Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі туралы қазақша реферат

    Бұрын болған және қазіргі көптеген мемлекеттерді тану үшін оларды түрлі негіздер бойынша жіктейді. Солардың ішіндегі ерекше түрі этатикалық және құқықтық мемлекеттерге жіктеу. Оның негізі мемлекеттің құқыққа қатысынан, сонымен қатар қоғамды мемлекеттік басқарудағы пайдаланылатын нысандар мен әдістер жүйесіндегі құқықтың алатын орнынан тұрады.

Этатикалық мемлекеттер өздерінің қызметтеріндегі міндетті түрде орындауға есептелген қатаң және императивті өнімнің басымдылығымен есептеледі. Сонымен бірге аталмыш субьектілердің бостандығы мен дербестігі,  мемлекетке қатысты автономдығы барынша шектелген. Бұнымен басқа ерекшелік байланысқан – мемлекет экономика  саласынын, әлеуметтік қарым – қатынастарды, азаматтардың жеке өмірін өзіне бағындыруға, оларды тікелей басқаруға , маңызы төмен және ұсақ мәселелерге араласуға ұмтылады. Жеке адам мен қоғамдық қатынастардың басқа да субьектілерінің құқытарын, бостандығын және мүдделерін қамтамассызщ ету мен кепілдік беру қажеттілігін ескеретін құқықтың нысандар мен әдістерді қалайды. Құқықтың мемлекеттерге барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке адамдар арасындағы өзара қарым- қатынасқа араласу жат нәрсе болып табылады. Олар қоғамдық қатынастарға  қатысушыларға едәуір автономия мен олрадың құқытың статусын бекітуге жағдай жасап, оның сақталуын қадағалайды.

Мемлекетттердің аталмыш екі тобының арасында аралық үлгідегі түрлі мемлекеттер бар, оларда бірінші және екінші топтардың сипаттары үздіксіз үйлеседі. Олардың кейбіреуінің сипаты,  табиғаты мен бағытына қарай эстатикалық мемлекеттерге анағұрлым жақын болады, әйтсе де бөлек құқықтық қағидаларды ұстануға тырысады. Басқалары құқықтық мемлекеттерге жақындайды, олай да этатиум белгілерін жоғалтпайды.

Тоталитарлық және авторитарлық режимдердің барлық түрлері эстатикалық мемлекетке жатады. Құқықтық  мемлекеттерге  батыс пен шығыстың өркениетті және өте жоғары дамыған елдері жатады. Одақтық республика ретінде құрамына Қазақстанда  кірген бұрынғы кеңес мемлекеті құқықтық емес, этатикалық мемлекеттің типтік үлгісі болады. Онда конституция, заңдар және басқа да нормативті – құқықтың актілері өздерінің мәні бойынша  партия органдарының актілерінен төмен болып , өздеріне лайықты орынға ие бола алмады, бұл мемлекетті басқарудың әміршіл- бұйрықшыл әдістері басым болды. Типтік мемлекет үнемі өз азаматтарына қатысты заңсыздық пен әлімжеттікке жол берді, ал 30-50 жылдары жазықсызадамдар ауқымы мен қатыгездігі жағынан бұрын-соңды болмаған жаппай саяси құғын-сүргенге ұшыратты. Қазіргі кезеңдегі басқарудағы құқықтың басымдылығы туралы идеялар ықпалының өсуіне байланысты конституцияда және басқа да заң кесімдерінде өздерін құқықтық мемлекетке жататынын жариялайтын елдердің саны ұздіксіз көбеюде. Алайда бұл декларацияларды сол елдердің әр қайсындағы шынай ахуалмен салыстыру қажет. Өйткені көбінесе мемлекеттің өзін- өзі сипаттауы іс жүзіндегі сипаттамадан өзгеше болады.

Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік –құқықтық процестердің ұзақ дамуының заңды салдары басқарудың, озық , прогрессивті және тиімді институттарын тиісті түрде екшеу  мен мұқият таңдау нәтижесі болды. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтың нысандарының әкімшіл -әміршіл нысандардан артықшылығын теориялық тұрғыда пайымдау себеп болды.  Құқықтық мемлекеттің теориялық көздері түбірімен өткен дәуірде деп айтуға болады. Ежелгі озық ойшылдардың өздері құқықтың зор пазитивті ролін есепке алмай, мемлекеттің  құрылымы берік, тұрақты  және сенімді бола алмайды деген пікір айтқан. Құқық мемлекеттік басқарушылардың зорлық –зомбылығынна қасры тұратын балама ретінде қарастырылды:  заң әлдекімнің билігі астында  болмауы керек, өйткені ол барлық органдардың лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекеттеріне бағыт беруге негізделген. Осы идеялардың негізінде  құқықтық мемлекеттің біртұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның қалыптастырушылар Дж. Локк, И.Кант, В.Гумбольд, Г. Елинек, К.Шмитт және басқалар. Дегенмен және мәселер бойынша бұл ойшылдарыдың  белгілі бір айырмашылықтары бар, бірақ басты  мәселеде олардың көзқарастары бірдей —  мемлекеттің өзі құқықтық өнімді бұлжытпай  орындау керек және соны қоғамдық қатынсақа қатысушылардың бәрінен талап етуі керек дегенді мойындайды.

Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының бірқатар елдердің қызметінде жүзеге асырылуы консервативтік күштердің қарсыласуына тап болды және олармен күресте жеңе отырып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтің барлық жақтарының жаңаруына ұласты: бүкіл мемлекеттік жүйенің құрылуы және қызмет ету қағидалары демократияланды, және адам статусы шынайы мазмұнға ие болды, құқықтың құндылықтары  басты мәнге ие болды, қызметтері біртіндеп  реттеле бастаған шенеуніктердің  зорлық-зомбылығы азая бастады.

Енігі кезде әлемде этатикалық мемлекеттер саны азаюы есебінен құқықтық мемлекеттер саны  өсе береді деуге болады. Алайда бұл  жеңіл-желпі пайымдауға болмайтын жалпы даму тенденциясы. Өйткені  түрлі елдердегі  әлеуметтік – саяси күштердің іс жүзіндегі ара қатынасына қарай жоғарыда сөз  болған деамудың жалпы тенденциясына  жатпайтын  болжауы қиын бетбұрыстар болуы ықтимал. Мысалы, кейбір елдер құқықтық мемлекет деңгеіне қол жеткізгеннен кейін тоталитарлық немесе авторитарлық режимдерді орнату бағытына ауытқуы мұмкін. Ал жалпы алғанда прогресс кейін бұрылмайды.
Тағы рефераттар