Жоспары:

1. Махаббат философиясындағы негізгі түсініктер.

2. Махаббаттың сипаттамалары.

Загрузка...

3. Махаббаттың түрлері.

Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды философиялық  ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты білдіреді.

Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.

«Эрос» сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.

«Рhilia» сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.

«storge» сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.

«Аgape» термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді.

Орта ғасырларда христиандық ілімі махаббатты адамның мәнін терең ашатын адамгершіліктің ең жоғарғы принципі ретінде анықтаған болатын. Христиандық ойшыл Аврелий Августин махаббаттың үш түрлі формаларын көрсеткен болатын, олар: адамның құдайға деген махаббаты, жақыныңа деген махаббат және құдайдың адамға деген махаббаты.

Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:

  1. Махаббат ол құмарлық;
  2. Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын  ынтықтық сезім;
  3. Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;
  4. Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды.

Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар:

1. махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген махаббаты;

2. махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген махаббаты;

3. махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.

Енді махаббаттың сипаттамаларының ең маңызды ерекшеліктері неде? Осы сұрақтарды талдайық: Махаббаттың экзистенциалдық анықтамасы, яғни оның сезімінің терең осі – бұл сүйікті, ғашық адамыңды өзің сияқты көру, оған да өзіңе сияқты қарау, онымен өзіңді бір деп ұғыну. Мұнда сүйіп отырған емес, сүйікті адам маңыздырақ. Махаббат болашақты көруге меңзейді, алдағы перспективаларды көруге мүмкіндік береді; сүйіктіңнің, яғни ғашық адамыңның ерекше мүмкіндіктерін ашады. Махаббаттың басты құпиясының бірі – оның таң қаларлықтай, екі жақты оптика сияқты екендігінде. Сүйікті адамыңның жақсы жақтарын бинокльмен ұлғайтып көрсетіп, ал кемшіліктерін теріс айналдырылған бинокльмен кішірейтіп көрсететіндігінде. Адам өзінің сүйікті ғашығын әлемдік өлшеммен теңестіреді. Ғашық адамның іштей өзінің таразысы болатындай, ол таразының бір басына ғашығын, ал екінші басына бүкіл жер шарын қояды. Яғни бір жанды бүкіл адамзатпен тең дәрежеде қояды. Жақсы көру, сүю дегеніміз басқа адамды бүкіл әлемдік өлшем ретінде түйсініп, ұғыну, оны адамзаттың өкілі ретінде тану, оны бақытқа бөлеуге ұмтылу, оған адмзаттың шеңберінде қарым қатынас жасау, яғни оған шектен тыс қайырымдылықпен, мейірімділікпен және қамқорлықпен қарау. Шынайы махаббатта екі орталықтық, эгоистік қатынастар болмайды және бұл оның ең маңызды негізі болып табылады.

Махаббатта сезімділіктің үш түрлі типері бар, олар: біріншіден, жалпы сезімдер, бұл бүкіл ғасырға тән барлық халықтардың махаббатында кездеседі, яғни бұл махаббатты басқа да сезімдерден ажыратып тұратын ерекшелік. Екіншіден, типологиялық сезімдер, яғни махаббаттың бір ғана типімен жақсы көретін адамдардың сезімдері сияқты, бірақ та махаббаттың басқа типімен жақсы көретін адамдардың сезімдеріне тіпті ұқсамайды. (мысалы,  холериктің махаббаты – «гейзер», флегматиктің махаббаты – «мұхит» сияқты). Үшіншіден, «индивидуалдық, жеке» – бұлар басқа ешқандай адамдарға ұқсамайды; мұнда ерекше қайталанбас сезімдер мен осындай сезімдердің қайталанбас үйлесімдері көрініс береді.

Махаббат бұл адам еркіндігінің көріністерінің бірі. Адамды ешкім біреуді немесе өз өзін жақсы көріп сүюге мәжбүрлей алмайды, өйткені оны жұмыс істетуге, тіпті зұлымдық жасатуға да мәжбүрлеуге болады, бірақ жақсы көргізуге емес. Жалпы махаббат дегеніміз, интуиция мен түсіну тәжірибесін талап ететін өнер болып табылады. Жақсы көруге, сүюге, махаббатқа деген қабілетсіздік биологиялық емес ол жанның, яғни психологиялық кемістік. Махаббат әр түрлі дәреже мен деңгейде дамуы мүмкін, махаббаттың болмауы мүмкін емес, махаббат болмаса адамзат та болмас еді.

Махаббат философиясында махаббаттың мынадай түрлері бар, олар: ата ана мен бала арасындағы махаббат, аналық махаббат, әкелік махаббат, ағалық махаббат, өз өзіне деген махаббат, құдайға деген махаббат және жануарларға деген махаббат және т.с.с.

Құдайға деген махаббат. Фрейдтің ілімінше,  діни махаббат бұл жыныстық құмарлықты рухани қызметке бағыттау. Ол құдайға сенетін адамдарды діни қиялдар әлеміне беріледі дейді, өйткені ол адам ләззат алады. Сондықтан Фрейд кейде дінді жыныстық құмарлықтың сублимацияланған жемісі дейді, кейде алғашқы табиғи құмарлықтарды басып тастаудың салдарынан пайда болған ұжымдық иллюзия дейді.

Суфизмдегі құдайға деген махаббат. Суфизм ілімінде құдайға деген махаббат ең негізгі тақырып болатын. Құдайға деген махаббат идеялары Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен іс әрекеттері туралы аңыздарда белгіленген сунналарда да, құрандарда да айқын көрініс таппаса да, суфизмде бұл идея кең мағынада қарастырылды. Өйткені онда құдіретті күштің алдындағы табынып, бас ию мен оған мойынсұну мотиві өте басым болды. Христиандық пен иудаизмдегі сияқты исламда да құдайда жыныстық айырмашылық жоқ, мұнда құдай көбінесе еркектік сипатта болады. Араб тілінде де осылай, бірақ мұнда орыс тіліндегі сияқты құдайды анықтау үшін құдайдың өзіндік ерекшелігі мен мәні деген сөздер қолданылады. Араб тілінде ол формасы жағынан еркектік сипатта, ал грамматикасы  жағынан әйелдік сипатта. Құдайдың ең басты мәні – ол әйелдік сипатта болуында. Суфизм ілімінде махаббат тақырыбы жан жақты қамтылған, Жартылай ортодоксальды құдай ілімінде Мұхаммед пайғамбардың сөздері бар, онда ол Құдай туралы былай деген: “Мен құпия болатынмын, және мен өзімді танығанын қаладым, сондықтан адамдар мені танысын деп әлемді, дүниені тудырдым” — деді. Жалпы, құдайды танушылар Құдайды танудың элементтеріне назар аударады. Бірақ, суфизм ілімінше, махаббат дегеніміз әлем мен дүниені қозғалысқа келтіріп, реттеп тұратын күш дейді. Құдай да бүкіл әлем мен дүниені махаббатты сияқты жаратты, дүние мен әлемдегінің барлығы мен кез келген махаббат, яғни әйел мен еркектің махаббаты, ата ананың балаға деген махаббаты – бұлардың барлығы өмірге мән мен мағына беріп тұратын осындай махаббаттың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өмірде махаббаттың алатын орны ерекше. Ал, енді осыдан тағы бір басқа мотивке әсемдік, яғни сұлулық жатады. Сондықтан, әсемдік пен сұлулықты жақсы көріп сүйіп, оған деген махаббатымыз оянады. Мұхаммед пайғамбардың — суфийлер соңына дейін дәледеп берген мынадай сөздері бар: “Құдай шын мәнінде көркем, сұлу және ол сұлулықты жақсы көреді”.   Құдай дегеніміз бұл сұлулық. Сондықтан суфизмнің лирикасының барлығы  Құдаға деген қатынасты махаббат арқылы жеткізуге негізделген, және мұндай махаббат кейде тіпті сезімдік образдарда көрініс беретіндігі соншалықты, мұнда мәселе физикалық эротика ма әлде рухани эротология жөнінде болып отырғандығын айыру өте қиын.

Суфийлік мистиканың тудырған махаббат жөніндегі өлеңдеріндегі обьектіге келсек, мұнда белгісіз бір сұлу бозбала жөнінде айтылып тұрғандай. Мынадай аңыз бар көрінеді: «Мұхаммед пайғамбар Құдайды сақалсыз, өте жас әрі сұлу бозбала образында өзінің әуеге саяхатында» — көріпті дейді. Құдай өзінің алуан түрлілігімен бізден жасырынады, егер де ол өзінің сұлулығын құпия ұстамаса, онда әлем жанып кетуші еді. Ол өзіне тән сұлулығын көрсетпейді, сондықтан бұл Құдайды барлық жерден іздестіруге деген мистиктердің құштарлығын оятады. Құдайдың ең жетілеген  айнасы, яғни оның өзіне ең қолайлы келетіні ол — адам. Адам Атаның өзі Құдайдың айнасы, ол Хауа Анадан құдіреттің сұлулығының бейнесін көрген. Адам бұл дүниеден Құдайды көре алмайды, оның кейпін көру мүмкіндігі жоқ. Егер де Құдай өзінің кейпін ашса, онда оны көргендердің назары оның жарығынан өртеніп кетер еді. Бірақ оны тек пайғамбар ғана көріп қойған жоқ, сонымен бірге мистиктер де өңдерінде көрген Құдайдың көріністері жөнінде, көрген түстері жөнінде жиі жиі айтып жүреді. Мысалы,  Хәкім Тирмізінің мәлімдеуінше ол түсінде Құдайды 1001 рет көріпті. Құдайдың образы мен кейпі жөнінде ешкім дәл айтып жатпаса да, Құдай адамзатқа кез келген формада көрінеді екен. Мұндай ілімдер мистиктер үшін өте пайдалы болатын, өйткені олар Құдайды сұлу әрі жас ер адам ретінде қабылдады. Жалпы Құдай  жасампаздық әрекетіне қатыспайды, бірақ онда ол айнадағыдай болады.

Махаббаттағы келесі саты – бұл ғашық адамның атрибуттарының жоғалып кетуі, ал оның орнына ғашығының атрибуттарының пайда болуы.  Махаббат дегеніміз өзінің атрибуттарымен бірге ғашық адамның өз өзін ұмытып, ал өзінің сүйікті адамының толығымен патшалық құруын білдіреді.

Суфийдің құдайға деген махаббаты алуан түрлі махаббат қатынастарында көрініс табады. Мысалы, екі классикалық жұптарды алсақ, бірі бұл – Ләйлә және Мәжнүн – бұлар суфизмнің өте маңызды сюжеттерінің бірі болып табылады. Ләйләға деген махаббаттан басы айналған Мәжнүннің махаббаты мынадай жағдаймен бітеді: Мәжнүн өзінің махаббатының обьектісін көруді қаламайды, өйткені Ләйлә оның жүрегінде, Мәжнүнге осының өзі жетіп жатыр. Және бұл махаббат Құдайға деген махаббаттың ең жоғарғы түрі ретінде сипатталады. Мұндай махаббатта сезімділік пен қоса асқақтық та кездеседі, бірақ бұл махаббат сезімдік махаббат ретінде жүзеге асырылмаған махаббат болып  есептеледі.

Дүниедегі әрбір сұлулық пен әсемдік Құдайдың сұлулығы мен       әсемдігін    білдіретіндей.

VIII ғасырдағы Суфизмнің алғашқы негізін қалаушылардың арасында әйел де болатын, оның есімі Рәбия. Ол күң және биші болатын. Мұсылман мәдениетінде Құдай бізді жақсы көреді, Құдайдың махаббаты барлығымызға жетеді деген түсінік бар. Бірақ та Құдайдың адамға деген қатынасын алып қарасақ, махаббат терминдерінде сөз етуге болмайтын. Суфизм ілімінде Рәбия бірінші болып Құдайдың адаммен арасындағы қатынасын құлы мен Құдайы арасындағы қатынас ретінде емес, құдай мен оны сүюші арасындағы қатынасты қалыптастырды. Рәбия былай деп жазады: “О Құдайым, егер де мен саған ұжмақтан орын берсін деген оймен жалбарынады деп ойлайтын болсаң, онда мені ондай ұжмақтан айыра бер,  өйткені бұл жалбарыну тек саудагерлердің ісі» — дейді. «Құдайым егер де мен сенің тозағыңнан қорқып, саған жалбарынады деп ойлайтын болсаң, онда мені сол тозағыңа жібере бер, өйткені бұл жалбарыну тек құлдардың ісі» — дейді. Құдайым, сен көркем әрі сұлу болғандықтан, мен саған жалбарынып, мен сені жақсы көремін, дейді Рәбия. Егер де бұл осылай болса, онда мені сені кездестіру мүмкіндігінен айыра көрме дейді. Нақ осындай мотив суфизм ілімінің нормасына айналды.

Аналық махаббат. Тең дәрежелілер арасындағы махаббаттың формалары болып табылатын ағалық және жыныстық махаббатқа қарама қарсы аналық махаббат бар. Негізінен ана мен бала арасындағы байланыс өзінің табиғаты жағынан тең дәрежеде емес, өйткені бала әрдайым көмекті қажет етеді де, ал  ана әрдайым сол көмекті беріп отырады. Өзінің альтуристік және шексіз сипаттағы ана махаббаты – махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады және бүкіл эмоционалдық байланыстардың ішіндегі ең қасиетті сезім болып табылады. Шынымен де аналық махаббаттың ең жоғарғы жетістігі ол ананың сәбиіне деген махаббаты емес, оның өсіп келе жатқан ұрпаққа деген махаббаты болып табылады.   Трансценденциялануға деген қажеттілік ол адамның өзінің санасының түпкірінде жатқан негізгі қажеттіліктерінің бірі болып табылады.  Ол осы жарық дүниедегі өзінің роліне қанағаттанбағандықтан, өзін кубоктан қалай болса солай лақтырылып тасталған ойынның тасы ретінде қабылдай алмайды. Ол өзінің енжар ролінің шеңберінінен асып шығып, өзін жасампаз ретінде сезінгісі келеді. Осы әлем мен адамның жаратылысынан қанағат алуға қол жеткізудің көптеген жолдары бар, осындай қол жеткізудің аса жеңіл әрі табиғи жолы ол – аналық қамқорлық пен оның жасампаздығына деген махаббат. Өйткені ана бала арқылы өзінің шеңберінен асып шығады. Балада ол өз өзінің шеңберінен шығады, ананың махаббаты оның өміріне мән мен мағына береді. (Бала тудыру арқылы трансценденциялануға деген өзінің қажеттілігін қанағаттандырудағы еркектің қабілетсіздігінің өзінде оның өзінің қолынан туғандары мен идеяларының шеңберінен асып шығуға деген қажеттілік жатыр). Бірақ бала өсуі керек. Бала ананың ыстық алақаны мен ыстық ұясынан шығып тәуелсіз тұлғаға айналады. Аналық махаббаттың негізгі мәні ол баланың өсуіне қамқорлық жасау, өз аяғынан тік тұрып кетіп өз алдына өмір сүруіне жағдай жасайды. Жыныстық махаббаттан аналық махаббаттың ең басты ерекшелігі нақ осыда. Жыныстық махаббатта бір біріне қарама қарсы екі адамның бір тұтастықққа бірігуі көрініс береді. Ал аналық махаббатта бір тұтастық пен бірлікте болған екі адам бір бірінен ажыратыла бастайды. Анасы баласының өзінен ажырап бөлектене бастағанына көніп қана қоймай, сонымен бірге оны қалыпты жағдай деп қабылдап бұған өзі көмектесіп жағдай жасауы керек. Нақ осы қиын кезеңде аналық махаббат өте қиын да күрделі жағдайға душар болады. Өйткені бұл жағдай анадан өзінің сүйікті адамының бақытынан басқа қолындағы бар нәрсесін беруді, барлығын құрбан қылуды, бірақ бұдан мұның еш қайтарымын күтпеу қабілеттілігін, бар жан тәнімен берілуді және адалдықты талап етеді. Нақ осы кезеңде көптеген аналар аналық махаббаттың осындай күйкісіне шыдай алмай, қабілетсіздік танытады. Өсіп келе жатқан балаға деген ананың махаббаты алуды емес, тек беруді ғана көздеген, ешқашан баладан қайтарымды күтпейтін шынайы, таза да пәк махаббат және бұл — махаббат атаулының ішіндегі ең күрделі формаларының бірі. Егер әйел өз күйеуін, бүкіл адамзатты өз баласын, басқа адамдарды сияқты жалпы жақсы көруге қабілетті болса ғана шынайы ана бола алады. Ол егер де әйелде жалпы адамзатқа деген осындай махаббат болмаса, онда ол бала өсем дегенге дейін, жас сәбиге ғана нәзіктік танытқан ана бола алады. Шынайы ана — баласы өзінен алыстап жыраққа кетсе де ол оны жақсы көруін жалғастыра бермек.

Ағалық махаббат. Ағалық махаббат бұл махаббаттың барлық түрлерінің негізінде жатқан махаббаттың фундаментальды түрі. Ағалық махаббат ол жауапкершілік сезімінен, басқаға әрдайым көмектесуден, оған мейірімділік танытып, қамқор болудан көрініс табады. Әлсіздерге, кедейлерге көмек көрсетіп, мейірбандық таныту бұл ағалық махаббаттың бастамасы болып табылады. Тек өзіңнің ағайындарың мен жақындарыңа ғана көмектесіп мейірімділік таныту да бар, бірақ ол шынайы ағалық махаббат емес. Бұл адамдыққа жатпайды. Өйткені жан-жануарлардың өзі   балаларын ғана жақсы көріп оған қамқорлық танытады. Мысалы, дәрменсіздер өзінің қожасын жақсы көреді, өйткені оның өмірі қожайынының қолында. Бала өзінің ата анасын жақсы көреді, өйткені олар оған керек. Бірақ та шынайы махаббатта ешқандай мақсат болмайды. Алдына ешқандай мақсат қоймағандарға ғана шынайы махаббат ашыла бастайды. Ағалық махаббат бұл тең дәрежедегілер арасындағы махаббат, бірақ тең дәрежелілер де әрдайым тең болмайды. Апа, сіңлілер мен ағалар арасындағы махаббат – бұл да ерекше феномен. Балалар алғаш рет ойнағаннан бастап біреуі үлкен аға немесе үлкен апа болып жатады. Өйткені, отбасындағы жасы үлкен балалар ата анамен бірге кішкентайларға қамқорлық танытып, оларға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді.

Еркек пен әйел арасындағы махаббат. Егер де аналық махаббат пен ағалық махббатта таңдау жоқ болса, немесе ана өз балаларының барлығын жақсы көруге немесе аға өз інілерінің барлығын жақсы көруге негізделсе, онда жыныстық махаббат бұлардан өзгеше. Мұндай махаббат терең дифференциацияланған,  мұндағы махаббат таңдауға негізделген, адам бір ғана жалғыз адаммен тұтастықта болып, бас қосып бірігуге құмартады. Э. Фроммның пікірінше, махаббатқа қарағанда жыныстық құмарлық  тек дене құмарлығымен, жалғыздық алдындағы қорқыныш сезімімен, біреудің жүрегін жаулап алумен ғана шектеледі.

Махаббат ол кездейсоқтан пайда болмайды. Ол адамның бүкіл ішкі әлемінің біртіндеп өзгеріске ұшырап, қайта жандануы жаңа бір күй кешуі.              Стендаль махаббат сезімінің пайда болуын былай суреттеп береді:

1) Таң қалу

2) Ғашық адам сүйіктісінің сұлулығына сүйсініп оны құшағына алып сүюді армандайды.

З) Ғашық адамына деген үміт оты оянады.

4) Махаббат оянады.

Жақсы көру дегеніміз – ләззат сезіміне бөлену. Адам өз ғашығын барлық сезім органдарымен сезіне бастайды.

5) Алғашқы кристаллдану процесі басталады.

Адам өзінің сүйікті ғашығын қуаныш пен ләззатқа бөлеуі үшін, барлық құрбандықтарға дайын бола бастайды және мұны ол қуанышпен іске асырады.

Кристалдану  – бұл ойдың ерекше бір қызметі.

6) Күмәнның тууы.

Ғашық адам өзіне жақын тұрған бақытқа күмәндана бастайды; ол өзіне жылт етіп көрінген үміттің өзіне күмәнмен қарай бастайды. Ол өзін өмірдің басқа да қуаныштарына бөлегісі келеді де кейін  оны жоғалтып та алады. Осыдан ол бақытсыздық сезіміне бөленіп, осы сезімнен кейін ол ойға шомады.

7) Екінші кристаллдану процесі.

Екінші кристаллдану процесі басталғанда ғашық адам «ол да мені жақсы көреді» деген ойға келеді.

Ғашық адам үш түрлі ойдың арасында ойланып толғана бастайды:

1. Оған ешкім тең келмейді.

2. Ол мені сүйеді.

3. Оның сүйетіндігінің дәлелдеріне қалай көз жеткізуге болады? Махаббаттың ұзақтығы екінші кристаллдану процесінде анықталады, осы кезде ғашық адамыңның жауабын ала аласың немесе ала алмайсың. Екінші кристаллдану процесі тез беріле салатын махаббат жағдайында өтпейді.

Сонымен бірге мына жағдайды ескеру керек. Өзінің табиғаты жағынан әйелдер еркектерге қарағанда сезімтал келеді. Әйелдердің өмірінде сезімнің алатын орны ерекше. Көптеген әйелдер үшін сүюден гөрі сүйікті болу өте маңызды. Өйткені бұл қасиет әйелдердің психологиялық табиғатының өзінде жатыр. Ал ер адамдар болса сүйікті болудан гөрі сүюді қалайды.

.
Загрузка...

Тағы рефераттар