Жоспар

КІРІСПЕ…….3

1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ…….6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар…….6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру…..9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру……13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы…..15

2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ…..51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу……….53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру……56

ҚОРЫТЫНДЫ………58
ПАЙДАЛАНҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..62

Кіріспе.

         Дипломдық жұмыстың өзектілігі

Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты — қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.

Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасынан ауытқуларға жол берілмейді және олардың белгілі бір құқықтық салдары көзделген. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы органдар тек қана осы нормаларды біліп қоймай, оларды сақтауы, дұрыс қолдануы, кәсіби деңгейде қолдануы қажет.

Алдын ала тергеу барысында істің фактілік мән-жайлары анықталады. Бұл жерде қылмыстық оқиға орын алдыма жоқпа, сезікті немесе айыпталушы адамның сол қылмысты істеуде кінәсі анықталды ма деген сұрақтарға жауап алынады. Осылардың барлығы тергеуші арнайы құжат — айыптау қортындысымен рәсімдейді. Айыптау қорытындысын шығарып болған соң тергеуші оны айыпталушыға жариялайды және қылмыстық істі әрі қарай шешу үшін сот органдарына жібереді.

         Дипломдық жұмыстың мақсаты — Қазақстан Республикасының әрекет етуші қылмыстық іс жүргізу заңдары мен арнайы қазақстандық және ресейлік әдебиеттерге талдау жасау арқылы қылмыстық қудалау мен айып тағудың проблемаларын айқындау, маңызын ашу.

 Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1)     Қазақстан      Республикасының   әрекет   етуші   қылмыстық   іс   жүргізу заңдарын зерттеу, оларға талдау жасау, талқылау;

2)  Қазақстандық және ресейлік әдебиеттерді зерттеу;

3)  Зерттеліп отырған мәселе бойынша өзіндік пікірді қалыптастыру;

4)  Тақырып бойынша түсініктемелік негізді қалыптастыру.

       Дипломдық жұмыстың теориялық  практикалық құндылығы:

Дипломдық жұмысты жазу барысында алынған материалдарды заң оқу орындарында сабақ берген кезде оқу құралы  ретінде пайдалануға болады.

      Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы. Дипломдық жұмысты жазу барысында алынған нәтижелерді автор өзінің құқық қорғау органдарында жұмыс істеу барысында қолданады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі.

Дипломдық жұмысты жазу барысында талдау, хронологиялық және салыстырмалы әдістер қолданылады.

Зерттеу аумағы. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін қылмыстық іс жүргізу заңнамасы зерттелеп зерделенді.

      Дипломдық жұмыстың құрлымы: Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды, негізгі мазмұндағы екі тараудан және пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыстың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы, қолданылытын әдістері, мақсаты мен міндеттері, дипломдық жұмысқа шолу көрсетіліп кетеді.

Бірінші тарау қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға арналған. Онда қылмыстық қудалауды жүзеге асыру ережелері,     қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән- жайлар   қарастырылады. Сонымен қатар, қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы органдардың    құқықтық жағдайына да көңіл бөлінеді.

 Дипломдық жұмыс / 62 бет
Тағы рефераттар