Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы туралы қазақша реферат

         Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы үлкен рөл атқарады. Қылмыстық заңның 19- бабының 3-тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін немесе оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тану үшін оның жасағн іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі болып табылатынын айқандайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабында көрсетілген. Осыған ұқсас нормалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да бірнеше рет көрсетілген. Іс-әрекетінде қылмыстың белгілері жоқ адамдар жауапқа және жазаға тартылмайды. Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мысалы, кісі өлтіру, бұзақылық, әйелді зорлау т.б. қылмыстар. Қылмысты дұрыс саралауға арналған анықтамалар осы уақытқа дейін қылмыстық құқықтық теорияда жеткілікті анықталған. Ғылыми еңбектерде бір автордың өзінің қылмысты дұрыс саралау түсінігі туралы қарама-қайшы пікірлер айтқан жағдайлары да кездеседі. Қылмысты дұрыс саралауға қатысты көптеген авторлар өз пікірін ұсынды. Қылмысты дұрыс саралау — мемлекеттің жаза мәселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғашқы шарты болып табылады. қылмысты дұрыс саралау қылмыстың жағдайын, деңгейін,құрылысын,қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Ал, қылмысты дұрыс сараламау нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін, қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған басты мақсаттарының бірі жасалған іс-әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау қағидасына қайшы келеді. Жасалған қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын, сандық,сапалық көрсеткіштерін жасаған қылмыстардың мәнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу керек. Бұл мәселелерді анықтамай тұрып, қылмыспен күрес жүргізу өзінің оңды нәтижелерін бермейді. Мәселен, бұл арада мысал келтіретін болсақ, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасынан, жәбірленушінің өлімі абайсыздықта болғандықтан қылмыстық әрекет ҚК 96-бабы 1-бөлігінен 103-баптың 3-бөлігіне ауыстырылып қылмыс дұрыс сараланды. О. 2000 жылы шілде айының 13 күні мас күйінде ерегес үстінде өзінің мектепте оқып жүрген кезінде 3-4 жыл айналысқан күрес тәсілдерін білетінін пайдаланып жәбірленуші Ә. Мойын тұсынан қапсыра құшақтап жамбасқа салып екі рет лақтырып, жерге құлатқан. Сонымен оның мойын омыртқасын сындырып қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Бірақ, бұл арада О. жәбірленушіні өлтіру ниеті болды деген сот тұжырымымен келісуге болмайды, өйткені екеуінің арасында келіспеушілік, қастандық болмаған. О. жәбірленушінің өліп кететінін болжамаған, ғяни О. күрес тәсілдерін қолданып, оны екі рет жерге жыққан кезде , өзінің әрекеттерінің жәбірленуші үшін қауіпті екенін біле тұра және оның ауыр дене жарақатын алатындығын болжай тұра, бұл зардаптың болуына саналы түрде жол берген [26,3б]. сондықтан, қылмысты дұрыс саралау сот төрелігін әділ жүзеге асырудың кепілі және заңдылық, әділеттілік қағидаларының іске асырылуының басты шарты болып табылады. құқық қорғау органдары беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруне де тікелей байланыста. Заңға негізделген әділ үкім сот органдарының беделін нығайтады. Қылмысты дұрыс саралау жеке адамдардың Қазақстан Республикасы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылады. қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған адамға тигізетін зардабы да өте зор. Яғни, кінәлінің әрекетін дұрыс сараламау, оның заң қорғайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып табылады.Іс-әрекетті дұрыс сараламау салдарынан адамға заңға негізделмеген жаза тағайындалып қанақоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеліп соғады. Мысалы, қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда, оған көп немесе аз жаза тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дұрыс сараламау оған белгіленген түзеу колониясының түріне де, сондай-ақ кінәләні мерзімінен бұрын шартты жазамен босату немесе босатпауға да әсер етеді. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы ерекше. Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметті борышы, негізгі міндеті. В.Н. Кудрявцев қылмысты дұрыс саралау негіздерін үш топқа бөдліп тұжырымдайды.

1)    Қылмысты дұрыс саралау- заңдылық және сяаси мағынада маңызды рөл атқарады;

2)     Қылмысты дұрыс саралау- әділсоттылықты заңға сәйкес жүзеге асырады.

3)    Қылмысты дұрыс саралау- заңды қатаң сақтауды талап ету мақсатында нақты көрсетеді [27,17-20б].

Қылмысты дұрыс саралау , яғни қылмыстың жеке түрлеріне заңдылық баға беріп, істелген қылмысы үшін заңда белгіленген жазаны әділ қолданып, қылмыс құрамының белгілерін дұрыс ашу болып табылады. Б.А. Куринов, «Қылмысты дұрыс саралау- қоғамға қауіпті іс-әрекетке нақты және толық қылмыстық заңды қолдану»,- деп өз ойын қорытындылайды. [9,21-23б]. Г.А. Левицкий: «Қылмысты дұрыс саралау- қоғамдық саяси негізде құқықтық мақсаттарды әділ, заңды орындау»,- [13,144б] десе, Т.Г. Черненко, қылмысты дұрыс саралау негіздерін төмендегі сатылар мен айқындайды.

—         Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдарының маңызды іс-әрекеті;

—         Қылмысты дұрыс саралау- заңдылық қағианы дұрыс орындап кінәлінің заң жүзінде жауап беруі;

—         Қылмысты дұрыс саралау- жазаның түрін, мөлшерін,жауаптылыққа тартудың, одан босатудың, кешірім жасау, яғни қылмыскердің қылмысынкешіру, соттылығын өтеу, жою, дұрыс баға беру;

—         Қылмысты дұрыс саралау- анықталған іс жүргізу салдарынан  пайда болатын алдын ала тергеу жүргізу, қылмыстық істердің соттылығын айқындау;

—         Қылмысты дұрыс саралау- яғни құқық қорғау органдарының беделінің, мәртебесінің биік болуында істелген әрекетке, дұрыс заңды баға беру;

—         Қылмысты дұрыс саралау- заңды сыйлау, құрметтеу, кінәләләк және шындылық қағидасын жүзеге асыру;

—         Қылмысты дұрыс саралау- қылмыстық статистиканың объективтік жағына көмектеседі, яғни қылмыспен қарсы күресу бағдарламасын қылмыстан сақтандыруды жүзеге асырады. [23,23-33б].

Біздің ойымызша, жоғарыда көрсетілген әрбір бағыт өз алдына маңызды. Бірі екіншісінен мәнді немесе керісінше деп санау қате. Өйткені әрбір бағыт, қылмысты дұрыс саралау күрделі ұғымның мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Бұл жердегі маңызды нәрсе алты бағыттың мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Қылмысты саралау мәселесіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мәжілісінің көптеген қаулылары арналған. Жоғарғы Сот мәжілісінің қаулыларында соттардың заң талабы дәлме-дәл сөзсіз орындай отырып, жасалған іс-әрекетке заң нормаларының талабына сай баға беріп, кінәлінің іс әрекетінде қылмыс құрамының белгілері бар ма, жоқ па, осы жағына ерекше мән беріп, заңдылық қағидамен еш уақытта да  ауытқушылыққа жол берілмеуі керек деп ескертті. Бұл арада, қылмыстық істер жөніндегі алқадан үзінді келтірсек, сотталушы қажетті қорғану шегінен шығып кетіп, кісі өлтіргендіктен оның әрекеті тиісті заң бабымен қайтадан сараланады. А. мал бағып жүріп, қамшы сапқа бұралып қолдан жасалған пышақ тауып алған. Пышақты суық қару екенін біле тұра заңсыз алып, сақтаған. Түнгі саған 01 шамасында қонақтарын шығарып салып, келе жатқан А.жәбірленуші Р.жолда кездестірген, бірақ танымағансып тезірек үйіне кете берген.  Артынан қуып жеткен Р. бұрынғы бас арыздықтардың салдарынан жанжал, төбелес шығарған. Осы төбелестің нәтижесінде А. кісі өлтіру- яғни құқыққа қарсы басқа адамға қасақана қаза келтіру мақсатымен, жоғарыда аталған суық қарумен Р. он бір рет пышақпен дене жарақатын салған. Осы пышақпен салынған дене жарақаттарының салдарынан Р. оқиға болған жерден қаза тапқан. А. жәбірленуші Р. өлтіргендігін тез арада мойындап, ол оны өзін қорғау кеізде болғанын айтады, сонымен қатьар суық қару, пышақты алып жүргендігін мойындайды. Арыздары анықтала келе, Р. кінәл А.осы оқиғаға дейін ұрып, соққыға жыққандығы расталады. Р. куәлардың берген жауабына қарай, өте бұзық  ауылдың «атаманы», — деген атқа ие болған.  Аталмыш іс әрекет Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 1-бөлігінен осы кодекстің 99-бабына ауыстырылып дұрыс сараланды. Осы баппен оған екі жыл бас бостандығынан айыруға жазалады. [28,7-10б]. Біздің ойымызша, қылмысты дұрыс саралау дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылуын айтамыз. Демек, қылмысты саралуда іс әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса,онда оның іс-әрекеті бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделі нұсқан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу ішін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместілктен немесе соған ұқсас қылмыстардан ажыратып белгілерді айқандау ерек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының оның белгілерінің қылмысты саралаудағы заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде бір, адам егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қымыстық жауаптылыққа тартылуға немесе жазлануға тиісті емес. Өйткені, жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады. Қылмысты дұрыс саралау төмендегі белгілерден көруге болады.

Бірінші,  нақты норманы қолдану үшін Ерекше бөлімнің саяси- әлеуметтік маңызын айқындау қажет,яғни озбырлық жасаудың қосымша объектісін анықтап алу қажет.

Екінші, жасалған қылмыстың белгілері нақты және толық болуы қажет.

Үшіншіден, кінәліге жазаны қолдануды дұрыс әрі әділ жеке қолдануды қамтамасыз ету қажет, яғни қылмысты дұрыс саралау кінәлінің құқығын айқындайтын маңызды құрал болып табылады.
Тағы рефераттар