Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, беткі және ішкі сулары туралы қазақша реферат

Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі  төрт  мұхиттың  сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтарды, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің  әсіресе батысы мен шығысы күшті  тілімделген. Материктің  батысы мен оңтүстік – батыс жағалауын  шайып жатқан  Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк  табиғатына тигізетін әсері мол. Гольфстримның жалғасы болып табылатын  Солтүстік Атлант жылы ағысының тропикалық белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның  солтүстік – батынысындағы мұхит сулары қыста қатпайды. Тұрақты соғатын батыс желдері  Атлант  мұхиты үстінде  қалыптасатын жылы әрі ылғалды ауа массаларын Еуропа жағалауларын әкеледі. Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының  жағалауларында  орналасқан. Мұхиттың  ең таяз жері – Солтүстік теңіздері Доггер – Банка  қайраңы.

Еуропаның оңтүстік – батысында мұхит  ені 12 км болатын Гибралтар бұғазы  арқылы Жерорта  арқылы Жерорта теңізіне жалғасады

Солтүстік Мұзды мұхит  пен оның  теңіздері  Еуразияның солтүстік жағаларына  ұласып жатыр. Солтүстік Мұзды  мұхит – ең суық, ең таяз,  ауданы жағынан ең кіші  мұхит.  Теңіздердің барлығы  дерлік  материктік  қайраңда  орналасқан.  Кейбір шеткі теңіздер аралдар  арқылы бөлініп жатыр. Мұхиттағы теңіздердің  ең үлкені – Норвег теңізі, ең кішісі – Ақ теңіз. Мұхиттың  орталық бөлігінде қатар орналасқан су асты  жоталарымен  бөлінген  бірнеше терең қазаңшұңқырлар бар. Гренландия теңізінің солтүстігінде мұхиттың  ең терең  (5527 м)  жері орналасқан.

Солтүстік Мұзды мұхит атына сәйкес климатының  қаталдығымен сипатталады. Ол мұхиттың солтүстік  полюс маңындағы  орнына қалыптасады.  Еуразия  жер бедерінің  солтүстікке қарай жазық болуы арктикаық ауа  массаларының оңтүстіктегі  тау белдеулеріне  дейін емін – еркін өтуіне мүміндік береді. Оның ықпалын  еуропалық бөлікте  Атлант мұхитынан келетін жылы ауа массалары  азайтады. Қыста  мұхит  үстіндегі  ауаның  температурасы  шығысқа қарай -40 °- қа дейін төмендейді, жазда  0 ° — қа  жақын. Мұз бен  қар жамылғысы қысқа  поляр    күндерінде Күн сәулесінің басым бөлігін  шағылыстырып, климаттың қаталдығын арттыра түседі.

Тыңық мұхит және оның теңіздері Еуразияның шығыс жағлауларын шайып жатыр. Жағалаулары  аса күшті  тілімделген аралдар көп. Жағалық теңіздердің  біраз бөлігі материктік  қайраңда орналасқан.  Шығысқа қарай  жүрген сайын, олар терең теңіз қазаңшұқырлармен алмасады. Теңіздер мұхиттан аралдар доғасының тізбегі  арқылы бөлінген. Олардың шығыс жағалауын бойлай, жіңішке,  өте тереі мұхит  шұңғымалары созылып жатыр. Мұхит  түбінің мұндай ерекше құрылымы тек Тыңық мұхиттың батыс жағалауларына ғана тән.

Тыңық мұхит үлкендігіне, барлық климаттық  белдеулерді кесіп өтетіндігіне және мұхит табаны бедерінің күрделі болуына байланысты  жағалауларындағы материктердің әсіресе  Еуразияның табиғатына күшті  әсерін тигізеді. Мұхиттың жағалық бөлігіндегі ағыстардың күрделі  жүйесі және муссондық  құбылыс Еуразия  климаттық  қайталанбас белгілерін. Әсіресе мұхиттың  экватордан  солтүстікке қарай орналасқан  бөлігіндегі ағысар жүйесіне    кіретін  Солтүстік пассат, Курасио, Солтүстік Тыңық мұхит ағысы Еуразия жағалауларына жылу  мен ылғал әкеледі.

Климаттық ерекшелігіне  байланысты  су бетінің температурасы  солтүстікте – 1 ° — тан, экватор  маңында + 29 ° С – қа дейін  жоғарылайды. Мұхит  айдынында буланудан   гөрі   түсетін жауын – шашын мөлшері  басым болғандықтан, су  бетіндегі  тұздылық басқа  мұхиттарға  қарағанда төменірек болады.

Үнді мұхиты Еуразияның  оңтүстік жағалауларына  ұласып  жатыр. Теңіздері  мен шығанақтары жіңішке  материктік қайраң арқылы су асты жоталарымен  бөлінген  терең қазаңшұқырларға жалғасады. Мұнда ұсақ  жанартаулық аралдар  көп кездеседі. Мұхиттың  ең шалғай теңізі – Қызыл теңіз Еуразия  мен Африка аралығында,  литосфералық тақталардың түйісу  аймағында орналасқан. Мұнда    Дүниежүзілік мұхитының жағалауға жақын бөліктеріндегі ағыстар жыл мезгілдеріне қарай, жазғы және қысқы муссондардың ауысуына байланысты: жазда  батыстан шығысқа қарай, қыста  шығыстан батысқа  қарай бағытын өзгертеді.

Аса ірі  Еуразия  материгінің көршілес орналасуы  мұхит  табиғатына  да үлкен әсер етеді. Қысы жылы, ашық ауа  райымен сипатталса, жазы ыстық, жаңбырлы және дауылды болып келеді. Үнді мұхиты мен оның теңіздері – жер шарындағы  ең жылы  су алаптары. Судың беткі  температурасы үнемі + 25 ° С, + 30 ° С болады, ең жоғары  температура (+34° С)Парсы шығанағында байқалады.  Ал оңтүстікке қарай температура  төмендейді. Судың беткі  қабатындағы  тұздылық барлық жерде  салыстырмалы  түрде жоғары. Мұхиттағы  тіршілік дүниесі алуан түрлі  әсіресе солтүстіктегі   материктік  қайраң  мен маржандық  рифтер таралған  аудандарында  айрықша бай болады. Үнді  мұхиттыңдағы ежелден белгілі асыл тастарды теңіз түбіне  сүңгіп жинау кәсібі күні бүгінге дейін  сақталған. Жалпы алғанда, Үнді  мұхитының алуан түрлі  биологиялық байлығы әлі  толық зерттеліп игерілмеген.

Ішкі сулары.  Дунай – Еуропадағы ең ірі өзендердің бірі. Оның  ұзындығы – 2850 км, бассейн көлемі – 817 мың. км2.

Дунай  Шварцвальд массивінде екі бұлақтардан, 1000 м биіктікте  басталады. Бавар тау қыраты арқылы ағып, Чехия мен Шығыс Альпінің солтүстік байрайынның арасымен өтеді. Осылай Дунай өзені Венаға дейін 200 м биіктікте  жоталар мен үстірттермен  ағады. Венаға дейін ағатын учаскіні Дунайдың жоғары ағысы болып саналады. Мұнда Дунайға көп  салалар   қосылады, оның бастылары  (Иллер, Лех, Изар, Инн)  Альпіден ағып  және оларды мұздықтар қоректендіреді.

Батыс Азияның  ірі өзендерінің бірі – Тигр (оның ұзындығы – 1950 км) және  Ефрат (оның ұзындығы —  2700 км) – ортақ сағасына  Персия шығанағына құяды. Бұл өзендер Армян таулы өлкесінде басталып және Месопатамия жазығына  шығып, көп салаларға бөлінеді. Шамамен сағасынан 190 км – де олар Шатт –эль – Араб  деп аталатын өзенге құяды.Барлық өзендер көктемде  еріген  қармен, жаңбырмен қоректенеді.

Янцзы – Дүниежүзіндегі аса ірі өзендердің бірі.  Оның ұзындығы 5530 км, бассейн көлемі  -1726 мың км2. Янцзы  Тибет  таулы қыратының орталық бөлігінен алады.  Жоғары ағысында  өзен Цзиньшаньцзян деп аталады.  Таудан шығып Қызыл Бассейн деп аталатын  үлкен тектоникалық қазаншұңқырға құяды,  содан Оңтүстік –Шығыс Қытайдың  аласа болып келетін  таулардан ағады.
Тағы рефераттар