Акселератор қағидасы мультипликация теориясымен тікелей байланысты.Егер мультипликатор теориясы батапқы беттегі  автономиялы  инвестициялар ұлттық табыстың өсуіне әсерін зерттесе, онда акселерация қағидасы кері құбылыс ұлттық табыс өсімін инвестициялардың өсу әсерін зерттейді.Бұл құбылыс ұдайы өндіріс процесі жәнеэкономиканы көтерудің бірден бір негізі болып саналады.

Акселерация маңызы алғашқы беттегі инвестициялар нәтижесінде алынған,өскен табыс,тұтыну тауарларын өндіруді ұлғайтумен байланысты сұраныстың өсуін туғызады, бұл жайлар өз кезегінде  өндіріс құралдарының өсуіне деген сұраныс, яғни екі құрылым бөлімдері үшін машиналарға, жабдықтарға,шикізаттарға сұраныстың қсе түсуіне әкеледі.Бұл, бірінші құрылымдық бөлім үшін , ұзақ уақыт бойы ірі көлемдегі  шығындарды талап етеді.

Акселерация қағидасы, салалар арасындағы  тізбекті тәуелділіктің күшінен, тұтыну тауарларына деген сұраныс,өндіріс құралдары немесе инвестициялық тауарлар өндірісінің неғұрлым күшті дамуын туғызады.

Мультипликатор теориясының өзгешелігі түпкі сұраныс немесе сату көлемінің өскендік нәтижесі болып саналады.

Орта капитал коэфиценті, сол кезеңдегі бүкіл капитал қорлары мен өнімдер шығаруды білдіреді.

Индустрилады экономикаға тән дағдарыстар тұтастай циклді әлеуметтік тұрғыдан түсіндіруге, жаңа мемлекеттік реттеуді жаңартуға көмектесетін технологиялық талдаулар экономиканың циклдық дамуын талдаудың негізгі қорытындылары болып саналды.

Акселерация коэффиценті, өз кезегінде, капиталдың өсуі  (ынталандыру,инвестициялар) мен өндірудің өсуі арасындағы байланысты анықтайды.

Мультипликатор мен акселератор өзара әрекеттері өнімдер өндіру мен табыстардың үздіксіз және прогрессивті өсуін туғызады.Бұл үлгілердің мәнісі: мысалы,егер тәуелсіз немесе автономиялы «А» инвестициялар өсетін болса, онда мультипликатор соған сәйкес шығарылатын өнімдердің өсуін туғызады.Өнімдерді шығаруды ұлғайту акселераторды әрекетке келтіреді және капитал жұмсаудың пайда болуымен ілесіп жүреді.

Аталмыш модельдің мағынасы: автономиялы инвестициялардың өсуі мультипликатор шамасына сәйкес өсетіні тұрады.Табыстың өсуі,өз кезегінде, тұтыну тауарларына деген сұраныстың өсуі мен оларды өндірудің өсуден әкеледі.

Экономикалық циклді зерттеген экономистердің барлығы да белгілі бір дәрежедегі акселерация қағидасын қарастырған.Бірақ, оның шынайы түрде көрінуі туралы мәселедегі акселерация қағидасын бағалауда, түбегейлі айырмашылықтар бұрынғыша қалуда.Тұтастай алғанда, акселератор әсері экономиканың тұрақсыздығынан туындайтын, экономикалық ауытқулар бөлінбейтін  элементі ретінде қарастырылады.

Экономикалық өмір қарқынының төмендеуі өз негізінде жетілдірідген техниканы жасау саласындағы ізденіс және капиталды өнеркәсіптік топтардың қолдарына шоғырлануды күшейтеді.Осылардың барлығы жаңаша өркендеу үшін алғышарттар жасайды және өндіргіш күштер дамуының жаңа басқышы болып,цикл қайталанады.
Тағы рефераттар