Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуында маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару органының аймақтық филиалдары құрылған. Тиісті аймақтық Комиссияның міндетті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып таылған. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді.

Нарықтық жүйеге көшуге байланысты   халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.

Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдер ағымдағы, орта   мерзімдегі   жоспарлаудың   ғылыми — әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму департаменті және т.б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің   аймақтық   орналасуының ұзақ   мерзімді мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады.

Түркияда орта мерзімді жоспарлау 1963 — 1967 жж. бірінші бесжылдық жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда (1988 — 1992 жж.) нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.

Германияда экономиканы басқару стилі біраз басқаша мұнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекетің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде./7/

Басқару стилі органдардың басты міндеттерінің бір аймақтардың үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 3982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейнің функциялары ажыратылған (коммуналар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсіздігі жоқ.

Халық шаруашылығында аймақтық  мәселелер мен оларды  салалық  экономикамен   үйлесімді   байланысуға Швецияның, Англияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған.   Бұл  шешімдердегі  басты  ой,   жергілікті   билік органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізе асыра отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету.

Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг қызметін жетілдірудің бірнеше қолайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде, жоспарлау:

1) басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік береді;

2) мемлекет   және   шаруашылық   жүргізуші   субъектілер қолданылатын шараларды үйлестіреді;

3) көрсеткіштерді анықтау және  олардың  орындалуын қадағалауға жол ашады;

4)  алдағы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етеді;

5)   шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;

6) барлық қызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста, қарым-қатынаста екенін көрсетеді.

Аталған пункттерден (халық шаруашылығының алдыңғы звеноларында ғана емес) ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншыны айтуға болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз қолданылады./10/

Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады. Біріншіден, бюджеттік қаржыны қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шарушылығының басымдылықтарын және білімді кол қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Бельгияда және басқадай мемлекеттерде мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыстың үлесі 50% жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФРГ-де 50% шамасында. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Жапонияда 30% ғана.
Тағы рефераттар