1 Көбіне меншік құқығы экономикалық қытынас ретінде бекітіледі. Меншік түсінігін экономикалық  категория ретінде дұрыс анықтама беруге болады. Бірақ олар өзіндік әр түрлі анықталады. Мысалы:

—  Меншік – бұл материалдық құндылық (көбі солай есептеледі).

— Меншік – бұл затқа қатысты адамдар арасындағы қатынас; меншік иесі затқа, өзінік деп қарайды, ал, меншік иесі емес адам оған басқаша қарайды. (яғни, кеңестік кезеңдегі азаматтық құқық оқулықтарында осылай көрсетілген);

— Меншік – бұл тарихи анықталған қоғамның материалдық құндылығының нысаны мен өндірістің барлық құралы. Бұл көзқарасты Ресей ғалымдары  В.И. Грибанов пен Е.А.Суханов қолдаған;

— Меншік – бұл тарихи тұрғадан қалыптасқан мүлікті бөлу және пайдалану, иелік ету (В.П.Павлов);

— Меншік – бұл индивидтердің қатынасы немесе коллективтерге қатысты мүлік (Ю.Н.Толстой);

Аталған  анықтамалардың қайсысы сіздің пікіріңіз бойынша нақтылау.

2 Заң тұрғысынан меншікті «объективті» және «субъективті» категория ретінде екі жақты қарастырады.

Жоғарыда аталған түсінікке сәйкес «меншік құқығына» сипатама беріңіз?

3 Мазмұны бойынша меншік құқығы үш өкілеттілікке ие. Үш өкілеттілікті атап және оған жеке сипатама беріңіз. Практикадан мысал келтіріңіз.

«Меншік құқығының мазмұны», «меншік иесінің өкілеттілігі» түсініктеріне сіздің көзқарасыңыз қалай?

4 Меншік құқығы басқа құқықтар сияқты  белгілі бір негіздерге (құралдарға) байланысты пайда болады. Оның негізі екі топқа: алғашқы және өндірістік деп бөлінеді. «Меншіктің пайда болуының алғашқы әдісі» және «меншіктің пайда болуының өндірістік» түрлеріне сәйкес сіз қандай көзқарас білдіре аласыз?

Меншіктің пайда болуының алғашқы әдісіне Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген бапқа сілтеме жасай отырып, барлық тәсілдерді көрсету арқылы кесте толтырыңыз.

5  Жалғыз басты және қарт Т. Бегалов Аққу ауылындағы өзінің үйін жауып, Шымкенттегі қарындасына бірге тұру үшін көшіп кетеді. Үш жыл өткеннен кейін мемлекеттік жылжымайтын мүлікті құқықтық реттеу арқылы ол үйді иесіз деп табады. Қанша жыл өткеннен кейін Бегаловқа бұл мүліктің коммуналдық меншік екені жөнінде ұсыныс бере алады.

Егер ол үй коммуналдық меншік болса, Т.Бегалов бұл үйдің меншік иесі бола ала ма?

6 Грозни қаласының босқыны Анзоровтар отбасы Хатьков поселкесіне  ауыл шаруашылығы кооперативінде жұмыс жасауға көшіп келеді. Жергілікті өзін – өзі басқару органы оларға поселкедегі Атырауға баласымен тұруға кеткен зейнеткер А.П.Якуловтың тастап кеткен үйіне қоныстануды ұсынады. Олар ол үйге меншік иесі болмаса да, өз үйлері сияқты оған жөндеу жұмыстарын жүргізеді

Бұл отбасы қоныстаған үйге қашанда болмасын меншік иесі бола ала ма? Қандай жағдайда  қай уақыттан бастап мұндай құқық пайда болады? Аталған жағдайға байланысты меншік құқығының туындауы қалай аталады?

7 Анықталғандай бұл:

— Меншік құқығының тоқтатылуы тікелей заңда көрсетіледі;

— Меншік құқығының тоқтатылуы заңға тәуелді болмайды және ол  кез келген оқиғаға байланысты да болуы мүмкін.

Аталған анықтаманың қайсысы дұрыс? Өз пікіріңізді білдіріңіз? Меншік құқығының мәжбүрлеу арқылы тоқтатуы мүмкін бе? Егер болса қандай жағдайда?

8 Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да нормативті актілерде «меншік нысанының» түсінігі берілген, бірақ анықтамасы заңдылықтарда көрсетілмеген. Азаматтық құқық теориясында меншік нысаны екі белгі бойынша ажыратылады:

а) құқықтық әрекет көлемі бойынша меншік иесінің үш өкілеттілігі;

б) меншіктің пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты.

Мысал ретінде меншік құқығының субъектілері мен түрлерін атап көрсетіңіз? Бір объектіні мысал ретінде ала отырып, оған құқық субъектісі бойынша әртүрлі өкілеттілікке мысал келтіріңіз?

9 Жем – шөп мәдени өсімдіктерін өсуіріге мамандандырылыған «Васход» ауыл шаруашылық кооперативінің иелігіндегі 25 сиыр мен сиыр тұратын орын П.Волковқа сенімгерлікпен басқаруға беріледі. Екі жыл өткеннен кейін сиыр тұратын орында электр желісінің ақаулығынан өрт шығады. Бұған сиыр тұратын орынның электр желісінің қолдану мерзімінің өтіп кетуі себеп болған. Кооператив пен Волковтың арасында өрттің салдарынан келген шығынның орнын толтыру туралы дау туындайды. Кооперативтің сиыр тұратын орынды Волковқа сенімгерлікпен басқаруға беруге құқығы бар ма? Сіздің ойыңызша келтірілген зиянның орнын кім толтыруы тиіс?
Тағы рефераттар