Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны туралы қазақша реферат

Тауар дегеніміз рынок жүйесіндегі негізгі әрекет етуші «тұлға» десек те болады. Өйткені ол өндірушінің экономикалық пәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады. Рыноктағы коммерциялық табыстың көлемі тап қазіргі жағдайда сапасы жоғары және тұтынушыға да, өндірушіге де, тиімді тауарға байланысты болып отыр. Бұнымен бірге белгілі уакытқа дейін тауар зат ретінде тұтынушыға ешқандай құндылық еместігі есепке алынуы тиіс. Дәлірек айтсақ, рынокта адамдар тауарды сатып алмайды. Олардың нақты қажеттілікті қанағаттандыратын тауардың қызмет қабілеттерін сатып алады. Демек тауардың қабілетін білгеннен кейін ғана адам оны сатып алады. Былайша айтқанда, араның өзін емес, айталық, оның ағаш кесетін қабілетін сатып алады. Сонымен маркетинг мақсаты мынаған келіп тіреледі адамдарға қажет тауарды белгілі орынға, керек уақытта, қолайлы бағамен, оңтайлы өткізу арнасымен, бағытталған белсенді жарнамамен жеткізуі тиіс.

Экономика теориясында тауар экономикалық категория ретінде белгіленген. Классикалық саяси экономияда тауарды арнайы айырбас жасау үшін өндірілген еңбек өнімі деп анықталған. Бұл анықтама әрине маркетингте де өз күшін сақтайды. Алайда маркетингтің мақсаты мен атқаратын қызметтері тауар категориясына айрықша екпін береді. Өйткені тұтынушылардың қажеттеріне бағытталған тауардың қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сайып келгенде тауар дегеніміз адам қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған нәрсе, сол нәрсеге адамның назарын аудару, оны сатып алуға, қолдануға, тұтынуға ынталандыру, сол үшін ол нәрсені рынокқа ұсынады, демек маркетинг әрекеті жүргізіледі. Ол нәрсе физикалық зат, немесе қызметтер, орындар, мекемелер мен ой идеялары және т.б. нәрселер болуы мүмкін. Тауар бірлігі дегеніміз көрсеткіш шамасымен тауардың бағасын, көлемін, сыртқы түрін және тағы да сол сияқты сипатын анықтайтын оңашаланған тұтастық. Мәселен, тіс шаятын паста тауар болады. Айталық, «Colgate» фирмасы шығарған «Colgate» пастасының 55 теңге тұратын бір данасы тауар бірлігі болады.

Тауарды шығару кезінде оны өндіру ұғымы 3 деңгейде қарастырылады:

1. Ойдағы тауар  тұтынушы сатып алатын тауардың атқаратын қызметін белгілеу керек. Бұны жалпы қорытылған өнім деп атауға болады. Мысалға, «Revlon» фирмасының басшысы Ч.Ревсон былай деген: «Фабрикада біз косметика заттарын жасаймыз, оларды дүкендерде сенімді түрде сатамыз». Ал кереметтей сатушы Э.Уиллер болса «Бифштекс емес, оның табадағы иісін сатыңыз»,  деген. Бұл ұғым бойынша тұтынушының қажетіне лайық арнайы тауар өндіру және оны өткізу керек. Мұндай қаракет маркетинг концепциясына сайма-сай келеді.

2. Өндірушінің мақсаты ойдағы тауарды нақтылы тауарға айналдыру керек. Өндірілген тауар өзінің қасиеттерімен, сапасымен, ыдысыменен сатуға арналады. Оны нақты өнім деп атайды. Мысалы, «Рахат» фирмасының өндірген шоколады, сол сияқты «Эппл» фирмасының «Макинтош»  компьютерлері және т.б. нақтылы тауар сипаттарын алып отыр. Нақты өнімдердің бес түрлі сипаттамасы болады: сапа деңгейі, қасиеттері жиынтығы, ерекше рәсімделінуі, таңбалық аты және ерекшеленген қорабы, немесе ыдысы.

3. Сипаттамаларына қоса өндіруші сатып алушыға қосымша қызмет көрсетуі мүмкін. Осының нәтижесінде толықтырылған тауар түсінігі қалыптасады. Өйткені сатып алушыны күтіп алу, оған қызмет көрсету, кепілдік беру, тауарды жеткізу жұмыстарымен толықтырылады. Мысалы, тігін машинасын алайық. Оған кепілдік беріледі. Сонымен қатар ол тауардың белгілі техникалық сипаттамалары анықталып көрсетілген. Мұндай тауарлар ұлғайған өнім деп аталады.

Тауар қасиеттерінің жиынтығы мынадай көрсеткіштерімен анықталады:

1 Сапа (сапаға деген сенімділік өнімді ұлғайтуға жол ашады);

2. Тауардың атқаратын қызметіне дәл сәйкестігі;

3. Бағаның сапаға және тхтыну құндылығына сәйкестігі;

4. Тауар құжаттары;

5. Сатып алынғаннан кейінгі сервистің сапасы;

6. Ассортименттің байлығы, тауарды таңдауға мүмкіндіктің молынан болуы. Мысалы, Голландия «Philips» фирмасы 25 түрлі телевизор негізінде оны түрлендіріп 500-дей үлгісін жасаған.
Тағы рефераттар