Мемлекеттің түсінігі туралы қазақша реферат

Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет оны рулық қауымның  әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай  негізгі белгілермен сипатталады:

1. Бұқаралық биліктің болуы.

2.Тұрғындарды  аумақтық (территориялық) бөлу.

3.Салық жүйесі.

4. Егемендік..

5. Құқық.

Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше  түрі болып табылады. Бұл  мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың  саяси – бұқаралық қатынасы.  Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:

1. Бұқаралық  (көпшілік ) билік.

2. Аппараттық билік.

3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.

Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні — бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін  анықтайтын негізгілердің біреуі.

Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:

— таптық;

— жалпы әлеуметтік.

Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған  мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.

Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат — міндетін білдіретін оның  қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат– міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты  өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары — өзгеріп отыратын категория.

Мемлекет функцияларының  классификациясы:

а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты  тұрақты және уақытша;

б) маңызына байланысты  — негізгі және қосалқы;

в) қоғамдық өмірдің қай сферасында  жүзеге асырылуына байланысты —  ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Мемлекет  функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.

Құқықтық нысандарына  мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.

Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.

Мемлекет механизмі – бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын  қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.

Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде  заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде  пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:

1) тікелей басқарушылық;

2) құқықтық нысандар.

Мемлекет  механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:

1)  Мемлекеттік органдардан;

2)  Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;

3)  Мемлекеттік қызметшілерден;

4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай –ақ  мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.

Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:

1) Адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;

2) Демократизм қағидасы;

3) Биліктің бөлінуі қағидасы;

4) Заңдылық қағидасы;

5) Жариялылық;

6) Кәсіпқойлық қағидасы;

7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;

8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың  үйлесу қағидасы;

9) Иерархиялылық қағидасы.

Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді  атқаратын және осы үшін  тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в)өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар  заңды міндетті іс — әрекеттер жасайды.

Мемлекеттік органдардың классификациясы:

1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де  бақылау- қадағалау  органдарына бөлінеді;.

2.   Биліктің бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы және сот.

3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша – құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.

4. Иерархия бойынша – республикалық және жергілікті.

5.Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын)  және уақытша(қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады)

6.Құзырлығының сипаты бойынша – жалпы құзырлықтағы  (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер).
Тағы рефераттар