Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру туралы қазақша реферат

Жоспар:

І. Кіріспе

Загрузка...

ІІ. Негізгі бөлім:

1) Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары.

2) Жарақаттар түрі.

3) Бас жарақаттары.

4) Суға бату кезіндегі алғашқы көмек.

5) Күннің өтуі кезіндегі медициналық көмек.

6) Газбен улануын алдын-алу.

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе 

1. Авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.

2. Сұрапыл табиғи апаттар мен өндірістік апаттар кезінде халықтың жасайтын әрекеттері.

3. Радиоактивтік, химиялық заттардың әсерін азайту үшін адамдарды жасақтарға жеткізу.

Жау шабуылының зардаптарын жоюдағы барлық жұмыстар құтқару және күттіруге болмайтын аварияны түзету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты жаппай қарудан зақымданудың әсерінен адамдарды тез құтқару.

Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Радиацияның және өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен  панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.

Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.

Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.

Әрбір жасақтың зақымданған жерге және құтқару жұмыстарын жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды.

Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін объектідегі және маршруттағы радиацияның дәрежесін қорғану құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін, оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін жібереді.

Барлаудан соң әрбір маршруттағы жол қатынасы қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Ол әдетте инженерлік техникамен жабдықталған әскери бөлімдердің немесе құтқару, медициналық және өрт сөндіру жасақтарының құрамына кіреді. Олар өртті тоқтатын көпірлер мен жолдарды жөндейді; үйінділерден өтетін жолдарды жасап, залалсыздандырады. Әрбір маршруттағы жол қамтамасыз ететін отрядтың соңынан 1 – 2 алғашқы дәрігерлерге жол көрсететін отряд жүреді.

Объектілердегі барлаушылар тобы барлау жүргізуден басқа азаматтық қорғаныстың арнайы қызметшілері радиациялық, химиялық, өртті сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериялық барлау ұйымдастырылады.

Зақымданған жерлердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыратын жетекші бастық барлаудан соң зақымдалған жерде болып, жағдайды көзімен көріп, адамдарды құтқару жұмыстарының ретін және көлемін белгілейді, жасақтардың міндетін айтады және басшылық етеді.

Құтқару жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме алғаннан кейін жасақтар командирлер құрамындағы адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізетін белгіленген жерге шығаруды.

Зақымданған жердегі адамдарды құтқару жұмыстарын құтқарушы отряды жүргізеді.

Әрбір халық шаруашылығындағы объектілердегі мұндай отряд бірнешеу және олардың әрқайсысы бірнеше қорғаныс құрылыстарында құтқару жұмыстарын жүргізуге міндеттер алады.

Негізгі бөлім 

Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары.

Зардап шеккендерге берілетін  көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған  іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;
  • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;
  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;
  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
  • оларды шығару;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;
  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру  жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер  жатады:

  • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;
  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;
  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Жұмыс  жүріп жатқан жерде арнайы  аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап  орау жабдықтары болуы тиіс.

Адамдарды құтқару  төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір  бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары  арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;
  • арнаулы (жедел);
  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
  • өрт сөндіру ;
  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
  • осал құрылыстарды күшейту.

Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:

  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш  пен құралдарды зардап шеккендерге  алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.

Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі.

Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан  және нысанның радиация алу мен химикалық  зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.

Әуелі, адам болып  қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару  жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.

Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен  әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл  жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды  қатыстыру керек.

Жарақаттар  түрі

Жарақаттар — бұл  адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себеп-тердің аяқ-қолдың сынуы  мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның  жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы  мен қызметінің бұзылуы. Әсер механика-лық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген  сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.

Балалар жарақатының көпшілігі  механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).

Механикалық  жарақаттар ашық және жабық  болуы мүмкін. Жабық зақымдану  –бұл тері жамылғылары мен  кілегейлі қабықтар тұтастығы  бұзылмайтын зақымдану түрлері.  Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің  созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы  (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы  жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).Ашық  зақымдану бұл органдар ұлпаларының  зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың  кілегейлі қабықтардың тұтастығы  бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық  сынуы).

Организм  ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ,  қатты әсер ету нәтижесінде  пайда болған зақымдану қатты  жарақат деп аталады, аз күштің  көп мәрте және тұрақты әсерінен  пайда болған жарақат созылмалы  жарақат деп аталады.

Кез-келген  жарақат бір орындағы ұлпалардың  бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы  өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр  қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының  бұзылуы).

Бұл құбылыстар орталық  нерв жүйесінің тітіркенуінен,  қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан  пайда болады. Қатты сырқырататын  және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың  жалпы жағдайы өте жедел және  күрт нашарлайды.

Талықсу —  адам миының қансыздануы нәтижесінде  естен кенеттен уақытша айрылу.

Талықсу  көбінесе психикалық жарақат  деп аталады (қорқу, қанның  түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

Талықсуға  қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын  бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты  пайда болады, алайда кейде сырқаттың  құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін  сезінеді. Бұл жағдайда сырқат  бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған  бойда сырқат құлайды.

Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету.

Талықсу  кезінде сырқатты оның басын  денесінен төменірек етіп жатқызған  жөн. Бұл бас миын қан ағынының  көбірек келуіне көмектеседі.  Сырқаттың тар киімдерін шешу  қажет (жағаның түймесін ағыту,  галстукты, белбеуді босату, таза  ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс  алуды қоздыру үшін сырқатқа  иіскеу үшін мүсәтір спиртін  береді, оның бетіне суық су  себелейді. Әдетте осы құралдар  сырқатты талықсу күйінен шығару  үшін жеткілікті.

Өте ауыр  жағдайларда жүрек қызметін жақсарту  және тамырлардың соғысын арттыру  үшін сырқаттың терісіне кофеин  кордиамин енгізеді.

Жарақаттан  естен тану туралы түсінік.

Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары  естен тану болып табылады.

Естен  тану-орталық нерв жүйесі қызметінің  күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің  тоқтауына алып келетін ауыр  жағдай.

Екі кезеңнен тұрады:

  • Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді.
  • Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреу басталады, көмек сұрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге  селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.

Бас жарақаттары.

Бас  сүйегі мен бас миының зақымдануы  механикалық жарақаттардың аса  ауыр түріне жатады. Бас сүйегі  мен бас миының жарақаттары  ашық және жабық болып бөлінеді.

Бас  сүйегі мен бас миының жарақаттануы  шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы,  өте алмайтын (қатты ми қабы  жарақаттанбайды) және (қатты ми  қабы зақымданады).

Бас  миын зақымдаған заттардың сипаты  бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді.

Мидың  шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер  анық білінеді. 1-2 ден 20-30 ға дейінгі минутта естен айрылу байқалып, артынша есі кіріп жарақатқа  ұшыратқан оқиға мен жағдайды  жадына тез түсіре алмайды.  Сырқаттар бастарының ауырғандығына,  айналғандығына шағымданады, құсқылары  келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық  шайқалуы тері жамылғылардың  бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға  әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен  білінеді. Зақымданушыны әдеттегідей  сүлейсоқ, ал кейде керісінше  қозушылық байқалады.

Бас  сыдырылған кезде ес сақталады,  алайда оның төңірегінде ісік  болуы мүмкін. Бас қатты ауырады,  жүрек айныйды, кейде құстырады.

Қатты  соққы толқыны әсерінен (жарылыс)  адам организмі жалпы контузияға  ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда  адам ұзақ уақыт бойы есінен  айрылады, бас ауырады, көру және  есту қабілеті бұзылады. Есте  сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады.

Ауыр дәрежедегі  мидың сыдырылуы сананың өте  өрескел бұзылуымен сипатталады  (ұйқы басу, естен тану).

Ұйқы басқан  кезде сырқаттар қоршаған ортаны  елемейді, тапсырманы орындамайды,  сұрақтарға жауап бермейді. Сырқатты  осы күйден дөрекі денені ауыртатын  тітіргендіргіштерді қолдану арқылы ғана шығаруға болады.

Мидың қысылуы  көбінесе ішкі бас сүйегіндегі гематомадан (қа жиналған тер астында домбығу) немесе сынған бас сүйегінің сынығынан  туындайды. Әдетте жарақаттанғаннан кейін ес жоғалады, ол біраз уақыттан кейін қалпына келеді, содан соң сананың бұзылуы басталады.

Алғашқы медициналық  жәрдем. Ең   алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің  жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.

Суға бату.

Суға батқан   кездегі алғашқы медициналық  және дәрігерге дейінгі  көмек.

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы  мен  тамырлардың  соғысы қанағаттанарлық  болса оны аяқтарын 40-50о–қа  етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге  береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан  кейін  бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы  күрделі асқынулардың ықтималдығы  туралы елеулі ескертулер екендігін  есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Алғашқы көмек  кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз»,  «мұрынға-ауыз» әдістерімен  жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына  қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс  жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады.

Маңдайдағы  алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы  үшін мұрынды жабады. Көмек  көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің  ауызын толығымен жауып оның тыныс  жолдарына ауаны қаттырақ  үрлейді, содан кейін зардап шегушінің  шамалы ауа шығаруына мүмкіндік  береді.

Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру.

Осындай  қозғалыстар  минутына шамамен 16 рет  жасалады. Егер жасанды  тыныс алдыруды  бір  адам жасаса, ол зардап шегушіге  тізерлей  қарама қарсы  тұрады, оның  қолын  көтеріп осындай  қозғалыстар  жасайды.

Шефер  әдісі.

Жасанды  тыныс  алдырумен қатар жүрек қызметінің қалыпқа түсуі  қоса жүргізіледі. Жүрек қызметінің тоқтауының  басты  белгісі –ұйқы  күре тамыры соғысының  байқалмауы. Тамырдың  соғысын зерттеуге  алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі. Оның  жоқтығы  –жүректің жабық сылауының басталуына дабыл.

Жүректің  сыртқы сылауы кеуде клеткасының  алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің  жабық  сылауын  жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады (11а-сурет), оның  басы қозғалмау үшін иығының  астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің  сол жағынан тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды. Бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды.

Сылау кезінде  иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен  қысым жасау үшін қолдар созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай  бағыты бойынша кеудені жанши  қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай босаңсытады. Мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс.

Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру.

Жүректің  сыртқы  сылауы

Жүректің   жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен  үйлесімді жүргізіледі (12-сурет). Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды , ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді. Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.

Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын  төрт-бес рет қысу, одан кейін  ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді  жасанды тыныс алдыру клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі болып  табылады.

Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама сылау.

Күннің өтуі.

Ыстық күндері  адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде  басқа қанның құюлуы байқалады (гиперемия).

Беттің қызаруы  мен бастың қатты ауыру күннің өтуінің алғашқы белгілері болып  табылады.Сонан соң жүрек айниды,бас  айналады,көз қараутады және құсқысы  келеді. Ауру естен танады,тыныс  алуы жиілей түседі,жүрек қызметі  әлсірейді.

Басты орамалмен  жабу,сондай-ақ басқа суық су құю  алдын алу шаралары болып табылады.

Ыстық тию. Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе  әдеттегідей  жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады.

Денеге ыстық  тиюдің үш себебі:

  • жоғарғы  сыртқы температура;
  • дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;
  • ауыр жұмыс істеу.

Алғашқы медициналық көмек. Зардап шегушіні суық жерге, көлеңкеге немесе жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып, температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тағам береді. Жүрек-тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10 пайыз кофейн ерітіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10 пайыз лобелин ерітіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.

Газбен улану.

Тұрмысымызды  анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы  затқа арнайы күтім мен ұқыптылық  қажет.
Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:

  • жалғастырушы түтіктердің ақаулары;
  • түтіктің редуктормен және газ құрал – жабдығымен нығыздап жалғанбауы;
  • бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;
  • майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;
  • оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;
  • оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.

Газ баллондарын  өз беттеріңізше орнатып, газ құрал  – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға  апарып соғуы мүмкін.

Газ ошағы. Газ  ошағын тек жақсы желдетілген  үй-жайда пайдалануға болады. Газ  ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда  оның есігін бірнеше рет ашып –  жабу арқылы желдету қажет. Газды  жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын  шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді  пайдалану қажет. Газ ошағын үйді жылыту мақсатында пайдалануға мүлде  болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайдағы  көмір қышқылды газдың жиналуы және иісті газдың бөлінуі адам ағзасының  улануына апарып соғадыБұрандалы қосылған жер мен баллонның редуктормен  қосылған жерін сабын көбігімен тұрақты тексеріп тұрыңыздар.

Баллон мен  газ ошағының арасы 0,5 метрден жақын  болмауы керек. Сондай – ақ жылу радиаторына немесе пешке 1 метрден  жақын орнатылмауы тиіс. Мөлшерден  тыс газбен толтырылған баллон жылы жер де (жылы үйге кіргізіп жылы- тқанда) жарылуы мүмкін.Газ баллонының қақпағы  көп қабатты үйлерде газ баллондарын  пайдалануға үзілді – кесілді тыйым салынады.

Қолданылған әдебиеттер: 

1) Қ.С.Қалжігітов, А.М.Төлемісова, Н.Г.Приходько, К.Ш.Исаев.

«Өмір тірішілік Қауіпсіздігі». Оқулық. Алматы 2004 ж.-256 б.

2) С.Тайжанов. “Өмір Қауіпсіздігі негіздері”. Оқу-әдістемелік

құрал. Алматы.  –2004 -254 б.

3) Ю.В.Репин,  Р.Шабунин. “Тосын жағдайда адам  өмір

қауіпсіздігін сақтау”. Алматы, Демеу, 1994 .

4) ғаламтор.

Қорытынды 

Тіршілік  әрекетін  қамтамасыз  етудегі  қазіргі  мемлекеттің  ролі. Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мәселелеріндегі  азаматтық  сана-сезім  деңгейінің, адамгершіліктің  және  қоғамның  барлық  мүшелері  мәдениетінің  маңызы. Ғылыми- техникалық  прогрестің,  қөоғамның  игілігі мен  зияткерлік  потенциалы  өсуінің  табиғи  және  техногенді  сипаты  пайда       болатын  алапаттар  санының  және  олардан   келетін  зиян  масштабтарының  ұлғаюына  әсері. Қауіпсіздікті   қамтамасыз  ету  проблемаларының   маңыздылығы.  Қазіргі  өндіріске   тән  ерекшеліктер,  қауіпті  және  зиянды  факторлардың  құрылу  аймақтары.  Өндірістік  ортаның  жағымсыз  факторлары, олардың  адамдарға  әсерін  бағалау.

Өндірістегі   қауіптілік  пен  зияндылықты  төмендететін, тиімді  ұйымдастырушылық  және  басқарушылық  әсерлері. Қауіпсіздікті  арттырудың  және  еңбек жағдайларын    жақсартудың «экономикалық»  механизмі.  Қауіпсіздік  проблемаларын  зерделеудің  маңыздылығы  және  әдіснамасы.  Өндірістік  қауіпсіздік  теориясының  негіздері.   «Машина – адам — өндірістік орта»  жүйесіндегі проблемалар.  Қауіпсіздік   проблемаларын  шешудің  жүйелілігі. Технологиялық  процестің   жоғары  қауіпсіздік   деңгейін  қамтамасыз  ету.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар