Сабақтың түрі: тақырып бойынша суреттер салу.

Сабақтың мақсаты: оқушларды белгілі тақырып бойыша сурет салуға үйрету. Композиция құрастыру, зат көрінісін дұрыс бейнелеу дағдыларын калыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қыс көріністері бейнеленген репродукциялар, иллюстрациялар. Кеңістік көріністерін кағаз бетіне орналастыру жолдары, композиция құрастыру әдістері көрсетілген таблицалар.

Сабақтың кезеңдері: бірінші — қыс көріністері және оларды таңдап алу жайлы әңгіме; кеңістік пен композиция туралы түсініктер беру; үшінші — оқушылардың өз бетінше қыс көріністері туралы сурет салуы.

Сабақтың барысы: Бұл сабақта «Сығанақ», «Қыстағы ауыл көрінісі», «Таудағы ауыл», «Менің күшігім», «Біздің үй» т.б. шағын тақырыптарды алуға болады. Сабақта оқушыларға, қыста дала калай өзгереді?

— ағаштардың жапырақтары бола ма?

— қыста қандай ойын ойнайсыңдар?

— каникулда қайда барасыңдар? —

деген сұрақтар беру арқылы оқушыларды тақырып табуға жетелейміз.

Мұнан соң қыс туралы суретші Ж.Шарденовтің «Алатау», «Кезек», Ә.Қастеевтің «Қыс», А.Школьныйдаң «Қыстағы шопандар», С.Романовтың «Цирк ауласында», А.Нисскийдің «Москва түбінде» картиналарының репродукциялары көрсетіледі. «Ақ желкен» журналындағы қыс көріністерін бейнеленген суреттермен таныстырылады, «Аяз ата», «Қар кыз» бейнелеріне талдау жасалады. Графика, кескіндеме шығармаларындағы қысты бейнелеу техникасы сөз болады.
Тағы рефераттар