МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ….3
І тарау. МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ – ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ БАСТЫ БУЫНДАРЫНЫҢ БІРІ
1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, нысандары мен әдістері……5
1.2 Халықаралық мемлекеттік несие……13
ІІ тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ — ҚОҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ АҚША РЕСУРСТАРЫН ТАРТУ НЫСАНДАРЫНЫҢ БІРІ
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы……18
2.2 Мемлекеттік борышты басқару…….26
ҚОРЫТЫНДЫ…..35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…..38

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Курстық жұмыстың негізгі алған тақырыбы мемлекеттің қарыз алу арқылы экономикасын көтеруі және оны жөндеуі жөнінде сөз етіледі. Мемлекеттік несие көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталады. Сол себептен оның өндірістік сипаты бар. Бұл жұмыста қаржыны алу және оны қайтару жолдары көрсетілген. Мемлекеттің ішкі және сыртқы кредиттері қажетке жаратылу түрі мен объектісі, қайтару мақсатындағы жеңілдіктер талданып және сызба арқылы ұсынылған (1.1-ші сызба). Бұған мысал ретінде 1992 жылғы 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының меншікті ішкі қарыздарды қолданылуы сипатталды және мемлекеттік несиенің нысанындағы әдістер кәдімгі банк несиесінің әдістеріне ұқсас болып келетіндігі талданып көрсетілді. Экономикада айрықша орын алатын Халықаралық мемлекеттік несие – Халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бүгінде халықаралық несие сферасында қаржылық қызмет етіп келе жатқан валюта-кредит ұйымдары бар. Олар елдердің экономикалық дамуына, оларға техникалық көмек көрсетуі мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады. Бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасының шетелдерден алған валюта қаражаттарын тиімді және ұтымды пайдалана білуі үшін керекті алғышарттар сөз етілді.

Мемлекеттік несие нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Ол несиенің түрі тәрізді ішкі, сыртқы, күрделі мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Курстық жұмыста борыштың өсуі кезеңіндегі экономикаға тигізетін ықтимал жағдайлары және борыштан сақтану жолдары талданды. Бұған мысал ретінде Республикамыздың қазіргі кезеңдегі борыш көлемі көрсетілді. Мемлекеттік несиедегі себеп-салдарлық өзара байланыстар сызба арқылы көрсетілді. Сондай-ақ мемлекеттік емес қарыз алу, мемлекеттік кепілдіктер, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету, борышты өтеу, қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру мәселелері жеке-жеке талданды.

        Курстық жұмыстың мақсаты. Кредит алу жүйесіндегі заңдылық пен жауапкершілік және сауаттылықты көрсету, және түсіндіру. Халықаралық несиенің маңызын айқындау. Оның экономикадағы орны мен қажеттілігі, қайтарудағы жауапкершілік, жабудағы ықтимал жағдайларды таныту. Жалпы қаржы жүйесіндегі заңдылықтарды ұғындыру болып табылады.

Мақсатқа сәйкес қойылатын міндеттер:

—         несие алу және борышты өтеу жүйесі заңдылықтарын таныту.

—         жүйенің жүргізілу баланстарын дәлелдеп көрсету.

—         жүйедегі зардап шекпеу жолдары.

—         борыш өтеудегі барлық мүмкіндіктердің ықтимал жағдайларын таныстыру.

—         несие алу арқылы экономиканы көтеру.

—         валюта айналымын дұрыс қалыптастыру.

—         несиенің дұрыс бағытқа жұмсалынып, борыш өтеуді жеңілдету тәсілдері.

—         борыш өтеудің мерзімін сақтау және ұзарту жолдарын тиімді пайдалана білуді талдап көрсету.

—         Бүгінгі күндегі Қазақстанның кредит алу және борышты өтеу қазынасының көрсеткішімен таныстыру.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

   Курстық жұмыс / 40 бет
Тағы рефераттар