Мазмұны

Кіріспе …………….3

І. MS Word мәтіндік редакциясының негізгі теориясы……6

1.1. Microsoft Word мәтіндік редакторы……6

1.2. Microsoft Word мәтіндік  редакторының көмегімен мәтіндік құжаттарды даярлау….6

1.3.  Microsoft Word программасының жұмыс терезесі……7

1.4. Құжаттарды бейнелеу режімі………..7

1.5. MS Word редакторында мәтінмен жұмыс істеу әдістері……8

1.6. Мәтінді редакциялаудың арнаулы құралдары…………10

1.7. Word объектісін басқару тәсілдері……..12

ІІ. Бастауыш сыныптан бастап жоғарғы сыныптарда  Microsoft Word мәтіндік  редакторын   басқа пәндерде қолдану…..15

Қосымша………21

Қорытынды………….26

Қолданылған әдебиеттер……28

Кіріспе

Өзектілігі:

Адамның өмірі құқығы мен бостандығы жоғары бағаланатын жаңа демократиялық және құқықтық қоғамда білім беруді жаңарту оны ізгілендіру, демократияландыру және гуманитарландыру қағидалары бойынша жүргізіліп отыр. Қазақстан қазіргі уақытта бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін информатика пәнін оқыту және игеру үрдісіне үлкен назар аударылып отыр. Информатика пәнін гуманитарлық «парадигма» тұрғысынан оқытуда және оқу тәрбие үрдісінде компьютерлік техниканы тиімді пайдалануды іске асыруда білім беру жүйесін  ақпараттандыру  маңызды роль атқарып отырғаны белгілі. Сондықтан бұл пәнді оқыту негізгі өзекті проблемалардың біріне айналуда.

Білім беру саласында біріңғай ақпараттану саясатын жүргізу және ақпараттық телекомуникацияның технологиялары кең ауқымда жүзеге асыру үшін «Білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға  арналған»мемлекеттік бағдарла-маның жобасы жасалынды. Ол білім беру орталықтарының  ғылыми педагогикалық, технологиялық әлеуметтік және қоғамның дамуы    үшін  ақпараттық ресурстарды шоғырландыруға арналған. Бағдарлама білім беру жүйесінің ішінде құрылымдық бірліктері арасында ақпарат алмасудың деңгейін өамтамасыз ететін біртұтас ақпараттық кеңістікті Қазақстанның білім беру саласында кезең –кезеңмен қалыптастыруды көздейді. Бағдарламаны жүзеге асырудың үш кезеңі көрсетіледі.

Бағдарламаның бірінші кезеңі -министірліктің телекомуникациялық  торабымен аймақтық телекомуникациялық тораптарды қамтып, деректер таратудың магистралдық желісі негізінде  білім беру жүйесінің корпорациялық телекомуникациялық таратылған желісін құруға бағытталған.

Білім берудің ақпараттық- телекомуникацилық желісін толықтыру үшін ақпараттық ресурстарды әзірлеу мен енгізу бір мезгілде жүзеге асады. Сонымен бірге интернет ғаламдық желісінің ақпараттық ресурстар типі бойынша, желі ішінде пайдаланатын ақпараттық білім берудің порталдары жасалады.

Бағдарламаның екінші кезеңінде аймақішілік таратылған желі ұйымдасады және аудан орталықтарымен елді мекендерде аудандық деңгейдегі телекомуникация тораптары жасалады.

Бағдарламаның үшінші кезеңі екі негізгі бағыттан тұрады:

—              Нақты бір аймақтық ақырғы пайдаланушыларынан барлық

ақпарат ағынын өңдеу мүмкіндігі үшін аймақтық тораптарды

жаңарту;

—              Барлық ауыл мектептерін аймақтық телекомуникация

тораптарына ақырғы пайдаланушыларды қосуға қажетті

жабдықтармен қамтамасыз ету;

Түйіндей келгенде, бағдарлама білім беру жүйесіне барынша оң өзгерістер әкелетінін, халықтың рухани дамуына игі әсер ететінін байқаймыз.Ал, бұл әлем алдында мемлекетіміздің мәртебесін арттыра түседі.

Ақпараттық технологиялар дәуірі- объективтік мәні бар үрдіс, ол адам мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға жол ашады, ал оларды қолдану адам бойындағы қабілетті дамыту негізінде қоғамның алға басуына үлкен ықпал етеді.

Сонымен қатар бұл тақырыптың тек қана білім жүйесінде маңыздылығы емес ақпараттық комуникациялық оқыту технологиясының негігі мәселесіне айналып отыр. Сол сияқты ақпараттық технологияда маңызды саланың бірі – дистанциялық (қашықтан ) оқыту.

Қашықтан оқыту – ақпараттық комуникациялық құралдар ( компьютер, телекомуникациялар, мультимедиа құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, эктернат) формасы . Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған, ол сырттай оқу жүйесіне балама (алтернатив) нақтырақ айтқанда, қосымша роль атқарып келеді.

Қашықтан оқытудың  артықшылықтары :

а) компьютерлік телекомуникациялар оқу материалын тыңдаушыларға  жылдам жеткізеді.

ә) теле конференциялар арқылы неқты уақыт режимінде студенттің  мұғаліммен сұхбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальді класс жасау  мүмкіндігі туды.

б) ақпараттық комуникациялық технологияның барлық қуатын оқытуға да , әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да  пайдалануға болады.

Бұл технологияның  біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені толық қанды кашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыс арналарының да сапасы жоғары болуы керек. Бізде ол әзірге әлсіздеу. Дегенмен осы оқыту түрінің элементтері көбейіп, оны жақтаушылар саны күннен –күнге көбеюде. Бұл технологияны жүзеге асырушылар білім сапасына байланысты оның көптеген проблемаларының пайдалы жақтары айтылуда.

Жоғарыда айтылғандай информатика пәнін оқыту бүгінгі таңда өзекті проблемаға айналып отыр. Орта мектептерде информатика сабағын оқытудың мақсаты- оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға,яғни оны қызмет субьектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Практикалық мақсаты-  оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталған.

Тәрбиелік мақсаты — оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңының талаптарына сай , информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енеді:

—         сыныптар бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;

—         әрбір сыныптарда оқушының дайындық деңгейіне қойылатын

талаптар;

—         стандарттың талаптарды орындауын бағалау;

—         білім мөлшерін өлшеу үлгілері,

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар оқу материалының мазмұнынан алған білімі мен іс-әрекет түрлерін практика жүзінде пайдалана алатындай дәрежеде меңгертуге бағытталған. Сонымен бірге , бұл оқу материалының міндетті меңгеру деңгейімен салыстырғанда жан-жақты меңгертіп оқытуды ұсынады.Курстың мазмұны технологияның талаптарына сай әрбір оқушының «жақын арада даму аумағын» қамтуды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.

Сонымен бірге, оқушының білім деңгейіне қойылатын талаптар олардың «pentium» сияқты жаңа типті компьютерлерде және оның қолданбалы программалық покеттермен жұмыс жасай білуін сұрайды.

Мақсаты:

Word  мәтіндік редакторын оқу процесінде қолдану  оған ғылыми талдау жасау, оның тенденциясын анықтау мәліметтер жинау және жүйелеу.

Міндеттері:

—        Word программасыныњ мүмкіндіктерін талдау;

—        Оқу процесінде маңызды мәліметтерді зерттей отырып оны Word  программасы арқылы талдау, айқындау;

—        Қазіргі заман, яғни, ақпараттық қоғам талабына  сай Word  программасын оқу процесінде пайдалану туралы практикалық ұсыныстар енгізу;

—        Word программасын пайдаланып, сабақ жоспарларының үлгісін көрсету.

Зерттеу пәні: Информатика және компьютерлік технологиялар

Зерттей объектісі: Word программасының мүмкіндіктері

Болжам: Егерде Word программасының мүмкіндіктерін жан-жақты  талдау арқылы қазіргі ақпараттық қоғамға сай білім беру жүйесіне енгізіліп,  кеңінен пайдаланылса, онда білім беру орындарында оқу тәрбие  жұмысы жақсарып, жан-жақты дамыған білімді ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік туындайды.

Зерттеудің ғылымилығы:

—  Word программасын қолдана білу жолдарын қарастыру;

—  Word программасында сабақ үлгілерін көрсету;

—  зерттеу жұмысынан туындайтын қорытындылар мен ұсыныстарды

мұғалімнің өз практикасында кеңінен қолдануына болады.

Жұмыстың құрылысы:

Курстық жұмыс 4 тараудан, қорытындыдан, қосымшадан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

курстық жұмыс / 30 бет


Тағы рефераттар