1 «Дөңгелек үстел» отырысында профессор Т.Сұлтанов Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі болып табылатындығы жоқ екендігін айтылды. Оның пікірінше кодексте (жеке және заңды тұлғаларға қарағанда) мемлекетке қатысты баптар аздау. Ол дұрыс емес. Басқа ғалым А.Бекетов Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде құқықтық қатынастың субъектісі ретінде мемлекеттің рөлі толық көлемде көрсетілгендігін дәлелдейтін бірнеше аргументтер айытты.

Сіз кімнің пікірін жақтайсыз? Өзіңіздің айтқан пікіріңізді дәлелдеңіз? Сіздің пікіріңізше, қандай қызмет саласында мемлекет, өзін азаматтыққұқықтық айналымдағы мемлекет қызметіне қатысты ережелер азаматтық заңнамасында болса, тәжірибеде не істеу керек?

2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік меншікті басқару бойынша органды кім айқындайды? Ол туралы айтылған тиісті құқықтық актіні атап және бапты көрсетіңіз?

3 Қазақстан Республикасының қазынасын заңды тұлғаны тіркеуден түскен қаржыдан республикалық бюджет құрайды.

Сіздің ойыңызша «Қазақстан Республикасының қазынасына» қандай анықтама беруге болады? Әкімшілікаумақтық бөліністерде қазына бар ма? Егер болса, ол қалай құрылады?

4 Мемлекеттік меншіктің бір бөлігі шаруашылықты жүргізу құқығы негізінде мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорында тіркелген. Сіздің пікіріңізше, бұл меншік Қазақстан Республикасының міндеттілігін қамтамасыз ететін құрал ретінде бола ала ма?

5 Жалғыз тұратын азаматша А.Асанова мұраға өсиет жазбай қайтыс болады. Оның Павлодар облысында бау – бақшасы, Павлодар қаласында жекешелендірілген пәтері және орыс суретшілерінің қымбат суреттері қалады. А. Асанованың ең жақын адамы бала кезіндегі жан досы М. Арманова.

Қайтыс болғаннан кейін мұраға мыналардың қайсысы ие бола алады:

—   М.Арманова;

—   Павлодар облысындағы коммуналдық меншік департаменті;

—   Қала басшылығы;

—   Қала;

—   Мемлекет. Қайсысы меншік иесі есебінде болады және оның сақталуына кім кепілдік береді?
Тағы рефераттар