Қырғи қабақ соғыстың аяқталғанына біраз уақыт өтсе де, Корей түбегі оның заңдарымен өмір сүруін тоқтатқан жоқ. Корей мәселесін шешуге қатысушы мемлекеттер АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, сонымен қатар, Қытайда (ОША-5) нарықтық-демократиялық және плюралистік жолмен даму үстінде. Ал Солтүстік Корея ұлтшылдық, коммунизм жүйесінде қалған. Бұдан бірнеше қорытындыға келуге болады: Біріншіден, Солтүстік Кореяның бұрынғы одақтастарының ешқайсысы да (Ресей мен Қытай) идеялық-саяси себептермен КХДР-ға қолдау көрсетпейді [22].

Екіншіден, саясаткерлер ресми мойындамаса да, Солтүстік Корей режимінің тарихи болашағы жоқ, ал оның қашан құлайтынын тек уақыт көрсетеді.

Үшіншіден, тағы да ресми мойындалмаса да, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның қосылуы тек КХДР-ды Оңтүстік Кореяның басып алуымен және Солтүстік Кореяның Корея республикасының  заңдары мен саяси экономикалық шарттарын қабылдауы арқылы жүргізілетіні анық.

Ресей мен Қытай қазір КХДР-дің әскери одақтастары болып табылмайды және соғыс болған жағдайда Солтүстік Кореяға әскери күштермен көмек көрсетпейтін болады. Мәскеудің қазір Пхеньянмен әскери келісім шарты жоқ. Пекиннің Пхеньянмен мұндай келісімі болса да, сонымен қатар, 1953 жылы Бітім туралы келісімге қол қойған болса да (БҰҰ атынан — Пхеньян мен Вашингтонмен бірге), соғыс жағдайы туса, КХДР-ға әскери көмек көрсетпейтін ыңғайын білдірді. Себебі бұл Қытай-Американ қатынастарының шиеленісуіне, соның ішінде, Қытай экономикасының және саяси тұрақтылығының күйзеліске ұшырауына әкеп соқтыруы мүмкін.

90 жылдары социализм жүйесі құлап, Кеңес Одағының көмегі тоқталғаннан кейін Солтүстік Корея терең жүйелік дағдарысқа тап болды. Әміршіл экономика ресурстық жоқшылықтарға күші жетпей, егістің шықпауы және ашаршылық ішкі әлеуметтік жағдайды шиеленістіруде. Бұл жағдайды уысынан шығармау үшін Солтүстік Корея басшылығы сырттан төнетін қауіп туралы үгіт-насихатын күшейту үстінде.

Солтүстік Корея басшылығы нарықтық Ресей және Қытай үлгісі бойынша экономика мен мемлекеттің сыртқы ашықтығы бағытын ұстанғысы келмейді, себебі бұл басшылығын биліктен тайдыруы мүмкін.

Ішкі саяси өзгерістер әскерилер мен Ким Чен Ирдің өзі басқаратын Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті билігінің ролінің күшеюіне әкелді.

Партиялық элитаның ролі бұрынғыға қарағанда әлсіреді – партия съездері ширек ғасырдан бері өткізілген жоқ. Күнделікті тәжірибеде жоғарғы Солтүстік Корея басшылығына қолы жететін әлеуметтік топтардың беделі артып отыр.

Нарықтық реформалар КХДР-да жүргізілмейді және ол ел басшылығының жоспарында да жоқ. Онымен қоймай, КХДР үкіметінің экономикадағы басты стратегиялық бағыты – елдің қорғаныс қабілетін арттыру болып табылады. Әскер мен әскери-өнеркәсіптік кешен қажеттіліктеріне Пхеньян иелігіндегі қалған материалдық ресурстар қолданылады.

КХДР-дың ядролық және зымыран бағдарламасы АТМ аймағының елдері қауіпсіздігіне төндіріп отырған басты қауіптердің бірі. Солтүстік Корея бұл аймақтың елдері арасында алғашқылардың бірі болып зымыран технологиясын жүзеге асыра бастады. 1960 жылы КХДР КСРО-дан қашықтығы 50-70 км болатын «Луна», «Луна-М» зымырандарын сатып алды [23].

КХДР өзінде ғылыми техникалық қоры болмағандықтан, Қытаймен тығыз әріптестік жүргізуге тырысты. 90 жылдардың екінші жартысында Солтүстік Корея ғалымдары 600 км қашықтықты алатын Қытай баллистикалық зымырандарын жасауға қатысты.

1980 жылы Мысырдан 8К14 (Scud-B) зымыранымен қоса, үш зымыран кешені сатып алынды. 1984 жылы алғаш рет Солтүстік Корея шығарған

Scud-B зымыраны сынақтан өткізілді, ал бір жылдан кейін ол қарулы күштер қатарында қолданылды.

Солтүстік Корея үшін зымыран өндірісін кеңейтуге түрткі болған бір жағдай – ол Иран-Ирак соғысынан кейін Иранның Солтүстік Кореяға 100 зымыран жасауға тапсырыс беруі. Иран Солтүстік Кореяға Ирактық «Аль-Хусейн» БЗ-нің сынықтарын бергеннен кейін, КХДР 1989 жылы жаңартылған зымыран Scud-C жасап шығарып, ол зымыран 1990 жылы сынақтан өткізілді.

Солтүстік Корея өз зымырандарын жасап шығаруды 1988-1989 жылдары бастады, бұл бағдарламаның мақсаты – орташа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды шығару. Бұл «Нодон — 1» атты зымыран жобасына Иран мен Ливия да қатысқан болатын. Ол мемлекеттер Батыс елдерінен керекті материалдар мен техникалық құралдар алып отырған болатын.

«НОДОН -1 ОҚБЗ» — нің алғашқы сәтті өткен сынағы 1993 жылы Тайпобенг полигонында өтті.

«НОДОН -1 ОҚБЗ» — нің ең жоғарғы қашықтығы 1300-1500 км, дәлдігі – 2000-3000 км болып табылады және ол Scud зымыранының технологиясының негізінде жасалған. «НОДОН -1 ОҚБЗ» энергетикалық мүмкіндігі Ресей Қиыр Шығысын (Хабаровск, Комсомольск – на – Амуре, Чита), Шығыс Қытайды (Пекинді қоса) және Жапония территориясына залал тигізуге жетеді.

Солтүстік Корея әскери күштерінде Scud-В, Scud-С және «НОДОН -1» зымырандарымен қаруланған үш жеке зымыран бригадасы құрылған. КХДР-дың зымыран өнеркәсібіне қарастыра отырып, Солтүстік Корея әскерінде зымыран жетіспеушілігі жоқ деп баға беруге болады.

Қазіргі кезде КХДР алыс қашықтықтағы (2000 км-ден жоғары) БЗ құруды алға қойған.

Екісатылы «НОДОН -2 ОҚБЗ» құрылысының алғашқы сатыыс ретінде «НОДОН -1» зымыраны, ал екінші сатысы ретінде Scud-С зымыраны қолданылды. Бұл зымыран 21-22 тонна массаға ие, ал қашықтығы 2200-2300 км болып табылады. Бұл зымыран Жапония (Окинава аралдарын қоса), Қытай, Монголия, Ресей (Красноярскіге дейінгі территорияларды қосқанда) жерлеріне қолданыла алады. Бұл зымырандардың «Тэпходон — 1» атты үшсатылы қатты жанар-жағармайлы зымыран двигателі қолданылады. Бұл зымыранның массасы – 24 тонна, ұшу қашықтығы 3200 км, ату дәлдігі – 3700-3800 км.

Бұл зымыран Жапония, Қытай, Монголия, Үндістан, Пәкістан, Ресей (Уралға дейінгі жерлер), сондай-ақ, Гуам, Гавайи, тіпті Аляскаға да зардабын тигізе алады.

Бұл «НОДОН -2 ОҚБЗ»  мен оның үшсатылы «Тэпходон — 1»  нұсқасында қарулы күштерге қолдану 2003-2004 жылдарға жоспарланған болатын, алайда бүгінге дейін олардың бір ғана сынағы жүргізілген.

Қазіргі кездегі Пхеньянның алыс қашықтықтағы баллистикалық зымырандар жасауын уақытша тоқтатуы Солтүстік Корея зымыран бағдарламасындағы дағдарысты көрсетеді. Өнеркәсіп қазір ең алдымен сапалы ғалымдар мен инженерлер жетіспеушілігін сезуде [24].

Сондықтан, Солтүстік Кореяның зымырандар жасауды тоқтатуы оның өз еркімен емес, мәжбүрлі түрде өткізгені анық.
Тағы рефераттар