Қылмыстық-атқару құқығының нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы туралы қазақша реферат

Құқық құрылымының бастапқы бөлімі қылмыстық-атқару нормасы болып табылады. Норма – ереже, мінез-құлық ережесі. Сонымен, қылмыстық-атқару құқығының нормасы деп субъектілердің тиісті мінез-құлық үлгісін және қатысушылардың (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың, лауазымды адамдардың, сотталғандардың және жеке адамдардың) құқықтық қатынасын айтамыз.

Қылмыстық-атқару құқығының нормалары ішінде де құқық саласының жалпы ережелері мен жалпы түсінік принциптері құрылып қалыптасатын нормалар бар, сонымен қатар лайықты мемлекет органдарының міндеттері біріктіріледі. Бұл нормалар мәлімдеме ретінде жүргізіледі. Олар қылмыстық атқару саясатын іске асырады. Көрсетілген нормалар ережесі қылмыстық-атқару құқық қатынастарында субъектілердің субъективтік құқық пен заңдық міндеттерін белгілейтін нормаларда айқындалады. Құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды керекті бағытта реттеу үшін қабылданады.

Қылмыстық-атқару құқығы нормалары қоғамдық қатынастар процесінде және жазаны атқарудың реттеу үшін қолданылады. Қылмыстық-атқару құқық нормалары жазаны атқару себебі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар субъектілерінің мінез-құлқын тәжірибеде реттейді. Бұл қатынастар қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен реттеле отырып, қылмыстық-атқару құқық қатынастары пайда болады.

Қылмыстық-атқару құқығын материалдық және процессуалдық түрлерге жіктеуге болады. Материалдық құқық нормалары мінез-құлық ережелері маңызын белгілейді, процессуалдық норма оның жағдай мен тәртібін реттейді.

Қылмыстық-атқару құқығы нормаларын белгілейтін тәртіп ережесін өзіндік ерекшелігіне байланысты жеке-жеке түрге жіктеуге болады. Айтылған құқық нормаларының негіздері:; а) реттеуші нормалар ә) мадақтаушы; б) қорғаушы болып бөлінеді.

а) Реттеуші нормалар субъектілердің құқығы мен міндеттерін және басқа да қылмыстық-атқару құқық қатынастарына қатынасушыларды белгілейді. Құқық пен міндеттердің белгіленген түрінің тәуелділігіне байланысты олар өз кезегінде, уәкілеттілік етуші және тыйым салушы болып бөлінеді. Міндеттеуші нормалар –субъектілерден белгілі бір қимыл істеуді талап етеді. Тыйым салушы нормалар – керісінше, субъектілерге тиісті бір әрекет етуді тоқтата тұруды талап етеді, оның себебі ол заңмен теріс деп бағалағандық болып табылады. Заң нормасында тыйым салу жалпы да, нақтылы да түрде белгіленуі мүмкін. Заң әдебиетінде құқықты ретеудегі тыйым салу нормасының екі тәсілі ерекшеленеді: рұқсат беру және ерік беру.

ә) Қылмыстық-атқару құқығының мадақтаушы нормалары сотталғандардың заң қабылдайтын мінез-құлқына жағдай жасауға бағытталған. Қылмыстық-атқару құқығының мадақтаушы нормаларының айырмашылығы – ол тек құқық қатынасының жалғыз субъектісіне, мекемесіне немесе жазаны атқарушы басқа бір орган әкімшілігіне мақтауға құқы береді. Екінші субъект – сотталғандар қосымша лайықты мадақтауға құқық беруді талап ете алмайды, ол үшін еңбек сіңіруі тиіс. Әкімшілік мадақтауға шешім қабылдағанда сотталғандардың тәртібін жасы деп сипаттайтын мағлұматтарды басшылыққа алады.

б) Қорғаушы нормалар – қылмыстық жазаны атқару процесінде пайда болатын құқық қатынастарын қорғауды қамтамасыз етуге шақыратын нормалар.

Қылмыстық-атқару нормаларының құрылымы – гипотезадан, диспозициядан және санкциядан тұрады. Гипотеза арнайы шарттан тұрады, егер ол бар болса, бұл норма қолданылуы мүмкін. әдетте ол заң тарауы аталуында айтылады. Диспозиция нормасы – бұл мінез-құлық ережесі, мұнда субъектілерге құқық пен бұл құқық міндеттемелерін байланыстыру үлесін беру көрсетіледі. Ол құқық қатынастарына қатысушы жақтардың тиісті тәртібін, әдеттегідей заң баптары мазмұнын бейнелейді. Санкция нормасы – бұл диспозицияда айтылған ережені бұзған кездегі негативтік салдар.

Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының ерекшелігі – олар негізінен императивтік сипатта болады. Құқық нормаларының көбінде гипотеза боламйды, бірақ диспозиция барлық уақытта болады. Көптеген нормалар нақты норма мәтінінің сыртында жатады.
Тағы рефераттар