Қыпшақ хандығы туралы қазақша реферат

I.  Өмір сүрген уақыты:  ХІ ғасырдың басы – 1219 жылы
II. Территориялық аймағы: Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған далада мекендеген
III.  Орталығы: Сығанақ қаласы.
IV. Тайпалары:  имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген
V.  Деректер: а) «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады.

                б) Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында  ұшырасады.

                г) Орыс жылнамаларында «Қыпшақ даласы» деп шығыста  Еділге, ал батыста Днепрге дейін созылып жатқан жерлерді        атаған.

VI. Сыртқы саясаты:

а) Хорезм билеушілері солтүстігі мен шығыстағы шекараларына жақын орналасқан Дешті-Қыпшақ тайпаларының күшеюінен қорқып əрі оларды жаулап алу мақсатымен қыпшақтардың бірігуіне бөгет жасауға тырысты.

б) 1215- 1216 жж. Хорезм шаһы Мұхаммед Арал теңізінің солтүстігін мекендейтін мұсылман дініне кірмеген қыпшақтарға қарсы жорыққа шықты. 

в) Дешті-Қыпшақтың ұшы-қиырсыз кең жеріндегі саяси билік қыпшақтардың қолында болып, оларға көптеген этникалық топтар бағынды.

г) 1219 жылы Жошы бастаған монғолдар Сығанақ қаласын жеті күн жеті түн дегенде жаулап алды. Қыпшақ х андығы өмір сүруін тоқтатты.

VII. Діни наным-сенімдері: VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
Тағы рефераттар