Мемлекеттің  түсінігін саралау кезіндегі әдістамалық  негіздер туралы қазақша реферат

Мемлекет — басқару  функциясын   орындайтын  және соның көмегімен   қоғамның тіршілік  — тынысын  қамтамасыз  ететін,  оған қажетті  жағдайлар   мен алғышарттар  жасауға ұмтылатын  адамзат қоғамын ұйымдастырудың айырықша нысаны. Өзіне тән ерекше  белгілері мен қажетіне,  сондай – ақ  өзіндегі аса  мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы  дамытудың, әлеуметтік- саяси,  рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың  маңызды мәселелерін шешуге нақты  қатысып,   қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет  тек өзіне ғана  тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар  айырықша құрылым ретінде сипатталады.  Соның арқасында оны қоғамда,  ұйымда, құрылымдар   мен институттарда   әрекет ететін  басқалардан ерекше  өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси  организм ретінде  қабылдаймыз.

Мемлекет  —  басқару функциясын орындайтын және соның  көмегімен  қоғамның тіршілік —  тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар  мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қамын ұйымдастырудың  айырықша нысаны.

Мемлекет – нақты ықпал (таптық, жалпыадамдық, діни, ұлттық т.с.с.) жасауға белгілі аумақ  көлеміндегі саяси өкіметтің құрылымы.

Мемлекеттің негізін түсіну, мемлекет теориясының ең  маңызды мақсатының біріне жатады. Мемлекеттің табиғатын   зерттеу – оның қыметіндегі және дамуындағы басты және  белгілеуші ерекшеліктерді ашу, оның  әлеуметтік  бағалылығын, қажеттілігін,  көпжақты   қарама —  қайшылығын, жақтарымен болмыс нысанын,  біртұтас әлеуметтік  институт  ретінде қабылдау.

Мемлекттің негізін анықтауға  мына бағытты есепке алу қажет:

-қандай мемлекет болмасын, саяси өкіметтің құрылымы (формальды  жағынан);

-ол құрылым кімнің мүддесін қорғайды (мазмұнды  жағы).

Мемлекеттің  негізін  түсінуге  мынандай  жолдарды бөліп айтуға боды:

-Таптық, бұл қалыпта мемлекет   экономикалық  жағынан  үстемдік ететін таптың саяси өкіметі.  Мұнда  мемлекет, тек үстем таптың мүддесін қорғайды.

-Жалпыәлеуметтік,  бұл қалыпта мемлекетті әртүрлі  таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғайтын билік ретінде көруге  болады.

Кәзіргі теория  шын мәніндегі мемлекеттің болмысын  көп өлшемдерге  байланысты қарауды ұсынады:   оны ұлттық, діни,  жағрапиялық және басқа жақтарына  байланысты.  Сонымен  қатар,  мемлекет  көпшіліктің  өкіметі,  адамдардан бөлінген, басқару аппараты бар,  материалдық жағдайы бар, өкіметтік қатынасқа және институттарға  әртүрлі  жүйелермен өткен, саяси ұйымдасқан – ассоциация ретінде көрінеді және мүшелері біртұтас  болып бірігіп, құқықтық  заңдарға бағынады.
Тағы рефераттар