мақсаттары   болып  табылады  және де  аталмыш  өзектіліктер мен  міндеттердің  орындалуының  негізгі жолдарын  көрсету, ұсыныстар  енгізу және т.б. да жұмыстың  негізгі  мақсаттарының   қатарын  толықтырады. Олармен дипломдық  жұмыстың  жоспары  барысында  таныс  боламыз. Біз  осы  дипломдық  жұмыста  жер  қойнауының  құқықтық  ережелері  мен  құқықтық  қорғау  тақырыбының  басқа  да құқық  салаларымен  байланысын (экологиялық  құқық,  жер  құқығы, мұнай  құқығы,  инвестициялық   құқық т.б.) байланысын  жан-жақты  терең  ашып  көрсетеміз  және де  осы  тақырыптың  бүтіндей  мемлекетіміздің  стратегиялық   басты  бағыттарының   бірі екенін  басшылыққа  ала  отырып  оның  заңи  табиғатын  құқықтық  мағынасын  өміршеңдігі   мен  салмақтылығын  жан-жақты талқыға  саламыз.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі зерттеу жұмысын  жазу

барысында Қазақстанның және Ресейдің көптеген заңгер ғалымдарының,  Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК., Бренчук М.М. Экологическое право., Боголюбов С.А. Экологическое право., Ерофеев Б.В., Правовая охрана природы Казахстана., Стамкулов С.А. Экологическое право РК., Эффективность  юридической ответственности в охране окружающей среды., Хаджиев А.Х. Земельное право.,  Боголюбов С.А. Защита экологических прав., Байсалов С.Б., Сулейманова С.Ж. Правовая охрана вод и антропогенного воздействие., Культелеев С.Т.Архипов И.Г., Усенова Ж.Б., Әбдікерім  Ерәлидің., Стамкулов А.С.пен Стамкулова Г.А.,  Яковлев В.Н., Дубровин О.Л., Әбдірайымов Б.Ж., Жалинский А.Э., Серікбаева Ш.Б-ң авторефераттарынан., және т.б. көптеген заңгер цивилист  ғалымдардың еңбектерін сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жер қойнауы қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілері  пайдаланылды.

Жалпы  дипломдық  жұмыстың құрылымы  үш  тараудан  тұрады.

Бірінші тарауда,  Қазақстан Республикасы жер қойнауының құқықтық жағдайы, оны пайдалану және қорғау ережелеріне, жалпы сипаттамасымен түсінігіне, құрамы, жер қойнауын пайдалану құқығы  және оны шектеу негіздеріне жан жақты тоқталып кетеміз. Жер қойнауына мемлекеттік меншік  және де оны  қорғау саласындағы мемлекеттік  органдардың құзыреттерімен жер қойнауын  пайдаланушылардың   құқықтары мен міндеттерін бағамдауда  осы  тараудың  еншісінде.

Екінші  тарауда жер қойнауы зандары, және де жерге  мемлекеттік  меншік пен жерге меншік  құқығымен жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жер  қойнауының  құқықтық  жағдайы  оның  жалпы  сипаттамасы  жер  қойнауын  пайдалану  құқығы  мен  оны  шектеудің құрылымына  толыққанды  мәлімет  береміз.

Үшінші тарауда жер қойнауын пайдалану саласындағы келісім шарттарды реттеудің пайда болуы және дамуының тарихы, сондай ақ жер қойнауын пайдаланғаны үшін салықтарды шама шарқымызша  ашып қарастырдық. Ең соңында қорытындымен пайдаланылған әдебиеттер тәзәмәнен тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 62 бет
Тағы рефераттар