Құқық нормаларын талқылау түрлері туралы қазақша реферат

Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар.

1. Субъектілері бойынша құқық нормаларын талқылау ресми және ресми емес болып екі түрге болінеді.

1.Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субъектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы кұқықтык кесім аркылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талкылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық норманы колдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада үғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда кателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді.

2.      Нормативтік талқылауда құқықтық норманы талқылаған түсініктің өзі бәріне міндетті нормаға айналады, көп рет қолдануға мүмкіндіктер туады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы заңында» заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылдаған органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар нормативтік талқылаудын субъектісі болып әділсот органдары, атап айтқанда Қазақстан Республикасыиың Жоғарғы Соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар мен заңға сәйкес кабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге түсініктеме береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 81-бабында: Қазакстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі Жоғарғы Сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысанасында олардың кызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады», — деп атап көрсетілген.

3.      Казуальдық талқылау нақтылы қаралған іс бойынша қолданылатын құқық нормаға түсінік беру. Мұндай талқылау негізінде құқық колдану барысында арнайы құзырға ие органдардың шешімдері мен соттардың үкімдерінен, шешімдерінен өздерінің көріністерін табады, соттық және әкімшілік болып екі түрге бөлінеді.

II. Ресми емес талқылау заң күші жоқ, құқық нормаларын іс жүзіне асыруда құқық субъектілеріне міндетті емес түсінік беру. Мұндай талқылау кеңес берумен ғана шектеледі. Ресми емес талқылау мемлекет және құқық теориясында үш түрге бөлінеді: кәдімгі, кәсіби және доктриналдық.

1.      Кәдімгі талқылау кез келген субъекттің өзінің білімі, деңгейі дәрежесінде қандай да болмасын заңға, онын нормала-рына түсінік беруі. Мысалы, референдум барысында жеке адам-дардың өз пікірлерін білдіруі.

2.      Кәсіби талкылау құқық қорғау органдарының қолданылатын құқық нормалары бойынша азаматтарға, занды тұлғаларға түсінік беруі. Негізінде кәсіби талқылауды арнайы заң мамандығы бойынша білімі бар субъектілер іс жүзіне асырады.

3.      Доктриналдық талқылау заңгер ғалымдар мен ғылыми мекемелер жазылған мақалалар, монографиялар және коментарийлерде беретін талқылаулар. Бұл талқылаудың зандарды жетілдіруде, олардың тиімділігін арттыруда, құқық нормаларының кемшіліктерін жоюда үлкен рөл атқарады. Көрнекті заңгер ғалым Е.Б.Әбдірасұлов доктриналық талқылау туралы мынандай қорытынды жасайды:

«Біріншіден, доктриналдық талқылаудың субъектілеріне негізгі қызмет саласы ғылыми зерттеу болған ірі ғалымдар жатады.

Екіншіден, доктриналдық талқылаудын жеке субъекті ретінде ғылыми доктрина жасап, құқықты талқылау қызметінің нәтижесін шығаруды қамтамасыз ететін ғалымдардың тобын, бірге жұмыстарды орындайтын бірсыпыра ғылыми-зерттеу мекемелері мен институттарды бөліп айтуға болады.

Үшіншіден, доктриналдык талқылаудың жеке субъектілеріне ғылыми кызметтері өздерінің заң ұйымдары мен мекемелер, өр түрлі мемлекеттік органдармен байланысты заңгер-ғалымдар-ды жатқызуға болады.

Төртіншіден, кұқық нормаларын доктриналдық талқылау субъектілері болып практика қызметкерлері табылады, егер олардың заңды талқылау қызметтері таза комментаторлық шы-ғармашылықпен шектелмей, кәсіби интерпретация деңгейінен жоғары болса».

III. Тәсілдері бойынша құқық нормаларын талқылау тарихи-саяси, логикалық, арнайы-зандық, жүйелілік, грамматикалық болып бөлінеді.

1. Тарихи-саяси талқылау нормативтік құқықтық кесімдердің қабылдануының тарихи жағдайларын түсіну арқылы олар-дың негізгі мақсаттарын айқындап, танып білу және зерттеу.

2.      Логикалық талқылау логиканың зандарын пайдалана оты-

рып, заң мәтінінде қолданылған ұғымдар мен категориялардың,

құбылыстардың, бір бірімен байланыстарына, арақатынастарына

талдау жасау арқылы түсінік беру.

3.      Арнайы-заңдық (терминологиялық) заңнама шығарушы органның заң техникасын қолдану барысында пайдаланылған арнайы терминдерді түсіндіру, мазмұнын ашып көрсету. Мысалы, «әлсірету мақсатында жасалған», «ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер», «қылмыстық қоғамдастық», «ірі мөлшерде», «құнды заттар», «мүдделеріне елеулі зиян келтіру», «лизинг», «ипотска», «акцепт», «элемент», «регресс» жәнет.б.

4.      Жүйелілік — кұқық нормаларының институт, құқық салаларымен байланыстарын, алатын орындарын ұғыну арқылы талқылау. Соның нәтижесінде талқыланған құқық норма басқа нормалармен салыстырылып, салалармен шектес екені айқындалады.

5.      Граматикалық талқылауда құқық нормаларының мәтініне, сөз құрылыстарына талдау жасау арқылы оның мазмұнын үғыну.

IV. Көлемі бойынша құқық нормаларын талқылау сөзбе-сөз, кеңейтілген және шектелген болып бөлінеді.

1.      Сөзбе-сөз талқылауда қүкық норманың мәтіні оның мазмұнын дәлме-дәл көрсстеді. Осыган байланысты онын мазмұнын түсінуде ешқандай қиындықтар болмайды.

Кеңейтілген талқылауда құқық норманың толық мазмүны онын создік мағынасынан кеңірек болып ұғынуды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының бірінші тармагы: «Судья сот торелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады», деген норманы бекіткен. Бұл жерде судьялар іс қарағанда тек ғана Конституция мен зандарға ғана емес, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге бағынады. Бұл норма кеңейтілген талқылауды талап етеді. Сонымен қатар кұқық нормаларының мәтінінде «және басқалар», «өзгеше көзделмесе», «басқа құжаттар», «басқа да мүлік» және т.б. сөздер құқық нормалар мәтінде пайдаланғаңда кеңейтілген талқылау пайдаланылады.

Шектелген талқылауда кұқық нормасының толық мазмұны оның сөздік мәтінінен кеңірек болып қабылданады. Мысалы, Казақстан Республикасынын Конституциясының 36-бабы:

«Қазақстан Республикасын корғау — оның әрбір азаматының қажетті борышы және парызы» деген норманы бекіткен. Бірақ, бұл борышты барлык азаматтар орындай алмайды. Атап айтқанда әрекет қабілеттілігі жок азаматтарға отанды корғау борыш және парыз бола алмайды. Немесе Конституцияның 27-ба-бының 3-тармағы «Кәмелетке толған еңбекке кабілетгі балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамкорлык жасауға міндетті» деп атап көрсетеді. Бұл жерде шектелген талкылаудың корытын-дысы мен балаларына қамқорлык жасамаған және тастап кеткен ата-анаға көмек көрсету міндетті емес екенін аңғарамыз.
Тағы рефераттар