Құжаттардың көмескіленген, өшіп бара жатқан мәтіндерін қалпына келтіру туралы қазақша реферат

2002 жылы мұрағаттардағы мәтіндері өше бастаған құжатарды көшірмелеу жөнінде Жаднаманы мұрағат қызметкерлері әзірлейді. Онда айырықша құнды құжаттарды анықтау кезінде, баспаға жинақтар даярлау үстнде, әр түрлі картотекалар жасау барысында, құжаттардың тарихи деректі көрмелерін өткізуге әзірлік сәттерінде т.б. жағдайларында өшк бастаған мәтіндерді айқындау шаралары мақсатты түрде белгіленген. Анықталған әрбір құжат мәтіні карточкаға жазылып сипатталады, мұнан соң ол құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету басқармасына беріледі. Мұнда өше бастаған және айқындығы төмен мәтіндері есепке алу картотекасы жүргізіліп отырады. Жаднамада құжат мәтінін компьютерде қайта теру арқылы қалпына келтіру тәсәлі егжей-тегжейлі сипатталады. Мысалы: мәтін парақтың бір бетіне жол арасы 1,5 интервал етіп теріледі; шрифт көлемі 13 пт. Таблицаларды теру кезінде шрифт көлемін өзгертуге болады. Парақ бетінің параметрлері: жоғары жиек бос кеңістігі – 1,5 см; төменгісі де – 1,5 см; сол жақ бос кеңістігі – 2,5 см; оң жағы – 1,8 см. Егер түпнұсқада парақ мәтіні компьютерде бір парақтан асып кетсе, компьютерлік көшірмеде түпнұсқаның жаңа парағы қай жерден басталса, мәтіннің сол жерінен «түпнұсқада №… парақ» немесе «түпнұсқада № парақтың мұқаба беті» деп белгі салынып отырады. Түпнұсқа құжатты қалпына келтіру кезінде оны редациялауға немесе қандай да бір өзгерістер енгізуге, орфографиялық қатесін не жансақ басылған тұстарын түзетуге жол берілмейді! Революциялар, белгілер түпнұсқада қай тұсынан салынса, сол тұсынан орналастырылады.Егер мұндай лар құжат мәтіні үстіне жазылған болса, онда олар құжаттың негізгі мәтінінен кейін тұпнұсқада орналасқан тұстары көрсетіледі. Мәселен, «3-парақтың 5-абзацына жай қарындашпен «Іске тіркелсін» деп белгі соғылған». Жекелеген сөздер мен қойылған қолдары қалпына келтіру мүмкін болмаса «қойылған қол немесе сөз оқылмайды». Деп көрсетіледі. Құжаттар көшірмелері міндетті түрде түпнұсқамен салыстырылуы керек, ал көшірме соңына мәтінді қалпына келтірген кісінің лауазымы, аты-жөні келтіріліп, қолы қойылады, датасы көрсетіледі.

Көшірме «мұрағат  көшірмесі» деген мөртабан (штамп) куәлендырылады. Құжаттар мәтіндерінің қалпына келтірілген парақтары карточкаға тіркеледі. Құжат мәтіндері қалпына келтірілгеннен кейін ол көшірме мәтін микроафишаланады, мұқабаға дербес тігіліп, қоймадағы түпнұсқы салынған мұрағат қорабына орналастырылады. Тізімдемге істің қалпына келтіріліп, микроафишаланғаны туралы жазылады.

Құжаттық материалдар ұзақ уақыт бойы сақтаудан, содай-ақ мұрағат орындарында жиі пайдаланудан, әлбетте, тозығы жетіп, оларды ары қарай қолдану үшін белгілі бір дәрежеде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет болады.

Қалпына келтіру құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудегі маңызды фактор болып табылады.

Күрделілігі әр түрлі деңгейдегі құжаттар, істер, карталар қалпына келтіріліп жатады. Қалпына келтіру цехының міндеті бүлінген құжаттарды қалпына келтіру және алдын ала өңдеу, яғни бүлінбейтін ету жолымен құжаттардың ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл оңай жұмыс емес. Оған үлкен тжірибе, қыруар еңбек керек.

Құжаттық материалдарды нақты қалпына келтіру жұмысы құжаттардың жай-күйін тексеріп, нөмірлеуден, оны шаңнан тазартудан, қажет болған жағдайда парақтай отырып дизенфикация жасаудан басталады. Қағаздың конденсаттық, миколенттік түрлері арқылы құжат түбі бекітіледі. Жетіспейтін парақтардың орны толықтырылады. Құжат парақтары дымқылданып, престеледі, кесіледі, түптеу үшін әзірленеді. Жалпы, қалпына келтіру жұмыстарының бәрі қолмен атқарылады. Бұл істе антисептиктер мен пластификаторлар қосылған арнайы ұн желімі пайдаланылады. Нақты қалпына келтіру процестері қайтарымды, яғни қажет болған жағдайда оны құжатқа нұқсан келтірместен қайта бұзып, жаңадан бастай беруге болады.

Анықтама: Микрофотокөшірме жасау және  қалпына келтіру орталық зертханасында жыл сайын 300 000 кадрдан астам сақтық қоры (негативтер) түсіріліп, 300 000 кадрдан астам сақтық қоры (позитивтер) жасалады, 85 000-нан 100 000-ға дейін парақ қалпына келтіріледі және жөнделеді, 3 000 мұрағаттық қорапша әзірленіп, 4 000-нан астам іс түптеледі.

Мемлекеттік мұрағаттарда сақтаулы құжаттық материалдардың мәні көпшілікке мәлім. Қазақстан Республкасының Мемлекеттік мұрағаттыққоры негізінен ел дамуының басты кезеңдерін қамтитын болғандықтан зерттеу ісінде де, оны практикалық қызметте пайдалануда да бірегей дерек көзі болып табылады.
Тағы рефераттар