Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебінде болатын тексерістер туралы қазақша реферат

«Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында меншіктік капитал – бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері деген анықтама берілген. Яғни меншіктік капиталдың шамасы бухгалтерлік есептің балансында бағаланып көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнына тікелей байланысты. «Бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар» бухгалтерлік есептің №2 стандартында меншіктік капиталға: жарғылық. резервтік төленбеген, қосымша төленген және төленбеген, айналымнан шығарылған капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) жатады деп көрсетілген. Демек, бұл аталғандар меншіктік капиталдың элементтері ретінде аудиттің зерттеу объектісіне айналады. Алдымен меншіктік капиталдың элементтері аудитін қарастырмай тұрып, меншіктік капиталдың элементтерінің қалыптасуына ықпал ететін меншік түрлеріне сәйкес әрқайсысы шаруашылық жүргізушісі мәртебесіне ие бола алатын шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық нысандарын анықтап алу қажет.

Қазақстан Республикасының күшіндегі заң актілерінде мына төмендегідей ұйымдық-құқықтық нысандағы субьектілер көрсетілген:

  1. мемлекеттік ұйым;
  2. коммерциялық емес ұйымдар;
  3. өндірістік кооперативтер;
  4. шаруашылык серіктестіктер.

Аталған ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылықтардың құрамын анықтап оларға қысқаша тоқталуды талап етеді. Өйткені олардың өзінің ішкі жіктелуі шаруашылықтың меншіктік капиталының қалыптасуына әсерін тигізеді./9; 145-147бб./

Мемлекеттік шаруашылыққа өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін, «Шаруашылық иемдену құқығына негізделген мемлекеттік шаруашылық» және Қазақстан Республикасының үкіметінің немесе жергілікгі атқару органының шешімімен құрылған, «Оралымды басқару құқығына негізделген» мемлекеттік шаруашылық (қазыналық кәсіпорын) жатады. Қазыналық шаруашылықтың қызметі оның жарғысында көрсетілген мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасы немесе қазыналық кәсіпорын құру жөнінде шешім қабылдағаны туралы жергілікті, аймақтық әкімшілік оның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.

Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізінің «Меншікті капитал» тарауында меншікті капиталдың ұйымның активіндегі міндеттемелерді алып тастағаннан кейінгі үлес екендігі атап көрсетілген. Акционерлік қоғамда ол акционерлер салған қаржылар, бөлінбеген табыс, резервтік капитал, сондай-ақ меншікті капиталға қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін түзетулерді көрсететін сомалар сияқты топтарға болінеді.

Баланста меншікті капиталды құраушы тиісті шоттардың сальдолары (қалдықтары) келтіріледі. Олар, әрине, меншікті капиталдың есепті кезең ішіндегі жағдайы мен оның құралу тәртібі туралы толық мағлұмат бере алмайды. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы қорытынды есеп бұл ақпараттарды құрылымдық және сандық өзгерістер тұрғысынан ашып көрсетеді. Қорытынды есеп қатарлары мен бағаналарында меншікті капитал шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар көрсетілетін кесте болып табылады, ал қорытынды есептің қатарлары бойынша көрсеткіштерді қосқаннан кейінгі жиынтық нәтижесінде есепті жылдың 31 желтоқсанына құрылған баланстың «Меншікті капитал» бөлімінің жиынтық көрсеткішіне сәйкес келетін соманы береді.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5011-ші «Жәй акциялар», 5012-ші «Айрықшылығы бар акциялар», 5013-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» шоттары енетін 5000-ші «Жарғылық капиталы» деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.

5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000 бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.

5011-ші «Жәй акциялар», 5012-ші «Айрықшалығы бар акциялар» шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5020-шы «Төленбеген капитал» шотымен корреспонденцияланады.
Тағы рефераттар