Мұрагерлік құқығының жалпы ережелерін білу бәрімізге керек, өйткені дүниеге келгеннен, қайтыс болғанға дейін кез-келген адам мұрагер болуы мүмкін. Алайда мұрагерлікке байланысты барлық мүмкін болатын жағдайларды алдын ала болжай алмайсың. Сондықтан да мұраға алу бойынша қандай да бір іс-әрекет жасамас бұрын заңгермен кеңескеніңіз жөн.

Мүлік, соның ішінде жылжымайтын мүлік екі жолмен заң бойынша және мұра берушінің соңғы аманаты бойынша өсиет хат негізінде мұрагерлікке қалады.

Заң бойынша мұрагерлік өсиет хат болмағанда немесе ол ҚР Азаматтық кодексінің ережесіне сай жарамсыз деп танылғанда қолданылады.

Мұрагерлер заңда көрсетілген процедураға сай мұраға алуға шақырылады. Айта кету қажет, мұраға иелік етуге құқық мұрагердің азаматтығына қарамайды. Қазақстан Республикасының азаматы да, шетел азаматы да, тіпті мемлекет те мұрагер бола алады. Міндетті үлес құқығына мұра берушінің кәмелет жасқа толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ еңбекке жарамсыз әйелі мен ата-аналары ие (олар өсиет хаттың бар-жоғына қарамастан мүліктің белгілі бір бөлігін иемденеді).

Мұраға алудың сегіз кезегі белгіленген. Кезектілік негізі туыстарды бір-бірінен бөлетін, туу санымен анықталатын туыстық деңгеймен анықталады. Заң бойынша әрбір келесі мұрагерлердің кезегі  алдыңғы кезекте мұрагерлер болмаған жағдайда ғана мұраға алу құқығына ие болады.

Ең бастысы – нотариуста құжаттарды рәсімдеу!

Мұраға иелік ету үшін мұрагер оны қабылдауы қажет. Мұрагер мұрагерлік іс ашылған күннен бастап, оны қабылдауды, әлде басқа мұрагерлердің пайдасы үшін одан бас таруды шешіп алуы қажет.  Мұраға иелік етуден бір рет бас тарту шешімі  кейін қайтадан өзгертілмейді.

Мұраны қабылдау мұрагерлік іс ашылған жердегі нотариусқа мұраны қабылдау немесе мұрагерлі құқығы туралы куәлікті беруге өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікке мұрагерлік құқықты нотариалдық тәртіппен рәсімдеу үшін келесі құжаттар қажет:

1) қайтыс болғандығы туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;

2) мұра берушімен туыстық қатынасын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (туу туралы, неке қию туралы куәлігі және т.б.);

3) пәтерге құқық белгілейтін құжаттар (сату-сатып алу құжаты, сыйға тарту және т.б.), үйдің мұрагерлік құқығын рәсімдеу үшін үйдің және жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар;

4) қайтыс болған адамның соңғы тұрғылықты жері туралы (мекенжай бюросынан, азаматтарды тіркеу (үй кітапшасы) кітабы немесе пәтерлік карта) анықтама;

5) жылжымайтын мүлікке және соның мәмілесіне тіркелген құқығы туралы анықтама. Пәтердің орналасқан жері бойынша халыққа қызмет ету орталығы арқылы әділет органдарынан беріледі.

Мерзімінде үлгерген маңызды! Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында мұраны қабылдау мерзімі – мұрагерлік іс ашылғаннан бастап алты ай деп белгіленген. Мұрагерлік іс ашу мерзімі мұра берушінің қайтыс болған күнінен басталады. Мұрагерліктен бас тартуға да алты ай мерзім беріледі.

Егер мұраға ие болу құқығы мұрагердің мұрадан бас тартуынан немесе басқа мұрагердің мұраны қабыл алмауынан кейін басқаларға берілген болса, бұл адамдар мұраны мұралық ету құқығы пайда болған күннен бастап алты ай мерзімінде қабылдай алады.

Егер сіздің мұраны қабыл алу мерзіміңіз өтіп кеткен болса, не істеу керек?  Бұл жағдайда мерзімді қалпына келтіру туралы сотқа өтініш беру қажет. Егер мұрагер мерзімді белгілі себептермен өткізіп алған болса, және де мерзімі өткеннен кейінгі алты ай ішінде сотқа жүгінген болса онда сот мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіреді және мұрагерді мұраны қабыл алды деп есептейді.

Мұрагерлік құқық туралы куәлік.

Бұл құжат мұрагерлік іс ашылғаннан кейін алты ай мерзім өткеннен кейін кез-келген уақытта беріледі. Куәлік сіздің пәтерге деген меншік құқығыңызды әділет органдарына тіркеу үшін қажет. Тіркеу үшін құжаттарды тапсыру жылжымайтын мүлік орналасқан  жер бойынша әділет органдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (57-тарау. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер)

 Пайдалы сілтемелер:

1) www.defacto.kz/ — «Заңнама. Консультациялар. Құқықтық қызметтер» сайты;

2) www.kn.kz/articles.php?id=825 – «Жылжымайтын мүлікке мұрагерлік ету» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мұрагер құқығы», «мұраға алу құқығын рәсімдеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар